Көне орыс халқының діни өмір мәнісі

Фәни дүниенің болмысын, оның мәні мен мақсатын түсіну, тұшыну дәл қазіргі кездегідей, осынау бір аласапыран уақытта терең ойлауды қажет еткендей. Шамасы төрт жылдай бұрын мен Берлин қаласында синематограф арқылы түсірілген аквариум түбіндегі жәйттарды көрген едім. Су астындағы қоңыздардың өмір үшін жанталасқан айуандық тірлігінен түсірілген көріністерді байқап, жағамды ұстадым. Көз алдымызда тіршілік атаулының бірін­бірі жеп жатқаны — осынау тірлік иелерінің жанталасып, жалпы өмір болмысының айғағындай, өмір сүрудің қағидасындай, басқаны жем етуі — тірлік болмысының айғағындай. Су астындағы балықтар, омыртқасыз су жәндіктері (молютка), кесіртке тәріздес (саламандра) мақұлықтардың тірлік үшін айқасында су қоңызы жеңіп шыға береді. Неге десеңіз, оның екі жетілген қимылы болды: ол қарсыласын қарулы жақ сүйектерінің азуы арқылы, онан соң улы түкірігімен жайратты. Иә, сан мыңдаған ғасырлар бойы осылай қалыптасқан заңдылық, әлі де қаншама уақыт болары беймәлім… Осынау аквариумдағы айқас көрінісі біздің санамызда өнегелік жиіркену сезімін тудырған болса, онда ол адамда өзге әлем жұрнағы, басқа кейіптегі болмыстың бар екенін айғақтағандай. Егер айуандық өмір түрі әлемдегі жалғыз мүмкіндік ретінде көрінсе және біздер өзге нәрсені жүзеге асыруға қабілеттілігімізді сезінбесек — онда біздің адам сияқты ашулануымыз мүмкін болмас еді. Осынау бей­берекет, мағынасыз табиғат қағидасына қарсылық білдіретін басқа бір тылсым күш, рухани болмыс бар, оның негізі сана және ерік деп ұғыну керек. Қайтсе де осы қабілеттілік тек қабілеттілік ретінде қалып келеді: оның үстіне адамның санасы мен еркі біздің көз алдымызда өздерінің күресуі тиіс қараңғы, жануарлық әуестігіне дейін төмендетіледі. Осыдан келіп біздер бақылап отыратын сол бір жан түршігелік көрініс шығады. Біздің қабілеттілігімізге қарамастан, адамзат өмірі тұтастай аквариум түбіндегі айқасты елестеткен кезде, өнегелік жиіркенушілік және жан түршігу сезімі өзінің шарықтау шегіне жетеді. Бейбіт күндері адам бойындағы айуандық аса көп байқалмайды, себебі өмір мәдениетпен бүркеледі; ал қарулы қақтығыстар кезінде, мәдени түсініктермен бүркелген адам болмысындағы айуандық шектен шыққан арсыздықпен (цинизм) бой көрсетеді. Оны аз десеңіз, айуандық іс­әрекет енді ашық түрде жарияланып, мәдениетпен салмақтана түседі, өйткені, мәдениет соғыс кезінде зұлым, жыртқыш өмірдің қаруына айналады, сосын жыртқыш су қоңызының қарулы азуларындай бұл түсінікті адам баласы бірін­бірі қыру мақсатында пайдаланады. Түптеп келгенде, адамзат өмірін басқаратын қағидалар жануарлар әлемінде үстемдік ететін ережелерге ұқсатылады: қазіргі таңда халықтардың басшылыққа алатын бастамасы ретінде айтылатын «жеңілгеннің желкесі үзілсін» және «кімнің азуы мықты, шындық сонда» дейтін ережелердің мәні қағидалыққа дейін көтерілген биологиялық заңдардан артық ешнәрсе емес. Осынау бір текетірес, қанды қақтығыста табиғи биологиялық заңдылық белең алып, этикалық түсінік