Кеңістік дизайн саласын оқыту процесі

Дизайн мамандық шығармашылық адамдардың арқасында көрнекті де мәдени даму мен өмірді ұйымдастыруда қоғамда өзінің тиесілі орнын тапты. Дизайнға бағыт алған мемлекеттер – Германия, италия, США, Япония. өндіріс пен сауда аталған мемелекеттерде дизайнға тапсырыс беруші болып табылады. Скандинавия, италия, Японияда дизайн барлық ісәрекет түрлерін қамтиды. Сонымен қатар великобританияда, францияда, россияда заттық, ғылыми-техникалық шығармашылықтық, көркемөнерде мәдени дамыған және бай мемлекеттерде дизайн мәдениеті жоғары деңгейде көрініс тапқан. дизайн проектілі-көркемдік ісәрекет түрі, адамды қоршаған заттарды жасаумен байланысты, визуалды коммуникациялық және ақпараттық жүйе, адамның бастапқы функционалды және рационалды іс-әрекеті мен өмірін ұйымдастыру. Дизайнер өз жұмысында барлық проектілі құралдарды: техникалық конструкциялаудан, композиция, компоновка-композициялық форма құру, стилде образдау; функционалдық талдаудан- ұйымдастырушылықа, концептуалдық заттық ортаны моделдеуге дейін қолданылады. Дегенмен, құралдардың бәрі заттар әлемін және коммуникациялық әлемнің мәселелерін жалпы мәдени, көркем-образда дизайнермен түйсінуге бағытталған. Осылайша екіншіден табиғатты принциптік әдістердің негізінде бастауын табуға бағыттайды. Оған; функционалдық талдау, компоновка, кеңістікті құру, графикалық композициялық құрылымдау, стилизациялау т.б. жатады. дизайн мақсаты: адамның түрлі қажеттілігін қанағаттандыру, идентификацилық мәдени қажеттілігін, заттық және ақпараттық өмір ортасы мен адам іс-әрекетін көркем- образдық моделдеу негізінде сапалы ұйымдастыру. суретшінің формамен жұмысы, сондықтан форманы образдау процесі белгілі принципке сүйенеді. Форма дизайнердің алдына койған міндеттерін интеграциялайды: утилитарлық, әлеуметтік мәдени, көркемді- технологимялық етеді. Қоғамда мыңжылдан астам мәдени-материалды заттар қолданыста жүргені мәлім. Оларға ертедегі египеттен бастап мәдени-материалды заттар протодизайн және дизайн тарихына ендірілген. Онда дизайн обьектісі болып- дөңгелек, стол, аяқ-киім, киім-кешек, қару-жарақ, жазба құрал-жабдықтары, күрек, балта т.б.есептелген. оларды адамдар түрлі қажеттілігін өтеуде қолданған. Бүгінгі таңда оларды безендіріп қолданысын оданда кеңейтіп жетілдіріп, қоғамның талабына сай пайдалануда. Олар тұрмыстық заттар дизайны деп аталады. Жалпы дизайн сонымен қатар қазақстанда да кеңінен қарастырылуда. Қазақстан дизайнерлер Одағында төрт топқа бөлінген дизайнның бағдары орын алған. Оларға 31 № 1 (74) 2010 графикалық дизайн, көлемді дизайн және кеңістік дизайны жатады. Оларға жете тоқталып кетуге болады. Графикалық дизайн: Графикалық дизайн, реклама және сауда полиграфия, графика, кітап дизайны, графикалық дизайн 1920 жылдары дизайынның негізгісі болды. баспа жұмысы революциялық мәдениетті көтеруге бағытталған, сауатсыздықты жоюда, сонымен қатар революцияға дейін дәстүр бойынша кітап баспасын басқа өндірістерге қарағанда жетік дамыды. Кітаптарды, білімді, марапаттау қағазын жариялау қатты өріс алды. Көркем әдеби, жалпы ғылым, техника, сериялы иллюстрациялық журналдар көп тиражды болып баспадан шығарылды.бұл товар біріншіден дизайнерлік шешім қабылдауды, екіншіден сауда рекламасы мен ұйымдастыруды талап етті. Архитектон-К.