Күндік жұмысты қалай орындау керек

«Күзгі жаратылыс» деген тақырыпты өткенде, балалардың жұмысы қандай болу керек? Соған мысал көрсете кетейік. Әуелі мұғалім: «Күзді күні қандай нәрселер өзгереді?» деген сұрау қояды. Балалар әуе райының, өсімдіктердің, жан­жануарлардың өзгеретін санайды… Солардың өзгергенін қалай білсек екен? Бәрін бір жола, бір күнде білуге бола ма? – деген сынақты сұраулар мен бақылаудың, серуеннің, материалдарды реттеудің керектігін түсіндіреді. «Жаңбыр көбіне қай мезгілде көп жауады? Жел көбіне қай жақтан тұрады? Оны білу үшін не істеуіміз керек?» деген сұраулар мен сәлемдер жасауға кіріседі. Өсімдік, жан­жануарларды байқау үшін серуенге шығу керектігін түсіндіреді. Серуенге барғанда нені бақылау керек, кім не істу керек? Бәріміз бір­ақ жұмыс істейміз бе? Лек­ легімізбен өз алдымызға іс аламыз ба? – деді әңгімелеседі. Істің төтесін, өнімді болуын ескертеді. Сөйтіп, серуенге барғанда істейтін жұмыстарымызды санап алалықшы деп, айтқызып, санайды, жазады. Қураған шөптерді көру, атын білу. Түрлі шөп, ағаштардың жапырағын жинау. Жапырақты ағаш пен бүршікті ағашты айыру. Күз өсетін шөптерді бақылау, аттарын білу. Қандай құрт­құмырсқа бар, қандайлары жоғалғанын байқау. Құмырсқаның үйлерін көру, олардың еңбегін бақылау. Көрген құстардың атын жазып алу. Тышқанның інін қазып, аршып, қысқа не қам қылғанын көру. Міне серуеннің планы осы сияқты болып жасалады. Балалар (звено) лек­лекке бөлінеді. Лек балалар белгіленеді. Ор лекке жұмыс тапсырылады. Серуеннен келген соң, жинағандарын реттейді, міне балалардың жұмысын орындау тәртібі осы болады. III т а қ ы р ы п: «Қала мен ауылдың айырмасы» (октябрьдің 21 ­28). 1 ­ к ү н. Дала мен қаланың айырмасы даланы көрген балаларды көргенін сөйлетіп, даланың тамдары (үйлері), көшелері. Қалада тұрмысы, кәсібі, киімі; жүрісі, тұрысы, тазалығы, ермегі, мінезі, қатынас көлігі, түнгі жарығы… далада бұлардың жоқтығы, кемдігі. 2­к ү н. Қаланың ауылға не беретіні (мата, былғары, ыдыс­сайман, машине, дәрі­дәрмек), қандай ұйым, қандай дүкендер арқылы алған пайдалы бұйымдардың нарқы, нарқынан шығару. Метр, өлшеуіштері мен ескі өлшемдерді салыстырып, шот қақтырып, шелек, шәугім, шалғы, орақ сияқты нәрселердің суретін салдыру. 3 ­ к ү н. Ауылдың қалаға сататын бұйымдары, олардың қалаға керектігі қала мен даланың айырбассыз тұра алмайтыны. Ауыл бұйымдарының нарқы есеп, өлең, диаграмм. 4­к ү н. Ауыл бұйымымен не істейтіні, тері­терсектен, жүннен, түбіттен, матадан, кендірден, майкенеден. Қала, қол бұйымдарының пәбрик, зауытта қалай істелуі. Пәбрик, зауыт жұмысының қол ісінен өнімділігі. Онда кімдер істейтін? Қандай ақы алатын? Диқаншы мен жұмысшының енбегін салыстыру, былғары, мата туралы әңгіме оқу, қай бұйымнан не жасалатынын жаздыру. 5­к ү н. Даланың ауылға мәдениет ауыстыру, мектеп, кеңсе, қызметтер, дәрігер, агроном, трактор, кен қазу, қол өнер дүниелері сияқты қосымша сөздер. 