ИСЛАМИ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ислам экономикасы немесе исламдық экономикалық үлгі – мұсылмандық құқық (шариат) қағидалары мен нормаларына негізделген шаруашылық жүйесі. Шариат заңы бойынша адамның өсіммен ақша беруіне, сондай-ақ ақша алуына болмайды. Ол туралы Қасиетті Құран Кәрімнің Әли Ғымран сүресінде: «Әй мүміндер! Үсті-үстіне өсім жемеңдер. Алладан қорқыңдар. Сондай-ақ қарсы болғандар үшін дайындалып қойған оттан қорқыңдар» делінсе (Әли Ғымран сүресі, 130-аят), Бақара сүресінде: «Алла өсімді жояды да, сауданы арттырады. Сондай-ақ өсім жегендер, қабырларынан жын соғып тұрады» (Бақара сүресі, 275, 276-аяттар) деген сөздер бар. Сондықтан мемлекеттік басқару мен саясатта ислам маңызды роль атқаратын елдерде қаржылық институттар өз клиенттеріне несиелік пайызы нольге тең өсімсіз несие береді. Дегенмен, аталмыш институттардың қызмет ету мазмұнына талдау жасай отырып, сонда олардың табысы мен алатын пайдасы қайдан құралады деген орынды сұрақ туындайды. Бүгінде әлемнің елуден астам мемлекетінде үш жүзге жуық ислами қаржылық институттар қызмет етеді. Олардың жиынтық активтері 750 млрд. доллардан астам, ал жыл сайынғы өсім қарқыны 10-15℅-ды құрайды. Сарапшылардың пікірінше, 2015 жылға қарай ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, № 4 (80). 2010 77 ислами қаржылық ұйымдардың қарамағына шоғырланған капитал сомасы 1 трлн. доллардан асады. Сондай-ақ, Парсы шығанағындағы араб елдерінің қаржы рыногындағы ислами қаржылық қызметтердің үлесі 50℅-ға жетеді деп күтілуде [1]. Қаржыгерлердің алып-сатарлығы салдарынан туындаған әлемдік экономикалық дағдарыс көптеген елдерде ислами қаржылық ұйымдарға деген қызығушылықты арттыра түсті. Оның бірнеше себептері де бар. Ең алдымен, Батыс елдерінде басталған дағдарыс өтімділік дағдарысымен қатар жүрді, нәтижесінде бірқатар батыс банктері қаржыландыру көздерін Парсы шығанағы елдерінен іздестіруге мәжбүр болды. Бірақ жергілікті қаржы институттарынан қажетті қаражатты алуда басты шарт — қаржыландырудың ислами әдістерін қолдану. Сонымен бірге, ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы арқасында АҚШ-та орын алған ипотекалық дағдарысқа, ал онан бұрын 1997-1998 жылдардағы Азиялық қаржылық дағдарысқа алып келген алып-сатарлық құралдар мен әдістерді қолдануға теориялық тұрғыдан тыйым салатын ислами қаржылық жүйе туралы мәліметтер кеңінен тарай бастады. Ислами қаржылық институттардың ерекшелігі рибаны (өсімқорлық), пайызбен несие беруді және алып-сатарлық сауда операцияларына тыйым салып, кешірілмес күнә деп есептейді. Дегенмен, уақыт өте келе бұл сұрақты шешудің ымырашылдық түрін байқатады. Пайызсыз ссуда кезінде пайыз кредиторға (несие берушіге) дебитордың тәуекелдігі үшін берген сыйақысы, яғни қарыз ақша-несие бере отырып, кредитор ол ақшаны пайдаланудан түсетін мүмкін табысын (мысалы, жер сатып алу, үйге керек- жарақ алу т. б.) жоғалтады, мұнымен қоса ақша қайтарылуының кешіктірілуі де оған мықты шығын әкеледі. Ал ақшаны пайдаланушы бұл жерде тікелей пайдаға ие болады. Міне осы алғашқы пайдасымен несиегер кредитормен бөлісуі керек, сонда ғана пайыз өз мағынасын анықтайды. Несие 25 жылға дейін беріліп, жеңілдік мерзімі 7 жылға созылады [2]. Ислами қаржылық құралдардың негізгі ұғымдары: — Кард-уль-хасан (пайызсыз несие) — банктің клиенттеріне белгіленген көлемде қаржыны беруін қамтамасыздандырады, яғни клиенттерге белгіленген мерзімде несиені қайтару мін- деттейді. Тапсырыскер