Малевичтің ойлап тапқан образды-формалық принципке негізделген супрематизмді көлемді гимараттарға, оригиналды мүсінді-сәулет моделін еңгізуді анықтайды. Архитектоны – бір типті көлемді геометриядық тік бұрышты призма мен кубтар композициясы, вертикалды және горизонталды ырғақта бағындырылған құрылым. бұнда үш масштабты форма- үлкен, аралық және кішкентай композиция құрылады [1]. Келесі дизайн саласы фирмалық келбет, полиграфия, сыртқы жарнама, веб-дизайн, анимация – көрініс, фотографика т.б. болып табылады. полиграфиялық дизайн, оған журнал, газет, кітап т.б. жатады. Газет бірнеше шрифты бөлімнен тұрады. Газеттің біріншісі шрифы газеттің атауына арналады және бастапқы тақырыпқа арналады, екіншісі бастапқы тақырыпты бірнеше бөліктерді құрап қосымшасы ретінде жазылады, үшіншісі негізгі текстке арналады. Оған басты шрифт, оған қосымша шрифті және мазмұнды ашатын негізгі текст жатады. Текст солжақ немесе ұзындығы бойынша орналастырылады.Суреттерге арналған жазулар нақты жазылады. Дизайнерлер қандай болмасын нақты элементтер қолдансада аталған ережеге сүйену керек. кітап дизайны. кітап сыртының дизайн концепциясы бірнеше факторларға байланысты болады. әдеби шығарма, кітап жанры, оның тақырыбы т.б. болады. кітапты баспадан шығаруда-барлық авторлар, редакторлар, дизайнерлер, переплетчиктер,фотографтар, иллюстраторлар,типография жұмыскерлерінің бір-бірімен қарым-қатынастық байланыс процесі негізінде жасалады. Барлық жұмыскерлер кітапты баспадан шығарудың соңғы нәтижесіне еңбек етеді. кітаптар бірнеше түрлерге бөлінеді. Соның бірі көркемшығарма әдебиеті, ғылыми әдебиет, мектепке арналған оқулықтар, балаларға арналған кітаптар т.б. Журнал. Журналда көрнекі материалдар кітапқа қарағанда көп қайталанады. Онда көрнекі материалдар жоғары деңгейде жанр көлемінде қайталанып, бағасы онша қымбат емес және сапалы қағаздан жасалады.Коллекциялық фотожурналдар ең жоғары сапалы қағаздан жасалады. Меншік журналына бренд (сапалы қағаздан) жасалады. дизайнерлер және студия- портфолиосы. дизайнерлер және студия- портфолиосында автор өзіне ұнаған немесе сұраныстағы материалдарының жинағын сақтайды. Брашюралар мен каталотар. Брашюралар мен каталогтар барлық компаниялар үшін негізгі құжат болып табылады. Әр бір брашюралар мен каталогтардың спецификалық бағытты мақсаты және өзінің міндеттері болады. Аталған екі факторды ісәрекеті анықтау қажет. Брашюралар. Брашюра-жұқа кітапша немесе буклет түрінде болады.мазмұнында жарнамалау немесе жазбаша ақпарат беріледі.форматы қолайлы, өлшемі мен пішіні түрлі болады. 32 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы Каталог. каталогта жоғары деңгейде орындалған өндірілетін зат бейнеленеді. өндірілетін зат секцияда және категориясы бойынша орналастырылады.Каталогтағы ақпарат бірден көзге түсуі қажет. Сондықтан оны анық, айқын көзге бірден қабылданатын етіп орналастырады. каталог типтері; мысалы өндірілетін зат (азық-түлік). өндірілетін зат (азық- түлік) компаниясы үшін талаптары; функционалдылығы, жалпы түрі,техникалық және өндірілетін зат (азық-түлік) деталдарының спецификасы болу керек. каталогтың өзі бағасы төмен қағаздан жасалып, паспорты тегін таратылады. Жиhаз каталогы. Жиhаз каталогы сапалы, қымбат қағаздан жасалады. каталогта өндірілетін заттардың қоғамдағы қолданысынан көрінісі беріледі. Интерьердегі өндірілетін затды орналастыру жобаларынан көріністер беріледі.