Кәсіби қазақ кескіндемесінің тууы мен қалыптасуы

Қазақстанда кәсіби бейнелеу өнері XX ғасырдың 20­30 жылдарында еуропалық көркемөнер дәстүрінің, техникасы мен технологиясының негізінде қалыптасты. Дегенмен, бастапқы кезде­ақ бейнелеу өнерінде ұлттық дүниетаным мен көзқарастардың тұрақты шамалары мен стереотиптері анық байқала бастады. Халықтың этномәдени дәстүрі жиынтығында қалыптасқан қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы қазақ бейнелеу өнерінің тамыры тереңге кеткен өзіндік ерекшелігін көрсетуге негіз болды. XX ғасырдың басына дейін қазақ мәдениетіндегі идеялардың тұрақты ұйытқысы ретінде сақталып келген, ұлттың өзін­өзі рухани билеуі мен сана­сезімінің іргетасы болған қазақтың дәстүрлі көзқарасы, балауса бейнелеу өнері үшін дүниетанымдық және мәдени дәстүрдің керемет қайнар көзі болды. Қазақтардың дәстүрлі көзқарасы өнердің жаңа түрлеріне рухани негіз, дүниетанымдық көрініс ретінде еніп, көп жағдайда олардың даму жолдары мен сипатын анықтап отырды. Қазақстанда кәсіби бейнелеу өнерінің рухани және көркем ерекшеліктерінің қалыптасуы бірегейленудің біршама ауқымды шамасын ойластырған халықтың дәстүрлі санасымен тұрақты әрі терең байланыстар мен сұхбаттардың негізінде жүзеге асты. Нәтижесінде, бір ғасырға жуық уақыт аралығында өзіндік ұлттық ерекшелігі мен идеялар жинағы бар көркемөнер мектебі қалыптасты. Кез келген көркемөнер мектебінің қалыптасуы қарсаңында, оның өкілдерінің алдында жаңа мәдениеттің ауқымында өзінің дәстүрі мен өз жерін анық көрсету мәселесі жіті тұрды. Олардың шығармашылығы дүниетанымдық немесе тақырыптық деңгейде болсын, Отанға қарым­қатынасымен оның территориялық ерекшеліктерін таңбалаумен және жергілікті құндылықтарды жинақтауымен анықталды. «Антей синдромы» атты мұндай өзіндік нышан еуропаның кез келген көркемөнер мектебі мен Шығыс өнерінің дәстүрлі мектептеріне тән. Ол 1920­30 жылдары қалыптаса бастаған Қазақстанның балғын бейнелеу өнерінде ерекше жіті байқалады. Әбілхан Қастеевтің бейнелеу өнеріндегі алғашқы тәжірибелері XX ғасырдың 20­30 жылдарына сәйкес келеді. Дәл осы кезде Ә.Ысмайылов, ағалы­інілі Қ. және Қ.Қожықовтар сияқты талантты қазақ суретшілері де жұмыс істей бастады. Қазақтар үшін жаңа болып табылатын өнердің түрінде ұлттық дүниетаным мен ұлттық рухты мәнерлеудің дәлме­дәл факторы Ә.Қастеев шығармашылығына тән.

