Кедендік төлемдер мен салықтар республикалық бюджеттің үлестік салмағы бойынша кірістердің бестен бір бөлігін құрайды. Осы кіріс көздеріне əкімшілік жүргізу бүгінгі күні өте маңызды. Кеден одағының құрылуына байланысты Ресей мен Беларустан келетін тауарлардың импортына қатысты ғана тұтастай алғанда тауарлардың əкелінуіне салынатын кедендік баждарға, сондай-ақ жанама салықтарға əкімшілік ету талаптары өзгерді. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай кедендік тариф қолданысқа енгізілді. Ол үшінші елдерден əкелінетін тауарларға қатысты Кеден одағына қатысушылар қолданатын əкелу кедендік баждарының бірыңғай, біріздендірілген ставкаларын белгіленіп Қаржы министрлігі 1 қаңтардан бастап жаңа ставкалар бойынша баждарға əкімшілік етуді жүзеге асыруда. Сондықтан елімізде өндірілген тауарларға мұндай баждар салынбай ұлттық кеден кодексіне сəйкес кедендік ресімдеу рəсіміне жатқызылған. Бірақ тауар шетелде шығарылса, өзара сауда-саттық бойынша оның ресімделуі баж төлене отырып жүргізілуде. Жаңадан қабылданған Кеден Кодексі негізінде өзара сауда-саттықта тауарларды деклара- циялаудың болмауы кеден одағы кодексінің қағидатты сəттерінің бірі болып табылады. Қатысушы мемлекеттер кеден одағының Бірыңғай кеден аумағын құрайды. Тиісінше, осындай аумақта шығарылған тауарлар, сондай-ақ тараптардың бірінің аумағында бір рет кеденнен өткен шетелдік тауарлар кедендік ресімдеуге жатпайды. Бүгінгі күні бастапқы деңгейдегі үшінші елдердің тауарларын кедендік ресімдеуді резиденттік қағидаты бойынша, яғни оларды тіркеу орны жəне орналасқан жері бойынша декларанттар (немесе кедендік брокерлер) жүргізіп жатыр. Демек, сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушылары жəне кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар үшін жалпы шарттарды белгілеу бірдей бəсекелестік мүмкіндіктерін құру үшін маңызды болып табылады. Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында кедендік ресімдеу жойылатын болғандықтан ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап, кеден органдары өзара сауда-саттықта импортқа салынатын жанама салықты алуға тиісті емес, сондықтан бұл функция салық органдарына берілді. Үшінші елдерден тауар импорттау кезінде əкімшілендіруді, ҚҚС жəне акциздер алуды бұрынғыдай кеденшілер жүзеге асырады. Кеден одағындағы экспорттау жəне импорттау кезіндегі жанама салықты алу қағидаты бойынша тиісті халықаралық келісімге өткен жылы Тараптар қол қойған жəне бекіткен. Бұл дегенің төлем тəртібін жəне ел үшін маңызды кіріс көзін əкімшілендіруді мəнді өзгертеді. Ресей мен Беларустан келетін тауарлар импортынан ҚҚС түсімі 135 млрд.теңгені құрады. Осы ретте Қазақстан импортының үштен бір бөлігі осы елдердің үлесіне келеді. Осы Жанама салықты алу жөніндегі келісімді іске асыруда тараптар мынадай 3 құжатқа: — Тауарларды экспорттау жəне импорттау кезіндегі жанама салықтарды алу қағидаттары туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға; — Жанама салық алу тəртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттамаға; — Жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кездегі жанама салықтарды алу тəртібі туралы хаттамаға қол қойған. Осы құжаттар ішкі шекарада бақылау болмаған жағдайда салық органдарымен жанама са- лық алудың нақты шараларын анықтайтын осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. Салық қызметтерінің басшылары деңгейінде салық органдары арасындағы жанама салықтардың төленген сомалары туралы электронды түрде Ақпараттар алмасу шаралары жүргізіліп отыр. Осы ретте кеден одағының қатысушы мемлекеттері ерекше (еркін) экономикалық аймағындағы тауарларды импорттау жəне экспорттау кезіндегі жанама салықтарды алудың тəртібі жекелеген халықаралық шарттармен реттелетін болады. 72 Вестник КазНУ. Серия экономическая, № 6 (82). 2010 Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды енгізу кезінде жанама салықтарды кеден одағының қолданысына енгізгенге дейін Қазақстан Республикасының кедендік шекарасында тікелей төленген. Ресей Федерациясы мен Беларус Республикасынан тауарлар- ды əкелген кезде осы салықтар кедендік одақтың қолданысына енгізілгеннен бастап импортталған тауарлар есепке қабылданған айдың келесі айының 20-сынан кешіктірілмей төленуі тиіс. Осы норма бизнес жүргізуде тұтасымен жағымды көрініс табуы тиіс, өйткені осылайша импорттаушы — салық төлеушіге 1,5 ай мерзімінде айналым қаражатын оқшаулан- дырмай жанама салықтарды төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі берілді. Бұл жалпы тəжірибеде төлемнің мерзімін автоматты түрде кейінге шегерімі болып табылады. 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап 2011 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде кеден органдары on-line режимінде ҚР шекарасынан өткен кезде (Шұғыл Басқару Орталығы арқылы) салық органдарына импорттаушы, экспорттаушы, көлік құралы, тауар туралы мəліметтер, сондай- ақ сканерленген құжаттар (тауарды сүйемелдейтін құжат, шот-фактуралар жəне т.б.) көрсетілген жеткізілгенін бақылайтын құжатқа (ЖБҚ) ұқсас берілетіндігі анықталған. Салық органдары импорттау кезінде жанама салық жөніндегі салық өтінішін салық төлеуші ұсынбаған жағдайда камералық бақылауды (зерттеу, салықтық тексеру), оның ішінде қажет болған кезде құқық қорғау органдарымен бірлесіп іс-шаралар өткізілуде. Əрекетсіз салық төлеушілерді деректер қорымен салыстыру жосықсыз салық төлеушілерге қатысты олар кедендік шекараны өткен кездегі қарсы іс əрекет нұсқаларының бірі болып табылады. Бүгінде салық органдары ақпараттық өзара іс-қимыл жүргізу шеңберінде уəкілетті органдар мен олардың ұсынған ақпаратын ұсынуды анықтау бойынша іс-шаралар мен ауқымды жұмыстар жүргізуде. Осылай, Кеден кодексін, Жанама салықтар бойынша келісімді пайдалану: — кеден одағы ішінде тауарларды транзиттеу кезінде əкімшілік тосқауылдарды жояды; — кеден одағы ішінде өзара сауда жүргізу кезінде тауарлардың еркін қол жеткізілуін қам- тамасыз етеді; — кеден одағының кеден аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асыратын адамдарға фискалдық жəне əкімшілік жүктемені төмендету жəне тұтас алғанда кедендік ресімдеу жəне бақылау кезінде кеден рəсімдерін оңайлатады. Кеден одағындағы экспорттау жəне импорттау кезіндегі салықтарды алу көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 01.11.2010 жылғы мемлекеттік бюджет кірістерінің атқарылуы көрсеткіштері бойынша 111,0 пайызға орындалып, 61 458 071 мың теңгеге артық орындалғанын көреміз. Бұл жетістіктер қаншалықты Кеден Одағының ел экономикасына оң ықпалын тигізіп отырғандығы анық. Демек, жасалып отырған іс-шаралар халықтың игілігін арттыру мақсатында бюджеттің толығып жəне мақсатты жұмсалу негізінде жүргізілуі шарт.
Оставить комментарий