КӘСІБИ ЛЕКСИКАДАҒЫ ШЫҒЫС СӨЗДЕРІНІҢ ТЕРМИНДЕНУІ

Қазақ тілінде кәсіби сөздер де ұлттық терминологиялық қатарды байытудың бір жолы болып табылады. Тіл білімінде кәсіби сөздер деп белгілі бір кәсіпке, шаруашылықтың белгілі бір саласына қатысты сөздер тобын атайды. Қазақ тіл білімінде кәсіби лексика біршама зерттелді деп айтуға болады. Мәселен, Ж. Досқараевтың балықшылық туралы, С.К. Кеңесбаевтың кәсіби сөздерді зерттеу жайындағы, О. Нақысбековтің темекі өсіру кәсібіне байланысты, егіншілік, бау-бақша кәсібінің лексика- сына арналған А. Айғабыловтың тары дақылына қатысты М. Күштаеваның кандидаттық диссертациялары және Р. Шойбековтің қолөнер лексикасына арналған докторлық зерттеуі бар. Кәсіби сөздер және олардың түрлері жайында толық мәліметті Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков, Б. Қалиев еңбектерінен табуға болады. Кәсіби сөздер лексиканың басқа қабаттарына қарағанда диалект сөздерге де, арнаулы лексикаға да өте жақын тұрады. Диалектіге жақын болатын себебі ол белгілі бір аймақта ғана тараған, изоглостық таралу шеңбері шектеулі сөздерді қамтиды. Екіншіден, кәсіби лексиканың әдеби баламасы болмайды /1/. Кәсіби лексика сол кәсіппен шұғылда- натын топтың арасында жергілікті диалект секілді ауызша түрде таралып, жергілікті халық тілімен байланысты дамиды. Диалектизмдер бір аймақты мекендейтін адамдардың бәріне түсінікті болса, кәсіби сөздер бір отбасының барлық мүшелеріне бірдей түсінікті болмауы мүмкін, яғни аймақтық лексиканың таралу шегі диалектіге қарағанда да шектеулі, белгілі бір кәсіппен айналысатын топтың мүшелеріне ғана түсінікті болуы мүмкін. Кәсіби сөздердің әдеби тілді дамыту мүмкіндігі бар, кәсіби сөздерден жалпы халыққа түсінікті болып келетін сөздердің сараланып шығуы мүмкін, сонымен бірге кәсіби лексика диалектілік қатарға қосылған дублеттердің іріктелуіне себепші болады. А. Айғабылов кәсіби сөздер ішінен алмұрт, шие, қауын, қарбыз сияқты сөздер мен осы сөздермен мағыналас нәк– қауақ алма, жыла -ілес, дің-діңке, дарбыз- қарбыз сияқты сөздердің қолданылу жиілігі бірдей еместігін, алғашқы топтағы сөздердің (алмұрт, шие, қауын, қарбыз) кәсіби сөздер шеңберінен шығып, жалпыхалыққа түсінікті болып, әдеби тілден орын алып отырса, екінші топтағы сөздер (нәк– қауақ алма, жыла -ілес, дің- діңке, дарбыз-қарбыз) олардың диалектілік дублетіне айналып отырғанын көрсетеді /2, 6/. Ш. Сарыбаев кәсіби лексиканы жалпыхалықтық сипаттағы кәсіби сөздер және диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер деп екіге бөліп қарастырады /3, 166/. Ғалым жалпыхалықтық сипаттағы кәсіби сөздерге әдеби тілде норма болып қалыптасқан, бәріне ортақ, түсінікті, жалпыхалықтық қолданыста жүрген сөздерді жатқызса, ал диалектілік сипаттағы сөздерге жалпыхалықтық қолданыстан орын ала алмай жүрген, бірақ әдеби тілді байыту әлеуетіне ие, әдеби тілде баламасы бар кәсіби сөздерді жатқызады. Әрі қарай кәсіби лексиканы зерттеуші прогрессивті диалектілік кәсіби лексика және регрессивті диалектілік кәсіби