КЕЙІПКЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ

Опубликовано Июль 19, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 5 (1 голосов)

 

Әр жазушы кейіпкерінің ішкі жан әлемін ашуда әр түрлі көркемдік тәсілдерге жүгіне отырып, қайталанбас кейіпкерді дүниеге әкелуі белгілі. Және олардың бәрі де өзінше қайталанбас, ерекше психологиялық стиль қалыптастыратыны да анық. Ал енді жалпы психологизмді біз қай тұрғыдан қарастырғанымыз жөн? Себебі, психологизм бірде категория, енді бірде тектік белгі, бірде көркемдік тәсіл, бірде құбылыс, бірде бағыт деп қолданыс тауып жүр. Демек, психологизм шығармадағы жеке кейіпкер психологиясынан бастап кең мағынадағы шығарманың жалпы психологиясына ауысып, толық психологиялық прозаны қамтитын күрделі құбылыс деп те айтсақ қате болмас. Олай болса, психологизм дегеніміз – шығарма кейіпкерінің ойы мен іс-әрекетінің кереқарлығы, жан дүниесінің «ішкі дауылы», сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе. Бірақ әдеби психологизмнің бір ерекшелігі сонда, тіпті автор мен кейіпкердің ой-толғаныстары мен ой ағымдары, сана қақтығыстары қайшылыққа толы, қарама-қарсы көзқараста болса да, шығармадағы жүйелілік қайтсе де сақталады, бір жүйеден ауытқымайды. Біз қарастырып отырған қаламгер мен оның көркем шығармалары арасында мұндай жүйелілік жақсы сақталған. Себебі, психологизмнің өзіне тән көркемдік әлемі, яғни поэтикасы бар. “Ең біріншіден, психологизмнің бейнелеу тәсіліне /прием/ психологиялық талдау /психологический анализ/ мен өз-өзін талдау /самоанализ/ жатады. Психологиялық талдауда бейтарап /үшінші жақтан/ баяндаушы әңгімелесе, өзін-өзі талдауда көбіне бірінші жақтан баяндалады. Десек те, психологизмнің ең алдыңғы қатарда тұратын тәсілі – ішкі монолог. Жалпы шынайы көркем туындыға тән өмірлік шындықты көркемдік тұрғыдан нанымдылықпен бейнелеп, тануда, шығарманың эстетикалық әлемін айқындауда әдеби психологизмнің атқарар ролі зор” [1,8]. Міне, бұл әдеби құбылыс Тұрсын Жұртбайдың шығармаларында байқалады. Жазушы көбінесе бірінші жақтан баяндау немесе өмірлік шындықты көркемдік тұрғыдан нанымдылықпен бейнелеу арқылы өз шығармаларының ерекшелігін танытады. Адам табиғатына тән жұмбақ жаратылысты, ой мен сезім арасындағы қайшылықтарды, көп қабатты қалтарыстар мен іс- әрекеттердегі күтпеген құбылыстарды қадағалай зерттеу – психолог жазушының төл міндеті. Адам жанын жете әрі тереңдей зерттейтін адамтану «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011 жыл ғылымы, сөз өнері А.Байтұрсынов анықтап берген үш негізге сүйенеді: «1.Ақылға. 2.Қиялға. 3.Көңілге. Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп ойлау, көңіл ісі – түю, толғау» [2,27]. Осы аталған үш негіз – адамның жан жүйесін санасын зерттейтін жазушылардың негізгі объектісі. Кейіпкердің ақылы, қиялы, көңілі терең зерттелмей, адам табиғаты жан-жақты танылып, оның ішкі жан дүниесіне тереңдей ену мүмкін емес екені белгілі. Осы қағидаларға толық жауап беретін кейіпкер психологиясын жан-жақты толық бере алған қаламгер шеберлігін тек жазушының өз кейіпкерлерімен тығыз байланыстылығын байқатады. Ал жазушы Тұрсын Жұртбай мен оның