басқаша қорытылып, адами және айуандық әлем қатарласқанда адами түсінік ада қалады. Айуандық әлемінде қарсыласын немесе жемтігін құртатын қарудың техникасына ешқандай рухани өмірдің керегі болмайды: бұл қарулар жануарға сана мен еріктен басқа табиғат сыйы ретінде келеді. Керісінше, адамзат әлемінде олар — толықтай адамзат ақылының жаратылысы. Біздің көз алдымызда тұтас халықтар өзінің барлық ниетін өзге халықты жұтып қою үшін үлкен азу жасауға бұрып жатыр. Адамзат рухының төменгі материалдық әуестіктерге езіп­жаншылуы мәжбүрлік сипатын алатын адам өміріне үстемдік ету барысында қатты байқалады. Әлемдік аренада өзінің бар күшін өзгені жайратуға жұмсайтын жыртқыш­халық қалыптасқан кезде, қалған халықтардың барлығы өзін­өзі қорғау үшін оған ұқсауға тырысады, себебі, қарулануда артта қалу дегеніміз — желініп қалу қаупін туғызу деген сөз. Демек, екі жақ та азуының қарсылас жағынан кем болмауын қадағалайды. Қайсыбір дәрежеде барлығы жыртқыш бейнесін игеруі тиіс. Басқалардың зәресін алатын соғыстың басты және негізгі алапаты дәл осы адамның құлауында жатыр. Жер жүзін толтырған қан ағысының өзі осы адам келбетінің өзгеріске ұшырауына қарағанда аз зұлымдық болып саналады! Осы мезеттерде, адамзатты қатты толғандыратын, өмірдің мәні туралы сұрақ ерекше бой көрсетеді. Оның мені әрдайым біреу­ақ — ол қандай да бір уақыт шарттарына қарай өзгеріске ұшырамайды. Ол әлемде қанды қырғын немесе мағынасыздық орнатуға ұмтылатын зұлым күштер айқын көрініс берген сайын, анықталып, адамға айқын түрде түсінікті бола бастайды. Сансыз өмір қатпарларында талай тозақ болып та тұрған, болып та жатыр — ол өмірде кездесетін келеңсіз өлім мен өлтіру. Осылай болғанда, барлық тіршілік атаулының үміті, өзге, жоғарғы ниеттердің куәгері — адам баласы зұлымдықтармен күресу үшін не істеді? Ал оған қарсы күресудің орнына «өлім бұшының шоғырлануына» қарсыласпай, «әумин» деумен келеді. Жер бетінде тамұқ өрті өршіп тұрғанда, оны басудың орнына үрлеп отыр. Адам болмысының мүмкіндігі орасан… Халықтар бірін­бірі құртып жатқанда, қырып жатқанда, тарих парақтары қанды қолдармен ашылып, жабылып жатқанда неге үнсізбіз. Тарих барысында қашан да «арқыраған арыстандай» дәріптелген «жеңімпаздарға» гимн орындалумен келеді. Егер де барлық өмірдің мән­мағынасы оның табиғи болмысы, адамзаттың тарихы осындай мадақтауларға тіреліп, жер бетіндегі зұлымдықтар дәріптеліп жатса, не демекпіз, осынау жалған дүниеге неге келдік… не істейік деген ой мазаласа, өмірдің мақсаты не болмақ…? Мен оған жауап беруден әзірше тоқтала тұрайын. Мен ол туралы кейбір ата­бабаларымыздың ой­ тұжырымдарын еске сала кетейін. Олар философтар емес, діни ғұламалар. Олар өз ойларын сөзбен емес, бояу ерекшеліктерімен қалдырған. Өйткені, олардың көркемөнер арқылы қалдырған ой­толғамдары осы бір өмір мағынасына жауап бергендей. Себебі, олар өмір сүрген уақыт біздің уақытымызбен үндес. Соғыс әкелген сұмдықтарды біз ышқына түсінсек, олар үшін созылмалы дертке айналған болатын. «Жыртқыш