лексика деп екіге бөліп көрсетіп, прогрессивті диалектілік кәсіби лексикаға әдеби тілді байыта алатын сөздерді жатқызса, регрессивті диалектілік кәсіби лексиканың әдеби тілде баламасы бар, сондықтан оған кіре алмайтын сөздерді жатқызады /3, 166/. Кәсіби лексика мен арнаулы лексика – ғылыми терминология да бір- біріне ұқсас және сонымен бірге бір- бірінен ажыратуға болатын белгілері бар. Ұқсастықтары: шектеулі аймақта қолданы- латын кәсіби лексика да, арнаулы лексика да жалпы халыққа түсінікті бола бермейді /4, 137/. Кәсіби лексика да, арнаулы лексика да әдеби тілді дамытудың көзі бола алады, осылайша ол шектеуліліктен шығып, жалпыхалықтық сипатқа ие бола алады. Ал кәсіби лексика мен терминдердің бір-бірінен айырмашы- лықтары: кәсіби лексиканы белгілі бір ғылым саласындағы мамандар жасамайды, сол сөйленісте сөйлейтін тұрғындардың өздері жасаған, сондықтан да ол сол өңірдің тұрғындарына таныс болып келеді, ал терминдердің таралу аймағы жағынан шектелмейтіндігі белгілі және терминдер саналы түрде сол ғылым саласының мамандарының қатысуымен жасалады; кәсіби сөздердің белгілі бір аймақта ғана түсінікті болуы сол өңірде дамыған кәсіптің түрімен байланысты. Кәсіби сөздердің терминдерден өзгешелігі – оның көп мағыналылығында болса, термин ретінде қалыптасқан кәсіби сөздер белгілі бір ұғымның нақты, дәл мағынасын анықтайды. Ұлттық тілде олардың мағынасын дәл беретін баламалары жоқ /5, 31/. Әдетте сөйлеу тілінде гипонимді қарағай деп дәлдеп айтып жатпай-ақ ағаш деген гиперониммен айта беруге болады. Ал терминдерді қолдануда мұндай еркіндік болмайды. Уәждемелі айқын терминдер әлдеқайда дәлірек болады, өйткені оның мағыналық құрылымында айырым белгілері айқын көрініп тұрады /6, 262/. Кәсіби сөздердің терминжасамда өнімді пайдаланып келе жатқан қабат деп айтуға болмайды, оның себебін ғалым Ш. Құрманбайұлы кәсіби лексиканың өзінің қазақ тіл білімінде әлі терең зерттеліп, өзге лексикалық қабаттардан, оның ішінде терминдерден басты айырмашылықтары көрсетілмегендігінен, терминжасамның бір көзі ретінде таныла қоймағандығынан деп түсіндіреді /7, 137/. Бірақ кәсіби лексика, терминденуге бейім, икемді келеді. Оларды жинап, зерттеудің, термин жасауда пайдаланудың ғылыми термино- логия үшін қашалықты маңызды екенін ескертеді: «Термин бұл дәстүр жалғаса беруге тиіс. Өзінің табиғаты жағынан терминдерге біршама жақын кәсіби сөздерді термин жасауда орнымен пайдалана білсек, ғылыми терминология- мыздың ұлт тілі негізінде баю мүмкіндігі арта түспек. Ол үшін әртүрлі кәсіпке қатысты сөздердіәлі де сала-сала бойынша жинақтап, олардың өзіндік ерекшеліктерін нақты көрсетудің маңызы зор»-дейді /7, 36/. Терминдер жүйесіндегі араб және парсы сөздерінің кәсіби лексика арқылы терминденгендерін жүйелеп, бөліп алып қарастырғанда, олардың ішінде араб сөздерінің жоқ екендігі байқалды. Оның себебі, араб және қазақ халықтарының арасындағы байланыстың рухани-мәдени деңгейде болғандығын тағы да айғақтай түседі. Дін, оқу-ағарту, білім салаларын- дағы