КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДАҒЫ КӨРКЕМ МӘДЕНИЕТТІҢ МАҢЫЗЫ

Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз білімі» мен «ҚР жоғары педагогикалық білім» тұжырымдамаларында көрсетілген болашақ мамандардың тұлға болып қалыптасуына қойылатын талаптардың бірі – мұғалімнің шығармашылық дәрежесін еліміздегі басқа халықтар тарихы мен мәдениетін қайта жаңғырту негізінде ұлттық рухани мәдениетін қалыптастыру [1] болса, ал «Қазақстан – 2030” стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды бағыттарының бірі — … халықтың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін дамыту. Бұл болашақ маман даярлауда маңызды. Көркем мәдениеттің маман даярлаудағы маңызы біріншіден, зерттеу нысанасын анықтайды, екіншіден, шығармашылық таным нысаны мен әдістің спецификасынан көрініс табады. Шығармашылық таным алдымен дүниетанудан басталады. Ал дүниені танып білу екі сатыдан – сезімдік және абстракциялық ойлаудан тұратыны философия ғылымында дәлелденген. Сезім — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психологиялық процестің бір түрі. Әл-Фараби «Адамзатқа тән ерекше бір қасиет өзін қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету» деп дәлелдеген. Адам сезім мүшелерінің көмегімен заттың сыртқы қасиеттері мен ерекшеліктерін қабылдап, біле Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 68 алады, ал оның ішкі мәнін, даму заңдылықтарын тек абстрактілі ойлау арқылы игеруге болады. Сонда абстракциялау дегеніміз – зерттеуге жататын заттың, объектінің маңызды бір жағын, қырын ойша бөліп алып қарастыру. Ғылымға тән негізгі түсініктердің, категориялардың бәрі де осы абстракциялық ойлау әдісінің нәтижесінде қалыптасқанын айта кеткен жөн. Абстракциялауды заттың, объектінің ішкі табиғатына үңілу жолындағы аралық бір сәт, кезең деп қарау керек [2]. Бұл педагог суретшілерге дәл айтылған ой. Суретші алдымен кез келген туындыны салмастан бұрын ол туралы заттар мен құбылыстарды зерттеп, оны бейнелеуде мәнді де мазмұнды композициялық құрылым табуға ойланады. Кей кезде суретшілер абстрактілі картиналарда жазуға талпынады. Суретші шығармасының мазмұнын ашу үшін мағыналы, мәнді сөйлеумен жеткізе білу үшін тіл байлығы керек. бірақ, суретшілердің бір қасиеті үндемей сурет салуға бейімделген. Сол себептен болашақ маманның абстрактілі ойлау мен сөйлеу қабілетін де дамыту қажет. Тіл мен ойдың бір- бірімен тығыз байланыста болатындығына халық ерте кезде көңіл бөлген. Мысалы, халқымыздың «Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде» деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байытатын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп ойдың дамуы адамның нақты іс-әрекетімен шарттас болуымен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты. Бұл көбінесе өзіндік жұмыс орындау кезінде нақты нәтиже береді. Ол туралы В.Оконь, философиялық тұжырымдар педагогика ғылымындағы дидактикалық принциптердің негізі дей отырып, көрнекілік принципі бағдарламалар жасағанда негізгі орын алатынын және ол модельдердің басты факторы болып есептелетінін айтады. Оқу жүйесіндегі ойлау, бақылау – практикалық жиынтықтардың негізінде нақтыдан абстрактілікке және абстрактіден нақтылыққа өту болып табылады. Мұндағы айтылар ой студент көрнекілік арқылы өзінің ой-жігеріне байланысты аздан көпке өтіп, ой тұжырымын жасайды. Ал талдау барысында абстрактіден нақтыға өту арқылы нәтиже алады [3]. Талдау — студенттердің бейнелеу өнері шығармаларынан жүргізетін өздік жұмыстарының бір түрі — Бұл жерде көрнекілік суретшінің кез келген шығармасы. Талдау барысында олардың сөйлеу қабілеттерінің дамуына мүмкіндік болады. Талдау белгілі талаптарды орындау барысында жүзеге асады. Талдау студенттердің өздік жеке дара және оқытушылармен бірге атқаратын өздік жұмыстарының, курстық және дипломдық жұмыстарының негізінде жүзеге асады. Өнер туындыларын талдау мазмұны екі саланы қамтиды. Бірі бейнелі – орындаушылық (бейнелі- орындаушылық дағдылары), екіншісі жалпы көркемдік (өнердегі бағыттар туралы білім, туындыларды көркем образды талдау). Шығармаларды бейнелі орындау кезінде келесі принциптерге негізделеді: тарихилылық, тақырыптылық, көрнекілік, білім берудің біртұтастығы, тәрбие беру және дамыту. Оқу процесі кезінде бұл функциялардың бірлігін нақтыланады. Білім берудің біртұтастығы — өнер туындыларының мазмұнындағы өмірдің шындық бейнесі туралы дүниетанымдық түсініктерді кеңейтеді. Соның негізінде болашақ педагог суретші өнердің түрлері мен жанрларының даму кезеңдерімен, стильдік ерекшеліктерімен, суретшілер творчествосымен, олардың туындыларындағы мазмұн, бағыт, түстік шешіммен танысады. Нақты білім, іскерлік тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын бұл білім берудің ерекшелігі бүгінгі өмірдің тарихи шындығымен, әлеуметтік проблемаларымен, адамзаттық сезім, көңіл-күй байланыста болатын тәрбиелік мәнге ие болады. Теориялық білім іскерлік пен дағдыларын жинақтап, оны бейнелі орындаушылық практикада қолдана білу педагог-суретшінің жалпы көркемдік даярлықты дамытып, рухани әлемін, көркемдік талғамын қалыптастыратын эстетикалық функцияны атқарады. Жұмыс барысында туындыларды талдауға үйрету өнерді синтездеу негізінде оқытылады. Өнер туындысы жеке суретшілік шығарма ретінде емес, керісінше ұлттық және әлемдік көркем мәдени мұраның бір бөлігі ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, бүгінгі дамыған әлемдік көркем мәдениетті басшылыққа ала отырып, ұлттық көркем мәдениеттің мазмұнын жаңғыртады. Бұл бейнелеу өнерінен кредиттік білім беру мазмұнын жоспарлауда маңызды. Кредиттік білім беру жүйесінде студенттер жалпы білім негіздерін меңгеріп (1-2 курстарда), таңдаған мамандығын кәсіптік игереді (3-4 курстарда). Базалық және кәсіптік білім беру саласындағы таңдау компонентерінің мазмұны шығармашылық психологиясын қамтыған бағдарламалардан тұрады және өнердегі көркем мәдениет, көркемдік стилдер студенттердің білім алумен қатар шеберлігі мен іскерлігін қалыптастыруда негізгі тәсіл болып табылады. Біріншіден, оқыған материалдарға талдау жасап, жүйелі процеске айналдырады, екіншіден, студенттердің абстрактілі ойлауына және оның № 1 (86) 2012 69 дамуына ықпалын тигізеді, яғни моделдеу машығын қалыптастырады. Үшіншіден, болашақ маман өз қызметінде көркем мәдениетті шеберлікпен пайдалана алады. Базалық және кәсіби пәндер циклдарының пән таңдау компонент пәндері беретін білім көркем мәдениетке бағытталып, кәсіби шығармашылық білімін бекітеді. Көркем мәдениетті қалыптастыруда шығармашылық біліктілікті құрушы элемент деп қарастырылды. Оған көркем мәдени, көркем шығармашылық технологияларға байланысты пәндерді кіріктіріп, оқытумен ықпалдастырылады. Төменгі курстарда бірізділікпен, жүйелілікпен оқытылатын пәндер көркем мәдениетті қалыптастыруда өзіндік рол атқаратын, көркемдік практикалық танымды тәрбиелер оқу процесінің