болмысындағы» бейнелер, орыс халқының жаулары болған. Айуан патшалығы «Баршылықты саған тапсырамын, сен де маған басыңды «и». Алданба…», деп, әр адамның ғасырлар бойы аңсаған армандарында, тарихтың таңбаларында жатты. Көне орыс діндарлық өнері осы бір алдаудан, арбаудан сақтап, онымен күрескен. Ол күрестің негізінде өмірге келген икон жазушылар, бояу ерекшеліктерімен кескіндерде өздерінің ой­орамдарын, пәни дүниедегі асылдарын осы икон жазу өнерінде қалдырып, өмірдің мән­мағынасын ой­електерінен өткізіп, қиял­ғажайып мақсаттарын, күнделікті күйбең тірліктен басқа өмір барын дәріптеген. Ол адамдардың таңғажайып бояулар арқылы берілген кескіндер рухани өмірдің таусылмас өзегіндей. Мен сол қалдырылған көркем өнердегі ғажайып тылсым, бізге беймәлім өмірдің сырына тереңдеген сайын, діни ғұламалық мағынада салынған рәміздік тілге балама жоқ екеніне көз жеткізе түсемін. ІІ Ежелгі орыстың діндарлық бағытта туындаған көркемөнеріндегі айуандық бейнеге қарсы қойылған өмір шындығының мәні қайсыбір икон жазулық бейнелерде емес, тұтас ежелгі орыс храмдарынан табылады. Дәл осында храм әлемде үстемдік етуі тиіс бастама ретінде түсінік табады. Күллі әлемнің өзі Құдайлық храм болуы тиіс. Ол храмға барлық адамзат бой сұғып, онда періштелер, тіптен жер­судағы мақұлықтар да пана табуы керек. Сол Құдайдың үйіне кірген барлық тіршілік атаулы тыныштық тауып, кескілескен соғыстар мен жан түршігерлік қаныпезерліктің бәрі тоқтамға келуі керек. Бұл ой тиянақты болуы үшін, оның даму барысын ежелгі орыстың көркемөнерінен зерттеп, зерделесек деген ойға келіп отырмыз. Әрине, әлемдік ортақ храмдар салу әзірге шындыққа жанаспайды, ол барлық тіршілік иелерінің жүзеге аспаған үміттерінің идеалы. Әйтсе де, түп мақсат солай болып даму керек, мақұлықтармен, тіпті адамдардың дені ол храмдардан тыс тіршілік кешіп отыр. Әзірге алыстағы, адамзат баласы қол жеткізбеген, өзіне шақырып тұрған аспандағы келешек болғандықтан, храм өзге бір әлемнің көрінісін білдіреді. Біздің бұл ойымыздың дәйектілігі, храмдардың ерекшелігі оның сәулеттік болмысынан, әсіресе, Новгород шіркеу­храмдарының бой көтеруінен айқын көрінеді. Таяуда, қыстың ашық күндерінің бірінде, Новгород қаласының маңында болып оралдым. Атшаптырым жерге дейін ұшы қиырсыз, қар жамылған маң далада көзге оттай басылғаны кедейшілік пен кемшіндік. Солардың ортасында, ерекше бір алауға бөленген, ақшаңқан храмның алтынмен апталған күмбез ұштары бізге беймәлім, «о дүниенің» белгісіндей көк аспан астында ерекше нұрланып тұр. Ақ тастармен өрілген бұл сәулетті ғимарат, беймәлім болмыстың белгісіндей. Мен көп жерлерден байқамаған, осынау бір доғал күмбездерден тек орыс халқына тән салтанатты көргендей күй кештім. Оның ерекше мәнді маңызын басқа бір ғимараттармен салыстыру арқылы сезінемін. Византиялық күмбездер храм үстін жағалай қоршап, жерді жауып тұрғандай. Керісінше, готикалық күмбездердің ұшқыр сүйір ұштары жерден көкке ұмтылған, тас кескіндер. Ал біздің отандық «доғалданған» күмбездер негізі терең мағыналы, көкке ұмтылған ұштары арқылы жер мен аспан кеңістігін жалғастырып тұрғандай, «о дүние» байлықтарымен үн қосып тұрғандай. Орыс храмдарының мақсаты от ауызды жалындардың айқасып, крест пен крестің үндесіп, сырласып тұрғанындай әсерлі. Ал енді Мәскеудегі Ұлы Иван храмы болмысы жалындап, жанып тұрған ғажап балауыздарды еске түсіргендей. Мәскеу үстіндегі аспан кеңістігіне ұмтылған кремль соборлары немесе көп басты шіркеулер үлкен балауыздардың реңін танытады. Алтынмен апталған ұшарлар Мәскеуде Жаратушыға тәу етудің негізгі мағынасын білдіреді. Егерде ертеде салынған орыс монастырларына немесе қалаларына алыстан көз салсаңыз, олардың басындағы биік храмдардың ұштары жалынға оранып тұрғандай, сан қилы бояулы суреттердей. Осы түрлі­түсті жарықтармен көмкерілген көріністі ақша қарлардың ортасына орналасқан қасиетті Құдай қолдағандай, «О дүниенің» елесін меңзейді. Доғал күмбездермен бой көтерген, сәулет ерекшеліктерін кейбіреулер (мысалға, храм биіктерін, оның сүйір ұштарын онда қар немесе ылғал тоқтамас үшін деп) дұрыс түсінбейді, оның негізгі мақсаты — діни­этикалық доғал көріністерін сәулеттік өнердің сипатының жетістігіне мән бермейді. Сәулеттік шешімдердің түрлері сан алуан. Осыған орай көптеген ғимараттар әртүрлі салынуда. Мысалы, готикалық негізінде сүйір ұштармен жалғастыруға болады. Неліктен көне орыстық діни ғимараттарда «доғал» өнері молырақ қамтылған? Оның негізі діни­эстетикалық талап­тілектермен сұраныс негізінде болған. Көңіл­күй негізінде өз ерекшелігі бар. Түпкі түсініктерде діни­эстетикалық сенім байырғы халықтың ой­тұжырымдарымен қанаттас келген — «ыстық леп қызуының» шіркеу сәулетінде өзіндік орны бар. «Доғал» шіркеулердің болмысын «Шығыс әсерімен» де байланыстырып айтып жүр. Ол да мүмкін, әйтсе де шығыс сәулет өнеріне, оның да әсері болуы мүмкін емес пе. Орыс храмдарының ішкі, сондай­ақ, сыртқы көріністерінде, көне орыс сәулет өнерінің шіркеулерге лайықталған шешімдері оның, яғни, діни сенім мен нанымның көптеген қыр­ сырлары болғанынан хабардар етеді. Міне, осылай қалыптасқан шіркеулік бағыттардың өзіне ғана тән даралануында. Көне орыс храмдарындағы доғал шеңбер ыңғайлас болғандығы, оның сыртқы күмбездермен үндесіп жатқанының айғағы. Дәлірек айтсақ, аспанға ұмтылған күмбездер мен ішіндегі айшықтар бірін­бірі жалғастырып, жоғарыға жалынды бағыттап, үйлесімділік тудырады. Неліктен? Осындай үйлесімділік бір қарағанда қарама­қайшы түсініктерге жетелегенмен, шынтуайтқа келгенде олай емес. Ойлап қарасақ, ішкі жарасымдылық оның салтанатын, әлемдік храмды меңзесе, шіркеудің ішкі болмысында Құдайдың өзі тұрақтаса, одан ары сыртында ештеңе жоқ: олай болса шіркеудің ішкі көрінісінде Саваоф Құдайдың өзі патшалық құрайтын әлемнің жоғарғы шегі көрініс табуы тиіс. Ал енді шіркеудің сыртқы көрінісі мүлдем басқа түсінікті пайымдайды, өйткені, жоғары ұмтылған күмбездегі айшықтар нағыз Жаратушыға, аспан әлеміне жетелейді, ал оған жету үшін әлі де қаншама күш, қуат, ішкі жалын керек. Міне, сондықтан ішкі мағына, қозғалыс іспетті болып ішкі жалын арқылы жоғарыға ұмтылатын күш­қуаттың жалыны мол болу керек. Сыртқы және ішкі күмбездер нені аңғартады? Неліктен шіркеудің ішкі күмбездері сыртқы күмбездермен ұқсас, оның мәні төмендегідей: Жаратушыдан келіп түсетін жарлық, жанашырлық, кеңістік әлемінде қуат ретінде сыртқы күмбездер арқылы ішкі күмбездерге жалғасады. Жоғарыдан келген күш­қуат Жаратушының ізгі болмысын храм ішіндегі күмбездер арқылы оған жиналған қарабайыр пенделерге жетеді. Ұлы Жаратушының жарлығы, қамқорлығы аспаннан түскен Нұр, пендеге тіл қатады. Қым­қуыт, бірін­бірі «жеп жатқан» жұмыр басты, екі аяқты пенде мен Аспан билеушісінің ортасында байланыс болуы ықтимал. Осы реттегі ойлар, көптеген сәулет өнерінің барысына, соның ішінде, Новгород қаласындағы әулие София (XI) храмына әсер етті. Осы шіркеуде Ұлы Жаратушының кескінін салған уақытта оның саусақтарын жазылған күйінде кескіндемек болған. Суреткерлер қаншама ұмтылғанмен, саусақтар бүгіліп, жұдырыққа орайласқан. Қаншама әуреленгенмен, саусақтар жазылмаған. Сол кезде Жаратушыдан аян түсіп, негізгі жұмыс тоқтатылған. Аспаннан жеткен дауыс: «Ұлы Новгород қаласы жұдырыққа түйілген, егер ашылса қала қирайды», — деген. Осы тақылеттес тақырыптар Клязьма қаласындағы Владимир маңындағы Успен соборында кездеседі, онда көне фрескада, атақты Рублев жазған «Құдай қолындағы тақуалар» деген көрініс бар, онда көптеген әулие­әнбиелер гүлді тәж киген, барлығы жаратушының уысында, ал тақуалап жар салып, періштелердің маңайдағыларды шақыруымен төменнен жоғарыға, жоғарыдан төменге шиыршық атқан көпшілік соған ұмтылған. Негізгі ой шіркеу ішіндегі бей­берекет қозғалыстар, жер бетіндегі адамдар арасындағы қақтығыстарды уысқа жинау. Шығарманың негізгі мақсаты осы бір жік­жікке бөлініп жиналған мақұлықтардан бастап, адам баласын, періштелерді бір бағытқа бағдарлап, ауыз бірлігімен қоса, жер тынысын анықтап, түсіністікпен өмір кешіп, барлығы бір жаратушының ықпалымен жүргізу. Көне Ресей сәулет өнерімен көркемөнері арқылы бірлікке шақыру. Бірлік туын көтерген және соған ұмтылған әулие Сергей Радонежский еді. Сол кездегі жылнамалардың қалдыруынша, киелі, қасиетті Сергей алғашында монахтардың шағын ұйымын құрып, «Үштік шіркеу салдырып, айнадай бірлікке шақырып, тыс қорқыныш, жаулардан қорғану үшін күш қосып, шым­шытырық әлемнің басын біріктіргісі келген еді». Әулие Сергей Христос және Оның шәкірттерінің «Бірлік болса, бәріміз бірге болсақ» іліміне сүйенген. Оның негізгі мақсаты, Әке құдай, Бала құдай және Рух құдай бірлестігі, осының негізінде, тақуалық жолға түсіп, дін тәртібіне бой ұсыну. Осы бір үштік одақ бірлік жолына бастап, жақсы өмірге ұмтылсақ, жаратушы бізді жарылқайды деген ұғым көне Ресей өнерінің арман­қиялында ұялаған болатын. Әрине, бұл жолда кедергілер аз болған жоқ. Енді соған тоқталып өтсек. Икон жазу өнері бірлік пен рухани тазалыққа негізделген көркем өнер орыс еліндегі бірден­бір теңдесі жоқ әлемдік көркем өнер дамуында, оның ішінде діндарлық бағыттағы осы бір өнер туындылары көпке дейін «білімді» орыс және басқа зиялы аталатын қауымның өресіне жетпеген, тіпті кездейсоқ кездескеннің өзінде оған зер салып, мән бермеген. Сонау бір замандарда ғажайып дамыған Икондық діни мәдениет туындыларын ыс басып, оның ар жағындағы ғажайып кескіндермен оның болмысына, жазылу тарихына, ескіліктің керексіз қалдығы ретінде қаралған. Көне икондардағы кескіндердің тарихи бағасын, оның рухани пайымын түсінбегендіктен, оның мән­мағынасы бір жақты түсінікке ілініп, тақуалық о дүние барын зерттейді деген ұғым мен бір жақты көзқарасқа ілінген. Ал енді икон жазу әлемге жар салатын, бірегей өнер туындысымен қатар рухани тазалық әлемі. Икон жазу өнері, әлемдегі өнерлер сапында өзіндік ерекшелігімен дараланады. Әйтсе де, онда тақуалық сарын да басым. Ол кескіндердегі өмірге деген орасан құлшыныспен қоса, көркем өнердегі өзіндік өріс желісінде майлы бояулардың түсі қалайша солмай сақталған? Қандай тылсым қайғымен қоса қуаныштың таусылмас табы жатыр? Осы бір құпияны тап басу, осы баяндаманың негіз ұшар биігі: ежелгі иконожазуда өмірдің мағынасы қалай түсінілгені тапжылмай табылады. Біздер діни­нанымдар болмысындағы түп қазық болатын тақуа идеялардың екі аңғарын байқаймыз: Пасхасыз желең жетіліктің болмайтынын, сондай­ақ, өмірге кері оралу, тірілу, жаратушының көмегінсіз, крест болмаса, оған керілген Христостың қайта оралуы мүмкін бе? Сондықтан, икон жазулардағы тақуалық пен өмірге құштарлық қалайда ұласып жатыр. Менің тоқтап өтейін деп отырғаным икон жазулардағы тақуалықты түсіну, себебі оны түсіну көбінесе қиындықтарға соқтырады. XVII ғасырда орыс икон жазу өнеріне батыстан басталған шындық (реализм) көркемөнері бұзып­жарып ене бастағанда, Ресейде қалыптасқан ежелгі икон жазу бағытын ұстанатын Протопоп Аввакум өзінің халыққа, өнер адамдарына жолдауын баян етті: онда тақуалық икон жазу өзгеріске ұшырағандықтан, тақуалық рух «Жаратушының байқамағандығынан, орыс жерінде икон жазу тақуалықтан алшақтады. Изографтар жазу үстінде, ал үкімет болса оларға дем беріп, әлеумет шыңырауға қарай тізбектеліп шұбыруда. Спасов жазуында Эммануил бейнесі, сопақ, азуы домалақ, шаштары бұйра, қолдары мен тірсектері жуан, дәл осындай аяқтары мен сандары да жуан Немгиндерге (шамасы немістер) ұқсаған, тек салбыраған қылыштары сандарына басылмаған. Ал Никон болса, тірілерді жазу керек деп ой қорытады… Ертеректе иконографтар әулиелерді бұлай жазбаған: бет жүзі, қолдары, сезімдері, оразадан, еңбектен, қайғыдан жұқарған. Ал сендер болсаңдар, олардың кескінін өзгертіп, тап өздеріңді салғансыңдар». Аввакумның бұл толғамдары, ескі көне орыс икон жазушылардың дұрыс екенін классикалық дәйектемелермен нақтылайды. Тақуалық жүдеулік, шын мәнінде құлшылық жасап, жаратқанға жалбарынып, ұлы белестерге дайындық деп дәлелдейді. Негізгі мақсат, әрине — соңғы ақтық негізгі қуаныш ол Құдай адамның, хайуан адамнан артықшылығы.

Читайте также:  Клетканың тітіркенгіштігі

Оставить комментарий