Караджери жетпегі

Бұл аңыздар Караджери тайпасының мифологиялық негізін құрайды. Жетпек тылсымы (ғұрпы) ағайынды Багаджимбири бастап берген рәсімдерді, олардың жалғарының кейбіреуінің мәні толық түсінікті болмаса да қайта өрбітеді. Алдымен, осы жетпектің бірнеше жылға созылып кететін біраз санды рәсімдерден тұратындығын ескертіп алуымыз керек. Осылайша, бұл тек бір ғана, жас балалық шақтан ересектікке өту ғұрпының мәселесі емес, өзінің атына сай, бірте­бірте жүргізілетін және сатыларға бөлінген, тек жас өренге тайпаның мифтері, дәстүрлері және әлеуметтік әдет­ғүрыптары жөнінде айтып қана қоймайтын, сөздің тура мағынасында оны үйрететін бір жетектік мәселесі болып табылады. Жас өрен тек физиологиялық тұрғыдан ғана кәмелетке толып қоймай, екі мифтік сүруші — Багаджимбири жария еткен түрінде қоршаған дүниемен істес болып шығады. Бірнеше ай өткен соң оның мұрнын теседі және сол тесіктен қауырсын өткізеді. Осыдан кейін бала арнайы есімге ие болады. Екінші, неғұрлым маңызды ғұрып — піштіру (сүндетке отырғызу) ғұрпы, ол екі немесе үш жыл өткен соң барып істеледі. Ол тылсымдықтың өзі болып табылады. Баланы оның отбасысы және бүкіл тайпа, құдды бір ол өліп қалғандай, жоқтайды, жылап­сықтайды. Кейбір мән­мағынасында ол расында да өліп қалған, түнде оны орманға алып барады, сол жерде ол алғаш рет киелі әндерді естиді. Орман арғы (о) дүниеліктің символы болып табылады: біз осыменен қарабайыр халықтардың ғұрыптары мен тылсымдауларында әлденеше рет жолығысатын боламыз. Бірақ, басқа нышан ­ белгілер де өлу процесіндегі баланың өз жай­күйінің түбегейлі түрде өзгертіндігін көрсетеді. Келесі күні еркектердің әрқайсысы қолдарының күре тамырын кесіп, аққан қанды ыдысқа жинайды. Тыр жалаңаш жатқан, ештеңені көріп ­ естімес үшін көздері байланып, құлақтары бітеліп жатқан бала, оттың жанында отырып коп мөлшерде қан ішуі тиіс болады. Ол қанның өзіне өлім әкелетіндігіне сенімді, бірақ, бақытына қарай, аз уақыт өткен соң, жетпекті өткізіп жатқан туыстарының да әлгі қаннан ауыз тиіп жатқанын көреді. Бала әзірше жерде қала тұрады. Оның тізелерін қалқан жауып тұрады. Содан кейін оған еркектер бірінен соң бірі жақындап келе бастайды, олардың кесілген күре тамырларынан шыққан қан оның басына тамады.

Читайте также:  Демократиялық халықтарды билікті орталықтандыруға жетелейтін себептер

