«КҮШТЕР БАЛАНСЫ» ЖҮЙЕСІ

«Күштер балансы» термині тырнақшаға алынып қолданылады, өйткені халықаралық тепе­теңдіктің кез­келген ахуалы күштер балансы болып табылады. Бұл мағынада осынау термин қайталанатын, тіпті таптаурын термин болып шығады. Ол бұл жүйеде не болып жатқаны жөнінде де, акторлар не істеуге тиістігі жөнінде де ешқандай тың ақпарат бермейді. Солай бола тұра, «күштер балансы» термині әдебиетте қолданылады және ол XVIII-­XIX ғасырларда, бәлкім, XX ғасырдың басында болған халықаралық жүйені суреттеуге қолданылса, біршама интуициялық түсінік береді. «Күштер балансы» жүйесі басқа халықаралық жүйелерден төмендегідей сипаттамалар бойынша өзгешеленеді. Ол саяси кіші жүйесі жоқ (немесе, басқаша айтқанда, нөлдік кіші саяси жүйесі бар) халықаралық жүйе болып табылады. Бұл жүйенің акторлары «ұлттық акторлар» тұрпатына жататын халықаралық акторлар болып табылады. Бұл жүйедегі негізгі акторлар («негізгі» ­ анықтама берілмейтін ұғым) кем дегенде бесеу болуы тиіс, одан көп болса тіпті жақсы. Кең мағынасында алғанда Бірінші дүниежүзілік соғыс алдындағы кезеңде Англия, Франция, Германия, Австрия­ Венгрия империясы, Италия, АҚШ негізгі ұлттық акторлар санатына қосылады. Бұл орайда біз нақ қай елдерді негізгі ұлттық акторлар ретінде анықтайтынымыз оншалық маңызды емес, бірақ аталмыш санатқа кіретін акторлардың ең төменгі саны болуының ондай жүйе үшін өмірлік маңызы бар.

«Күштер балансы» халықаралық жүйесінде біртұтас саяси құрылым болмағанымен, ұлттық акторлар жеке­дара бірін ­ бірі толықтыратын қарекет жасайды да, осылайша осынау жүйенің негізгі ережелерін сақтайды. Бұл ережелер акторлардың тәртібін суреттейді. Өзінің сипаты жағынан олар әмбебап. «Күштер балансы» жүйесі төмендегідей негізгі ережелермен сипатталады: 1. Өз мүмкіндіктерін кеңейту үшін қимылдау, бірақ мұны соғыс жолынан гөрі, келіссөздер жолымен жүзеге асырған абзал. 2. Мүмкіндіктерді кеңейту сәтін оздырып алғаннан соғысқан жақсы. 3. Негізгі ұлттық акторлардың бірін толық жойып жібергеннен соғысты тоқтатқан жақсы. 4. Жүйенің қалған акторлары жөнінде басым жағдайға ие болғысы келетін кез­келген коалицияға немесе жекелеген акторға қарсы қимылдау. 5. Ұлттан жоғары тұрған ұйымдық принциптерді қолдайтын акторларға қарсы қимылдау. 6. Жеңілген немесе қарекеттерінде шектелген негізгі ұлттық акторларға жүйеге қайтадан қосылуға рұқсат беру, және оларды рөлдік әріптестер ретінде қабылдау, немесе бұрын негізгі болмаған акторлардың негізгі ұлттық акторлар санатына кіруіне септесу. Барлық негізгі акторларды қолайлы рөлдік акторлар ретінде қарастыру. Бірінші ереже әрбір негізгі ұлттық актор өз ықпалын ұлғайтуға ұмтылатынын көрсетеді. Алайда бұл, егер мүмкін болса, соғыссыз, «күштер балансы» жүйесі үшін соғыс әкелетін тепе­теңдікті бұзатын салдарларсыз орындалуға тиіс. Екінші ереже әрбір ұлттық актордың бастапқы парызы оның төл мүдделерін қорғау болып табылатынын көрсетеді. Бұл егер негізгі актор өзінің төл мүдделерін қорғай алмайтын болса, онда сол мүдделер, сөз жоқ, басым бола алмайды деген сөз. Демек, мүмкіндіктер тіпті соғыс құнымен де кеңейтілуге тиіс. Алғашқы екі елеулі ереже, тегінде, Гоббс рухындағы эгоистік нұсқаулар болар.

