Кәсіптік одақтар, мойынсеріктер және саяси демократия

Біз Бернштейн социализмі жұмысшыларды қоғамдық байлыққа қатыстыру, кедейлерді байларға айналдыру жоспарына саятынын көрдік. Бұл қалайша орындалуға тиіс? «Новая времядағы» «Социализм проблемалары» атты мақалаларында Бернштейн тек әрең түсінілетін тұспалдармен шектеледі, бірақ өзінің кітабында ол бұл сұраққа толық жауап береді: социализм екі жолмен: кәсіптік одақтар арқылы, яғни Бернштейн атағандай, экономикалық демократия арқылы және мойынсерік жолымен жүзеге асырылуға тиіс. Бірінші құралдың көмегімен ол өнеркәсіп, ал екіншісінің көмегімен сауда пайдасын қарпып қаламын деп үміттенеді. Мойынсеріктерге, және ең алдымен өндіруші мойынсеріктерге келсек, өздерінің ішкі қасиеттері жағынан олар капиталиста шаруашылықта әйтеуір бір қос жынысты тіршілік иесі: шағын мөлшерде ол капиталист айырбас тұсындағы әлеуметтендірілген өндіріс. Бірақ капиталистік шаруашылықта айырбас өндірістен үстем тұрады да, бәсекенің ықпалымен ештеңемен тежелмейтін қанауды, яғни өндірістік процесті капитал мүддесіне бағындыруды кәсіпорынның тіршілік етуінің шартына айналдырады. Іс жүзінде бұл еңбектің қауырттылығын мүмкін болғанынша күшейту, базардың ахуалына қарай оны қысқарту немесе ұлғайту, тағы да сол нарық талаптарына байланысты жұмыс күшін тарту немесе шығарып тастау, қысқасы капиалистік кәсіпорынды бәсекеге қабілетті ететін барлық амалдарды іске қосу қажеттігінен көрінеді. Осының пәрменімен өндірістік мойынсерікке біріккен жұмысшылар барынша өткір қайшылықтарға толы қажеттілікке бағынуға тиіс: олар өздеріне байланысты барлық нәрседе абсолютизм режимін өздеріне қолдануға және тағы да өздері жөнінде капиталистік кәсіпкер рөлін өздері ойнауға тиіс. Бұл қайшылықтар өндіруші мойынсеріктерді алға жетелейді, өйткені олар не капиталистік кәсіпорынға айналады, не жүмысшылардың мүддесі басым түссе, мүлдем ыдырап кетеді.

Осы тектес фактыларды көрсете отырып­ақ, Бернштейн алайда, оларды түсінбейді және Поттер Вебб ханыммен бірге өндіруші мойынсеріктер ажалының себебін «тәртіптің» жеткіліксіздігінен көреді. Бұл арада үстірт те негізсіз тәртіп деп аталған нәрсе капиталдың табиғи да жүгенсіз режимінен басқа түк те емес, оны әрине, жұмысшылардың өздері өздері жөнінде жүргізе алады. Осыдан шығатыны, өндірістік мойынсеріктер капиталистік шаруашылықта өздерінің тіршілігін тек мына бір жағдайда ­ егер олар өндіріс тәсілі мен айырбас арасындағы өздерінің бойында бұғып жатқан қайшылықты әлдебір айналма жолмен жоя алса, еркін бәсеке заңдарына бағынудан құтылып қана қамтамасыз ете алады. Ал мұның өзі, егер олар әу бастан өздеріне өткізу базарын, тұтынушылардың берік шеңберін қамтамасыз ете алса ғана, мүмкін болады. Мұның құралы ­ тұтынушылар одағы. Дербес өндіруші мойынсеріктердің мүрдем кететіндігінің, олардың тіршілігін қамтамасыз етуге тұтынушылар одағы ғана қабілетті екендігінің Бернштейн қарастыратын құпиясы, сатып алатын және сататын мойынсеріктердің арасындағы айырмашылықта емес, тек нақ осында. Бірақ егер, осылайша, өндіруші мойынсеріктердің тіршілік ету шарты осы заманғы қоғамда тұтынушылар қоғамдарының тіршілік ету шартымен байланысты болса, онда одан мына бір қорытынды туындайды: өндіруші мойынсеріктер ең әрі кеткенде жергілікті жерде аздап қана өткізуге және тікелей тұтынылатын азын­аулақ өнім, негізінен азық­түлік өндіруге ғана үміт арта алады. Капиталистік өндірістің тоқыма, көмір, металл және мұнай өнеркәсібі, сондай­ақ машина жасау, паровоз және кеме жасау тәрізді неғұрлым маңызды салалары әу бастан тұтыну, демек, өндіруші мойынсеріктердің қарекет өрісінен шығарып тасталған. Сонымен, өндіруші мойынсеріктер, өздерінің екіұдай сипатын былай қойғанда, жалғыз әлгі себептің өзімен­ақ ортақ әлеуметтік реформа сипатына ие бола алмайды, оларды баршаға бірдей етіп жүзеге асыру ең алдымен әлемдік базардың жойылуын және тіршілік етіп отырған әлемдік шаруашылықтың өндіру мен айырбас үшін шағын жергілікті топтарға ыдыратылуын қажет етеді; ал мұның өзі шындап келгенде ірі капиталистік шаруашылықты орта ғасырлық тауарлы шаруашылыққа оралту болып шығады.

