iRef.kz

ИСЛАМДАҒЫ ХИДЖАБТЫҢ ДІНИ-ӘЛЕУМЕТТІК ОРНЫ

Аллаһ Тағала әрбір жаратылысқа өзіне тән ерекшеліктерді тарту еткен. Әйел адамның қоғамдағы және отбасындағы орны, сондай-ақ болмысы, тәні ер адамдарға қарағанда мүлде өзгеше. Әйел адам осы ерекшеліктерін қорғай білген кезде ғана қоғамдағы биік мәртебесін сақтай алады. Әйел адам өзінің аналық мейірімі мен күйеуіне деген ізеттілігімен қымбат. Ол осы қасиеттерімен әрдайым жоғары тұрады. Осы тұрғыдан алғанда орамал тағу, етек-жеңі ұзын киім кию, яғни хиджаб кию, әйел адамның нәзік болмысы мен әдемілігін бөтен адамдардың арам пиғылынан, сұқ көзінен сақтайтын бірден бір қорған. Әрі ол әйел затын мейірімділік, нәзіктік, ар-ұяттылық сияқты тағы басқа әйелге тән асыл қасиеттерімен танытатын нышан. Ең алдымен, әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі – Құранның тікелей бұйрығы. Әйел болсын, мейлі ер болсын ―мен мұсылманмын‖ дейтін жан үшін Аллахтың әмірін аттап өтуі әсте дұрыс емес. Аллахтың әмірлерінде адам баласы үшін тұнған хикметтер мен пайдалар бар. Бірақ, біз олардың парқына бара бермейміз. Жартылай жалаңаш киінген әйелдер еркектерді еліктіріп, нәпсі құмарлығын қоздырады. Бұл жағдай бүгін де көптеген шаңырақтың шайқалуына, көпшілік бойжеткендердің абыройдан айырылуына себеп болуда. Көзі жәутеңдеген мыңдаған пәк сәбилер тастанды болып, балалар үйіне тоғытылса, жылына саналы түрде қаншама жасанды түсік жасалуда. Тіпті қазіргі таңда белең алып отырған проблемелардың бірі – еркектердегі белсіздіктің бір ұшы да соған тіреледі. Әйел өзінің орамалымен көрікті. Қазақтың ―есті қыз етегін қымтап ұстайды‖ деуі де бекер емес Күнделікті өмірде біз құнды, асыл заттарды қоғамдағы бұзық ниеттілердің арам пиғылынан қорғаудың сан түрлі жолын іздейміз. Ендеше, әйел заты да құндылардың құндысы, асылдардың асылы, нәзіктердің нәзігі. Олай болса, оның да бөгделердің алдында ашық-шашық жүргені құптарлық емес.[2,Б.87] Хиджаб киюдің діни тұрғыдан қоса басқада пайдалы жақтары бар. Мысалы:Хиджап киюдің медициналық тұрғыдан пайдасы: Негізі орамал тағудың физиологиялық та пайдалары көп. С.Асфендияров атындағы Мемлекеттік медициналық университетінің емдік гигиена кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының доктары, профессор Қарлығаш Тоғызбаева былай дейді:‖ ер адамдар көбіне жерден, әйелдер көктен қуат алады. Сондықтан да болар әйелдің шашы магнит тәрізді ауадағы кір-лас қуатты жинағыш келеді. Бұл оның, әсіресе, бас ауыруына ұшырауына әсер етеді. Осы жолдың авторының өз тәжірибесінде кездескендей, орамал тартқаннан кейін ―басының сақинасы‖ сияқты тағы басқа дертінен жазылып кететіндер аз емес. Бұған қоса,ашық-шашық жүрген әйел көктен өзіне қажет емес гармоны қуат алады, сөйтіп, онда еркектерге тән гистостерон гармоны пайда болады. Нәтижесінде ағзаның гармоналды бұзылуы етек алып, жыныс органдарындағы қатерлі ісік, тағы басқа ауыруларға жол ашады. Құранда жазылған басқада пайдалы жақтарын қарастырып кеткеніміз жөн болар.Хиджаб киюдің басқа да хикметтері: Хиджаб – ар тазалығының белгісі. Бұл туралы Аллах Құранда былай дейді:‖ Әй, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: үстеріне бүркеніштерін орансын. Бұл олардың танылуларына, сондай-ақ кемсітілмеулеріне жақынырақ‖ (Ахзаб сүресі 288 59-аят). Осы аяттағы ―танылуларына‖ деген сөзді ислам ғалымдары былайша түсіндіреді. Бұл жерде орамалды әйелдердің игі әрі таза күйінде танылуы айтылып тұр. Яғни, ерлердің көз тастауы мен тисулерін әдепсіз деп санайтын және өздері жайлы‖ оңай қолға түсетін жеңілтек әйелдер‖ – деген ой туғызбас үшін осындай таза жолды таңдайтын әйелдер жайлы сөз қозғалуда. Хиджаб – ұяттың белгісі. Пайғамбарымыздың (с.