Карта немісше «түпнұсқа», ал грекше «жазу папирусы» деген ұғымды білдіреді. Карта жасау тарихы тым тереңде жатыр. Карта географиялық, саяси, тарихи, экономикалық карта деп көптеген түрге бөлінеді. Саяси карта арқылы біз әр елдің орналасқан жерін, астанасын, аймақтың көлемін, қай елдермен шектесетіні жайлы біле аламыз. Географиялық карталардың түрі өте көп. Тарихқа арналған карталар тарихты оқудағы негізгі құралдардың бірі. Карта жер көлемінің кішірейтілген нұсқасы болғандықтан, ондағы нысандарды шартты белгілер арқылы білеміз.
Тас дәуірінде адамдар қажетті жердің бағыт-бағдарын үнемі өздерінше белгілеп отырған. Осы арқылы келесіде сол жерді тауып алған. Аңшы, жауынгер тайпалардың жер кескінін жақсы білетінін, олар салған соқпақтардың кейбірі үлкен даңғыл жолға айналып кететінін үндістерді зерттеуші Л.Г. Морган жазған. Ертеде қазақ жерін мекендеген тайпалар да көш жолдарын, аңшылық дәстүрлерін, қоныстарды тас бетіне суретпен салған. Қаратау бойындағы күйме арбалардың суреттері көш жолының бойында кездеседі. Әлемде алғашқы карталар Қытайда жасалған. Карта жасау ісі әсіресе ежелгі Грекияда жақсы дамыған. Б.з.б. V ғасырда өмір сүрген «тарихтың атасы» Геродот алғаш рет жердің кескін картасын жобалап жасады. Мұның өзі сол кезде зор маңызға ие болған. Тағы бір ежелгі дүние ойшылы Птолемей б.з.б. II ғасырда «География» кітабын жазып, оған қосымша дүниежүзінің картасын жасайды. Бұл картаға сол кездегі 26 мемлекеттің аумағы қамтылады. Мөлшермен жасалған Птолемей картасындағы Еуразия, Африка құрлықтарының бедері қазіргі кескініне біраз жақындайды.
Карта жасау ісі ежелгі мәдениет ошақтарының бірі Орта Азия жерінде де жақсы дамыған. Ғұлама саяхатшылар әл-Идриси мен ибн-Хаукал дүниежүзі және Орта Азия картасының нұсқасын құрастырған. Әл-Хорезмидің «Жер жайындағы кітабында» карта тарихы, оны жасау жайлы көптеген қызықты дерек мәліметтер кездеседі. Қазақ жерінің саяси-этникалық тарихы туралы тамаша дерек беретін картаның бірін Махмұд Қашқари жасаған.
Ұлы географиялық ашулар. Батыс елдерінің Азия, Африканы игеруі кезінде картаның маңызы бұрынғыдан арта түскен. Еуропа елдерінде осы кезде карта жасайтын арнайы кәсіпорындар пайда болған. XVI-XVII ғасырларда Италия, Голландия елдерінде карта жасау ісі жолға қойылды.
Қазақ жері жайлы карталық мәліметтер. Бір кездері Еуропа мен Азияны жалғап тұрған, Ұлы Жібек жолының бойында орналаскан Қазақ жерінің географиялық жағдайы жайлы мәліметтер тарихи жазба деректерде көп кездеседі. Ұлы Жібек жолының маңызы сол заманда аса зор еді. Бұл жолмен саяхатшы ғалымдар, саудагерлер жүрген. Қазақ жерінің географиялық деректері туралы көбінесе осы адамдар қалдырып отырған. Олар ең алдымен қазақ жерінің кең-байтақ екенін байкаған. Геродот пен Птолемейдің еңбектерінде қазақ жері жайлы мәліметтер кездеседі. Орта ғасырлық кұнды еңбектердің бірі «Хұдұд әл-әлемде» орта ғасырдағы карлұктар жері жайында деректер бар. Қазақ елінің ұлы перзенттері әл-Фараби, М. Қашқари, Д. Жалаири еңбектерінде географиялық мәліметтер өте көп. Қазақ жеріңдегі калалар мен коныстар, таулар мен өзеңдер, мемлекеттер мен тайпалар жөнінде тамаша деректерді әл-Идрисидің «Сурет ал-ард» (Жер бетінің суреті) картасынан табуға болады. Ол карта 1154 жылы салынған. Солардың ішінде кимектердің 16 қаласы аталады.
XVII ғасырдың соңында орыс ғалымы С. Ремезов алғаш рет қазақ жерін өзі жазған кітабындағы картаға түсірген. Ол кітап «Сібірдің сызба кітабы» деп аталады. Зерттеуші орыс-казак арасындағы алғашқы елшілік деректерін пайдаланған. С. Ремезовпен қатар қазақ жерінің картасын Жоңғария ханының тапсырмасымен тұтқын швед офицері И.Г. Ренат та жасайды. Қазақ жерін географиялық тұрғыдан зерттеу, сызба карталарға түсіру әсіресе XIX ғасырда кеңейе түскен. Осы ғасырда өмір сүрген қазақтың ұлы ғалымдарының бірі Ш. Уәлиханов артына мол географиялық мұра калдырды. Орыс географиялық қоғамының мүшесі болған Ш. Уәлиханов Ыстықкөлді алғаш рет топографиялық картаға түсірумен катар, Қазакстанның оңтүстік өңірлерінің және Шығыс Түркістанның картасын жасайды.
Қазақстан әлем картасында. 70 жылдай уакыт әлемдік картада Қазакстан деген мемлекеттің бары мен жоғы білінбеді. Қазақстан аумағы КСРО атты алып мемлекеттің құрамында картадан бір облыс сияқты орын алды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана дүниежүзілік картада ұлан-ғайыр аумағы бар Қазакстан Республикасы деген мемлекет пайда болды.
Қазіргі кезде Қазақстан әлемдегі ең үлкен құрлық Еуразияның дәл ортасында орналасқан. «Қазақстан Еуразияның кіндігі» деп тегін айтылмаған. Картаға бір қарағанда-ақ біз еліміздің дүние жүзіндегі ең үлкен аумағы бар мемлекеттердің бірі екенін байкаймыз. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алады. Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Испания сиякты Еуропаның алып елдерінің жер көлемі Қазақстан аумағына еркін сыйып кетеді. Еліміздің жер көлемі 2 миллион 700 мыңға жуық шаршы шақырым. Қазақстан аумағы батысынан шығысына дейін 3000 шақырым, ал солтүстігінен оңтүстігіне дейін 1600 шақырымға созылып жатыр.
Әлемдік карталарда еліміздің ірі өзен, көлдері, алып таулары айқын белгіленген. Тянь-Шань, Алтай, Алатау таулары елімізді оңтүстік-шығыс жағынан қоршап жатыр. Каспий, Арал және Балқаш сияқты дүние жүзіндегі ірі көлдер картадан анық көрінеді. Осыншама кең өлкесі бар қазақ халқына тағдыр жер асты байлығын да аямапты. Отанымыздың осы байлықтары бүгінде елімізді әлемге әйгілі етіп отыр. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін біз шекараларымызды көрші елдермен нақты бекітуге кірістік. 2005 жылдың қаңтар айында Ресей мен Қазақстан арасында шекараны бекіту туралы шартқа қол қойылды. Оның алдында шекара туралы Қытаймен, Өзбекстанмен келісімдер жасалды. Бұл біздің жас мемлекетіміз үшін үлкен жетістік.