Күндік жұмыстардың жоспары

1­-тақырып: «Баланың мектептен бұрынғы өмірі» (6 күндік) I ­ к ү н. а) Жиылысымен балалардың бас, көзі, құлағы, денесін бір­бірлеп қараймын. Ауру балаларды дәрігерге жіберемін. Жеңіл­желпі ауруды (қотыр т. т.) емін көрсетемін. б) Балалардың аты­жөнін сұрап, жазып аламын. Сөз сұрағанда қол көтертемін, жыламай дұрыс, тыныш отыру керектігін түсіндіремін. Тыныс кезінде «соқыр теке» ойнатам. 2­к ү н. а) Балаларды бойына қарай, көру, естуіне қарай партаға отыртамын. Мектепке не үшін келгенін сұратамын. б) Мектепке кірген бала туралы, «жаңа талап» деген не, «мектепке кіру» деген әңгімені оқып, артынан сұрау берем. Кімнің неше жаста екенін сұратамын. с) Жолдастарын санатамын. Тыныс кезінде «Ақсерек» ойыны. 3 ­ к ү н. а) Балалардың жазды қалай өткізгені туралы әңгімелесем. Қандай ойындар ойнағанын, кіммен қалай ойнағанын сұраймын. Қағаз, қарындаш берін, қарындашты ұштатып, бәріне сурет салдырам. Дәптерді былғамауын, қаламды қалай ұштауын үйретемін. б) Садақ атудың жазымдығын сұрап, ескертемін. с) Далада жүргенде, ойнағанда қандай жәндіктер көргенін сұрап, сөйлетем. д) «Жаңа арнадағы» «Туған жер» деген бір ауыз өлеңді жаттатамын. Онға шейін санатам. 4­к ү н. а) Балалардың бет­қолын, құлағын, мойынын, кірлерін жуғызамын, тырнағы өскендерін алғызамын. Келген, келмегендерін тексертем. Себебін сұратам. б) Баланың жазда не жұмыс қылғанын сұратамын. «Тартудағы», «Бие қайырғанды» оқытамын. с) Кімнің үйінде қандай, қанша бұзау, қозы, лақ, құлын барлығын сұрап, солардан көгеннің бұршағынан есеп қылдырам. Балалардың қалаған ойынын ойнатам. 5­к ү н . а) Кімнің үйінде қанша адам барлығын, олардың жасын, баланын несі екенін (кім не істейтінін), баланың көмегін сұрап айтқызам. (Келісімен балалардың тазалығын көріп шығамын). Осы туралы бір әңгіме оқимын. б) Үй ішіндегі адамдардың кімнің, кімнен неше жас үлкен, кіші екенін айттырам. Олардың бойына қарап, әр балаға тік сызғышпен дәптеріне диаграмм сыздыртамын, 5­ке шейін цифрмен таныстырамын, жазғызамын. в) Білетін жұмбақтарын айтқызып, бір жұмбақтың сөзін бөліп беріп, «тақпақыл» ойнатам (тақпақылды қалай ойнайтынын ана тілін оқыту әдісінде көрсетілген т.). 6­ күн.а) Балалардың тазалығын байқаймын. Кімнің қайда тұратынын, үйі қандай, неше бөлме, әйнегі, есігі, пеші нешеу. Үйінде қандай жасаулар, ыдыс, аспабы бар. Тазалығы қандай екені жөнінен сұраймын, сөйлетемін. Осы туралы бір әңгіме оқып береміз (әңгіменің аты айтылмаған). б) Таппақшыл ойнатып «сөз»­ге төселдіремін, есіктің, кебеже бетінің суретін, жүк аяқтың, аяқ қаптың суретін, оюларын салғызамын. е) Ыдыс­аяқтан есеп шығартамын, 7­ге шейін цифрмен таныстырамын. Кетерде он салғызамын. Е с к е р т у: Бұл жоспарда жаттығу жұмыстары әдейі арала көрсетіледі. Өйткені тәжірибесіз мұғалімдер жаттығуды үйлестіре алмай, оны өз алдына бөлек жүргізетін сықылды. «Жаттығуды» өз тұсына көрсетіп қойсақ қай істі қай кезде істеуі анық болып тұрады. Күндік жоспарды осылай қып жасадық. Әрі күндік жұмыс (календарный план), әрі сабақ желісі (комплекс), әрі сабақ кестесі (расписание) болады. Осыдан басқа жоспар жасалмаса, бұл ауырлық қылмас. Мұнда әр күнгі жұмысқа қойылған а, б, с, д, белгілері әрбір сағатқа арналған нәрселерді көрсетеді. Сағатқа аз болса, көбейту, көп болса жақындау, не ауытқу мұғалімнің еркінде. Біздікі тек жоба. 2­ т а қ ы р ы п : «Баланы мектеппен таныстыру» (6 күндік) I – к ү н. а) Балалардың тазалығын бақылайық. Түгендеу белгілерін салғызамын. Мектептің атымен қай бөлме неге керек екенімен таныстыру, мектеп қорасындағы нәрселерді бүлдірмеу, дәретхананы былғамау, дәретхана жоқ болса белгілі жерге отыруды үйрету. Кез келген жерге отырудың зиянын түсіндіремін. б) Қораның ішіндегі қиды сыпыртамын, жұмысқа апарғанда қатар тұрғызамын, жүргіземін, балаларды санатып топ­топқа бөліп, әртүрлі жұмыс тапсырамын. с) Сөйлем алып, неше сөз барлығын айтқызып, буынмен таныстырамын, буыннан ауыз екі сөз құрастырамын, буын тәсілдерін, «Орамал тастамақ» ойнатамын (ойнату жолы ана тілі әдісінде). д) Жастардың «Тырна» деген өлеңін, әнін үйретемін. 