Көбен би

Елінің атын epi шығарады, кесем сөзін ұстаған шешені көшін ілгері апарады. Елдің екі делбесі осы. Сондықтан да қазақ батыры мен биін қашан да бағалым, бағыланым деп ардактай білген. Мақтанса, алдымен солардың атын ауызға алған, есімін ұран қылып, перзентінің атын берген. XVIII —XIX ғасырда өмір сүрген сондай байрақты бабаның бірі де бірегейі біз әңгімелегелі отырған—Көбен би Дүкенұлы. Көбен би Адайдың Тобышынан тарайтын Шегемнің Сырғыбай аталығынан. Сырлыбайдан —Қоқан, Шағыр. Қоқаннан бес бала — Шәртікен, Кенелдік, Сүйіндік (Шың), Болат және «Киімді бала» Керделі (Дербіс). Болаттан — Қарамырза, Толыбай. Қарамырзадан — Дүкен, Дуан, Сары. Осы Дүкеннің үш баласының ноқта ұстар үлкені — Көбен би. Дүниеде сөз қадірін өз қадірім деп түсінген қазақтай халық некен саяқ. Ауыз әдебиетінде түйінделгендей қазақ қандай қаптаған қалың қолға тоқтамаса да бірауыз сөзге тоқтаған. Бітпес даудың кесімді шешімі де осы сез арқылы тамамдалып отырған.

Қаз дауысты Қазыбек 13 жасында қалмақ ханына дауласа барған ересектерге атқосшы бола жүріп, ханға: — «Жерден жердің несі артық. Бір­ақ уыс шөбі артық, Ерден ердің несі артық Бір­ақ ауыз сөзі артық» — деуі де және бұған ханның тоқтауы осы сөз құдіретін түсінгеннен болса керек. Сондықтан да қазақта би мен шешеннің алатын орны ерекше. Былай қарағанда би мен шешен cөзі бірігіп, кірігіп кеткен сияқты. Бірақ, бидің жолы шешенге қарағанда ауырлау. Шешен сөзді өріп, өрнектеп артына өшпес мура қалдырса, би болу үшін шешендікпен қатар ақжүрек адалдық, мәрттік, хан алдында қаймықпай сөйлейтін жүректілік, параға сатылмайтын әділ болуы шарт. Би — халықтың көкейіндегісін айтып, көмейіндегісін жеткізетін жоқшысы. Оған қанша айтқыш болғанмен батылы жетіп екінің бірі бара алмаған. Биді байлық та, барлық та қолдан жасай алмаған. Билік тұғырына топты жарып, таразы басын тең ұстап, әділдігімен қара қылды қақ жарған басын бәйгеге тігетін кісі көтерілген. Би­асылы текті, алысты көре білетін ақылды, ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін табиғи көсемдерден болған. Халықты «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би» деген ұлағатты сөз осыдан қалса керек­ті. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», — деген халық даналығы.

Читайте также:  Ұлттық элита (озық ойлы кауым)

Көбен биде жақыным деп жан тартпайтын, малды екен деп жалпақтамайтын, арты не болады екен деп жалтақтамайтын құдай жолын ұстанып, әділдіктің ақ туын жамылып, кесімін адал айтатын адуын да алғыр би болған дейді. Ол туралы деректер бидің есімін тұлғаландыра түседі. Ол күнде қоныстас ауылдардың, рулардың жерге, суға, малға таласып айтысып­тартыса беретін кезі ғой. Бірде Шөмішті Табын руының бір ауылы Итібай құдығының басында тобыштармен жерге таласады. Осы таласта Тобыштың ең жуан ауылы Зорбай деген руының Сарман балалары Шөміштінің Мұсақ деген жігіті ұрып өлтіредгі. Оған бір болыс қожан, қызылдар болып жиналып, араға түсіп «арыға барып қайтеміз»—деп билік айтып, құн кесіп көптеп ­ көмектеп бітірмек болады. Алайда, буған өлген жігіттің ағасы Жарылғап: — Маған теңдік беретін болса мен Көбен бидің алдына барып жүгінемін. Көптен бері оған қарсы болып жүр едім, мен оның адамгершілігіне сенемін, ол не айтса соған көнемін,—деп отырып алады. Ақыры Шөміштінің игі жақсылары жиналып Көбен биге баруға келіседі.

Ол кезде атамыздың ауылы Сам құмында болса керек. Көп адам бидің аулына келеді. Сәлем беріп үйге кіреді. Амандық­ саулық сұрасады. Келгендердің ішінен Тойбазар деген шешен жігіт соз бастап, мән­жайды айтып түсіндіреді. Сонда Көбен би: — Ей, Тойбазар, осы Мұсақты Зорбай балалары далада төбелесіп өлтірді ме, әлде құшқанда барып қуып өлтірді ме, осының анығын айтшы, — деп сұрайды. — Мұсақ тобыштармен қоныстас отырғағын, кикілжің де осы жер жөнінде болады. Мұсақ қойын айдап осы жерге келе жатса, алдынан қолында сойылы бар 4— 5 жігіт шығады. Оны керген Мұсақ қорқып кетіп кейін қаша жөнеледі. Бұлар артынан қуып, есігінің алдындағы күлге барған жерде жетіп, сойылмен ұрғанда Мұсақтың қарақұсы ойылып, өліп кетеді. Бар болғаны осы, — деп Тойбазар биге қарайды. Сонда Көбен би біраз ойланып, отырып: — Ердің құны — елу түйе. «Ұрыста тұрыс жоқ» — деп тимесе бата тігіп өліп кеткен адамды айтады. Сені өлтірмей қоймаймын, — деп қасарысып, қашқанды қуып, әдейілеп өлтірген адамның құны жүз түйе болады. Мына Мұсақты өлтіру — әдейi өлітру. Олай болса, мұның құнын жүз түйеге кестім. Тобыштың Зорбайының бес баласынан келіп отырған сендердің сыбағаңа бес түйеден 25 түйе құн кемітілсін. Мына Шөмішті Жарылғапқа 75 түйе құн төленсін. Соны сендер алып беріп бітіріңдер, — дейді би. Сол сет сөз тыңдап отырған Жарылғап орнынан ұшып тұрып: — Уа, Көбен, әділдігіңе атаңның әруағына құлдық! Міне, әділдікке, теңдікке қолым жетті. Бүгін өлсем де ризамын, — деп жылап жіберіпті. Көбеннің төрелігіне екі жағы да риза болып, ел арасы содан былай тынышталыпты.

Читайте также:  Мәдениет туралы ғылымның өмір сүру мәселесі

Оставить комментарий