Қазақтар үшін жаңа болып табылатын көркем көрініс әдісінің шеңберінде (кенепке майлы бояумен салынған кескіндеме технологиясында қандай болса, реализмді нақты образында қабылдау стилистикасында да сондай) ол ұлттық дүниетанымның іргелі концепциялары мен координаталарын нақты көрсете алды. Табиғат универсум ретінде өзінің жалпы тәртібіне жаратылыстың ең кішкентай бөлігін сыйдырады, ал оның үндестігіне деген қасиетті ықылас, адам мен табиғаттың тепе­теңдік деңгейіндегі жақындығы, жағдайды тарих пен тағдырдың тізбегі мен түйіні ретінде қабылдау, уақытты мәңгіліктің бөлшегі ретінде түсіну ­ міне, осылар немесе осы сияқты тағы да басқа дәстүрлі сананың тұрақты шамалары Қастеев кенептерінде ерекше жанданады. Ақпаратты жинау және сараптау, топтау, қорыту мен жалпылаудың призмасы арқылы суретші өмірдің барлық сәттерін өткізіп, олардың барлығын бір эпопеяға біріктіріп, «қазақтардың ұлттық өмірі энциклопедиясының» өз нұсқасын қалыптастырады. Шебер ұсынған адам қоғамының туындысы жасы мен әлеуметтік жағдайлары әртүрлі кейіпкерлерді идеалында адам ғаламының моделінде болуға тиісті, барлығы көрсетілген, жинақталған адами топтың әрекетіне, бір тұтастыққа біріктіреді. Қастеев жасаған ұлт портретінің жиынтығында қазақтың дәстүрлі санасының идеализмі, топтық рулық құрылғылардың басымдылығы, адам ұрпағын табиғаттың өзекті жалғасы ретінде қабылдауы мәнерленген. Сонымен қатар суретшіге деректі, жалпылықтың біртұтас жүйесіне біріктіретін типтеу принципі тән. Оның шығармаларындағы адамдар дәстүрлік сананың архетиптеріне сәйкес өмір сүреді, яғни, жалпылағанда олар әулетті, әлеуметтік, кәсібилік дәнекерленген ұжым немесе жүйе құрап, ондағы қарт пен бала, әйел мен еркек, колхозшы, сауыншы немесе музыкант болсын өз кызметін атқарып, әрбірінің жалпы иерархияда өз орны болды. Ұжымның кұрамында болып, өзінің адами рөлінің бар екендігін сезініп, оның жетегінен ілесу Қастеевте тәртіппен, мызғымас ережелермен ассоциацияланады. Қастеев пейзаждарындағы кеңістік концепциясы (көз жеткісіз аспан көкжиегі мен созылып жатқан шегі жоқ дала) әлем шексіздігі идеясымен және табиғатты универсум ретінде бірлесе қабылдауын мақұлдап, үнемі өзінің ғаламда, ғаламды өзіңде сезіну мен білу ­ кескіндемеге көшпенділердің дүниені қабылдауының ең негізгі қасиеттерінің бірі ретінде трансляцияланады. Этномәдени дәстүрдің жалғастырушысы бола отырып, Қастеев күнделікті өмірді оның аса киелі мәнінен бөліп қарамады.

Читайте также:  Тарихи уақыт мәселесі

Оған табиғаттың бар болуы мен адамның өмір сүруінің әрбір минутындағы жаратушының құдіретті күші еш күмән тудырмайды. Жанрлық тақырыптары бойынша қарапайым кенептерінің атмосферасы бір қалыпты, тыныш күйде болмыстық тонусқа дейін көтеріледі. Табиғатты рухтанған мән, жанды зат деп қабылдаған ежелгі анемизмнің сарқыншақтары Қастеев шығармашылығында тап осылай қайталанады. Адамды табиғат ырғағымен үндестікте өмір сүретін оның бір бөлігі ретінде түсіндіріп, суретші адамдағы табиғаттың бастамасына ерекше назар аударады. Ол кескіндемедегі осы екі ұлылықтың арасындағы тепе­-теңдік, туыстық идеясын жүзеге асыруға бет бұрады. Оның туындыларында макро және микро­космос абсолютті үндестікте өмір сүреді. Табиғатты Қастеевтік қабылдау тебіренісінде қазақтардың дәстүрлі санасынан бастау алатын экологиялық баланс идеясымен айтарлықтай байланыс бар. Онда табиғат шынайы экологиялық тәртіптің үлгісі ретінде баяндалады. Тепе­теңдік идеясы зерделеніп отырған жерде, әлеуметтік аумақта, бұл баланс үлкейтіліп көрсетіледі. Қастеевтегі адамды сипаттау ондағы этикалық, өнегелік, бастаулардың бар немесе жоқ болуына байланысты. Ішкі үйлесім мен рухани сұлулық кескіндемеші үшін критерий болып табылады. Әлемнің имманентті үндестігінің жан­жақты ережелері үлгі болып табылатын өнегелік, этикалық қағидаларды ұстанудың дәстүрлі шарты ол үшін адамның жер бетінде өмір сүруіне ауадай қажет мызғымайтын шарты болып табылады. Дәстүрлік құрылғылар Қастеев кескіндемесінің дәстүрлік коды ретінде ішкі, реалистік ретінде сыртқы формасына ене отырып, оған ұлттық ділдің негізгі саласына қазақтар үшін өнердің жаңа түрін қайтадан жасауға мүмкіндік береді. Негізін қалаушылардың классикалық белгісі болып табылатын фактор ­ бұл шығармашылықтың бірізді және айқын түрдегі көпқырлылығы. Оның бұл қыры Қастеев өнерінде толыққанды көрінген. Қастеев дарыны өзіне мүмкіндіктің кең спектрін сіңіріп алған. Олардың болашақта әрі қарай дамуына негіз сала отырып, ол кескіндеменің барлық жанрында дерлік жұмыс істей алды. Суретші батальдық көріністерді, тарихи композицияларды, камералық философиялық портреттерді және тыныш поэзияға толы күнделікті ауыл көріністерінің желісін бейнеледі. Оның шығармашылығының бастамасында портреттік және тұрмыстық жанр тұрады. Оның «Автопортрет», «Құсықбаевтың портреті», «Қарындасымның портреті» ­ сияқты шеберлігі мен қарқыны керемет портреттері көпшілікке белгілі. Осы портреттерінің өзінен­ақ суретшінің адам жанының әлеміне тереңдеп енгені айқын байқалады. Содан соң ол Ш.Уәлиханов, А.Иманов және жас Абай сынды қазақ мәдениетінің қайраткерлері мен халық батырларының образдарын дүниеге әкеледі. Негізінде әскер басы, көтерілісшілердің жетекшісі Амангелді Иманов образы суретшіні тұтастай жаулап алып, оны батальдық жанрда жұмыс істеуге жетелеп, оның бойындағы талантынан жаңа мүмкіндіктер мен қасиеттерді айқындайды. Қастеевтің композиция құру дарыны, кенептің көлденең созылған форматында кеңістіктің кеңдігі мен тереңдігін жеткізу мүмкіндігі бұл жерде композицияның қарқынды қозғалысымен толықтырылады («Амангелдінің шабуылы»). Қастеев бастаған қазақ кескіндемесіндегі батальдық жанр ұлттық көркемөнер мектебіндегі өзінің көрінуінің негізін салады. Қазақ кескіндемесіндегі батальдық жанрдың алғашқы қадамында­ақ атты әскерді, атты шайқасты, қазақтардың атты­көшпенді өркениетінің ғасырлық тәжірибесін кескінді қайталауы заңды еді. Қастеев туындыларындағы барлық тақырыптар мен сюжеттер ұлттық өмірмен байланысты болды.