қарызды қайтарарда, банкке сумманы өз еркімен сыйлықақы түрінде төлеуі мүмкін. Банк ешқашан үстеме бағаны талап етпейді. Достық пен келісімге негізделген қаржыландырудың бұл түрі көмек күтуші тұлғаларға, мекемеге, банкке серіктес фирмаға берілетін несие. Сонымен бірге, мұқтаж, кедей адамдарға да беру қарастырылады. Өйткені, исламның заңы бойынша, ауқатты адамның зекет беруі – бес парыздың бірі болып саналады. — Мушарака – ислам банктерінің заңдары мен қызмет мазмұнына сәйкес келетін шарттардың негізгілерінің бірі. Мұнда банк белгілі пайыздық үстеме алуға қатыспайтын, бірақ түскен табысты бөлісуге арналған жобаларды қаржыландыруға қатысады. Табысты бөлу былай жүргізіледі: — табыстың бір бөлігі серіктеске оның қызметі, басқару тәжірибеі немесе тағы да басқа еңбектері үшін бөлінеді; — қалған бөлігі серіктес пен банк арасында олардың салған қаржыларына пропорционалды түрде бөлінеді; — жоба немесе келісім шығынға ұшыраған жағдайда, шығын мөлшері қаржыландыруға қатыстырылған сома мөлшеріне пропорционалды түрде бөлінеді. — Мудараба (пайдаға және шығынға қатысу) — екі жақ арасындағы келісім, бір жақ жобаны қаржыландыру үшін керек капиталды ұсынады, екінші жақ өзінің кәсіпкерлік қабілетін пайдалана отырып, жобаны басқарумен айналысады. Банк жобаның күнделікті басқарылуына кедергі келтірмейді. Исламдық банк тауар құралының иесеі ретінде өз жұмысында тәжірибе мен мүмкіндіктерін нәтижелі пайдаланатын кәсіпкерге сенеді. — Иджара (лизинг) банк пен тапсырыскер (клиент) арасындағы келісімді қарастырады, яғни банк тапсырыскер талабы бойынша құрал-жабдықты жалға береді. Жалгерліктің жал- ғасуы төлем көлемі белгілі бір затты анықталған бағамен беруге келіседі. Исламдық эконо- микалық сараптамадағы қалаған өнімді қысқаша баяндауды банк ұсынады. Бұл операция бойынша меншік банкте қалдырылады. Банк одан өз меншігін, кірістерін пайдалануға және 78 Вестник КазНУ. Серия экономическая, № 4 (80). 2010 өте ұзақ мерзімді операциялар үшін өз тапсырыскерлеріне еш себепсіз сата алады. Қажетті банктік өнім өнеркәсіп және құрылыс жұмыстарын қаржыландыруда қолданылады. — Сукук. Бағалы қағаздар эмиссиясы кәсіпкерлік қызметтің пайдаға қатысуын қарастырады. — Истисна (мерзімдік мәміле) — белгілі жобаларды қаржыландыру үшін қолданылады. Жобаның соңына және белгіленген уақыт барысына дейін төлемдер төленеді. Мұндай қаржыландырудың ерекше бір түріне жұмыстың, өндірістің түсімсіз егжей-тегжейлі орындалуы жатады. Екі жақ өзара төлемақы туралы келісімге келеді, бірақ төлемақыны жұмыс біткеннен соң алады, сома келісім жабылуы тоқтағанға дейін тұрақты қалуы тиіс. Шариат бойынша кез-келген несиеден (номиналдық, қарапайым, күрделі, қаржыландыру немесе еркін) ешқандай өнім алынбауы тиіс. Сондықтан да Ислам банктері несие беру арқылы табыс табу үшін не кәсіпорынның тәуекелділігі мен сыйақысын толықтай бөлісетін үлестік қатысушы, не саудаға қатыса отырып, тауар алар кездегі оның өзіндік құны мен тауарды өткізу кезіндегі сату бағасының аралығында бағаны өсіру арқылы пайда табуы керек. Несие беру кезінде банк клиентімен келісімге келіп, адам денсаулығы мен қоғамға қасірет әкелетін тауарлар немесен өндіріс орындарын, яғни харам (шошқа еті арақ-шарап өндірісі, есірткі, темекі, т.