Күндік жоспарды қалай жасау керек?

Күндік жоспар жасағанда мына жобаларды еске тұту керек. 1.Програмдағы, жұмыс жоспарларындағы материалды шатастырмай, былықтырмай біріне­бірін жалғастырып саралап жікте. 2. Бір күнде бітірерлік сабақтарды (3, 4 сағатқа) шамала. 3. Жаттығу жұмыстарын жетерлік қып, аралас келтір. 4. Класта (бөлмеде) болатын жұмыс пен далада болатын жұмысты бір күнде әлденеше алмастырма. 5. Жаттығу жұмысының бір түрін күн санын келтіре берме. 6. Жаттығу жұмысының барлық түрін бір күнде істетіп, не жаттығудың әр түріне кетерлік уақытты мөлшерле. 7. Жаттығу жұмыстарын күндік тапсырмалармен байланыстырып отыр. 8. Қандай әңгіме, өлең, ойын, дене тәрбиесі, ненің суреті, диаграммасы, есебі, ою, сызу т. б. дәл көрсетіп отыр. 9. Жаттығу жұмысы деп мына нәрселер айтылатыны әсте болсын. Сурет, ою­сызыу, саздан нәрсе соғу, т. б. 10. Қандай адамдармен, мекемемен, ұйымдармен қатынас қылатының, олардан не пайда алатыныңды, оларға не пайда келтіретініңді шамала. 11. Өзін (мұғалім) аз сөйлегендей, бала көп жұмыс қылғандай материалды, әдісті істе түрлендіріп отыр. Енді курста болған мұғалімдердің жасаған күндік жоспарларын көрсетейін. Естеріңізде болсын, курстың аз болғандығынан курсанттар асығып, жүрдім­бардым жасайды. Сондықтан жоғарғы шарттарға толық тура бола бермес…

Читайте также:  Қонай батыр

Оставить комментарий