шығармаларындағы кейіпкерлер арасында өте тығыз байланыс бар екенін байқау қиын емес. Себебі, әр кейіпкерінің көңілі мен көзқарастарын, ішкі әлемі мен ішкі ойын шебер бере алған автордың өз кейіпкерлерімен жақын, тығыз қарым- қатынаста болғанын байқауға болады. Қаламгер мен оның кейіпкерлері арасындағы байланыс та, көзқарастары мен ішкі өмірі, жан дүниесі де Тұрсын Жұртбайдың шығармаларында ең алдыңғы орындағы мәселелер деп те айтуға болады. Бұл ерекшелік қаламгердің барлық шығармаларында дерлік көрініс тапқан. Жазушы Тұрсын Жұртбайдың шығармалары бір-бірімен тығыз байланыста деуге де болады. Ал әр шығармасының бойында біз кейіпкердің бастан кешетін азапты тағдырын оқи отырып, басты кейіпкердің осы қиындықтарға төзе біліп, күрделі тұлғаға айналуын байқауға болады. Кейіпкердің өсу сатысы негізгі психологиялық шығарманың жанрлық, стильдік ерекшелігімен ашылады, ал оны жеткізуде көркемдік бейнелеу құралдарының – ішкі монолог, монолог, ойлау, қиялдау, ой-түйсік, ес, еске алу, елес, елестету, түс-сандырақ, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі талдау т.б пайдаланылады. Алайда, көркем туындыдағы бұл категориялар әдеби тұрғыда көркемдік тәсілдер, адам жанын талдаудың таптырмас құралы ретінде қарастырылса, жантану ғылымында адамның жан жүйесінің заңдылықтарын зерттейтін категориялар болып табылады. Сондықтан да көркем шығармадағы өмір шындығының ең жоғарғы эстетикалық әлемі мен рухани құндылық деңгейі психология заңдылықтарымен сабақтас болады. Демек, автордың өз толғаныстары немесе кейіпкердің өз-өзін талдауы ішкі монолог, ішкі сөз, сана тасқыны, түс көру секілді аналитикалық принцип арқылы берілсе, рухани әлемді бейнелеудің жанама тәсілдері – бейвербалды ишараттар, сыртқы қимыл көріністері, көркемдік деталь, заттық әлем, психологиялық орта т.б. секілді динамикалық принцип ретінде көрінеді. “Психологизм әдебиеттегі адамды аналитикалық және динамикалық принцип тұрғысынан зерттеу болып табылады. Аналитикалық принципке ішкі монолог, ішкі диолог, сана тасқыны, ой мен сезім, іс пен әрекет «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011 жыл қақтығысы, түс көру, сандырақтау, ессіздік т.б. секілді ішкі рухани әлемді тереңдеп талдайтын көркемдік тәсілдер жатса, динамикалық принципке көбіне сыртқы психологиялық құбылыстар – ым, ымдау, емеурін, бейвербалды ишараттар, дене қалпы /поза/, т.б. секілді қимыл-қозғалыс көріністері жатады” [1,177]. Енді осы тәсілдерге тоқталып, олардың шығармалардағы көрінісіне көз жүгіртсек. Демек, психологиялық талдаудың көркемдік тәсілдерінің бір түрі – түс көру. Түс көру – әдеби, өнер талпыныстарында әуел баста бейсаналы түрде пайда болып, кейінірек өзіндік мазмұнға ие болған көркемдік тәсіл. Көркем шығармада түс кейіпкердің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан нанымды әрі дәл беру үшін пайдаланады. Түс көру тәсілі құпия қалтарысы мол ішкі жан дүниеге тереңдей еніп, кейіпкердің күрделі де жұмбақ табиғатын ашудағы, оқиға шешімін табудағы, жазушы шеберлігін танытудағы тиімді тәсіл ретінде қарастырылады. Қаламгер Тұрсын Жұртбай өз шығармасында бұл әдісті тиімді пайдалана білген. «Түсінде