а.у) мынандай хадистері бар: ―әрбір діннің мінезі бар. Исламның мінезі,ол — ұят‖ . ‖ Ұят пен иман бір бірімен өте тығыз байланысты. Егер біреуін алып тастаса, екіншісі өзі кетіп қалады‖ . Сондай-ақ хиджаб:1. Зинаға тосқауыл болу үші;2. Ұрпақты және шаңырақты шайқалтпай сақтау үшін;3. Әйелдердің қадірін арттырып, тұлғалық қасиетін қалыптастыру үшін де киіледі. Намазда әурет жерлерді жабу парыз: Намаз оқығанда әйел кісінің беті мен қолдары және тобықтың төменгі жағынан басқа жерлері жабық болуы керек. Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде балиғат жасына жеткен әйелдің басын ашып намаз оқуына болмайтындығы айтылған.Сондай-ақ ‖ сатрул-әурат‖ яғни әурет жерлерді жабу, намаздың ішкі парыздарының бірі болып табылады. Ал, парыздардың бірі орындалмаса оқылған намаз дұрыс болмайды. [2, Б.90] Парыз – анық, бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер. Оны орындағандарға Аллаһтың сауабы жазылады. Себеп-салдарсыз орындамаған жағдайда ақырет азабын тартады. Бұл міндеттерді теріске шығарып, парыздығын қабылдамаса – діннен шығады. [5, Б.4] Сондықтан бұл парызды әрбір мұсылман орындағаны абзал. Ал енді еліміздегі хиджаб мәселесіне келсек: Еліміздегі хиджаб мәселесі: АҚШ пен Еуропада даулы мәселелердің біріне айналған хиджаб проблемасы біздің елімізде де өзекті мәселеге айналып отыр. Осы жайлы барлық газет-журналдар мәлімдеп жатқаны белгілі. Барлығының айтатындары — қазақ қыздары хиджаб кимеген. Хиджаб салт-дәстүрімізге жат. Бұл мәселені бір жақты қарамай, жан- жақты қарағанымыз жөн. Шынымен қазақ қыздары хиджаб кимеген, бірақ не үшін кимегені жөнінде ешкім ойланып, қарастырып жатқан жоқ. Біздің салт-дәстүрімізде хиджаб киюдің қажеттілігі қазіргі заманмен салыстырғанда маңызды болған жоқ. Себебі, біздің халқымыз рулас, туыстас өмір сүрген, бір-біріне аға-қарындас ретінде қараған, және бір рудан, яғни жеті атаның ішінде үйленуге рұқсат етілмеген. Ал Ислам дінінде балиғат жасына толған қыз бала әурет жерлерін жауып жүруге міндетті. Әурет араб тілінен енген сөз. Мағынасы ―ұятты жер‖ дегенді білдіреді. Шариғаттағы мағынасы‖ адамның тәніндегі басқаларға көрсетпей жауып жүруі тиіс болған жерлер‖ . Аллаһ Тағала мұсылман ер мен әйелге өздеріне тән әурет жерлерін білдіріп, оларды бөгде адамдардың көз алдында көрсетуге тыйым салғаны жөнінде Құранда (Ағраф сүресі 26-аят) [1] жазылған болатын. Бет, саусақ, алақанның іші-сырты, білезік және аяқтарының тобықтан төменгі бөлігінен басқа бүкіл денесі әурет саналып, бөгде ерлерге көрсетуі харам етілген. Тек күйеулерінен, әкелерінен, күйеулерінің әкелерінен, ұлдарынан, күйеулерінің(өзге әйелден туған) ұлдарынан, туған бауырларынан, аға-інілерінің ұлдарынан, әпке-сіңлілерінің ұлдарынан, (діндес) әйелдерден, қол астындағы қызметші күңдерден, әйелдерге әуесі жоқ қызметші еркектер мен әйелдердің әурет жерлерінің әлі не екенін білмейтін балалардан(осы айтылғандардан тыс) басқалардың алдында ашық-шашық жүрмесін! (Нұр сүресі 31-аят) [1] Осы аятқа байланысты қазақ халқы рулас-туыстас өмір сүргендіктен әурет жерін жабу қажеттілігі болған жоқ. Ал салт-дәстүрімізге қарсы келеді