Читайте также:  Қазақ қағидалары

Олар «бәрінің бәріне қарсы соғысы» деп аталатын нәрсеге сәйкес келеді. Сонымен бірге, олар классикалық философиялық стандарттарға да сәйкеседі. Егер қоғамдастықтың көлемін іс жүзінде шектеу орын алса, онда қоғамдастықтар арасындағы әділ тәртіп мүмкіндігі парасатты қажеттілікке, ықтимал дұшпандарға дербес қарсы тұру қабілетін сақтауға бағындырылуға тиіс. Үшінші ереже, классикалық стандарттарға сәйкес келеді, бірақ Гоббс стандарттарына емес. Негізгі ұлттық акторлар әділ де заңды қоғамдастықтың оңтайлы көлемінен асып кететіндей ұлғаймауға тиіс. Бұл заң әулеттік режимдер арасындағы қарым­қатынастарға да, қазіргі ұлттық аумақтық мемлекеттердің сипатына да сай келеді. Белгілі бір шеңберден шығып кету өзі арқылы ашық бөліну немесе ұлттық ұқсастықпен сыйыспаушылық болар еді. Төртінші және бесінші ережелер ­ халықаралық қимыл жүйесін сақтау үшін қажет жай ғана ұтымды талаптар. Басым коалиция, немесе басым жағдайға ие болатын немесе қалған негізгі акторларға саяси гегемондық жасағысы келетін негізгі ұлттық актор аталмыш коалицияға кірмейтін ұлттық акторлардың мүдделеріне қатер төндіреді. Мұның үстіне, егер коалиция халықаралық жүйеге гегемондық орнатуда табысқа жетсе, онда коалицияның басым мүшесі (немесе мүшелері) сол коалицияның елеусіздеу мүшелеріне басымдық жасайтын болады. Сондықтан коалициялар, әдетте, өздеріне кірмейтін мемлекеттерге қоқан­лоққы жасай бастаған кезде қарсы тұрған коалициялар түрінде бәсекелес табады. Коалициялар өз мүшелерінің мүдделеріне қатер төндіре бастағанда да әлсірей береді. Мұндай жағдайда коалицияның басым мүшелері тарапынан қатер сезген мемлелекеттер коалиция жөнінде бейтарап болуды немесе қарсы коалацияға қосылғанды неғұрлым пайдалы деп есептеуі мүмкін. Ал ережелер де үшінші ережемен үндес.

Мемлекеттердің кейбір ұмтылыстарын шектеу және негізгі ұлттық акторларды жоймау қажет, бұл олардың болашақта қажет болған жағдайда қалғандарға қосыла алуы үшін керек. Алтыншы ереже жүйеге қатысу тәртіптің «күштер балансы» жүйесінің басты ережелерімен және нормаларымен сәйкестендірілуіне тәуелді екендігін көрсетеді. Егер негізгі акторлардың саны кемісе, халықаралық «күштер балансы» жүйесі тұрақсыз бола бастайды. Демек, негізгі ұлттық акторлардың санын белгілі бір мөлшерде ұстап тұру жүйе тұрақтылығының қажетті шарты болып табылады. Бұл жеңілген мүшенің жүйедегі толық құқығын қайтару жолымен немесе бұрынғы девиантты акторларды реформалау жолымен жүзеге асырылады. Акторлар арасындағы кез­келген нақты қарекет немесе өзара қарым­ қатынас «кездейсоқтық» нәтижесі болуы мүмкін болса да, сол қарекетке немесе ахуалға жетелеген ерекше жағдайлар жиынтығы болады, ол кездейсоқ кездесулердің немесе жеке факторлардың элементтерін қамтиды. Алайда олар ұлттық тәртіп үлгілерімен және халықаралық жүйенің елеулі ережелерімен тығыз өзара ара қатынаста болады, мұның өзі теорияның көрегендік қуаты бар екендігінің айғағы.

Читайте также:  Бейне байқау. «Ең үздік 20 мұғалім» сайысы

Газ толтырылған резервуар ішіндегі кез­келген молекула басқа молекулалармен кездейсоқ соқтығысып қалуына байланысты кез­келген бағытта қозғала алатыны сықылды, дәл сол сықылды ұлттық акторлардың жекелеген қарекеттері де кездейсоқ дөп келуге байланысты бола алады. Алайда газ тәртібінің ортақ сипаттамасы резервуардағы қысым мен температураға сай келетіні секілді, дәл сол секілді ұлттық акторлар қарекеттерінің дәйектілігі басқа өзгергіштер тиісті мәнге ие болған жағдайда жүйенің маңызды ережелеріне сай болады. Осылайша, талдау жеке оқиғадан олардың тізбегіне көшкен тұста бірегей және кездейсоқ дөп келу маңызды тенденциялардың бір бөлігіне айналатыны байқалады. Бұл жолда тарихи оқиға өзінің бірегейлік қасиетін жояды да, ғылымның әмбебап тіліне көшіріле алады. Негізгі ережелердің саны кемітіле алмайды. Тіпті бір ереженің орындалмауы қалған ережелердің кез­келгенінің орындалмауына апарып соғады. Оның үстіне, абстракцияның осынау деңгейінде, тегінде бөліп көрсетілген талаптар жиынтығымен тығыз байланыспайтын ешқандай басқа ереже көрсетіле алмайды. Жүйенің кез­келген елеулі ережесі басқа ережелермен тепе­теңдік жағдайында болады.

Осыдан әлдене нақты ереже тек осы халықаралық жүйеде пайда болады деген қорытынды шықпайды. Алғашқы екі ереже, мысалы, биполярлық жүйедегі блоктардың көшбасшыларына да қатысты. Алайда олар көрсетілген жүйелердің әрқайсысы үшін қажет, ал олар жоқ болса, екі жүйенің басқа ережелері де өзгеріске ұшырайды. Халықаралық жүйелердің ережелері өзара тәуелді болы и табылады. Мысалы, жеңіліске ұшыраған негізгі ұлттық акторды қалпына келтірудегі немесе алмастырғандағы сәтсіздік девиантты ұлттық акторларды немесе болашақта үстемдік ете алатын коалицияларды шектеуге қабілетті коалициялар қалыптастыруға байланысты болады. Ережелер жиынындағы тепе­теңдік тұрақты болып табылмайды, бірақ біршама уақыт кезеңі барысындағы жекелеген қарекеттерден туындайды. Осылайша, кейінірек түсіндірілетін себептермен, егер уақыттың жеткілікті ұзақ мерзімін қарастырсақ, белгілі бір өзгерістердің жүйені трансформациялау үшін жағдай жасау мүмкіндігі үлкен бола түседі. Оң ыңғайдағы кері байланысы бар кез­келген қарекет жүйені өзгертуге жәрдемдесе алады. Бұл ережелердің ықпалын көрсететін тарихи принциптерді табу едәуір оңай. Мәселен, еуропалық мемлекеттер Наполеонды ол жүйедегі ойын ережелеріне сәйкес ойнауға мақұл болып тұрғанда ғана мойындаған еді. Бурбондар әулетін қалпына келтіру үшінші ереженің ықпалын көрсетеді. Әгерки осынау қалпына келтіру мүмкін болмаса, халықаралық жүйе тұрақсыз сипат алар еді. Бурбондар қалпына келтірілгеннен кейін халықаралық жүйеге Францияның қайтып оралуы алтыншы ереже ықпалының мысалы болып табылады. Mowat жақсы суреттегендей, Еуропадағы ұлттар концерті бірінші ережені өрнектейді.

