Көз алдына келтіру және шығармашылық қабілеттер

Тұтас алғанда, миф Жер бетінде ғаламат оқиғалардың болғандығын және осы «даңқты өткен шақты» ішінара болса да қайта төрісуге болатындығы туралы үнемі еске салумен келеді. Парадигмалық ым ­ ишараттарды имитациялаудың оңды жақтары да бар: жоралғы адамды өзінің мүмкіндіктер шегін кеңейтіп отыруға мәжбүрлейді, өзін құдайлар мен мифтік қаһармандардың қасындағы өз орнын, солардың іс ­ әрекетін қайталай аларлықтай болу үшін, сезіне білуге итермелейді. Төте немесе жанама түрде болсын, миф адамның «самғауына» ықпал етеді. Мұны бағзы қоғамдардағы мифтік дәстүрлерді баяндаудың азын­аулақ топтың құзыретінде (прерогатива) қалып отырғандығынан да көруге болады. Кейбір қоғамдарда мифті ауыздан­ауызға баяндайтын (излагать) адамдар бақсылардың және емшілердің немесе құпия туысқандықтардың мүшелерінің арасынан іріктеліп алынады. Қалай болғанда да, кім мифті баян етсе, сол өзінің бейімділігін (призвание) дәлелдеуі керек және ақсақалдар тарапынан дайындықтан өтуі тиісті. Сыналушы міндетте түрде не өзінің есте сақтау (мнемонический) қабілетімен, не өзінің елестету қабілетімен, не әдеби дарынымен ерекшеленіп көзге түсуі тиіс. Мифті қайта төрісудің стереотипті болуы шарт емес. Кейде оның варианттары түпнұсқадан елеулі түрде өзгеше болып шығып жатады. Әрине, біздің уақытымыздағы этнологтар мен фольклоршылар тарапынан жүзеге асырылған зерттеулер мифологиялық шығармашылық процесті ашып көрсетушінің орнына үміттене алмайды. Өйткені, мифтің немесе фольклорлық тақырыптың варианттары тіркеп (жазып) алудың сәті түскенімен, жаңа мифтің жасалу сәті тіркеле алған жоқ. Әрқашан да әңгіме алдындағы мәтіннің аз ­көп өзгеріске түскен варианттары жөнінде болатын. Қалай болғанда да, бұл зерттеулер мифтерді жасақтаудағы және оларды жеткізудегі шығармашыл индивидтің рөліне сәуле түсіре алды.

Бұл рөлдің бұрыштары, бүгінгіше айтқанда, «поэтикалық шығармашылық» экстатикалық тәжірибемен ортақ табиғи және оған бағынышты болған заманда, анағүрлым үлкен болуы әбден мүмкін. Олай болса, бағзы қоғамдағы «шабыттың қайнар көздері» жөнінде тұспалдауға болады: бұлар «дағдарыстар», «дауыстар» (голоса), «көрулер» (видения), «көңіл ашарлар» (откровения), қысқаша айтқанда, сан алуан айрықша тірі және драмалық бейнелер мен сценарийлері қоса жүретін әлдебір діни тәжірибе. Нақ осы, Жаһанның тылсымы мен экстаздың тылсымына бағышталғандар (посвященные) дәстүрлі мифологиялық мотивтерді діни көз белсенділік жаңартып отырады. Бұдан шығатыны, шығармашыл тұлғалардың рөлі біз ойлағандағыдан да анағүрлым елеулі болғаны. Киелі саланың мамандарына, бақсылардан бастап жыршыларға, әншілерге дейін, ақыр аяғында өздерінің көз алдына келтіруді көрімдерінің ең құрығында бір бөлігіне тиісті қауымдастықтарды сендірудің сәті түскені анық. Әрине, осындай көрімдердің сәттілігі қолда бар схемалар арқылы дайындалған болатын: дәстүрлі бейнелер мен сценарийлерге қайшы істің көрулерді (видения) әлгі қауымдастықтың алдамауы мүмкін. Бағзы қоғамдардың діни өміріндегі бақсылардың және ақсақалдардың рөлінің шамасы белгілі. Осы адамдар, қалай болмасын, экстатикалық тәжірибенің тылсымына кіре алған. Дәстүрлі схемалар мен оларды индивидуалдық жаңашыл тұрғыда қайта бағамдаудың ара қатынасы өзгермей қала алмайды: күшті діни тұлғаның ықпал етуімен дәстүрлі негіз (канва) өзгеріске түсе бастайды. Бір сөзбен айтқанда, таңдантарлық фантастикалық сценарийдің көмегімен берілетін діни тәжірибе өзінің жеке шабыттануының модельдері мен қайнар көздерін бүкіл қауымға бере алады. Бағзы қоғамдарда, басқа жерлердегі сияқты, бірнеше индивидумның шығармашылық тәжірибесінің арқасында мәдениет жасалады және қайта ; аңғарылады. Бірақ, бағзы мәдениет, үнемі жаңаша мән ­ мағынаға ие болып және киелі саладағы мамандардың көмегі арқасында тереңдеп отыратын мифтердің төңірегінде қауымдасатын болғандықтан, қоғам, тұтас алғанда, осындай тұлғалардың ашқан және таратып жүрген құндылықтарға қарап бағдар алады. Бұл мағынасында миф адамға өзінің мүмкіндіктері шегінен ары қарай өтуге көмектеседі және «ұлылардың деңгейіне» дейін самғауына итермелейді.

Читайте также:  КОМПЬЮТЕРДЕ ФИЗИКА ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕП ОРЫНДАУЫ

Оставить комментарий