Кəсіпорынның іскерлік беделін бағалау əдістері

Опубликовано Август 18, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 5 (1 голосов)

 

Кез келген компания материалдық құндылықтармен қатар материалдық емес активтергеде ие болып келеді. Материалдық емес активтерге іскерлік беделдік, тауарлық маркалар, брендтер, компанияның нарықтағы танымалдылығы жатады. Материалдық емес активтерді бірінші қарағанда бағалау қиынға соғады. Көптеген қосылу мен жұтылу мəмілелерінде компаниялар өзінің баланстық құнынан бірнеше есе көп немесе төмен бағада сатып алынады, бұл дегеніміз – компанияның құнының өзгеруіне əсер ететін материалдық емес құндылықтың болуы [1]. ҚРның “Бухгалтерлік есеп жəне қаржы есебі” туралы заңында материалдық емес активке келесідей анықтама берілген: материалдық емес активтер деп белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кəсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе əкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) əкеліп тұратын активтерді айтамыз. Кəсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына лицензиялық келісімдерді, бағдарламамен қамтамасыз ету, патенттерді, ұйымдастыру шығындарын, гудвильді, франчайзингті, сауда маркаларын, авторлық құқықты жатқызуға болады [2]. Басқару шешімін қабылдаған кезде, ол шешімнің компанияға қалай əсер ететіндігін білуіміз керек. Үнемі компанияға бағалау жұмыстарын жүргізу көптеген қаражат пен уақытты қажет етеді. Бұл жағдайда компанияның бөлек жеке элементтерін бағалау жəне оның əсерін анықтау алдыңғы орынға шығады. Сол элементтердің бірі компанияның іскерлік беделдігі болып табылады. Қазақстандық кез келген компанияға материалдық емес активтердің, соның ішінде іскерлік беделдіктің қалыптасу құнын ескеретін басқару жүйесі керек. Қазіргі таңда көптеген компаниялардың қосымша пайдасыматериалдық емес активтерді тиімді пайдалану арқылы артыруда. Компанияның іскерлік беделдігі экономикалық қауіпсіздікпен тікелей байланысты. Материалдық емес активтерді дұрыс басқару жəне көптеген қолсұғушылықтан сақтану ша74 Кəсіпорынның іскерлік беделін бағалау əдістері ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №1 (95). 2013 раларын жүргізу, компанияның іскерлік беделдігінің клиенттер, бəсекелестер жəне инвесторлар арасында арта түсуіне əкеледі. Қазіргі уақытта көптеген іскерлік беделдікті бағалау əдістері бар. Зерттеу жұмысы барысында əдістерді жүйелеуге əрекет жасалынды жəне іскерлік беделдікті бағалау əдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылды. Қазақстандық тəжірибеде компанияның іскерлік беделдік құны гудвилл түрінде қарастырылады. Атап айтатын жағдай, компанияның іскерлік беделдік құны оның баланстық құнынан көп болуы ғажап емес. Қазіргі кезде компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында іскерлік беделдіктің рөлі жəне оған əсер ету деңгейін бағалау зерттеу жұмысының ең басты мəселесі болып отыр. Гудвилл немесе «фирма бағасы» бір кəсіпорын екінші кəсіпорынды түгелдей сатып алғанда пайда болып, материалдық емес активтер шотында есептелетін құндылық. Ол ұйымды сатып алған кездегі нақты нарықтық баға мен таза активтерінің баланстық құнының арасындағы айырым. Егер сатып алынған ұйымдағы барлық активтердің сатып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, осы құндардың арасындағы айырым «жағымды гудвилл» деп аталады, керісінше, кем болса «жағымсыз гудвилл» дейміз [3]. Гудвилл бухгалтерлік түсінікте жəне бағалаушының түсінігінде əрітүрлі болып келеді. Егер бухгалтер беделдікті балансқа енгізу үшін қосылу мен жұтылу мəмілелері орындалғаннан кейін бағалап, есептеулерін жүргізсе, ал бағалаушылар мен талдаушылар қосылу мен жұтылу мəмілесі орындалмас бұрын гудвилл құнын бағалау жұмыстарын жүргізеді. Бұл дегеніміз бағалаушы компанияның нарықтық бағасы мен қосымша пайда əкелетін іскерлік беделдігін анықтау керек [4, 46-б.]. Беделдікті бағалауды екі тұрғыдан қарастыруға болады: сапалық жəне сандық. Олардың ішінде көптеген іскерлік беделдікті бағалау əдістері бар, бұл ұғымныңжан-жақтығын көрсетеді. Көптеген компаниялар үшін гудвилл немесе іскерлік беделдік ең маңызды актив болып табылады. Гудвилл фирма активтеріне айлашарғы жасауға жол бермейді, бірақ компания басшылығы да, бухгалтерде іскерлік беделдікке дұрыс бағалау жүргізе алмайды, себебі іскерлік беделдіктің негізгі көлемін анықтау тек компанияны сату кезінде ғана жүргізіле алады. Дегенмен гудвиллді алдын ала бағалау қажет жəне оның көптеген əдістермен жүргізуге болады. Артық қосымша табысты бағалау əдісі гудвиллді бағалаудың əдістерінің бірі болып табылады. Алғашқы рет бұл əдіс 1920 жылы АҚШтың қазынашылық меморандумы шеңберінде пайда болған. Көп компанияның балансында материалдық емес активтердің құны аз болғандықтан, іскерлік беделдік ұғымы Қазақстанда əлі толыққанды зерттеле қойған жоқ. Тəжірибеде көргеніміздей, жылжымайтын мүліктерді бағалау материалдық емес активтері бағалаудан жиі болып тұрады. Осыған орай Қазақстанда материалдық емес активтерді бағалау əдістерін зерттеу артта қалып отыр. Бухгалтерлік стандарттарға сəйкес «гудвилл» баланста бөлек бап ретінде орналасу керек. Бизнесті бағалау кезінде гудвилл активтердің бір түрі ретінде əдіс бағасын алуы тиіс. Бухгалтерлер, қаржыгерлер жəне бағалаушылар əлі уақытта дейін іскерлік беделдікті, яғни гудвиллді дұрыс бағалай алмауда. Бұл тек Қазақстандағы мəселе емес, сонымен қатар ТМД жəне оданда шет мемлекеттердің компанияларында кездесіп отырған мəселе. Іскерлік беделдіктің анықтамасы көптеген заңдарда нақты қарастырылмаған, бухгалтердік стандарттарда берілген анықтамаға қарасақ, гудвиллді тек сатып алуды сату мəмілесі жасалған уақыттан кейін ғана құралжабдық ретінде тани аламыз, бірақ кез келген компания өзінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында гудвиллді бағалауды ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №1 (95). 2013 Ж.Қ. Қайырғалиева 77 жыл сайын өткізіп отыруы тиіс деп есептеймін. Əрдайым дұрыс бағаланып отырған іскерлік беделдік кəсіпорынның пайдасының артуына өз септігін тигізетіне күмəнім жоқ. Шетелтелдік əдебиеттерді қарай отырып іскерлік беделдікті бағалау əдістерін жаңғырту жəне жұмыс барысына енгізу толық қанды жүргізілуде. Олардың ең басты бағыты болып, компанияның қаржылық тұрақтылығын бағалау жəне оларды басқару мəселелеріне материалдық емес активтің соның ішінде іскерлі беделдіктің əсерін анықтау. Сол себепті Қазақстандық компанияларының есептілік саясатында гудвиллдің мəнін, орнын анықтауға көңіл бөлген жөн деп есептеймін.

Оставить комментарий