6­күн. Әңгіменің жалғасы қос сөз, қосымшаларға жаттықтыру, атарбаны, тракторды көргендерін сөйлету, отарба туралы өлең, әңгіме оқу, есеп шығарту, суретін салдыру. IV тақырып: «Қора­қопсыны өңдеу» (1 айлық) 1 ­ к ү н. Қыстау, құдық. Қыстауға неге көшіп келеді? Қыстауда неше ай отырады? Көп отыратын үй қандай болу керек? Қыстауға келгенде, алдымен ауыл не қамдайды? Малды қайдан суарады? Құдықты неге аршиды? Балалар не көмек көрсетеді? Құдық суы қандай болуы керек? Судан туатын індет бар ма? Құдықты қалай тазарту керек? Жаттығу жұмыстарын мұғалім өзі тапсын. 2­к ү н. Үй жұмысы, үйсіз күн көруге бола ма? Жабайы адамдарда үй болған ба? Қалай күн көрген? Там үй бұрын шыққан ба? Киіз үй бұрын шыққан ба? Тамнан басқа қандай үйлер бар? Даланың үйлері қандай болады? 3 ­ к ү н. Жақсы үй мен жаман үйден саулыққа зиянды. Жаман үй қандай болады? Кім айтады, жақсы үйді кім жайлар етеді? Қазақ тамы жақсы ма, жаман ба? Неге жақсы қылып сақтады? Жаман үй дерттің ұясы екенін қазақ біле ме, неліктен білмейді? 4­к ү н. Жаман үйден жабысатын дерттер. Кім көп ауырады? Жақсы үйде тұрған адам ба, жаман үйдегі ме? Кімнің үйінде қандай кісілердің ауруы бар? Ауру үйлер қандай? Көбінесе қандай ауру бар? Осы ауылда қанша кісі ауру екенін білуге бола ма? Қалай білеміз? Ауылды қыдырып, себін алыңдар? Кімнің қай жері ауырғанын сұрап; жазып алыңдар. Қашаннан бері ауырғанын, неден ауырғанын сұраңдар. Аурулы үйлерден саулық шартына сай келе ме? Несі келмейді – біліңдер, аурудың диаграммын жасаңдар. Ауруды қалай емдеуді кеңесіңдер. 5­к ү н. От тарихы, адам жағдайы, өзінен­өзі пайда болатын от бар ма? Күркіреген нөсерден кейін даланың, ағаштың өртенгенін көріп, есіттіңдер ме? Ол от қайдан келді? Мына екі ағашты біріне­бірін тез жонып қараңдаршы. Үйкелген жері қайтты? Екі аяғыңды біріне­ бірін ысы, аяғың қайтты? Ендеше от неден пайда болады екен? Шақпақ шаққанды көрдіңдер ме? Неден, қалай жағады? Түнде аттың тұяғынан неге от шығады? Күкірт қайткенде тұтанады? Оттың адамға не пайдасы бар? Зияны бар ма? Жылдың қай мезгілінде от көбірек керек, оттың жылуын қайткенде көбірек пайдаланамыз? 6­к ү н. Малға қора соғу керек пе? Әсіресе қай мал тоңғақ? Қыстай далада қарға жататын мал бар ма? Қай мал тез арықтайды, бойы жылы жүрген бе? Бауырынан сыз өткен бе? Қораны өңдеуге кім не қам қылды? Мал қораны қалан күту керек. Жаттығу жұмыстарын қарастыр. Е с к е р т у : Бұл комплексте жаттығу жұмыстары көрсетілмеді. Өйткені 2 жылға лайық оқу кітаптары «тіл жұмыстары» жоқ болды, ескі материалдар қолайсыз болар дедік. Мұғалімге ең керектігі күндік тапсырмаларды білу, сұрауларын тізу, тақырыпшаларына үйлестіріп оқу, жазу, тіл бақылау, еңбек, есеп, сурет сияқтыларды өздері табар деп ойладық.

Читайте также:  Мемлекеттегі заң шығарушы, атқарушы және федерациялық билік

Оставить комментарий