байланыс тікелей емес, кітаптар, жазба дүниелер деңгейінде болған. Қазақ тіліндегі араб сөздерінің дені дерексіз ұғымдарды білдіретін сөздер екенін айтқан болатынбыз, және мұндай пікірді қазақ тіл білімінде Р. Сыздықова, Л. Рүстемовтер де айтқан болатын. Ал белгілі бір кәсіпке байланысты сөз алмасу процесі күнделікті тұрмыс-тіршілікке, тікелей, қоян-қолтық араласу нәтижесінде жүзеге асатыны белгілі. Бұл жағынан келгенде қазақ тілінде егіншілікке, бақша шаруашылы- ғына байланысты қоза, қозапая ,күріш, салы, дихан, гүл, бақ секілді бірқатар парсы сөздері термин болып қалыптас- қанына көз жеткіздік. Енді соларға тоқталайық. Парсының йәгане сөзі термин өрісінде жегене түрінде қалыптасып, «қалың шыққан өсімдікті әдейі қолдан сирету» мағынасында қолданылады. Ал парсы тілінде бұл сөздің يكنه] йеганэ] 1) единственный, один единственный; 2) уникальный, не имеющий себе равных /ПРС, 2-т., 750-с./ деген мағыналары бар. Қазақ тілінің кәсіби лексикасында «сирету» яғни «жалғыз қалдырып, қалғандарын алып тастау» деген мағынасын сақтаған. Жалпы халықтық тілдегі парсы тілінің сөзі күмбез (كنبذ гомбад, гомбаз – купол, свод /ПРС, 2-т., 404-с.) – үлкен құрылыстың шаңырақ тәрізді әшекейлі төбесі, ал қолөнер кәсібімен, оның ішінде ершілік кәсібімен айналысатын шеберлер тілінде күмбез – жүген мен құйысқанның т.б. заттардың бетіне күмістен қойылған шошақ әшекей, томпақ күміс көз /4, 109/. Қоза, қозапая сөздері мақта кәсібімен айналысатын аймақтың тіліндегі парсы сөзі. Парсы тілінде غوزه ғоза деп мақтаның, апиын сыртындағы қоршап тұрған қауашағын, қауызын атайды, ал қазақ тілінде жалпылық сипат алған, қоза деп жаңа өсіп келе жатқан мақтаны айтады. Екі тілдегі сөз арасында айтарлықтай үлкен мағына алшақтығы жоқ. Ал қозапая сөзіндегі пайе парсы тіліндегі көп мағыналы сөз, оның ең бірінші мағынасы «аяқ», ал оныншы мағынасы ғана «гүлдің сабағы» деген мағынасы кәсіби лексикада сақталған. Қозапая жаңа өсіп келе жатқан мақтаның сабағы болуы керек. Қоза сөзінің мағынасына байланысты Р. Шойбеков мынаны келтіреді: «Қоза екі түрлі мағынада қолданылады: 1. зергерлер жасаған әртүрлі формадағы әшекей зат, әшекей бұйымның салпыншағы; 2. Мақта өсімдігі. Ең алғаш осы атау қай мағынада қолданылды дегенге келсек, қазақтарға әуелі оның өсімдік мағынасы белгілі болғанын айту керек. Өйткені қоза о баста көрші халықтар арқылы парсы тілінен ауысып келген. Парсы тіліндегі мағынасы «мақтаның, көкнәрдің қауашағы». Бұл сөз парсы тілінде жібек құртына да қолданылған /4, 245/. Кәсіби лексикадағы «мақтаның қауашағы» мағынасындағы қоза мен аймақтық лексикадағы, зергерлік өнердегі әшекей ретіндегі қоза екеуі парсы тіліндегі екі түрлі сөзден жасалған. Мақтаның қауашағы, мақтаға қатысты қоза парсының ғоза сөзінен шыққан болса керек те, ал жергілікті сөйлеу тіліндег жаңғақ мағынасындағы қоза, қозы сөзі парсының «жаңғақ» мағынасындағы джоуз сөзімен байланысты болуы керек,дәл осы «жаңғақ» мағынасындағы جوز джуз сөзі араб тілінде де бар. Пүшта сөзінің (парсы тіліндегі