десек, мысалы қазақ халқы жетімін жесір етпеген халық. Сонда жетімдер үйі қазақ халқына жат болып келмейді ме? Бірақ қоғам талабына байланысты жетімдер үйі керек. Сол сияқты қазіргі қоғамға байланысты әурет жерлерін жауып жүруге тура келіп отыр. Қазіргі біздің қоғамды бұрынғы ата-бабамыз өмір сүрген қоғаммен салыстыруға келмейді. Тағы да айта кететін екінші жағдай қазақ қыздары шашын өріп, екі иығына жіберіп жүрген, басын орамаған деп жатады. Осыған берер жауабым, қазақ қыздарын ол кезде балиғат жасына толғанда күйеуге беріп отырған. Ал Ислам дінінде әурет жерін жауып жүру балиғат жасына толғаннан бастап жүктеледі. Біздің апа-қарындастарымыз балиғат жасында тұрмысқа шыққаннан кейін шаштарын орамалмен жауып жүрген.Сондықтан қазақтың қыз- келіншектері шариғат үкімін сақтаған. Ашық-шашық жүрмеген. Елбасымыз кеше ғана 289 Түркістан қаласында зиялылармен кездесуінде хиджаб туралы ашық көзқарасын білдірді. Бірақ заңмен тыиым салу туралы айткан жоқ. Жалпы заңнан басқа қандай жолдармен тыиым салуға болады? Елбасымыздың бұл тұрғыда айтқан бұл сөзін мұсылман қыздардың шариғат бойынша киінуіне түбегейлі қарсы көзқарас деп түсіну – асығыстық .Өйткені Нұрсұлтан Әбішұлы жалпы мұсылмандыққа қарсы емес екендігін сол сөзінде де, өзге сұхбаттарында да білдіріп жүр. Ал Елбасының « қарсымын» дегені Қыз балалардың жалпы ислам талабы бойынша киюнуіне емес, Кейбір елдердегідей қап-қара түсті хиджаб үлгісімен тек көзді ғана ашып қалдыратын паранжаға байланысты болуы мүмкін. Себебі біздің халық мұндай киім үлгісін ешбір кезеңде кимеген. Қара түс қазақ халқында қайғы жамылғанда ғана киіледі Сыныққа сылтау іздеп діннен кемшілік іздеп жүрген кейбір діни сауаты аз ағаларымыз президенттің сөзін негізге ала отырып газет-журналдарға хиджаб жайлы түймедей нарсені түйедей қылып, асыра сілтеп жазып жатқан секілді. Оның үстіне ( Олардың ой астарында не жатқаны бір Аллаға мәлім) киім жапқан жерінен ашық жері көп қыздар сын айтып, намысын оятудың орнына орамал тағып имнын қызғыштай қорымақ болып жүрген апке-қарындастарымызға тиісетін түсініксіздеу тәсілді тауып алдық. Қалай болғанда да бұл жақсы нышанның көрінісі емес. Осының барлығы шын ниетімен дін жолында жүрген апа- қарындастарымызға ауыр тимейді ме? Олардың жазығы неде? Сол менің намысыма тиеді. Бетін тұмшалап қап-қара киініп жүретін қыздарымыз бар, оны жасырмаймын. Олар адастырушы ағымдардың (секталардың) арсында жүруі мүмкін. Бірақ бес саусақ бірдей емес қой, сол үшін барлық қыздарымызды кіналау дұрыс емес. Кейбір ашық жүрген қыздарымыз қоғамға зардабын тигізіп жатыр.Қаншама аурулардың тууына себепкер болған, кеміс балалардың дүниеге келуіне себепкер болған немесе мүлдем бала көтере алмай жүрген қыздарымызды да кездестіріп жатамыз. Осы қыздырымыздың қылықтыры мен қысқа киімдері салт-дәстүрімізге сай келеді ме? Ал енді салыстырғанда қайсысы қоғамға көп зиянын тигізеді екен? Ойланйық! Оның үстіне «қазақ» дейтін сөз «қалқан» болды. «қазақта мұндай болмаған » деген сылтаумен орамалды шешуге тырысады. Бірақ қазақтардың қандай болуы керек туралы жақ ашпайды. Оныңда мәні бар негізі. Егер ашар болса,басынан кимешегін тастамаған әжелерімізге тап болады. Ал бұл олардың аңсаған қазағы емес. Бақыт қажы Ержанқызы Қазақстан қажылар қауымдастығы Астана қалалық филиалы әйел- қыздармен тәрбие жұмысы департаментінің төрайымы Ислам және өркениет газетіне берген сұхбатында қыз-келіншектеріміздің қалай киінгені жөн? деген сұраққа берген жауабы: Ислам діні адамның денесін жапқан шүберектің де иман киімі болғанын бұйырады. Әр халықтың өз әдеп- ғұрпы, киім үлгісі бар. Қазақтың қыз-келіншектері де шариғат үкімін сақтаған, тәнін жалаңаштамаған. Құран Кәрімнің Нұр сүресінің 31-аятында ―бүркеншіктерін омырауларына жапсын, зейнеттерін көрсетпесін‖ , дейді. Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) хадисінде дінге қатысты ―Жеңілдетіңдер, ауырлатпаңдар! Сүйіншілеңдер, жақсы хабар айтыңдар, қызықтырыңдар, қорқытпаңдар, өздеріңнен бездірмеңдер‖ , -деген. Кейбір қыз-келіншектер ―Сүннет, қара қарғаға ұқсап киіну керек‖ деп үстіне қара хиджап, басына қара орамал, бетіне қара бетперде жауып жүреді. Енді-енді имандылыққа бет бұрып келе жатқан оларға ата-аналары оқу, жұмыс орындарындағы басшылары бетін қарамен бүркемек түгілі басына орамал тартқызбай жатқанда одан сайын жағдайларын қиындата түседі. Бәрі де бір күнде бола қоймайды, әсте-әсте Алла қаласа болар. Ол тек бір ұлттың салты. Қандай түсте болса да жарасатын, зейнеттері көрінбейтін иман киімі болу керек. Ислам діні әйел құқығын барлық жағынан қорғау мақстатында ер мен әйелдің міндеттерін анық бөлген. Әйел адам өзінің шамасына қарай қоғамдық өмірге араласып, ғылымның түрлі саласында қызмет жасауға құқылы.[4] Мұсмылман әйелінің қандай киім кию қажет? Осы сұраққа Құран аяттарынан жауап іздеп көрейік: Исламдағы әйел киімінің үлгісі: Ислам діні әйел киімінің шеңберін сызып берген. Алла Тағала Құранда ‖ мүмін әйелдерге айт! Ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын, көріктерін (сырға, алқа т.с.с. тағылатын жерлерін) көрсетпесін. Бірақ өздігінен көргендері басқа (беті, қол-аяқтары). Сондай-ақ (шаштары мен мойындарын және омырауларын жабатындай етіп) бүркеншіктерін (яғни орамалдарын) 290 омырауларына түсірсін! Көріктерін (шаштары мен мойнын) көрсетпесін! Тәндерінің сұлулықтары білінсін деп аяқтарын жерге ұрып жүрмесін‖ (Нұр сүресі 31-аят) [1.3] деп бұйырған. Сонымен қатар, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) хадисінде қыз баласы балиғат шағына жеткенде бет жүзі мен қолдарынан (білезіктері мен саусақтарына дейінгі) басқа жерлерін көрсетіп жүруге болмайтындығын айтқан. Яғни, әйел баласы өзінің дене бітімін қатты кескіндемейтіндей кеңдікте беті, екі қолы тобықтың төменгі жағынан тыс басқа барлық жерлерін жабатындай кез келген киім үлгісін таңдап кисе болғаны. Бұл шарттар орындалғаннан кейін, сәнді әрі өзіне жарасымды, жалпы, эстетикаға сай киім киюге ислам діні қарсы емес. Сауд Арабиясы мен Ирандағы әйелдер сияқты қара киіп жүру үрдісі барша мұсылмандарға тән киім үлгісі емес. Ондай киім үлгісі олардың өз әдет-ғұрыптары мен қоғамына қарай таңдалған. Сондықтан Құран аясынан шықпау шартымен әр қоғам киім үлгісін өз менталитеті мен әдет-ғұрыптарына, заманына қарай әрі өмір сүрген жерінің климатына ыңғайлы етіп таңдай алады. Мысалы, қазақ жерінің әр өңіріне тән әйел кимешегі болған. Тіпті, әйелдердің жас ерекшеліктеріне қарай кимешек үлгілері тігілген. Ата-бабаларымыз ‖ ғұрпымызда орамал тағу жоқ‖ деп Құран қағидасына қарсы шықпаған.