Читайте также:  Ойыншының зердесін тексеру әдістері

Бірақ осы заманғы қоғам топырағында ықтимал жүзеге асырылу шегінде де өндіруші мойынсеріктер тұтынушылар одақтарының сөзсіз жай ғана шылауы болып табылады, олар осылайша, топшыланатын социалистік реформалардың басты иесі ретінде алдыңғы қатарға шығады. Бірақ мұндай жағдайда бүкіл социалистік реформа мойынсеріктер арқылы капиталистік шаруашылықтың басты негізі ­ өндіруші капиталға қарсы күрестен ­сауда капиталымен, және де ұсақ саудагерлік және делдал капиталмен, яғни капиталистік діңнің ұсақ бұтақтарымен күреске айналады. Бернштейннің пікірі бойынша өндіруші капитал тарапынан жасалатын қанауға қарсы тағы бір құрал қызметін атқаруға тиіс кәсіптік одақтарға келсек, біз жоғарыда көрсеткеніміздей, олар жүмысшыларға өндіріс процесіне, оның көлемі жағынан да, техникалық амалдар жағынан да ықпал етуді қамтамасыз ете алмайды. Таза экономикалық жағынан, Бернштейннің сөзімен айтсақ, «жалақы нормасының пайда нормасымен күресіне» келсек, онда бүл арада да осынау күрес, біз бұрын көрсете алғанымыздай, ауасыз кеңістікте емес, жалақы заңының белгілі бір шеңберінде жүреді, сондықтан ол аталған заңды жоймайды, тек оны жүзеге асыра алады. Егер нақ осы мәселені басқа қырынан қарастырып, өзімізге кәсіптік одақтардың төл функциясы қандай деген сауал қойсақ, бүл түсінікті болады. Жұмысшы табының индустриялық пайда нормасына қарсы азаттық күресінде, Бернштейннің пікірі бойынша, шабуылдаушы тарап рөлін атқарып, пайда нормасын біртіндеп жалақы нормасына сіңіріп жіберуге тиіс кәсіптік одақтар, нақ сол одақтар пайдаға қарсы экономикалық шабуылдаушы саясат жүргізуге қауқарсыз. Өйткені олар жұмыс күшін пайда тарапынан жасалатын шабуылдан ұйымдасып қорғаудан, капиталистік шаруашылықтың езіп­жаншу үрдісіне қарсы жүмысшы табын қорғаудан басқа ештеңе емес қой.

Бұл екі себеппен түсіндіріледі. Біріншіден, кәсіптік одақтардың міндеті ­ өз ұйымының көмегімен жұмыс күші базарындағы жағдайға ықпал ету; бірақ еңбек базарына жаңа тауарды ұдайы жеткізіп тұратын орташа таптардың пролетарлануының арқасында, бұл ұйым ұдайы жеңіліп қалуда. Екіншіден кәсіптік одақтар жұмысшы табының жағдайын жақсартуды, оның қоғамдық байлықтағы үлесін арттыруды өзінің мақсаты етіп қояды. Бірақ бұл үлес еңбек өнімділігінің ұлғая түсуі пәрменімен, табиғи құбылыстардың дауасыздығы секілді, ұдайы кеміп келеді. Бұған көз жеткізу үшін марксист болу тіптен қажет емес, Родбертустың «Әлеуметтік мәселені шолу» деген шығармасын қолға тым болмаса бір рет ұстап көрудің өзі жеткілікті. Сонымен кәсіптік күрес өзінің ең басты екі экономикалық функциясында капиталистік шаруашылықтың объективті жағдайының пәрменімен өзіндік бір Сизиф еңбегіне айналды. Әрине, егер жұмысшы базардың аталмыш жағдайына сәйкес келетін жалақы тағайындалуына қол жеткізгісі келсе, егер тек капиталистік жалақы заңының жүзеге асуына ие болғысы келсе, егер экономикалық дамуды жаныштау үрдісінің ықпалы жансыздандырылуға немесе, дұрысы, әлсіретілуге тиіс болса, осынау Сизиф еңбегі қажет. Бірақ кәсіптік одақтарды жалақыны арттыру жөнімен пайданы біртіндеп төмендету құралына айналдыру, әлеуметтік алғышарт ретінде, ең адымен, орташа жіктердің пролетарландырылуының және еңбек өнімділігінің дамытылуының тоқтатылуына ие болуға тиіс, яғни екі жағдайда да ірі капиталисты шаруашылықтың алдындағы кезеңге оралу көзделеді, дәл сол секілді тұтыну одақтарына негізделген шаруашылық орнату көзделеді. Осылайша, социалистік реформаның бернштейндік екі құралы да ­ мойынсеріктер мен кәсіптік ұйымдар ­ капиталистік өндіріс тәсілін өзгертуге мүлдем дәрменсіз болып шығады. Шындап келгенде, Бернштейннің өзі мұны бұлыңғыр сезініп, оларды тек капиталистік пайдадан бірдеңені қарпып қалып, осындай тәсілмен жұмысшы табын байыту құралы ретінде қарастырады. Бірақ мұндай жағдайда ол капиталистік өндіріске қарсы күрестен бас тартып, социал ­ демократиялық қозғалысты капиталисты бөліске қарсы бағыттайды. Бернштейн өз социализмін «әділетті», «неғұрлым әділетті» (оның кітабының 51­ беті) және тіпті «бұрынғыдан да неғұрлым әділетті» («Алға», 1899 жылғы 26­ наурыз) бөлуге ұмтылыс ретінде әлденеше рет тұжырымдайды. Әрине, бері салғанда халық бұқарасының социал­демократиялық қозғалысқа қатысуына алғашқы түрткі капиталистік құрылыс тұсында үстемдік ететін «әділетсіз» бөліс болатын. Тұтастай алғанда бүкіл шаруашылықты қоғамдастыру жолында күресе отырып, социал­демократияның сонымен бірге қоғамдық байлықтың «әділетті» бөлінуі үшін күресетіні түсінікті.