тұлғасы بشته поштэ ) бірнеше мағынасы бар, соның ішінде төртінші мағынасы — «жүйек, жүйектің жоғарғы жағы» деген мағынасы — қазақ тілінде тұрақтаған. Күнделікті қолданыста жүрген күріш сөзінің төркіні парсының برنج барәндж екендігі екінің бірі біле бермейді. Бұл аталған сөздің тілімізге өте ертеде енгенін танытады. Сол сияқты күріш өсірумен айналысатын шаруашылықта салы сөзі ақталмаған, өңделмеген күріштің атауы, бұл сөз де парсының شالي шали «қауызынан ажыратылмаған, тазартыл- маған күріш» мағынасындағы сөзден шыққан. Қазірде әдеби тіліміздің төрінен орын алып, етене сіңісіп кеткен гүл, бақ сөздерінің төркіні де гул, бағ деген парсы сөздеріне саяды. Дехкан, бағбан секілді парсы сөздері баспасөз беттерінде жиі қолдану нәтижесінде әдеби тіл деңгейіне көтерілген /3, 29/. Жоғарыда келтірілген санаулы ғана парсы сөздері кәсіби лексика қабатынан осылайша терминдер өрісіне өтіп, орын алған. Бау-бақша кәсібіне қатысты лексика- ның ішіндегі парсы тілінен енген кірме сөздер қабаты А. Айғабыловтың зерттеу жұмысында толық талданады. Қазіргі кезде жалпы халықтық әдеби тілде мықтап орныққан алмұрт, шабдалы, анар, алша, інжір, құрма, қарбыз, тұрып, шалғам, мейіз, қияр, пияз, сәбіз, бақша, бағбан, дихан, мұрап секілді толып жатқан сөздерді бір кездерде кәсіби лексика құрамында болып, кейіннен әдеби тіл өрісіне өткен сөздер деп көрсетеді. Бау- бақша кәсіби сөздері шаруашылықтың өзіндік ерекшеліктеріне (өнімі мен құрал- жабдықтарына, орындалатын іс-процеске т.б.) байланысты түрлі ұғымдардың жергілікті жерде жеке сөздермен аталуына байланысты қалыптасқан халықтық терминдер деп атайды да, оларды бау- бақша, жүзім, жеміс бақша-көкөніс өсіруге байланысты кәсіби сөздер деп бөледі /2, 142/. Бау-бақша кәсіби сөздеріндегі араб, парсы сөздерінің ерекшелігі олар тек қазақ тіліне ғана енген сөздер емес екен, бұл сөздер түрлі фонетикалық, кейде семантикалық өзгерістермен басқа да түркі тілдерінде қолданылады екен. Бұл сөздердің бірқатары қазақ тіліне кейде тәжік, өзбек, қарақалпақ тілдері арқылы енген көрінеді. Мысалы, бағбан сөзі қазақ тіліне совет дәуірінде өзбек тілі арқылы енсе, пияз сөзі одан бұрын, тым ертеректе енген көрінеді, ол ежелгі түркілік соған сөзін ығыстырған. Сол секілді парсының дихан сөзі қазақ тілінде егіншілікпен айналысатын адам, шаруа» деген мағынада белгілі, ал дихан сөзі парсы тілінде о баста «жер иеленуші ақсүйек» деген мағынада қолданылған, түркі тілдерінде де осы мағынасында қолданылған, тарихи еңбектерде осы мағынасында қолданылса, қазіргі кезде семантикалық жақтан өзгеріске түсіп, егіншілік кәсібімен айналысушы адамды атау үшін қолданылып келеді. Сол секілді парсы тіліндегі آميرآب] амиру-л-аб] «судың әмірі» сөз тіркесі қазақ тілінде лексикаланып, мұрап, яғни «су ұстайтын адам, егінді суғарушы» мағынасында жұмсалып жүр. Бұл сөз кәсіби сөз шеңберінен шығып, әдеби сөз, тіпті арнаулы лексикаға өтті деп айтуға болады. Ғалым Р. Шойбеков қолөнер лексикасын зерттеген жұмысында қолөнер кәсібіне қатысты сөздердің