2­к ү н. а) Тазалығын бақылап, түгендеу белгілерін көргеннен кейін «Жаңа арнадағы» «Біздің класс» деген әңгімені оқимын. Оқитын бөлмені класс деп атайтынын, әлгі оқыған класс пен отырған кластың айырмасы, бұл класс пен үйдегі бөлменің айырмасын сұраймын. Кластағы нәрселерді ойлатамын, қай нәрсе неге керек екенін, қалай тұтынуын білдіремін. б) Терезенің, қара тақтайдың суретін салғызамын. Парталарда отырған балалардан есеп шығартамын. 10­ға дейін цифр. с) Сөзді буындатып, буыннан сөз құратамын, буынға төселдіруге «орамал тастамақ» ойнатамын, қалаған ойынын ойнатамын. 3­к ү н. а) Тазалығын, түгендеу белгілерін байқағаннан кейін «Жаңа арнадағы» «Шаңнан қалай құтылдық» деген әңгімені оқып, содан сөз туғызып, класты таза ұстау керектігін білдіремін (аяқтарыңды да сүртіп кір, класта лас жұмыс қылма, тақтайды дымды шүберекпен сүрт, тыныс кезінде терезені ашып түгел шық). Парта, үстелдердің шаңын сүрткізіп, парталарды дұрыстап қойғызамын терезені ашқызам, тыныс кезінде ойнатам. б) «Бала» деген сөзді кеспе әріппен құрап көрсетіп баланы суретін салғызамын «Бала» деген сөзді жазғызып. с) 10­ға шейін цифрді жатқа жазғызып, 10 ішіндегі сандарды қосуға, алуға төселдірем. 4­к ү н. а) Балалардың тазалығын, түгелдеу белгілерін байқағаннан кейін өткен күнді «Бала» деген сөздің жазуы есінде қалғандығын тексеру үшін тақтаға жаздырамын. Жазғанды оқытамын. Содан шығарып «оқу» деген сөзді көрсетемін, буындатамын жаздырамын. б) Қосу, алу белгілерімен таныстырамын. 10 ішіндегі цифрлар суретін салғызамын «Бала» деген сөзді жазғызып. с) Тазалық, тәртіп туралы сөз қозғап, соларды басқару, белгілеу керек екенін түсіндіріп, балалар жиылысын ашамын. Қаралатын мәселелерді кеңесіп, балалардың пікірін ұсынуын білемін тазалықшы, тәртіпші, дежурный сайлатамын. Олардың міндетін қысқаша ұғындырамын. Жиналыс кезінде өзін қалай ұстауды, қалай сөйлеуді ескертіп, қаулы шығартып, қаулының өзін жазын, іліп қоямын. «Міндетті қалай атқардым» деген әңгімені оқимын. 5­к ү н. а) «Жаңа арнадан» «Біздің тәртіп» деген әңгімені оқимын. Өткен жиылыстың қаулысын еске саламын. б) Күзгі жұмыс туралы сөз қозғап, әйелдердің еңбегіне, тазалыққа соғып, сақарды «алаботадан» істейтінін басып өтемін. Алаботаны көргендерін сұрап, алаботаның суретін (әліппе кітабындағы) көрсетемін. Тақтаға салдыртамын. Астына атын жазамын. «Алабота» деген сөзді кеспе әліппеден құрап көрсетемін, құратамын жаздырамын. с) Қосып, алудан ауызша есеп шығартамын. д) «Сал­сал­сал білек» жаттатамын. Ойын ойнатамын. 6­к ү н. а) «Жаңа арнадан» «Құстардың қысқа дайындалуы» деген әңгімені оқып, кететін, қалатын құстарды ататамын. Қайтқан тырналар сынған шыбықтай болып ұшатынын түсіндіремін. Себебі алдын көру үшін (әуені алдынғылары шығын отырып жол салу үшін). б) Адамша сөйлейтін құстарды сұрап, содан «тотыға» тоқтаймын, тотының суретін көрсетем, не саламын «тоты» деген сөзді көрсетіп, буындатып оқытамын, жаздырамын. Суреті астына атын жазамын, таныс буындардан сөз құратамын. с) Тырнаның суретін қағаздан қидырып, көбейттіріп, қайтқан тырнаның тізбектелген түрін жапсырма сурет қылып жасатамын, бұл біріккен еңбекке үйренгенге жақсы. Құстардан, балапаннан есеп шығартамын.

Читайте также:  ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ АНТРОПОЛОГИЯ

Оставить комментарий