Читайте также:  Хореография өнерінің пайда болуы мен қалыптасуы

Бірақ Маркс ашқан аталмыш болу аталмыш өндіріс тәсілінің табиғи салдары ғана деген жаңалықтың арқасында оның күресі капиталистік өндіріс шеңберіндегі бөлуге қарсы емес, тауарлық өндірістің өзін жоюға бағытталған. Қысқасы, социал­ демократия капиталисты өндіріс тәсілін жою арқылы социалисты бөлуді жүзеге асыруға ұмтылады, ал Бернштейн мүлдем кері нәрсеге ұмтылады: ол капиталисты бөлуді жойғысы келеді, сондай жолмен социалисты өндіріс тәсілін біртіндеп жүзеге асыруға болады деп үміттенеді. Бірақ аталмыш жағдайда Бернштейннің социалистік пошымын немен негіздеуге болады? Капиталистік өндірістің белгілі бір үрдістерімен бе? Тіптен де олай емес. Біріншіден, бұл үрдістерді оның өзі жоққа шығарады, екіншіден, өндірісті қайта құру ниеті оған, жоғарыда баяндалғанға сәйкес, бөлудің себебі емес, салдары болып көрінеді. Демек, оның социализмінің негізделуі экономикалық негіздеу бола алмайды. Социализм құралдарын оның мақсаты ретінде және керісінше ,мақсатты құрал деп қабылдап, сонымен бірге бүкіл экономикалық қатынастардың да орнын ауыстырып, ол өзінің бағдарламасына материалистік негіз бере алмай, идеалиста негіздеуге жүгінуге мәжбүр болады. «Социализмді экономикалық қажеттіліктен шығарудың қажеті не?» ­ деп сұрайды ол. «Адамның ақыл­ойын, құқықтық санасын және ырқын неліктен қабылдау керек?» («Алға», 1899 ж. 26­наурыз). Демек, бернштейндік неғұрлым әділетті бөліс адамның еркін, экономикалық қажеттіліктен азат ырқының пәрменімен, немесе, ырықтың өзі тек құрал ғана екендіктен, дәлірек айтқанда әділетті сезіну пәрменімен, әділет идеясының пәрменімен жүзеге асырылуға тиіс.

Сонымен, біз әділет принципіне ­ әлемді жетілдірушілердің барлығы жүріп­ тұрудың басқа неғұрлым сенімді тарихи құралдары жеткіліксіз болғандықтан, мыңдаған жылдар бойы пайдаланып келе жатқан осынау қартайып біткен тұлпарына қылымыз қисаймай жеттік. Біз тарихқа белгілі барлық Дон­ Кихоттар өз үйіне көзінің алдын көгертіп оралу үшін ғана реформалардың ұлы дүниесіне аттанатын көтерем Россинантқа жеттік. Социализмнің қоғамдық негізі ретіндегі кедейлер мен байлардың қатынасы, оның мазмұны ретіндегі жолдастық «принцип!», оның мақсаты ретіндегі «неғұрлым әділетті» бөлу, және, ақырында, оның бірден­бір тарихи ақталуы ретіндегі әділет идеясы ­ 50 жыл бұрын осындай социализмнің өкілі ретінде көрінген Вейтлингтің бір өзінің бойында қаншама күш­жігер, рухани сұлулық пен тұнықтық жатыр десеңізші! Және де осынау тамаша тігіншіге ғылыми социализм әлі белгісіз еді. Міне арада жарты жүз жылдық өткенде Маркс пен Энгельс быт­шытын шығарған оның бүкіл теориясы пролетариата ғылымның соңғы сөзі ретінде жеткізіліп отырса, бұған әрине екінші керек…бірақ оның данышпан болуы міндетті емес.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ

Оставить комментарий