де терминдер қатарын толықтыратын лексикалық қабаттардың бірі екенін айтып, қолөнер лексикасын терминжасамның ішкі көзіне жатқызады. Бірақ ғалым қолөнер лексикасының ұлттық терминологияны қалыптастыруда барынша пайдаланылып жүрмегеніне өкініш білдіріп, оның себебі кәсіби лексиканың, қолөнер лексикасының өзін терең зерттеп, олардың өзге лексикалық қабаттардан, оның ішінде терминдерден негізгі айырмашылықтары, ұқсастық жақтары жан-жақты зерттеліп, олар терминжасамның әлеуетті бір көзі ретінде танылылмай келгенімен байланыс- тырады /4, 147/. Р. Шойбеков қолөнер кәсібінде қолданылатын лексика мен кәсіби лексика арасындағы ұқсастықты көрсетеді, бірақ оны кәсіби лексикаға жатқызбайды: «Қолөнер лексикасы кәсіби лексикамен тығыз байланысты. Қолөнері 62 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану серияде кәсіпке жатады. Екеуіне ортақ нәрсе – еңбек ету, еңбектің бір түріне бейімделу, машықтану Қолөнер лексикасы — ерте замандардағы қол еңбегінің негізінде шығармашылықпен қалыптасқан рухани мәдениетпен тығыз байланысты мұра» деп қолөнердің мәдениетпен ұштасатынын алға тартады /4, 136/. Қазіргі өнертану саласында қалыптасқан терминдер қатарында түбі араб, парсы тілдеріне тірелетін, кезінде кәсіби лексика болып, кейіннен термин болып қалыптасқан нақыш, нақыштаушы (чеканчик), қалыптау (формовка), шарық (точилка), сәулет, сәулетші, зерлеу, зімпара, пәрмі//бәрбі, зергер секілді сөздер баршылық /4/. Сонымен, қазақ тіліндегі кәсіби лексикасын құрайтын сөздердің ішінде терминделген элементтер қатарында араб сөздері жоқ, терминдер тек парсы сөздерінен тұратындығын айтқымыз келеді. Бұл екі халықтың арасындағы байланыстың өте ертеден, көршілес отырып, аралас-құралас өмір сүруінен деп пайымдауға мүмкіндік береді. Академик Р. Сыздық та С.Д. Асфендияровтың қазақ- парсы арасындағы байланысқа қатысты Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауы мен Амудария, Сырдарияның төменгі жақтарын мекендеген массагеттер, сірә, иран тілдес көшпелі тайпалар болуы керек, олармен іргелес отырып, тығыз қарым-қатынаста болған Қазақстанның солтүстігі мен шығысын жайлаған түркі- монғол тайпалары иран сөздерін сол тұстан бастап енгізген болар деген пікірін келтіреді /8, 75/. Қазақ-иран қарым- қатынасына байланысты Л. Рүстемов те осы пікірді қуаттайды: «Біздің заманымыздан бұрынғы VI-IV ғасырларда Қазақстан территориясын мекен еткен сақ тайпаларының солтүстік тобы – түркі тілдерінде, ал оңтүстік тобы – иран тілдерінде сөйлеген. Мәдениеті мен өнері дамудың біршама жоғары сатысына жеткен, көшім-қонымы көп сақ тайпалары біздің заманымызға дейінгі VI-IV ғасырда Персиямен тығыз қарым-қатынаста болғаны мәлім. Сауда саласындағы, өзара әскери одақ құрып, ортақ жауға күресу жөніндегі қатынастар бұл тайпалардың тіліне өз ықпалын тигізбей қоймады… Түп- төркіні иран тілдес болып келетін сөздердің түркі халықтары тілдеріне ауысуы ертеректе, арабтар келмей тұрған кезде, араб мәдениетінің гүлденуінен әлдеқайда бұрын басталған» /9, 45/. Қолөнер, бау-бақша секілді отырықшы- лыққа қатысты кәсіптердің лексикасының ішінде парсы сөздерінің мол болуының бір себебін тарихшы-ғалымдар б.