Ислам философиясының Батыс философиясына әсері

Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды. Бұл әсер мұсылман философтарының жазған еңбектерінің латын және ибраги тілінде аударылуынан басталды. Ортағасыр мен Ренессанс дәуірінде бұл аудармаларды, яғни ислам философтарының еңбектерін, христиан болсын, яхуди болсын, қолдарынан тастамай оқуға әрекет еткен. Қайта өрлеу дәуірінде басталып, Гегельге дейінгі аралықтағы жаңа дәуір философиясына аталмыш еңбектердің әсері зор болды. Дегенмен, Қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиялары мұсылман ойшылдарының еңбектерін бұрынғыдай қызығушылықпен оқымайтын еді. X ғасырдан бастап аударма жолымен Батысқа эсер ете бастаған ислам философиясы Батыста философиялық бір ойдың қалыптасуына себеп болды. Ислам философиясы бұл ойдың негізгі қайнар көзі болды. Ислам философиясы болмағанда, Батыс философиясын меңгеру қиынға соғатын бір іс болды. Христиан дінінің ресми дін ретінде IV ғасырдан бастап Батыста жайылуы нәтижесінде шіркеу мен дін адамдары философияға қатты қарсылық көрсетті. Осылайша орта ғасыр мен схоластиканың қараңғылық дәуірі басталды. Бұл жағдай XI ғасырдың соңына қарай өзгере бастады. Дегенмен, IX ғасырдың II жартысынан бастап ислам ғылымына қызығушылық танытып, латын тіліне аудара бастаған батыстықтар, аздап болса да, философияға тоқталып отырды. Осылайша Батыста философиялық түсінік бірте­бірте қалыптаса бастады. Христиан ойшылдары ислам неоматизмімен Августинді байланыстырып қарастырса, кейбіреулері Фараби мен Ибн Синаны және перипатизмді қолдады. Осы арада батыс христиандық кейбіреулері және яхудилердің көпшілігі Ибн Рушдті қолдады. Уақыт өте келе Ибн Рушдтің идеяларын қолдаушылар христиан догмал арына қарсы келе бастады. Батыс қалаушылары Ибн Рушдшілікке қарсы енді қанат жайып келе жатқан Газзаш идеяларын қолданды. XIII ғасырдың атақты ойшылдары Альберт Магнус пен Сайн Томос Ғазали идеяларын қолданып Ибн Рушдке қарсы пікірлер жазған. XV ғасырда Газаш идеялары кең қанат жайып, Ибн Рушдтың идеяларын қолдаушылардың саны азайып кетті. Ал XVII ғасырдан кейінгі уақыттарда да философиялық әрекеттерге ислам философтарының да әсері болды. Әрине, бұл сөздерді мұсылман болғандықтан айтып тұрған жоқпыз. Көптеген Батыс ойшылдарының көзқарасы да біздікінен қатты ерекшеленіп кетпейді. Оған мысал ретінде Эрнест Ренанның мына сөздерін айта аламыз. «Орта ғасырда яхудилердің бүкіл әдебиет өнері, мұсылман мәдениетінің бір бөлігі ғана. X ғасырдан бастап араб тілі мұсылман христиан және яхудилердің ортақ тілі болды және т.б.» Қорыта келе, яхуди тектес болсын, батыс христиан ойшылдары болсын философиясын яғни мұсылман ойшылдарының идеяларын пайдаланғанын теріске шығара алмаймыз. Мұсылмандардың 635 жылдан бастап Сирияны, Испанияны, Италияны және т.б елдерді жаулап алғандарынан бастап, батыс христиан әлемі мен ислам әлемі бетпе­бет кездесті. Бүл жағдай батыстықтар арасында, бір жағынан, қорқыныш тудырса, бір жағынан, келісімге келіп, ислам мәдениетінің жоғарылығын танытты. Сонымен қатар батыстықтар мен мұсылмандар арасында болған сауда ­ саттық пен дипломатиялық қарым­қатынастар батыстықтардың ислам мәдениетіне біршама жақындауында маңызды рөл атқарды. Осылайша IX ғасырдан бастап батыстықтардың ислам мәдениетіне деген ықыласы арта түсті. Батыстықтар X ғасырдан бастап мұсылмандар ілім ­ білімін үйрене бастады да, XI ғасырдан бастап ислам философиясына қызығушылық танытты. XII ­ XIII ғасырда батыстықтар мұсылман әдебиеттерін ислам тіліне, француз және неміс тілдеріне аудара бастады. Мұнымен қоймай олар Африкадағы, Мысырдағы, Ирандағы медреселерге барып сабақ ала бастады. Ислам білімі мен философиясын үйрететін көптеген мектептер ашылды. Олардың ең маңыздылары Францияда Монтпелшер мектебі және Англиядағы Оксфорд мектептері еді. Сонымен қатар христиан және яхуди ғалымдары мұсылман ойшылдарының пікірлерін зерттеп, қарастырып, ислам философиясының батысқа жайылуына үлкен ықпалдарын тигізді. Дегенмен, христиан діні Батыста ресми дін ретінде жарияланғаннан кейін, дін адамдары көптеген мәселелерге тыйым салды. Соның нәтижесінде Батыста X ғасырға дейін қараңғылық дәуірі болды. Батыстықтар грек философиясын толығымен ұмытқан еді. Аристотельдің де, Платондардың да философиясы дамымай қалған. Сол уақытта грек философиясының өкілдерін мұсылман әлемі зерттеп жатқан болатын. Ал батыстықтар XI ғасырдан кейін ғана мұсылмандық философтар зерттеген грек философиясын үйрене бастады. Яғни біз батыстықтардың тек ислам философиясын ғана емес, грек философиясын да үйренуде мұсылмандардың негізгі рол атқарғанын айта аламыз. Алғашқы мұсылман философы Әл ­ Киндидің ғылым және Білім адамы әрі философ ретінде Батысқа әсері зор болған.

Читайте также:  ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР ЭСТАФЕТА ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Оставить комментарий