Зарқұм ақ бұғы жеккен, ақ тонды шана-көшті көрді. Қуана алдынан шығып, айғай салды. Мұны көрмеді ме, әлде даусын естімеді ме, дәл жанынан зулатып өте шықты. Соңынан жүгіре-жүгіре өкпесі күйіп, буын- буыны талып, омбы қарға құлап түсті. Қарға басы кептеліп қалған екен дейді. Булығып жатып оянып кетті», – деп «Жер-бесік» романында Кербаланың Рысқаннан қалған ұлы Зарқұмның түсін бір балалық пәктік пен әкесі қиялдан айтқан ертегіге сенімділіктің белгісі ретінде көрсеткен [3,122]. Әкесі мен баласы арасындағы сенім мен махаббат осы түс арқылы өрбіп, кейін шығарманың негізгі кейіпкері Кербала бұл түстің шешімін былай деп түйеді: «Ақ қайық ынтызар тілегіне, ізгіліктің белгісіне айналды. Кейіннен ол ертегіге ақ бұғылы аппақ шана қосылды. Шынында да, ол ертегі ме? Жоқ, өмір ертегісі ғой…», «…Мынау хат – олар зарыға аңсаған ақ құс қой, ақ құс! Бала қиялын қанаттандырған, сәби жүрегін жұбатқан, мұңлы ойға үйірілген әсем ертегідегі ақ көгершін, құтты құсы – осы хат емес пе» [3, 123,145]. Кербаланың соғысқа кеткен ұлынан зарыға күтіп жүрген хабары мен балалық шағында Зарқұмның күткен ақ құсы мен ақ қайығы бір үндестік тауып, бір көркемдік шешімге келеді. Яғни, түс көруші Зарқұм мен «Бір уыс жусан» шығармасындағы кейіпкер Жарастың түс көрудің маңызы бар, көркем идеяны ашуда белгілі бір қызмет атқарып тұрғанын байқауға болады. Түс көрудің сюжеті – образды- символдық түрде көбіне түс көрушінің психологиялық мотивін, инстинкті тілегін, талабын, эмоциясын және сезінуін, бүкіл сана астарындағы алуан түрлі психологиялық комплексті құрайды. Түс көру – қазақтың психологиялық прозасында және әдебиеттану ғылымында ең негізгі көркемдік тәсіл және оның басты моделі ретінде қолданылады. Көркем әдебиеттегі түс көру тәсілінің ең басты көркемдік қызметі- психологиялық нақтылықты дәл бейнелейді. Түстің көркем шығарманың сюжеті мен «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011 жыл композициясындағы алар орны ерекше. Көркем шындық пен өмір шындығын шебер сабақтастыратын түс көрудің талдаудың көркемдік әлемі түстің мағыналық мәнін анықтайды. Осындай тәсілді жазушы «Бір уыс жусан» элегиялық шығармасында да қолданады. Мұнда көркемдік шығарманың соңында барлық оқиғаның қорытындысы есебінде пайдаланып, сүйікті қарындасы Төлеумен қоштасар мезетін аса бір шеберлікпен көрсете алған. Бұл түс жалпы қиялға толы, еске аларлықтай орны да бар. Түс сурет – елес пен Жарас арасындағы қоштасар кезді бейнелейді: «Сурет-елес баяу орнынан көтеріліп, қалықтай барып сыртқа шықты. Мен де ілестім. Ауладан шыға бере қолымнан ұстады. Сәл самал желпігендей болды да, аспанға көтеріле бердім…Биік аспанға шырқай ұшып, ауада қалықтап бара жаттым…Биік тау шыңдары бозалаң тартып, орталық тұсқа келгенде төмендеп, ашық терезесі бар ғимараттың ішіне ендік. Ол көйлегі ағараңдай барып партаға отырды. Университеттің лекция залы, маған да таныс…Орнынан баяу қозғалып, тақтаға барып, бормен: «Құрмалас сөйлемге мысал: «Егер өмірдегі орныңды іздесең, онда өткеніңді жүрегіңде сақта, кейін шаршағанда тыныққан қара тасты да сағынасың. Төлеу», – деп жазды да, қолымнан ұстады…Тоғызыншы палатаның