з. I ғасырында Жетісуға келіп қоныстанған иран тілдес соғдылар рөлімен байланыстырады. VII-IX ғасырларда Мервтен Монғолияға дейінгі, Хорезмнен бастап, Солтүстік Индияға дейінгі аралықтағы үлкен территорияда халықаралық тіл рөлін соғды тілі атқарған көрінеді /10, 56/. Соғдылардың бау- бақшаға байланысты көп сөздерінің тілімізге енуіне олардың Жетісуды қоныс- танып, егін шаруашылығымен шұғылдан- ғаны себеп болған. Соғдылардың Жетісудағы тұрмыс-тіршілігі туралы А.П. Окладников былай деп жазады: «Согдийцы колонисты оседло жили в устье реки Унги, здесь они как и в Семиречьи, пахали землю, занимались ремеслами, может быть и торговлей» /11, 280/. Бау-бақша кәсіби сөздерінің араб, парсылық қабаты ғасырлар бойы қолданылып, жазылуы мен айтылуы қазақ тілінің ережелеріне сай өзгеріске ұшырағандығымен ерекшеленеді екен. Қазақ тіліндегі мұндай игерілу олардың өте ертеде енгендігінен хабар береді, сондықтан да араб, парсы сөздері қазіргі уақытта байырғы сөздер қатарында қарастырылып, жаттығы мүлде байқалмайды. Қорыта келгенде, қазақ тіліндегі терминжасам әрекетінде кәсіби сөздер лексикасын қолдану амалы орын алған. Терминдерге айналған кәсіби сөздер қатарында араб сөздері жоқ, тек санаулы парсы сөздері анықталды. Парсы сөздерінің кәсіби лексика құрамында қолданыста болуы қазақ-иран байланысы- ның өте ертеден, көрші отырып, қоян- қолтық араласуынан деп тұжырымдаймыз. Р. Картуц, Е.Р. Шнейдер секілді ғалымдардың қазақ өнерінің өзіндік ерекшелігі бар өнер емес, ол иран мәдениетінің бұтағы деп атаған ұшқары пікіріне /4, 3/ негіз болған да осы мәдениеттердің біте-қайнасып, тығыз қарым-қатынаста болып, бір-біріне ықпал еткені негіз болса керек. Және аталған сөздердің кәсіби сөздер ретінде шектеулі топтың қолданысынан жалпы әдеби тілге, содан кейін ғана терминдер қатарына өткен деп айтуға толық негіз бар. Әдеби тіл мен терминологияны байыту мүмкіндіктері әлі де қарастырылуда. Бұл жөніндегі Р. Шойбековтің төмендегідей пікіріне қосылуға болады: «Әдеби тілді байытатын сөздер әлі де баспасөз беттерінде болмаса, әлі күнге дейін толық сұрыпталып, жинап-теріліп болды, әдеби тіл аясына өтті дей алмаймыз. Оны «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінің» 1, 2- томдарын қарап шыққанда байқау қиын емес. Сол сияқты өнертанушылардың, этнографтардың үлкенді-кішілі еңбектері- нен де әдеби тілді байыта алатын, термин жасауға болатын сөздерді табуға әбден болады» деген пікір айтады /4, 138/. Қорыта келгенде, кәсіби лексика, диалект, архаизмдер ретінде қарастыры- лып келген араб, парсы сөздері терминжа- саушы ішкі лексикалық көздер ретінде қарастырылып келеді. Мұның өзі бұл қабаттардағы араб, парсы сөздерінің өте ертеден келе жатқандығын, олардың әбден игеріліп, өзге тілге тән белгілерін жоғалтқан бірліктер екендігін танытады.

Читайте также:  Депрессия және нұрлану

Оставить комментарий