Көп полюсті және екі полюсті жүйелер

Сыртқы саясат дегеніміз өздігінен алғанда күш­қуаттың саясаты деген сөз, power politics. Сондықтан тепе­теңдік (balance) деген ұғымнан атом ғасырына дейінгі (бәлкім, сол ғасырдың өзін қоспағанда) халықаралық жүйелердің барлығына қолданылады. Алдыңғы тарауда біз күштердің яғни мемлекеттердің қарауындағы қысым жасау және күштеу құралдарының жиынтығы мен қауымдастық ретінде қарастырылатын мемлекеттердің күш­қуаты ­ солардың басқа мемлекеттерге ықпал ету қабілеті арасындағы айырмашылықты қарастырғанбыз. Сондықтан біз күш­қуат саясаты мен күштердің тепе­теңдігі жайында еркін сөйлегенбіз.

Бірінші ұғымның мәнісі ­ мемлекеттер арбитрді де, трибуналды да, олардың өз еркінен жоғары тұрған заңды да мойындамайды деген сөз; демек, олардың өмірі мен қауіпсіздігі тек өздерінің немесе өз одақтарының арқасында қамтамасыз етіледі. Ал енді мен күш ­ қуат тепе­теңдігі дегеннен гөрі күштердің тепе­теңдігі жөнінде көбірек айтқым келетін болса, оның себебі – күш ­ қуаттан гөрі күштерді өлшемге келтіру жеңіл болатындықтан. Алайда күштерді тек шамамен ғана теңдестіруге болуын болса, күш­қуатты теңдестіру де дәл сондай шамалас мөлшерде ғана мүмкін болады. Егер де өзінің мүмкіндіктері «бәсекелестерінен әлдеқайда басым болмаса, бірде­бір мемлекет басқаларға өзінің өктемдігін жүргізе алмайды, тек сондай басымдық болғанда ғана бәсекелестері өздерінің қарсылығынан пайда жоғын күні бұрын біліп отырады.

Читайте также:  Тілдің негізгі қасиеттері

Оставить комментарий