Ол туындылар дәстүрлік тұрпатын өзгертпей сақтап қалған көріністермен қоса, дала кеңістігіне уақыт пен жаңа әлеуметтік құрылыс алып келген өзгерістерді де бейнелеп отырды. Бізге қазақтардың мәдениеті мен өмірінің түбегейлі ерекшеліктері оның кенептерінің тақырыптары арқылы ғана емес, сонымен катар жұмыстарының стилистикасы мен поэтикасынан көрініс тапқан Қастеевтің өзінің өмірге деген көзқарасы арқылы да жетеді. Мұндай дәстүрлік сана­сезімде нығайған ерекше дүниетанымдық ракурс кескіндемешінің өзіндік шығармашылық мәнерінің қалыптасуына ықпал етті. Қастеевтің 1930­50 жылдардағы тұрмыстық жанрдағы «Бие сауу», «Колхоздың сүт фермасы», «Колхоз тойы» және т.б. жұмыстары бүгінгі күнге дейін кескіндемедегі ауыл бейнесі үшін санақ нүктесі болып табылады. Суретшінің қазақ тұрмысын нақ білуі және оған деген шексіз махаббаты оның түп негізіне айналды. Пейзаж жанры біртіндеп суретшінің ең басты құштарлығына айналады. Оның туындыларына ішкі толғаныс пен сыртқы бедерлілікке толы Қазақстан табиғаты тән. Қазақ даласының шексіздігі, қарлы таулардың ұлылығы, жаз, қыс және көктемнің мезеттері мен реңдері қараңғылықпен бақыланып, әсерлі эмоциямен бейнеленген. Қастеев кескіндемесінде ұсынылған пейзаждардың көпқырлылығы біздің аймақтың ландшафтылы энциклопедиясымен шектеседі. Қастеев шығармашылығының жанрлық толықтығы мен әртүрлілігі туралы айта отырып, осы жанрлардың әрқайсысына қатысты оның әрбір жұмысы әлі күнге дейін Қазақстан бейнелеу өнеріндегі баға жетпес жауһар болып табылатынын ескеріп кеткен жөн. Әлем мен адам туралы біртұтас, идеалды түсінік Қастеев кенептерінде жанданып, онда «әлем біртұтас» ­ дәстүрлі сананың негізгі идеясы интуитивті түрде материалданған. Бұл көп жағдайда халық өмірінің дағдылы және мерекелік күндерінің тұрмыстық немесе жанрлық көріністерін толық бейнелейтін картиналарда ашылып көрсетілген. Қосымша сюжеттерді толықтырып отыратын негізгі бір тақырыптың бірнеше тақырыппен үйлесуі немесе бір ғана басты сюжеттік байланысы бар олар ерекше жұмбақ көзқараспен ерекшеленеді. Композицияның айқын және қатаң жүйесі адамның кеңістікте өмір сүруінің негізгі өлшемі ретінде жер мен аспанның жоспарын дәл анықтауға құрылған. Болмысты дәл осы жүйеде реттеудің алғы шарты суретші кенептерінде, сондай­ақ оның санасында да адам өмірі мен табиғаттың бір қалыпты және үйлесімді ритм мүмкіндігін орайластырады. Космосқа қасиетті қатыстығы идеясында сөз болған табиғаттың дәстүрлі концепциясы қазақ кескіндемесінің ерте кезеңдерінде көрініс тапқан. Дәстүрлі көріністермен толық келісе отырып Қастеев табиғатты адамзат ұрпағының алмасуының мәңгілік сахнасы деп қабылдайды. Дәстүрлі дүниетанымның пантеизмі, онда көрсетілген жүйелі ойлау қажеттілігі, имманентті тепе­теңдік пен табиғаттың рухтандыратын күшіне аса зор құрмет көрсету қажеттігі Қастеев туындыларының композициялық, колористикалық құрылысының ерекшеліктерінде көрінеді. Қастеев табиғатында тек мәңгілік сезім ғана емес, мәңгілік пен бетпе­бет кездескенде жоғарғы мағынаға ие болатын кезеңнің өтпелі мәні мен өмірдің жалғандығын сезіну соған байланысты сезіледі. Кәсіби кескіндемеге өмір мен уақыт циклдігінің дәстүрлі ұғымын енгізе отырып, суретші онда өлім алдындағы қорқынышты жеңуге жасаған адамның кезекті әрекетін жүзеге асырады, халық өнері, фольклор, мифологияда айтылған мәңгілікке деген ұмтылысты визуализациялайды.