титулды бетте жылдық есебі беріледі.өндіріс каталогі-мода немесе фирманың өндірген заттары негізгі маркетинг инструменті болып табылады. өмір стилі және реалды немесе алға ұмтылысы бейнеде (бренд құндылықтары) беріледі Дизайында макет, формат, түстерді және сурет салғанда есепке алу керек (фотографиялар, иллюстрациялар, графиктер, таблицалар, диаграммалар, мазмұнын ашып көрсетуде көрнекіліктерді пайдалануға болады [2]. Көлемді дизайн: өнеркәсіп дизайны, жиһаз, киім, флористика, арт. дизайн. Кеңістік дизайны: сәулет, экстерьер, интерьер, кіші көлемді формалар, ландшафт, эксподизайн, жарық-сәуле және түс бояу әрлеуі; ертеден келе жатқан тұрмыстық заттар дизайнына сәндік-қолданбалы өнер материалдары жатады. Дегенмен студенттерді 1 суретте берілгендей мысалы, кеңістік дизайн саласын оқыту процесінің құрылысын ұсынуға болады. Демек, жоғарыда қарастырған дизайн түрлерін тұтас процес ретінде қабылдап философиялық категорияда жүйесін ұсынуға болады оны 1 суреттен көруге болады. Оған мысал, кеңістік дизайн саласын оқыту процесінің құрылысы бойынша бір мысал ретінде қалалық ландшафт элементерінің түрін талдау беру керек Кеңістік дизайн саласын оқыту процесінің құрылысы бойынша бір мысал ретінде қалалық ландшафт элементі алынды. ерінің түрін талдауды студенттерге беру керек. Онда қалалық ландшафт элемент қызметінің ерекшелігіне тоқталу керек. Содан кейін тіршіліктегі қолданысына айтып, көркемделу жағына кеңінен тоқталады. Одан кейін нақты талданып отырған қалалық ландшафт элементтің өзіне тоқталады. Студенттің аты жөні, композиция заңын, композиция мәнерлеу-тәсіліне, композициялық эмоционалды эстетикалық сапасын (2,3,4) тірек жобада берілген сұрақтарға сүйеніп талданады. Студент тапсырмасын тапсыруға дайын болғанда 5 тірек жоба беріледі. Онда студент өзі таңдап алған фото суретін немесе макетін жазбаша немесе ауызша жауап береді. Композиция заңын талдау 1. Заттың шектелген пішіні, фактурасына анықтама беру. 2. қалалық ландшафт элементерінің өз түсінігі бойынша талдау жасау. 3. Үлкен, орташа, кіші қалалық ландшафт элементерінің кеңістіктегі шамасын анықтау. 4. Көру ортасына не жатады, оның әсері қай шамада? 5. Қандай қалалық ландшафт элементері нақты шешімде көрсетілген. Ол үшін не қолданылған? 6. қалалық ландшафт элементерінің тепе-теңдігін қалай байқауға болады? 7. қалалық ландшафт элементерінің ырғағы мен сымбаттылығы қандай дәрежеде? Композиция мәнерлеу-тәсіліне талдау 1. Симметрия деген не? Симметрия қолданған ба, қолданса не үшін қолданылған? 2. Ассиметрия деген не? Ассиметрия қолданса, композициялық тепе-теңдікті қалай шешкен? 3. Көру ортаның нақтылығын қалай тапқан / қалалық ландшафт элементерінің т.б./? 4. қалалық ландшафт элементерінің айналмалығы динамика/, тұйықталған / статика/ тәсілін не үшін қолданылған? 5. Басты қалалық ландшафт элементерінің масштабы қандай, неліктен? 6. Вертикаль және горизонталь не үшін қолданылған? 7. Ырғақ қандай роль атқарады? 8. қалалық ландшафт элементерінде сәулет түрлерін мәнерлеудегі декор мәні.

Читайте также:  Новые кон­цепции Ки­тайс­кой дипломатии

Оставить комментарий