жауапты кезеңі болады. Ол жаңа педагогикалық технологияларды игеруде, соған байланысты жаңа пәндерді игеруде дидактикалық принциптерді ескерген жөн. Жалпы гуманитарлық пәндерді оқытуда көркем мәдениетті қолдану: 1) жеке тұлғаның ойлау, абстрактілі бейнені сомдау қасиеттерін дамытады; 2) көркем мәдениеттіліктілікке тәрбиелейді; 3) өзіндік іс-әрекет негізінде кәсіби қызметінде қолдану салаларының алғы шарттарын жасайды. Демек, студенттердің өздік жұмысы танымдық іздемпаздықты қалыптастырады. Ендеше көркем мәдениетті қалыптастыру оқу процесінің дидактикалық бөлігіне айналды деп айтуға мүмкіндігіміз бар және философияның негізгі мәселесінің бірі – таным проблемасымен де шектеліп жатқанын көреміз. Олардың лекцияда алған білімдері семинар, практикалық жұмыстары арқылы толықтырылады және қорытындыланады. Студенттер бұл сабақта теориялық білімдерін тек оқулық не жазған лекция көлемінде ғана емес, қосымша оқу-әдістемелік құралдардан өз бетінше ізденіс жұмыстарын атқарады. Мысалы жеке эскиздер, проект-дизайндік жобалар, қысқа мерзімдік мазмұнды композициялар, суреттер салуға бейімделеді. Студенттердің өзіндік жұмыстары, өзіндік іздемпаздығы арқылы алған білімі мен біліктіліктеріне көңіл бөлінді. Осының нәтижесінде: — студенттер оқыту мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізеді; — ағымдағы бақылау, оның барысында оқытушы оқудың нақты міндеттерін шешу барысын бақылайды, оқудың басқа әдістерін, нысандары мен құралдарын пайдалану арқылы тиісті түзетулер енгізіледі; — бағалау компоненті, ол – оқу нәтижелерін, ұстаздың талдауы, олардың алға қойылған мақсаттарымен үйлестіру және қажет болған жағдайда оқытудың келесі кезеңін жобалау кезінде ескеру үшін назардың үйлеспеу себептерін анықтауға мүмкіндік болады. Студенттердің білім деңгейі ағымдық аралық бақылау негізінде, семестр соңындағы сынақ, емтихандарда тексеріледі. Бұл жеке тұлғаның көркем мәдени, көркем шығармашылық дағды мен іскерліктерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Көркем мәдениетті игеру деңгейі кәсіби қызметтегі төмендегі салаларда анықталады. Оқытушылық қызметін атқару салалары: — педагогикалық процесте көркем мәдениеттің мәнін, оның жұмыс істеу шарттарын, оны басқару заңдылықтары мен диагностикасынан біліктілігі — оқушылардың көркем-шығармашылық қабілетін дамытуы Мәдени ағарту қызметі салалары бойынша: — өлкетану және экскурциялық жұмыстармен шұғылдануы — мәдениет жәдігерлерін және өнерді зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру шеберлігі Өндірістік көркемдік қызмет саласы бойынша: — интерьер жобаларын жасау қабілеті — материалда көркем шығармалар жасау Жобалық дизайн қызметі бойынша: — интерьер және экстерьер дизайн жобаларын әзірлеу — графикалық өнердің түрлерін іс-тәжірибеде пайдалана білуі — көркемдік түзілім құрауға, суретке, живописке, сәндік өнеге тән қайта жаңғырту, түсіндіру және шығармашылық даму дейгеіндегі іс-әрекет тәсілдерін түсінуі Көркем мәдени білім берудің ерекшелігінің бірі – болашақ мамандардыкөркем мәдени, стилдік ерекшеліктермен көркем шығармашылық теориялық оқыту негізі. Бұл бүгінгі қоғам талабына сай өнердің дамуындағы этномәдени дамуды толықтырып отыруды қажет етеді. Өйткені болашақ мамандардың көркем сауаттылық білімін жетілдіру, тәрбие беру саласын өнер құралдарының көмегімен жақсарту, дидактикалық білім мен білгірліктің біртұтас нәтижесімен бағаланады. Осыдан көркемдік іс-әрекеттің тәсілдері