б.) нәрселермен айналысуына шектеу қояды және мұндай жобалар қаржыландырмауы тиіс. Әлем елдерінде исламдық принциптер орнығып келеді. Зерттеулер көрсеткендей, британдық мұсылмандардың төрттен үші шариат заңы бойынша осындай банк қызметіне жүгінгісі келетінін айтқан. Осы мәселеге орай, Тұманды Альбион (Ұлыбритания) елінде тұңғыш исламдық банк пайда болып, өзінің мұсылман клиенттеріне шариғат заңдарына қайшы келмейтін арнайы ипотекалық несие бере бастаған. Банктің ипотекалық несиелеу қызметі бойынша, банк тұрғын үй сатып алуы үшін клиенттің қолына ақша бермейді. Оның орнына тұрғын үй құнының тоқсан пайызын төлеп, банк үйді өзі сатып алады. Клиент қалған он пайызын қосып, тұрғын үй құнын белгілеген уақытқа дейін төлеп отырады, осылайша өсім түсімге айналады. Біздің ойымызша, исламдық қаржы институттарын тартудың Қазақстан үшін оңды шарттары төмендегідей: — біріншіден, исламдық қаржы ұйымдарының негізгі құрылтайшылары мұнайлы араб елдері болып саналады. Оларда қаржының мол көзі бар және олар сенімді инвестор бола алады. Егер Ислам Даму Банкінің негізінен басқа банктер ынта танытпайтын әлеуметтік жобаларды қаржыландыратындығын ескерсек, онда исламдық банктердің қаржысы күрделі әлеуметтік сала мәселелерін шешуге жұмсауға болады; — екіншіден, қазіргі кезде Қазақстан банктері әлемдік қаржылық дағдарыс салдарының әсерін сезініп отырғандығы баршамызға белгілі. Мұның нақты көрінісі ретінде ипотекалық қаржыландыру операцияларының шектеліп, көптеген құрылыс объектілерінің аяғына дейін бітпей тұрғандығын айтуға болады. Дәл осы жерде исламдық банктердің қаржыландыру құралдарын құрылыс компанияларымен және үлескерлермен келісім-шарт жасауға қолдануға болады. Біздің пікірімізше, мұндай келісімде «Мушарака» шарты қолайлы болар еді; — үшіншіден, біздің еліміздегі тұрғын үйді жалдау жөніндегі Заң жобасына «Иджара» шартын енгізе отырып, тұралап қалған құрылыс саласына ірі инвесторлар тартуға мүмкіндік туындап отыр; — төртіншіден, ислам банктері, оның ішінде, Ислам Даму Банкі ғылыми-зерттеу жұмыс- тарын жүзеге асыруды қаржыландыруға және шағын бизнесті өркендету жөніндегі жобаларға арнайы қаржылық гранттар тағайындайды. Еліміздің ғалымдары мен іскер азаматтардың өз жобаларын жүзеге асыруға қажетті қаржы көздеріне қол жеткізу мүмкіндігі де жеңілдейді. Дегенмен, бұл қаржы институттарының Қазақстанға келіп қызмет жасауына кедергі келтіретін бірнеше факторлар да бар. Олардың қатарында: — біріншіден, әлемде болып жатқан барлық террористік оқиғаларды ислам дінімен байланыстыру үрдіске айналған. Соның салдарынан ислам елдерінің қаржылары тек діни ұйымдарды, секталарды, қарулы топтарды қаржыландыруға жұмсалады деген түсінік ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, № 4 (80). 2010 79 қоғамда қалыптасып қалған. Осындай біржақты теріс көзқарастарды жою үшін әлеуметтік салаға ислам банктерінің қаржыларын тарту арқылды тойтарыс беру керек; — екіншіден, ислам банктерін Қазақстандағы салық салу жүйесінің қызметі шошын- дырады. Яғни, шариат принциптері бойынша жұмыс істейтін банктер үшін Қазақстан Республикасының салық салудағы заңдылықтары сәйкес келе бермейді, ислам банктері мысалы Голландияда, трансакцияларды арнайы құрылған компаниялар арқылы, жүргізеді; — үшіншіден, еліміздің банктерінің басым көпшілігі, ислам банктерінің қызметімен жете таныс емес. Сондай-ақ, отандық қаржы рыногында тек алыпсатарлық операциялармен айналысатын батыстың банктерінің, атап айтқанда Еуропаның, АҚШ-тың, орнығып алған. Міне, осындай мәселелердің ықпалынан бүгінгі күні біз мол қаржы көздері ретінде ислами қаржылық институттардың көптеген әдіс-құралдарын қолдана алмай отырмыз.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar