Көнe түркі тіліндeгі сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Сөйлем құрамындағы әр сөз өз орнында дұрыс тұрып, көмекші сөздермен де белгілі тіркес құрай білуі керек. Осы ерекшеліктеріне байланысты сөздерді өзара топтастырған кезде олардың сөйлемдегі мүшелік қызметі де есепке алынады. Құрамына байланысты сөйлем мүшелерінің саны да әркелкі болып келетіні белгілі. Сөйлемде атқаратын қызметіне қарай бұлар тұрлаулы, тұрлаусыз деп бөлінеді. Жалпы сөйлемдегі ой иесі–сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Тұрлаулы мүшелердің позициясында бастауыш пен баяндауыш қызмет атқарады. Субъект пен предикатты айқындайтын бұл екі мүше қашанда негізгі ойды білдіруші болып табылады. Сондықтан бұлар дербес мүшелер. Сөйлемді мүшелерге жіктеу жөнінде қазақ және жалпы түркітану ғылымында әр түрлі көзқарастар айтылып келеді. Мысалы проф. С.Аманжолов, мағына жағынан қарағанда, сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп бөлу өте ұшқары айтылған пікір. Себебі бастауыш баяндауышы жоқ сөйлемде де мағына береді дей келе анықтауыш, толықтауыш пысықтауыш, баяндауыш бәрі де бастауыштың тура көрінісі дейді. Ғалымның пікірі бойынша бұлардың барлығы шартты аталынған атаулар. “Сөйлемде бастауышпен тең дәрежеде көп жағдайда баяндауыш қызмет атқарады” – дейді И. И. Мещанинов /131/. Т. Сайранбаев бастауыштың синтаксистік қызметінің баяндауышсыз айқындалмайтынын ескерткен. /5/. Қ.Жұбановтың “Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан”(1937) мақаласында сөйлeм мүшeлeрін бeлгілeгeндe тұлғалық принципті eскeру кeрeк, топтастырылғанда баспалдақты принципті ұстанған жөн дeп eсeптeйді. Бастаyыш пeн баяндаyышты сөйлeмнің іргeсі дeй кeлe, тұрлаyсыз мүшeлeрді айқындаyыш дeп атайды да, оларды eкігe бөліп, жалғаyсыз сөздeрді анықтаyышқа, жалғаyлы сөздeрді толықтаyышқа eнгізeді. Сонда бұл классификация мағынасына қарай жіктeyдeн eмeс, сыртқы бeлгісінe, байланысy амалына қарай топтастырылyға нeгіздeлгeн. Сөйлeм мүшeлeрінің ішінeн баяндаyышты бірінші қарайды. “Сөйлeмнің тұрлаусыз мүшeлeрі” (1937) мақаласында сөздeрдің орын тәртібін диахнрондық тұрғыдан қарастырады (120­132). Байқағанымыздай бастауыш пен баяндауыштың тұрлаулы мүшелерінің ішінің өзінде қайсысы басты мүше деген мәселе көтеріліп келеді. Біздің ойымызша сөйлемдегі басты тұлға баяндауыш болса керек. Баяндауыш іс­қимылдың тура көрінісі. Және баяндауышсыз толық мағыналы сөйлем болуы мүмкін емес. Бастауыш сөйлемде көп жағдайда жасырын келуі де, тіпті кей жағдайларда болмауы да мүмкін. Жасырын бастауыштың өзін анықтайтын баяндауыш мүше. Сонымен қатар баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтап тұратын қызметі бар. Баяндауыштың тіл даму үрдісінде өзгермелі болып келеті де осы қасиетіне байланысты болса керек. Бұл жөнінде Н.З.Гаджиева да баса айтқан. Мәселен, сөйлемде баяндауыштың есімді және етістікті болатын грамматикалық көрінісі сөйлемнің түрін анықтайды. Сөйлемнің бүл түрлері түркі тілдері грамматикасы үшін өте маңызды болып табылады. Сондықтан түркітанушылар үшін баяндауыштың табиғаты елеулі роль атқарады. Баяндауыштың өзгермелілігі оның шақтарынын толығып отыруымен тығыз байланысты. Сөйлем құрылысының өзгермелілігі де баяндауышпен байланысты болса керек. Түрколог Н.А.Баскаковтың айтуы бойынша сөйлем құрылысының даму барысындағы өзгеріске бейімі және редукцияға көбірек ұшырайтын әлсізі баяндауыш мүше. Сөйлем құрамының даму барысында сөйлем мүшелерінің толық сақталып қалуы бастауыштың бірінші және екінші жағында жекеше және көпше тұлғада келуіне байланысты. Біздің ойымызша редукцияға тек баяндауыш қана бейім емес, сөйлемнің барлық мүшелері ұшырап отырады. Бұл логикалық ойдың әлсіздігіне байланысты болса керек. Мәселен: “Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан”(Мақал). Бұл сөйлемде байқасақ, бастауыш (құдай), тура толықтауыш (құтын), баяндауыш (жандырады) мүшелері бір ретте редукцияланып кеткен. Немесе: “Әке көрген оқ жонар” Бұл жерде бастауыштың (бала) редукцияға ұшырауының себебінен есімше заттық мағына қабылдап, бастауыштық қызмет атқаруға кірісіп тұр. Керісінше тарихи даму үрдісінде бастауыш өзгеріске бейім емес ,тұрақты екенін танытады дегенде, бұл позиция мүлдем өзгеріссіз болмайды деген пікір тумаса керек. Мұнда да кейде сапалық өзгерістер болады. Мысалы, ілік септік тұлғалы анықтауыштың изафет құбылысына ұшырауы оның бастауышқа айналып, жақсыз сөйлемнен жақты сөйлемге айналуына әсер етеді (біздің ойлануымыз керек – біз ойлануымыз керек). Олай болса, жай сөйлемдер жүйесіндегі өзгерістерді нақтылаудың негізгі тірегі ретінде баяндауыш құрамындағы эволюцияны ала отырып, бастауыштағы тарихи өзгерістерді де ұмытпауымыз керек. Сонымен, барлық тілдердегі, флектив, жалғамалы, аналитикалық, қайсысы болмасын бастауыш пен баяндауыштың ажырамас екі синтезінен құралады, немесе субъект пен предикаттың негізінде іске асады

Читайте также:  ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗ ЭТИКЕТІНІҢ ЭМОТИВТІК ҚЫЗМЕТІ

Оставить комментарий