Осыдан соң туысқандарының біреуі баланың беліне адам шаштарынан өрілген белбеуді байлайды, бүкіл тобыр лагерьге қайтып оралады, мұнда әйелдер мен туысқандары тағы да оны жоқтай бастайды. Асты жоралғылық тұрғыдан қабылдағаннан кейін, жетекшіге жағылуға дайын алауды тапсырады және осының оған оның жыныс мүшелері өртеніп кететін отты жауға көмектесетіндігін айтады. Келесі күні жиырма торт күнге созылатын, саны көп рәсімдермен (біз оларға тоқталып жатпаймыз) үзіліп түратын саяхат басталады. Баланың қасына оның еркек туысқандарының бірнешеуі еріп жүреді. Жоралғылық сапар кезінде оған иілуге болмайды. Тек, ең үлкені, оған өзіне назар аударту үшін ерекше бір дыбыс шығаруға, өзіне не керек екендігін (көрсету үшін ымдап не қолдарымен белгі беруге ғана рұқсат етіледі. Ол ол ма, сынақ кезінде (яғни, ол malulu, жетпек процесіндегі бала болып тұрған кезінде) ол тек өзін қолынан жетектеп жүргенде ғана қозғалып жүре алады. Ол үнемі басын төмен қарай салбыратып ұстайды. Бақылаушының сөзіне қарағанда, оның бет­әлпетінде ешқандай сезім нышаны болмайды. Пиддингтон бұған қатысты былай дейді: «Егер оның өзіне берілген нұсқауларға тез «жауап беретіндігін» байқамаған болсақ, онда оны ақылы кем деп ойлап қалуға болар еді» . Лагерьге қайтып оралған соң жаңа бағышталғанға (жетпектен өткен балаға) оның жолының бойында өмір сүретін барлық тайпалардың өкілдер тобы келіп кетеді. Олар лагерьге жақындағанда әйелдер оларды бастарына көкөніс лақтыра отырып қарсы алады (амандасы), Олар болса мұндай мадақтауға бумеранг лақтырып жауап қатады. Бұл еліктеу де жоралғылық сипатқа ие. Бірақ, кейде, қандай да бір бумеранг әйелге тиіп кеткенде нағыз айқай­шу, ұрысу басталады. Қайтып оралуы туыстарының осындай ғұрыптық жылауы (причитание) мен ерікті түрде өз ­ өздерін азаптауын туғызған жетпекші, түн болысымен басталатын және түрлі ­ түрлі мифтік оқиғаларды көрсететін әндер мен билерден түратын мерекеге (тойлауға) қатыстырмайды. Таң қылаң бере жаңа бағышталғанда піштіру үшін тоғайға (Бушқа) алып барады. Ол бірнеше оташы (оперирующие) кремний пышақтармен піштіру жұмыстарын тындырып болғанша, көздері байланған, құлақтары бітелген күйде отырады. Осындай піштірудің барынша күрделі және өте ауыр болатындығын айтуымыз керек: жыныс мүшесінің түп жағынан ота (операция) жасаушылар тіліп, мүшенің барлық шермисін (терінің сыртқы қабатын) алып тастайды. Бүл кезде лагерьде оның туысқандары жылап­сықтап жатады. Бәрі біткен кезде, басқалар сияқты, жылап­сықтап тұрған операция жасаушылар, әлі көздері байланып, құлақтары бітеліп, басы салбырап отырған жаңа бағышталғанның алдында тағы да тізіледі. Операция жасаушылар сыйлық есебінде өздерінің бумерангтерін лақтырады және өздерінің есімдерін атайды.

Читайте также:  Айтылған тарих ғылыми­-зерттеу бағыты ретінде

Оның жарақатындағы қан кеуіп кеткен соң, ота жасағандар оған кремний құралдарды көрсетеді. Осыменен «жетпек» деуге болатын жетпек рәсімі аяқталады. Бірақ жас жігіт бірнеше күн Буш ішінде қала тұрады. Лагерьге қайтып оралатын күні оның денесіне түгелдей қан жағылады, оны жас өрендердің үздіксіз айналдырып тұрған шуылымен қарсы алады. Лагерьдегі бұтақтардың астында жасырынған әйелдер мен балалар, еркектер rhombe­лерін жасырып қойғанша одан шыға алмайды. Әйелдер жаңа бағышталғанды ғұрыптық жылап ­ сықтаумен қарсы алып, ас ұсынады. Екі немесе үш жыл бойына жас өрен жетпектің осы сатысында қала береді және miangu деп аталатын болады. Одан кейін ол басқа бір операцияға — келтелеуге (подрезание) тартылады. Бұл ғұрыптың мәні төменірек, ол бір күнге ғана созылады және оған тек бірнеше көрші­қолаң ғана жиналады. Сәл кейінірек laribuda деп аталған тағы бір рәсім өткізіледі. Орман ішінде, еркектер киелі әнді айтып жатқан кезде, жаңа бағышталушы ағаш басына өрмелейді. Пиддингтон осы ән тақырыбының ағаш туралы мифпен байланысты екендігін, бірақ, караджерилердің оның мән­мағынасын ұмытып кеткендігін жазыпты. Бірақ, біз осы жоралғының мәнісін қандай болатындығын түс палдай аламыз: ағаш ғаламдық өсті, Ғаламдық Ағашты символдайды; оның басына өрмелей отырып, жаңа бағышталушы аспанға жетеді. Бұл — көптеген австралиялық мифтер мен жоралғыларда кездесіп отыратын Көкке символдық түрде көтерілу оқиғасы . Бірақ толық бағышталып болудың мәртебесіне жету аяқталған жоқ. Белгілі бір уақыт өткен сайын басқа да рәсімдер өткізіліп тұрады, бұл жерде біз оларды сипаттап көрсете алмаймыз. Біз тек қана, бірнеше жыл өткеннен кейін «рәсімінің жасалатындығын атап өте аламыз: ақсақалдар ғана бағышталғанды жетектеп жүріп жоралғылық бағандар сияқты бірдеме) қайда жерленгенін көрсетеді. Бұл саяхат деуге боларлықтай ұзақ жол. Осындай көрсету әндер, ең алдымен, Багаджимбири саяхатын символдайтын билер арқылы жүзеге асырылады. Ең соңында, олар оған Багаджимбиридің рәсімін бастап бергені туралы түсіндіріп береді.

Читайте также:  Ресми Испания және жанды Испания

Оставить комментарий