Антанта төртінші ережені, XVIII-­XIX ғ.ғ. тарихы – екінші ережені өрнектейді. Үшінші ереже ықпалының үздік мысалы тегінде, Бисмарктың Садовтағы дипломатиясы болар, дегенмен оның сарындары осы бір ереже көрсететіннен неғұрлым күрделі еді. Бірақ бұл еңбектің мақсаты тарихи мысалдары көбейту емес, XVIII-­XIX ғ.ғ. халықаралық қатынастардың осынау ережелермен сәйкес келер­келмесін айқындау үшін оқырман өз зерттеуін жүргізе алады. Негізгі ережелер жиынымен орнатылатын тепе­теңдіктен басқа халықаралық жүйе тепе­теңдік сипаттамаларының басқа екі тұрпаты бар: елеулі ережелер жиыны мен халықаралық жүйенің басқа өзгергіштерінің арасындағы тепе­теңдік, сондай­ақ, халықаралық жүйе мен оның сыртқы төңірегінің арасындағы тепе­теңдік. Егер акторлардың тәртібі жоғарыдағы ережелерге бағынбаса, акторлардың тұрпаты мен саны өзгеретін болады. Ал егер олардың тұрпаты мен саны өзгеретін болса, онда ережелерге сай тәртіп мүмкін болмайды. Оның үстіне егер жүйенің басқа өзгергіштері жүйенің белгілі бір мәндерін қабылдаса, онда халықаралық «күштер балансы» жүйесінің негізгі ережелері тепе­теңдікте қала бере алады. Негізгі акторларда бар ресурстар мен ақпараттың бір өзгерістері жүйе ережелерімен сәйкесетін болуы, ал басқаларының сәйкесетін болмауы мүмкін. Және шынында да, егер бір өзгергіштің мәні, мысалы, аталмыш бір коалицияның ықпалы өзгерсе, белгілі бір акторда бар ақпараттың саны өзгермей қалған жағдайда, жүйе тепе ­теңдікті ұстап тұра алмайды. Басқаша болса, тиісті есе қайтаратын өзгерістер де болмайды. Коалиция үлгілеріндегі кейбір өзгерістер жүйе ережелерімен сәйкесе алады, енді біреулері сәйкеспейді.

Читайте также:  ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ҚОЛДАНУ

Егер халықаралық «күштер балансы» жүйесінің ережелері XVIII­-XIX ғасырлардағы ұлттық акторлардың қарекеттерін дәл суреттесе, аталмыш жүйе сол кезде өмір сүрген адамдарға абсолюттік, әмбебап болып көрінер еді және «күштер балансы» ережесі қолданыла алудың әмбебап ережесі ретінде қарастырыла алатын еді. Алайда суреттелген жүйе кейінірек қарастырылатын, орын алып отырған халықаралық биполярлық жүйемен пошымдас болмағандықтан, бұл жүйенің тек шектеулі, белгілі бір жағдайларда ғана өмір сүре алатыны айдан анық. Бір жүйеден екінші жүйеге көшуді түсіндіру үшін «күштер балансы» жүйесі тіршілік ете алатын шеңбердің сын сәтті жағдайларын бөліп алу қажет. «Күштер балансы» жүйесін тұрақсыз ететін жағдайлар мыналар: ережелер бойынша ойнауға келіспейтін елеулі ұлттық акторлардың болуы; ұлттық саясатының ережелері ұлттан жоғары тұрған саяси ұйымның әлдене пошымын белгілеуге бағдарланған ұлттық актордың болуы; ұлттық акторлардың шешім қабылдау жүйесін ақпаратпен қамтамасыз етудегі кемшіліктер немесе аталмыш жүйенің елеулі ережелері тұрғысынан келгенде жекелеген адамдардың ойысатын болып келетін төл әрекеттері; оң ыңғайдағы кері байланыс тән ресурстардың өзгерістері; ықпалдың өсу ережесін немесе жеңіліп қалған акторларды қалпына келтіру ережесін қолданған жағдайлардағы қиындықтар немесе ережелер мен елеулі ұлттық қажеттіліктер арасындағы түрлі жанжалдар; негізгі акторлардың аздығымен немесе «тепе­теңдік» механизмінде икемділіктің жетіспеуімен түсіндірілетін «балансты» материалдық­техникалық қамтамасыз ету қиындықтары.

Оставить комментарий