JAVA ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ МҮМКІНДІКТЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жоғары оқу орындарында программалау тілдерін оқытуда обьектілі-бағытталған программалау технологиясын меңгеруге үлкен көңіл бөлінеді. Обьектілі-бағытталған программалау көптеген есептерді моделдеуде сапалы мүмкіндіктерге ие. Соңғы кездері өзінің көптеген артықшылықтарының арқасында кең таралып келе жатқан обьектілі-бағытталған программалау тілдерінің бірі — Java программалау тілі. Java технологиясымен құрылған қосымшаны машиналардың кез келген түрінде, дербес компьютерде, желілік компьютерлерде, тіпті телефонда да қолдануға болады. Java программалау тілінде жазылған программалық өнімді компиляциялаған кезде байт- код пайда болады. Бұл байт-код Java виртуальды машинасы орнатылған кез келген платформада интерпретацияланады. Java интерпретацияланатын тіл болғандықтан программалық өнімдерді өңдеу циклы айтарлықтай жеңілдейді. Java технологиясы дегеніміз – бұл обьектілі-бағытталған, платформадан тәуелсіз программалау ортасы. Java технологиясының келесі артықшылықтарын атап өтуге болады: — қосымшалар платформадан тәуелсіз болғандықтан олар әртүрлі операциялық жүйелерде және кез келген аппараттық архитектураларда ешқандай қиындықсыз жұмыс істей береді; — Java жадыны бақылауда ұстайды, сондықтан қосымшалар сенімді болады; — Java-қосымшалардың өнімділігі жоғары; — қосымшалар өзгеретін ортаға бейімделгіш: программалық модульдерді желінің кез келген нүктесінен динамикалық түрде жүктеуге болады; — қолданушылар қосымшалардың қауіпсіздігіне сенімді бола алады, себебі Java жүйесінің құрамында вирустардан қорғау жүйесі біріктірілген, — Java программалау тілінің көмегімен Интернетке арналған қосымшалар құруға болады. Java тілінде программалау үшін төмендегідей инструменталдық құралдардың бірін қолдануға болады: — JDK (Sun Microsystems) — NetBeans (Sun Microsystems) — Java Studio Creator (Sun Microsystems) — Eclipse — IntelliJ IDEA — IBM WebSphere — J#.NET (Microsoft) Java тілінде жазылған программа кластар жиынтығы болып табылады және текстік файлдарда .java кеңеймесімен сақталады. Программаларды бірнеше негізгі категорияларға бөлуге болады: — Қосымша (application) – қолданбалы программа; — Апплет (applet) – WWW-құжат терезесінде броузердің басқаруымен жұмыс істейтін, шектеулі мүмкіндіктері бар арнайы программа; — Сервлет (servlet) – серверде жұмыс істеуге арналған арнайы программа. JSP технологиясы негізінде жұмыс істейді; — Серверлік қосымша(Enterprise application); 146 — Кітапхана(Java Class Library – кластар кітапханасы немесе NetBeans Module – NetBeans платформасының модулі). Java программалау тілі обьектілі-бағытталған программалау тілі болғандықтан оның үш негізгі принципін толықтай қолданады: — инкапсуляция — тұқымқуалаушылық — полиморфизм. Обьектілі-бағытталған программалау тілдеріндегі негізгі ұғым – класс ұғымы. Java программалау тілінде класс class қызметші сөзінің көмегімен анықталады және класс аты, қолданылатын айнымалылар және әдістер көрсетіледі. Обьектілік айнымалылар дегеніміз – обьект типті айнымалылар. Java программалау тілінде обьектілік айнымалылар дегеніміз – обьектіге сілтеме. Обьектілік айнымалыны нақты обьектімен байланыстыру меншіктеу арқылы жүзеге асырылады. Обьектіні құру «конструктор» деп аталатын арнайы ішкі программаны шақыру арқылы жүзеге асырылады. Конструктор құрылған обьектіге сілтемені қайтарады. Конструктор аты экземпляры құрылатын класс атымен сәйкес келеді. Конструкторды шақыру кезінде оның алдында new қызметші сөзі қолданылады. Мысалы: Circle obj1=new Circle(); Әдістер обьект әдістері және класс әдістері болып екіге бөлінеді. Обьект әдістерін тек обьектілердің өзінен шақыруға болады. Ал класс әдістерін кластардан да, обьектілерден де шақыруға болады. Әдістерді шақыру форматы: Класс аты.Әдіс аты(параметрлер тізімі) немесе Обьект аты.Әдіс аты(параметрлер тізімі) Әдістер обьектілерде сақталмайды, бірақ обьектілер оларды шақыра алады. Java технологиясының идеологиясы компьютерлік желі жұмысына негізделген және қажет болған жағдайда программаға қажетті кластар мен ресурстарды жүктей алады. Яғни, бір қосымшада көптеген кластар жиынтығы қолданылуы мүмкін. Java программалау тілінде класстарды топтастыру үшін арнайы пакеттер (package) қолданылады. Проект құру кезінде кластар автоматты түрде пакеттерде орналасады. Java программалау тілінің мүмкіндіктері өте көп. Қысқаша айтқанда, Java – жаңа ғасырдың программалау технологиясы деп қорытындылауға болады. Әдебиеттер 1. Монахов Вадим Валериевич. Материалы курса «Язык программирования Java» . 2. В.О.Сафонов. Материалы курса «Язык программирования Java». Санкт- Петербург

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar