КƏСІПТІК ОҚЫТУ БАКАЛАВРЛАРЫН ДАЯРЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕ ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Əлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нəтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің бүгінгі таңдағы негізгі мақсаты — білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, əлеуметтік жəне кəсіби біліктілікті ұтымды пайдалану болып табылады. Ақпараттық ғасыр өз алдына мамандарды даярлаумен айналысатын білім беру жүйесінде приоритетті міндеттер мыналар болып табылады [1]: — оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық глобалды жаһандандыру коммуникациялық желілерге шығу; — еңбек нарығында бəсекеге қабілетті, білікті жұмыскерлерді жəне мамандарды даярлау. Қазіргі кезеңдегі психологиялық педагогикалық əдебиеттер ғылыми- технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына «жаңа компьтерлік технологияларды» енгізуімен бірге келген «технология» деген ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт ХХ ғасырдың 60- шы жылдарында АҚШ жəне Англияда пайда болды жəне қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүние жүзі елдеріне тарады. Барлық жасалған жəне қазіргі күнде адамдардың қолданып жүрген технологияларын екі түрге бөлуге болады: өндірістік жəне əлеуметтік, өндірістік технологияларға үлгі ретінде табиғат шикізатын қайта өндеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп — бастапқы материалды өнім «шығуы» белгілі бір алдын ала берілген қажеттіліктрді бөліп алу мақсатымен қайта өндеу процесі деп аталады. Əлеуметтік технология деп, онда бастапқыда соңғы нəтиже болатын адам, ал негізі оның қасиеттері болады. Əлеуметтік технологияға классикалық үлгі ретінде жұмысшылардың өз мамандықтарына оқыту қызмет етуі мүмкін. Əлеуметтік технология — ол өндірісте қолданатын технологиядан принципиалды түрде өзгешілігі бар технология. Əлеуметтік технологиялар ұйымдастыру мен жүзеге асыру жағынан өте күрделі жəне оралымды. Əлуеметтік технология — бұл өте жоғары деңгейдегі ұйымдастырылған технологиялар деуге болады, себебі адам əлеуметтік технологияның нысаны, ал ол өте көп жақтылы жүйе. Оған күші мен бағыты əр түрлі болатын соңы көп сыртқы əсерлер ықпал етеді, кейде олар қарама-қайшы болады, осыған орай көбінесе əсерлер қандай, қаншалықты тиімді болатындығын алдын ала айтуға қиын. Сондықтан əлеуметтік технологияны өндірістік технологияның анықтамасында мүмкін болатындай белгілі бір дəл таңдап алынған процестердің жиынтығын деп айтуға болмайды. Өндірістік технологияны дамыту арқылы тым жоғары нəтижелерге жетуге деген ұмтылушылық білім беру саласында тастап кетпейді, оны аттап кетеді. Педагогикалық іс-əрекет саласына «технология» деген сөздікті енгізу «индустриялдық» технология (Ф.Б. Гильбрейт, Ф.У. Тейлор жəне т.б.) деген идеяға негізделген жəне ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында ғалымдар (В.П. Беспалько, П.И. Пидкасистый жəне т.б.) қолдайды. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-əрекетін (Т.А. Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап, жақсы нəтижелерге жетудің тиімді принциптері мен əдістерін анықтауға бағытталған. Жалпы «технология» деген ұғымы гректің techne — өнер, кəсіп, шеберлік, ал logos – ғылым, ілім деген сөздерден құралған қазақша мағынасы – «шеберлік туралы ілім» дегенге келеді. Шетелдік басылымдар бойынша «технология» дегеніміз — «қағидаларды анықтау жəне құрастыру, тəсілдерді жəне материалдарды қолдану жолымен, сонымен қатар қолданылатын əдістерді бағалау көмегімен білімдік тиімділікті жоғарлататын, білім процесінің тиімді тəсілдерін, фактілерді талдау жолымен жасау мақсатында зерттеу», — деп беріледі. Қазіргі заманғы сөздіктерде бұл сөз техникалық мағынада түсіндіріледі. Технология дегеніміз шикізатты өндіру əдістерінің жиынтығы жəне өндіріс процестері ретінде түсіндіріледі. Технология ұғымына сөздіктерде мынадай анықтамалар беріледі [2]: — өндірістің, мысалы, металлдардың, химиялық жəне т.с.с. құрылыс жұмыстары процесінде өңдеу, əзірлеу, күйінің өзгеруі, қасиеттері, шикізат, материал немесе жартылай фабрикат əдістерінің жиынтығы; — сəйкес өндіріс жабдықтарымен шикізатқа, материалға немесе жартылай фабрикатқа əсер ету тəсілдері туралы ғылым. С.И.Ожегов сөздігі бойынша технология дегеніміз — өндірістің белгілі бір саладағы өндірістік əдістер жəне процестер жиынтығы, сонымен қатар өндіріс тəсілдерініңің ғылыми түрде суреттелуі» [3]. Ал басқа энциклопедиялық сөздікте берілетін анықтама осыған ұқсас, бірақ оны кеңейте түседі: «… Технологияның ғылым ретінде міндеті – практикада əлде қайда тиімді жəне үнемді өндірістік процестерді анықтау жəне қолдану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық жəне т.б. заңдылықтарды орындау» [4]. Орыс тілінің сөздігі бойынша «технология» — «материалды өңдеу процестерінің жиынтығы» немесе «материалды өңдеу тəсілдері туралы білім жиынтығы». Мағынасы бойынша технология — түрлендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тəсіл [3]. Бұл бізге технология түсінігін тек материалды өндіріс саласында ғана емес, сонымен қоса адам іс-əрекетінің басқа да саласында да, соның ішінде білім беру жүйесінде де пайладануға мүмкіндік береді. Жалпы оқыту теориясында технология ұғымының үш жүзге жуық анықтамасы бар. «Техника» жəне «технология» терминдерін сөздік мағыналары бойынша педагогика саласында қолдануға мүмкіндік бар. Мысалы, «техника» — «өндіріс құралдарын өту жəне жасаумен байланысты еңбек құралы… еңбек құралдарының жиынтығы туралы ғылым шеңбері» іспеттес, ал «технология» «техникаға» қарағанда түр категориясы ретінде болады жəне «өндірістік əдістер жəне процестер жиынтығын… білдіреді, сонымен қатар өндіріс тəсілдерінің ғылыми суреттемесі». Философтар технологияны қазіргі заманғы дəстүрлі ұғым ретінде анықтайды, ол ақпараттық технологиялармен байланысты, қазіргі заманғы технологияның сипаттамасын ерекшелей, материалды сиымдылықты азайту жəне ғылыми сиымдылықты көбейту деп ұғынады [5]. Əлеуметтік энциклопедиялық сөздікте технология былай анықталады [6]: — шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикаттарды немесе бұйымды өнеркəсіпте, құрылыста жəне т.с.с. салаларда алу, өңдеу жəне қайта өңдеу (күйдің, қасиеттің, форманың өзгеруі) тəсілдері мен əдістерінің жиынтығы; — осы тəсілдер мен əдістерді өңдейтін (жасайтын) жəне жетілдіретін ғылыми пəн; — өндірістік процестердің суреттемесі, оларды орындау бойынша нұсқаулар, технологиялық карталар жəне т.с.с. Жоғарыда келтірілген анықтамалар материалды азықтарды өндіру технологиясына жатады жəне адам іс- əрекетінің білім беру, рухани, əлеуметтік аспектілерін мүлде қозғамайды, сол себептен осы анықтамаларды білім беруге қатысты қарастырайық. «Технология» термині бастапқыда өндірістік процеске қатысты болатын, білім беру саласында ұзақ уақытқа дейін қабылданбады, себебі «өте-мөте оқыту жəне тəрбиелеу іспеттес шығармашылық жəне интимді-психологиялық процестерде ондай мүлдем болмайды» [2] деген түсінік қалыптасты. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық- психологиялық əдебиеттерде ғылыми- технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына «жаңа компьютерлік технологияларды» енгізумен бірге келген «технология» деген ұғым жиі кездеседі. Бүгінгі таңда «технология» термині психологиялық-педагогикалық əдебиеттерде де кең қолданысқа ие. Психологиялық сөздікте технология ұғымы «проблемаларды анықтауда жəне шешуде жүйелі зерттеудің жаңалықтарында, процедуларында жəне қағидаларында пайдаланылатын мəдениеттің аспектісі іспеттес» қарастырылады [7]. Педагогикалық іс-əрекет саласында «технология» деген сөзді енгізу «индустриалдық» технология (Ф.Б.Гильбрейт, Ф.У.Тейлор жəне т.б.) деген идеяға негізделген жəне ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты болды. Бұл бағытты В.П.Беспалько, П.И.Пидкасистый жəне т.б. бірқатар ғалымдар қолдайды. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-əрекетін (Т.А.Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде. Сонымен қатар, педагогикалық технологиялар ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нəтижелерге жетудің тиімді қағидалары мен əдістерін де анықтауға бағытталған. Тəрбиеге қатысты «технология» сөзі педагогикалық ғылымға мамандардың бала тұлғасының өнерге қатысының қажеттілігінен пайда болған [8]. В.П. Беспалько жəне Ю.Г.Татур кез- келген іс-əрекет немесе технология өнер болуы мүмкін деп белгілейді. Өнер интуицияға, ал технология ғылымға негізделген. Барлығы қайтадан басталуы үшін өнерден басталады, технологиямен аяқталады. Педагогикалық қызметте кез келген жұмыс жоспарлаудан басталады, яғни ол технологияның бастамасы болып табылады [9]. Дж.Брунер жəне Т.Сакамото бойынша технология дегеніміз – оқу- тəрбие процесін тиімділейтін, алдын-ала жазып қою жүйесімен байланысты білім аясы [10]. Бүгінгі күні педагогикада «технология» ұғымының келесі түсіндірмелерін кездестіруге болады [10]: — оқытуды ұйымдастырудың «əдісі» немесе «формасы» ұғымдарының синонимі (бақылау жұмысын жазу технологиясы, топтық қызметті ұйымдастыру технологиясы, сөйлесу технологиясы жəне т.с.с.); — нақты бір педагогикалық жүйенің синонимі іспеттес (оқытудың «дəстүрлі» технологиясы, мектепке жəне т.б. арналған В.В.Давыдов – Д.Б.Эльконин жүйесі); — берілген қасиеттері бойынша азық алуға мүмкіндік беретін əдістер жəне процестер тізбектілігі жəне жиынтығы іспеттес. Біз жоғарыда «технология» ұғымы төңірегіндегі ғалымдардың анықтамаларына талдау жасап, оның алғашқыда тек өндіріс саласында қолданып, содан кейін ғана педагогика саласына енгенін аңғардық. Кең ауқымды ұғым «білім беру технологиясы» болып табылады, себебі оның құрамына əр қилы оқыту технологиялары арқылы жүзеге асатын педагогикалық технологиялар енеді. Білім беру технологиялары білім берудің əр түрлі мемлекеттердегі, білім беру қызметінің ұйымдастырылу жүйесінің тəсілдері, оның жалпы мақсатты жəне мазмұнды бағыттылығы, мемлекеттік бағдарлама жəне білім беру стандарттары ретінде ұсынылған ұйымдастырушылық құрылым жəне форма, ортақ білім беру кеңістігіндегі дамудың жалпы стратегиясы. Педагогикалық технологиялар білім беру технологияларының жүзеге асуын бейнелейді, оған нақты оқу пəніне байланысты емес оқу-тəрбие процесін жүзеге асыру заңдылықтары тəн. Педагогикалық технологияның құрамына ғылым мен практиканың басқа салаларында кең қолданысқа ие, əр қилы мамандандырылған технологиялар енуі мүмкін: жаңа ақпараттық технолгиялар, электронды жəне т.б. Сонымен, педагогикалық технологияда білім саласы ретінде оқыту мақсатына жету үшін əдістер, оқыту құралдары жəне оларды қолдану теориясы анықталуы мүмкін. Оқыту технологиясы «педагогикалық технология» ұғымына жақын, бірақ бірдей (барабар) емес, себебі ол нақты бір пəн, тақырып, сұрақ жəне таңдалып алынған педагогикалық технология шеңберінде анықталған жолды бейнелейді. Оқыту технологиясы вариативті жəне дербес əдістемелерге туыстас [11]. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың шет елдегі авторлары — Дж.Кэролл, Б.Блум, Д.Брунер, Д.Хамблин, Г.Гейс, В.Коскарелли. Ал білімге қатысты технологиялық бапты жүзеге асырумен айналысқан Ресейлік авторлар — П.Я.Гальперина, Н.Ф.Талызина, А.Г.Ривина, Л.Н.Ланда, Ю.К.Бабанский, П.М.Эрдниева, И.П.Раченко, Л.Я.Зорина, В.П.Беспалько, М.В.Кларина жəне т.б. Бүгінгі күндері «педагогикалық технология» ұғымына əр қилы анықтамалар беріледі. Солардың арасында кеңінен тарағаны В.П.Беспалько ұсынған анықтама: педагогикалық технология — оқу мен тəрбие процестерінің еске түсіру барысында қолданылатын құралдар мен əдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді [11]. Д.Матрос жаңа ақпараттық технология ұғымын қарастыра отырып, кез-келген əдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты студентлер, оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу жəне жеткізу керектігін суреттейді, яғни оның анықтамасы бойынша кез-келген педагогикалық технология дегеніміз — бұл ақпараттық технология, ол сонымен қатар жақсы педагог-практик болу үшін студенттерді, оқушыларды технологиясыз оқыту жəне тəрбиелеу мүмкін еместігін айтады.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛЬДЕРІНІҢ САПАСЫН ТАЛДАУ

Оставить комментарий