Читайте также:  ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ АҚШ ЖӘНЕ ИРАК АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

Дәстүрлі ойлау мен мәңгілікті күнделікті болмыстың жоғарғы өлшемі мен критериі ретінде қабылдады. Қастеев жұмысындағы әрбір оқиға ­ ол не бейнелеп жатса соның кейпі, сәтті жасалған образ. Қайырымдылық пен зұлымдық қатынасы оның шығармашылығында өзінше түсіндіріледі. Бұл қатынас ол үшін әрқашанда оппозиция. Суретші қайырымдылық пен зұлымдық арасындағы қақтығысты шынайы өмірмен күрделі араласқан күйде беруге тырыспайды. Шебердің санасында және соған сәйкес оның туындыларында қайырымдылық пен зұлымдық көзге көрінбейтін мағынада және бір біріне қарама­қайшы суреттелген. Оның кенептерінде болмыстың екі қарама­қарсы полюсі сияқты қайырымдылық пен зұлымдық сюжетті түсіну, кейіпкерлерді бейнелеу ретінде түйістіріледі. Мұндай ракурс әлеуметтік күрес пен қоғамды поляризациялаудан күшейген уақыттың таптық идеологиясының фольклорлық дуалистік дәстүрмен күрделі өзара әрекеттестігі арқылы қалыптасады. Қазақ кескіндемесінде оның негізін қалаушы Ә.Қастеевтің алғашқы тәжірибелерінен­ақ дала бейнесі универсум символы ­ тұрақты, бір типтегі объект ретінде бекітіледі. Далаға табиғи тән кеңшілік пен кеңістіктің шексіз сезімі, оның дәстүрлі құрылыспен байланысы, көшпенділердің табиғи өмір ағысын білдіретін мәңгілік ұлылықтың арасындағы жер, аспан мен жұлдыздар олардың шексіздік және мәңгілік ұғымдарымен қатар тұрып теңесуіне ықпал етті. Адам мен оны қоршаған ортаның байланысы қазақ өнерінде бір­бірін толықтыратын, әртүрлі деңгейде байқалады. Осының негізінде аталған идеяның келесі ұрпақ кескіндемешілерінің өнерінде формальдық кейіпке енуімен бір реттілікте күшеюі және тереңдеуі жүреді. Бұл ­ ұлттың дәстүрлі көзқарастарының іргелі концепцияларының бірі. Қазақтың кәсіби өнері тарихи дамудың әр кезеңінде мәдениетті рухани сабақтастықпен қамтамасыз еткен осы бағдарды бойына сіңіруінің нәтижесінде дамыған. Шебердің халық өмірі тақырыбына арналған туындылары дәстүрлік архетиптермен тығыз байланысты. Олар позитивті түсіндіру мен кеңінен қорытынды жасауға ұмтылумен ерекшеленеді. Белгілі бір іспен айналысып жатқан аз ғана адамдар тобын бейнелеу болсын («Колхоздың сүт фермасы», 1936, «Бие сауу», 1936) немесе халық өмірінің әртүрлі қырын көрсететін жалпы көріністер болсын («Колхоз тойы», 1937, «Амангелді сарбаздары», 1939, «Қазақстанда қызыл әскердің құрылуы», 1948, «Мұз айдынында», 1955), қалай болғанда да суретшінің негізгі мақсаты халықтың біртұтас образын жасау. Халық өмірінің позитиві өзінің шыншылдығының беріктігімен ерекшеленеді. Адам өзгермейтін құндылықтарды таратушы, табиғат парасатының мазмұны мен жанды ұйтқысы ретінде көрсетіледі.

