КӨКТЕМ ТУРАЛЫ ӨЛЕҢ

Жер мен Көк әп сәтте жақындап кетіпті,
Мұң құшқан бұлттар да ақын боп кетіпті.
Жүрегін кір шалған жандардың ойлары,
Жұптасып қыспенен бақұл боп кетіпті.
Шық емес өмірдің гүліне жыр тұнып,
Бар әлем орнында, орнында тіршілік.
Күн сүйсе бүр жарған өркенін,
Күлімдеп қояды бір шыбық.
Сондықтан мен мына Көктемге құмармын,
(Ал қайтіп тыйымын салады бұған кім?!)
Көңлімді өксіткен өткенім ерісе­
Шаттықтан мен­дағы таситын шығармын..
Сылдырын ән етіп еріді өзен­көл,
Еріді ең қимас аяулы кезеңдер.
Сезімнің салқынын тигізіп алдың ба,
Көктемің келді ғой, тез емдел!

Читайте также:  Архитектура средневекового казахстана

1 comment

  • Қайтпай қалған қаздар

    Құстар қайтты мың – мыңдап,
    Туған, өскен еліне,
    Аңшы күтті мылтық ап,
    Патрон тізіп беліне.

    Болмаса да залалы,
    Аңшыға жоқ жазығы,
    Құмар оқ боп ажалы
    Өшті қоңыр қаз үні.

    Қаздан кетті жан шығын,
    Жете алмай жұртына.
    Обал қылған аңшының
    Селт етпеді мұрты да.

    Жатты қаздың денесі
    Шалшық суда, қамыста.
    Жаны бұлтқа ілесіп
    Кетті ұшып алысқа.

    Әміршіміз жаратты
    Он сегіз мың ғаламды;
    Оған неге оқ аттың
    Уа, перзенті адамның?

    Аттың аңды қызыққа,
    Джиптерменен қуалап.
    Қашты «Қызыл кітапқа»
    Жек, бөктергі, дуадақ.

    Серкелерден айрылған,
    Кетті киік қаңғырып.
    Қанатынан қайрылған,
    Қаздың даусы жаңғырық.

    Жаратқанға кесепат —
    Қай билердің жарғысы?
    Күнәсізге қиянат —
    Тимейді ме қарғысы?

    Түркі бабам зиялы,
    Тәлімінен көргенім:
    «Бұзба» — дейтін, — «ұяны,
    Өрмекшінің өрмегін.

    Қияс баспа үйілген
    Құмырсқаның илеуін;
    Жылан қусаң үйіңнен
    Сүт құй, бірақ — тимегін.

    Судың да бар сауалы,
    Берекесіз шашпаңдар.
    Тоқшылықтың сауабы
    Бұлақ көзін ашсаңдар».

    Техника озды да,
    Сайын дала жұтады —
    «Шөп шапқыштар» тоздырды
    Ұя толған бұтаны.

    Байтақ дала тың болды,
    Жыртамыз деп жүн қылды;
    Үйлесімі мың жылдың
    Тозаң қауып, жым болды.

    Тиім болмай түбінде
    Егістіктен босаған
    Жерді басты бүгінде
    Селеу, қурай, ошаған.

    Мүсін қойдық кезеңге,
    Еске алып елігін.
    «Жаңа қазақ» өзенге
    Жуып тұрар көлігін.

    …Түркі емес, гүн емес,
    Кімбіз? Қайда барамыз?
    Тәңір емес, дін емес,
    Уқорғасын санамыз.

    Жер мен көктің иесі,
    Уа, пенде, сен емес,
    Тиіп кетер киесі,
    Оны ату жөн емес,

    Оны атқан жөн емес.

    Жанбай Шүйіншәліұлы Өзденбаев