мен нәтижелері және оны педагогикалық тәжірибеге кіргізудің әдістемесі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 70 жөнінде білімін бағалау талабы туындайды. Бұл өз кезегінде педагогикалық технологияларда тәлім мен тәрбиенің, тұлғаның қалыптасуы мен дамуын қамтиды. Алға қойылған мақсаттардың, яғни білім мазмұнын меңгерудің түрі, әдістері мен тәсілдерін жүйелі орындау және білім мен тәрбиелік процестің тиімділігін арттыру. Көркем мәдени білім беру саласында студенттерді мамандыққа даярлау дидактикасын қарастырсақ, жеке пәндерді оқыту әдістемесімен шектелмейді, шығармашылық білімдерінде параллель дамытудың теориялық негізін жүйелі түрде қарастыру қажеттігі туады, яғни әр түрлі пәндерді оқу жоспары енгізіп оқытумей шектелмей, олардың арасындағы байланысты нақтылау нәтижесінде пайымдау, көркем мәдениет бойынша жүргізілетін барлық пәндердің сол мамандықтың біліктілік сипатын ескере отырып оқытқанда ғана нәтижеге жетеді. Өнер мамандарын даярлағанда, олардың кәсіби шығармашылық білгірлігін, машығын арттыратын білімде тұтастық сипат болады, ол аралық буын пәнаралық байланыс және мәдениет пен педагогикалық технологиялар өз орнын алады. Бұл мамандардың білімінің мәнін анықтайтыны анық. Білім мазмұны анықталап, сапалы білім беруде тиімді деп әдістер мен қүралдар, педагогикалық технологиялар таңдалғанда оларды оқытудың қандай формасында жүзеге асыруға болатынын шешіп алудың да мәні айтарлықтай. Оқытудың өзекті мәселесі студенттердің жас психологиялық ерекшеліктеріне сай іс-әрекет түрлерін талғап қолдануда жауапкершілікті қажет етеді. Сабақты түрлендіру тек формалық өзгешелікті қуаламай, студенттің білім, білік дағдыларының толығуына қызмет еткенде өзінің мақсатына жетеді. Сабақтың дағдылы қалпынан шығып, жаңаша жол табу оқытушылардың үлкен іздемпаздығын, мамандық шеберлігін көрсетеді. Әр сабақтарда мазмұнына сәйкес түрліше элементтерді қолданып отыру шарт. Ең бастысы – оқытудың мақсаты мен түрлерінің сәйкес болуын қадағалау. Сабақ мақсатына қолданған түрлі элементтер сай келмесе, студент ойдағай әсер ала алмайды. Ал әсері аз нәрсенің студентке танымдық, эмоциялық тұрғыдан пайдасы аз. Сабақта қолданылатын әдістемелік жұмыстардың логикалық жүйесі білім мазмұны мен студенттердің білім деңгейлеріне сай құрылымдық сипатта болуы керек. Сондай-ақ, мынадай педагогикалық шарттардың жүзеге асырылуына мүмкіндік беруі тиіс: біріншіден, оқытуда түрлендіру арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге жол ашу; екіншіден, даралап, саралап оқытудың студенттердің жеке басы ерекшеліктерін ескеру; үшіншіден, студентпен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасау; төртіншіден, студенттердің топтық, ұжымдық түрде бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамыту; алтыншыдан, студенттердің өз еңбегін бағалай білуге бағыт беру, жетіншіден, олардың танымдық белсенділіктерін арттыру т.б. бұл шарттардың қай-қайсыда оқудың мотивациялық өрісін кеңейтуде шешуші мәнге ие болады. Сондықтан олар оқыту түрлерін анықтаудың критерийлер ретінде де бағаланады. Сабақта қолданылатын жұмыстар міндетті, қосымша, қосалқы деп ажыратылмай, біртұтас білім берудің сатылары ретінде жұмылдырғанда дұрыс нәтижеге қол жеткізіледі. Білім беру жүйесінің әлеуметтік, қоғамдық, саяси-экономикалық өзгерістерге байланысты мақсаты мен міндеті, мазмұны өзгеруіне қарай педагогикалық жаңа технологиялар пайда болды, мысалы, оқытулық ресурстары жоғары электрондық оқу құралдары мен мультимедиалық технологиялар маңызы ерекше. Өйткені көркем мәдениетті игеру мәдениеттілік, рухани, кәсіптік, интеллеутулдылық, адамгершілік, шығармашылық адами келбеттің қалыптасуына әсерін тигізеді. Студенттердің білімін, біліктілігін, машығын қалыптастырудың бір жолы – оқу, өндірістік, педагогикалық практикаларын өткізуде де жаңа педагогикалық технологиялар мен шығармашылық білімдерін ұштастыру. Практика жалпы шығармашылық танымды арттыратын оқу процесіндегі кезең. Оқу — өндірістік практиканы жалпы және теориялық даярлықтармен бірге жүргізу қалыптастырудың әр кезеңдерінде мынадай бағыттарда қорытындысын шығарып отыруға мүмкіндік береді: — студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысуға; — дипломдық жұмысқа бағыттауға. Осы бағыттарда студенттердің көркем мәдени білімдерін шығармашылықпен қолдану жағдайларын ескердік. Өйткені практика болашақ мамандардың: — кәсіби шеберлігі мен педагогикалық іскерлігін дамытуды, өздігінен білімін, дүниетанымын жетілдіріп отыруға дағдыландырады, тәрбиелік әрекетке шығармашылық көзқарасын қалыптастыруды көздейді; — бейнелеу және қолданбалы өнері оқу-тәрбие процесінде алған теориялық білімдерін тереңдетіп, бекітеді және педагогикалық нақты тапсырмаларды шешуге, пайдалануға үйретеді. Демек, кәсіби шығармашылықты дамытуға байланысты жұмыстардың жүргізілу формалары мен әдіс-тәсілдерін үйренуге, әдістемелік даярлықты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. № 1 (86) 2012 71 Жоғары кәсіптік білім беруде бейнелеу өнері саласында білім сапасын арттыру, жаңа педагогикалық негіздерге, әдістемелік жаңартуларға байланысты. Сондай-ақ, жаңа талаптар қойылады: алынған білімді өндірісте тиімді қолдану, өнер мен өмір шындығын байланыстыру, шығармашылық жұмыстарды орындай білу. Ол тікелей көркем мәдениеттің негіздерін білуге, одан әрі дамытуға, өз іс-әрекетінде тиімді пайдалана білуге, бейнелі композициялар құруға, оның ішінде жергілікті, ұлттық ерекшеліктерді ескеріп, моделдерді игеруге байланысты. Осындай білім мен білікке қоса, бейнелеу өнері мамандары көркем мәдениетті болашақ ұрпаққа таныта білуді жаңа пәнде, жаңа технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Біздің зерттеуіміздің жалғасы өнертану ғылымының педагогика саласында қарастырылуының маңызымен байланысты болмақ. Сондай-ақ, тұлғаның шығармашылық қызметінің мотивтік бағдарын жасайды. Оқу процесінде іріктеліп алынған тақырып меңгерілуге тиіс білім көлемін белгілі бір уақыт аралығында студенттің игерілуін қамтамасыз етуіне қарай бағаланады. Себебі тақырыпты меңгерудегі білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттардың бірлігі де студенттердің білім, білігінің жетілуі де оқу құралдарын, ақпараттық технологияларды қаншалықты дәрежеде дұрыс пайдалануына байланысты шешіледі. Ол үшін таңдаудың критерийлері толық сақталуы қажет: өнер бағытындағы пәндердің басты мақсаты мен оқыту әдістерінің сәйкес болуы; оқыту міндеттері мен әдісінің сәйкестенуі; көркем мәдениетті мазмұндаудағы жеке тақырыптың ерекшелігін танытуға қолайлылығы; әдістің оқуда белгіленген уақытқа сиымдылығы мен білім білім берудегі тиімділігі; студенттің өздік дамуына жол ашудағы ықпалы. Студенттердің өзін-өзі тануына, өзара дұрыс қарым-қатынасын орнықтыруға ықпал ету арқылы білімді қызығушылықпен саналы түрде игеру көзделеді.

Читайте также:  Мемлекеттілік және анархия

Оставить комментарий