Читайте также:  Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Суретшінің көшпенділер өмірінің бір қалыпты, алайда нақты ұйымдастырылған сәттерін терең бақылауымен, дала тұрғынының тұрмысы идеалдық, көтеріңкі эмоциялық түске еніп жеткізілген. Ол үшін адам мен табиғаттың әрбір минуттағы тіршілігінде жаратушының қасиетті ойының болуы сөзсіз еді. Кенептердің қарапайым жанрлық тақырыптарында ерекше камералы­тұрмыстық түс пайда болғанда, олардың табиғи біртоға атмосферасы болмыстық деңгейге дейін көтеріледі. Яғни, күнделікті тұрмыстың тынысы жоғарғы рухани энергияның таза тасқынына толады. Қастеев адамы ­ табиғаттың бөлінбес бір бөлшегі, дара тұлғасы. Қастеев адамдары ­туған жердің тәні мен жаны. Олардың жалпы жұмыс істеу заңдары табиғат заңдарымен бір жүйеге үйлестірілген. Ол үшін дүниенің барлығы ­ адамзат ұрпағы тіршілігінің жалғасы болып табылатын табиғат ұлылығының үздіксіз көрінісі. Қастеевтік табиғатты қабылдау тебіренісінде қазақтардың дәстүрлі санасына тән экологиялық баланс қажеттілігін түсінумен байланыс бар. Жоғарғы сана мен өзіндік күштердің теңдік заңдарын өзінде тоғыстырған табиғат ішкі реттеу жүйесімен қорғалған. Қастеев шығармашылығындағы табиғат пен адамның баяндалуына табиғат үрдістері мен өмірлік көріністердің арасындағы тікелей қатынас, байланыс орнату тән. Ол «негізінде табиғаттағы өзгерістер кейіпкердің тағдырындағы өзгерісті болжайтын» секілді бабалардың сеніміне сенетіндей. Табиғат адамның эмоционалдық жағдайының, оның қайғыдағы, қуаныштағы және ой үстіндегі жағдайының («Қызды күштеп алып қашу», 1937, «Жайлаудағы кілем тоқушы», 1950, «Ш.Уәлиханов портреті», 1951) кілтіне айналады. Өмір құдіретінің молдығын иеленетін табиғат күшіне сенім Қастеев кенептерін өмір нәрімен толықтырды («Жайлауда», 1956, «Алма ағаштар гүлдеді», 1958, «Сүт фермасы», 1956 және т.б.). Тууы мен жандануына ықпал ететін өмір бастауы, өмірді ұдайы ұзартуға жоспарланған табиғат бастауын қабылдаудан көрінеді. Қастеевте адам мінезі өз кезегінде табиғат пен адам бастауының біртұтастығы концепциясына тығыз байланысқан ондағы этикалық, адамгершілік бастаулардың болу, болмауына байланысты. Ішкі үндестік пен рухани сұлулыққа басты назар аударылады, өйткені соған байланысты адамды бағалау түрленеді. Мұндай критерий кескіндемеші үшін кұндылықтың шынайы өлшемі болып табылады. Қастеевтің адамды баяндаудың ажырамас сапасында, жалпы, бір типті түсіндіруіндегі айқын талпынысында оның кейіпкерлері өздерінің көрермен қабылдауы мен психологизміне тікелей ықпалы бойынша спецификалы, өткір әрі тірі болып табылады. Кескіндемеші халықтың дәстүрлі ауызекі фольклорының қысқа, ықшамды ұшталған мінезін елестететін мәнерлілік әдістердің ықшамды кешенімен эмоциялық жағдайларын, сыртқы сипаттардың жекеленген қасиеттерін бейнелейді. Нәтижесінде Қастеев теңдікте тұлғаның және типтік, рулық бастаудың мәнін ашып, тағы да тұлғаның тұтастығында дәстүрлі құрылғылардың қайталануын жариялайды.

Оставить комментарий