Кейінгі қайта өркендеу дәуірі

Тицианмен қатарлас, шығармашылығы осы заманда аяқталатын, кейінгі Қайта Өркендеудің көрнекті өкілдері Паоло Веронезе (1528­ 1588) мен Якопо Тинтореттолар. Веронезе шығармаларында барлық күш, венециандық сәнді­монументальды майлы кескіндемеге бағытталады. Венециандық кескіндемеге тән барлық нәрселер, дәстүрлі византиялық және грекиялық әсем және мерекелік атрибутикалар, бай жиһаздар мен маталар, шығыстық сән, тойлар, қара нәсілді құлдар мен алтын шашты әйелдер Веронезе шығармашылығында айқын көрініс тапты. Оның копозициялары венециандыққа тән әсем. Веронезаның персонаждары қымбат барқыт пен парчаға оранған және оларды салтанатты ғимараттың фонына орналастырды. Веронезе екі жүзге жететін, көп фигуралы композицияны ұнатты. Сондықтан да, «Левия үйіндегі той», «Канадағы некелесу» сияқты копозициялары керемет театралдылық әсер береді. «Канадағы некелесуде» көбісі танымал сол заман адамдары, 130 персонаждан құрылған. Веронезе шығармашылығына драмалылық жат болғанымен, оның «Крестен түсіру», «Жоқтау» атты кенептері осы тақырыпта жазылған ең керемет шығармалар болып табылады. Дегенмен суретші шығармашылығының орталығы болып, өмірдің тек мерекелік жақтарының көрінісі, тойлар мен салтанаттар болып қалады. XVI ғасырдың нағыз ірі шебері Тинторетто (1518­1594). Тиртореттоның қолы тимеген Венецияда ешбір шіркеу жоқ делінеді. Тинтореттоның библиялық тақырыптағы кескіндемелеріне, көрерменді картинадағы оқиғаға қатыстырып жіберетіндей, оларға қатты эмоционалды әсер беретін, өзінің жазу манерасын ойлап тапты. Оған Тинтореттоның «Қасиетті Георгиидің айдаһарлармен шайқасы» (шамамен 1555­ 1558), («Обретения тела Святого Марка» (шамамен 1562)), жұмыстарнан көз жеткізуге болады. Тинторетто үшін картинаны бүге шігесіне дейін жазу тән емес. Тегіс, жатық жазу оның манерасына кереғарлы, өйткені шектен тыс бөлшектерге аса мән беру адамның көңілін сценаның драмалылығынан бұрып жіберер еді. Суретшінің шығармашылығы тек қайғылы сюжеттермен ғана шектеліп қалмаған, ол қиял әлемінен де көптеген картиналар жазды. Осындай жұмыстары, «Сусанна мен қарттар», «Қасиетті Георгий» және т.б. Тинтореттоның Венециандық Дож сарайында оған дейін ешкім де жасамаған, өте үлкен «Меркурии және Грациялар», «Миневра мен Марс», «Бахус және Ариадна» картиналары дүниеге келді. Ол образды беруде, картинаның кескіндемелік мәселесіне көп көңіл бөлді. Тинторетто көптеген аспаптарда ойнаған және музыка жазған, жақсы музыкант та еді. Итальяндық ренессанстың соңғы суретшісі, Тинторетто өнері замандастарының ортасында қатты сүйіспеншілік тудырды. Маньеризм. Микеланджелоның манерасына еліктеуді «маньеризм» деп атады. Микеланджело, Рафаэль, Тициан мен Ленардолардың барлық мақсаттарын олардан кейінгі суретшілер іске асырды, тіпті олардың ешқайсысы да өнердің тоқырауға ұшырағанына сенгісі де келмеді. Өнердегі тоқыраудан шығудың жолдарын үшін суретшілер жаңаша формаларды іздестіруге кірісті. Нағыз маньеристік заманның өкілі – флоренциялық мүсінші және зергер Бенвенуто Челлини (1500­1571). Челлинидің өмірі мен шығармашылығы – алдыңғылардың жетістіктеріне қызғанышпен қарап экстраординарлы жарысқа түскен, заманының көрінісі. Бұндай маньеристік еліктеулер Пармиджанино (1503­1540) шығармашылығында да көрінді. Дегенмен маньеристік тенденциялар, басқа бағыттың келуіне жағдай жасайтынын біз өнер тарихынан білеміз. Италияда XVII ғасырда бәрінен басым, барокко бағыты келді.

Читайте также:  Есептелінген бағалаулар аудиті

Оставить комментарий