[3] Керісінше, оны әдет-ғұрыппен сабақтастырып, ою-өрнегімен көркемдеп, өзінің төл киім үлгісіне айналдыра білген. Бүгінгі таңда да Құран өлшемдеріне қарай әрі заман талабы мен ұлттық түсінігімізге сай киім үлгілерін тігуге неге болмасқа? Осылай істер болсақ орамал тағып, ұзын киім кию ―ананың-мынаның ұлттық киімі‖ деген таяз түсініктерден арылар едік. Кейде әркімнің алыпқашты негізсіз сөздеріне еріп, ұлттық ерекшеліктер мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрді Аллахтың әмірімен шатастырып жүргендерге куә боласың. Біз сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келген мұсылман халықпыз. Сондықтан қазір жастардың, соның ішінде қыз балалардың өз дініне бет бұрып жатқандығы қуанарлық жағдай. Ал әйел затының дініміздің талабы бойынша киінуі – парыз. Құран кәрімнің «Нұр» сүресінде бұл анық айтылған. Меніңше, қыздарға бұл жөнінен күштеп тыйым салудың орнына басқа жол қарастыруымыз керек!.Ендігі біздің халқымыздың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына және Ислам шарттарына қарсы келмейтін ұлтымызға тән киім ойлап табуымыз керек.. Негiзiнде, мұсылманша киiмдi қазақыландырып киюге шариғат бойынша рұқсат. Өйткенi Құранда парыз етiлген киiм үлгiсi «қара, жасыл түстi болсын» деген секiлдi нақты әрi қатаң форма көрсетiлмеген. Олай болса, әйел баласы өзiнiң дене бiтiмiн қатты кескiндемейтiн, денесiн көрсететiндей жұқа емес және жүзi, екi қолы, тобықтың төменгi жағынан тыс басқа барлық жерлерiн жабатындай кез келген киiм үлгiсiн таңдап киюiне болады. Демек әйел кiсiнiң Құран өлшемдерiнен шықпау шартымен сәндi әрi өзiне жарасымды, эстетикаға сай киiм киюiне еркi бар. Олай болса, бүгiн де заман талабы мен ұлттық түсiнiгiмiзге сай мұсылманша киiм үлгiлерiн тiгуге неге болмасын?Өкiнiшке қарай, бүгiнгi таңда сәукеленiң бiр ғана түрiн көрiп жүрмiз. Ал негiзiнде, қазақта шариғатқа сай сәукеленiң небiр түрлерi болған. Келін болып түскеннен кейін киілетін кимешек түрлері де осы «хиджабтың» ұлттық нұсқасы. Сондықтан аяулы қарындастарымызға заман талабы мен ұлттық түсінігімізге сай мұсылманша киім үлгілерін тігіп ұсыну бүгінгі қалыптасып отырған жағдайды шешудің ең тиімді жолы деп ойлаймын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қыздарының қазіргі эстетика мен шариғат талабына сай, ұлттық нақыштары бар озық киім үлгілерін анықтау мақсатында дизайнерлер мен осы сала мамандары арасында арнайы бәйге жариялауды жоспарлап отыр.Тағы бір ескеретін жайт шариғат шарттарына сай киімді міндетті түрде «хиджаб» деп атау шарт емес. Тіпті қажет те емес. Қазақ бұл сөзді мүлде қолданбаған. Сондықтан тағы да дау-дамай болмас үшін хиджаб атауын орамал немесе кимешек атауына өзгертуіміз керек. Бүгінгі қозғап отырған көкейкесті тақырыбымызда біраз жайтты қарастырдық. Осы мақала жастарымыздың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап бере алды деген ойдамын. Қазіргі таңда елімізде діни ұйымдардың көбейіп кетуіне байланысты дұрыс жолды табу қиынға түсіп жатады. Сондықтан мұсылман бауырларыма тілейтінім иманымыз берік, дініміз кемел болып тек қана Алланың дұрыс жолында жүрейік ! 291 Әдебиеттер 1. Халифа Алтай. Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі. 2.Мансұров Б.Б. Әйелдер тұрғысында 40 хадис және әйел әдебі. Алматы. 2009 3. Нұрсұлтан Мықтыбай .Хижаб киюдің мәні мен сәні немесе бүгіні ұрпақ бұл ұғымды қалай түсінеді? // Ел газеті 21 қыркүйек, 2010ж. №37 4. Зейін Әліпбек. Қазақ қыз-келіншектері шариғат үкімін сақтаған, тәнін жалаңаштамаған// Ислам және өркениет №8(224) 11-20 Наурыз,2011жыл. 5. Ахмад Хади Мақсұди. Ислам шариғаты. – Шымкент: ―Алтын алқа‖ . 2008

Пікір қалдыру