терезесіндегі биік ағашқа қондық…Таң да сібірлей бастаған…Ол маған қолын ұсынып: -Қош, енді елес болып көрінбеспін. Қазір жарыққа айналамын да, кеңістікке сіңіп жоғаламын. Сенің жүрегіңде тек естеліктер ғана қалады. Мүмкін, оянғанда кірпігіңе ілінген сәуле болып, мүмкін, аязда тоңған бетіңді жылытқан шуақ болып төгілермін. Әйтеуір, саған жылу сыйлаймын. Мені іздеме, қош… Сәулең молайсын тіршіліктегі. Мен қазір ұшамын. Әне, құстар керуені келеді Таң нұрын қанаттарымен ілестіріп келеді. Сәуле ғой. Өмірімнің сәулесі…Қош… Қатты шошып ояндым» [3,378]. Көргені өң бе, түс пе, алдану ма, әлде елес пе, кім білсін? Мұндай екі ұдай сезімді суреттеуге кез-келген жазушы бара бермейді. Өйткені, ол – адам жанын, табиғатын жете танитын, адам санасындағы ерікті және еріксіз түрде жүзеге асатын ой ағыстарын, психологиялық процестерді терең зерттеген, дүниетанымы кең, суреткерлік шеберлігі озық туған таланттарға, психолог-жазушыларға ғана тән қасиет. Түс – көркем шығармада информациялық, сәуегейлік, символдық, архетиптік, мифологиялық, психологиялық, психоаналитикалық, медициналық, эстетикалық, философиялық т.б. көркемдік қызметтер атқаратынын осы мысалдан да көз жеткізуге болады. Қазақ әдебиетінде түс көру тәсіліне ерекше көңіл бөліп, оны әр шығармасында әр түрлі құбылта, тереңдете зерттеуге тырысатын, оған үлкен философиялық, әлеуметтік, психологиялық мағына, эстетикалық құндылық, рухани қажеттілік беретін, оны өзінің көркемдік әлемінің ең бір құнды «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011 жыл қасиетіне айналдыра білген бірден-бір жазушы Тұрсын Жұртбай кейіпкердің характерін психологиялық өмірдің заңдылығына сәйкес сомдауда, ұйқы мен ояну мезеті арасындағы жан қозғалыстарын байланыстыра бейнелеп, түстен кейінгі адам санасы мен іс-әрекеттеріндегі психологиялық түзілістерді тереңдей талдауды да назардан тыс қалдырмаған. Түс көрудің қосалқы компоненттері сандырақтау, елес, елестету, есеңгіреу, шатасу, галлюцинация т.б. өң мен түс, өмір мен өлім аралығындағы жан азабын, шекаралық шақты, эзотериялық нышандарды, онейрикалық поэтиканы бейнелейді. Қаламгер қиялына ерік беретін түс көру сәтіндегі патопсихологиялық түзілістерді (жылау, үрку, қара терге малшу, шошыну, бастырғылу т.б.) физиологиялық, физиономилық өзгерістер мен сезімдерді суреттеу психологиялық шығарманың негізгі міндеті. Бұл тәсілді автор шығармаларында былай қолданған: «Өмірдегі тағдыр атты, өлім атты қасіретті ұғымнан бейхабар пәк жүректер, мүбәрәк жанды сәбилер оянған кезде анасыз қаларын, жетім атанарын білген жоқ. Түстерінде екеуі бірдей күрсініп жатты да, неге екенін қайдам, қандай жұмбақ күш ұйқылы сәби жүрегіне хабар жеткізгені белгісіз, үш жасар Тоты таң атқанша үш рет түсінде жылады. Үш ретінде де даусын шығарған жоқ. Бірақ кәдімгідей өксіп-өксіп жылады…» [3,198]. Мұнда жазушы кішкентай Тотының жетім деген аттың желімшедей жабысқанын, енді қашан да ең асыл сезімнен – аналық мейірімнен жетімдік көретінін кішкентай жүрегі сездіргендей етіп соншалықты сенімді әрі психологиялық тұрғыдан нанымды береді. Бұл тәсілдің қаламгер шығармаларында ұтымды пайдалануы арқылы кейіпкердің жан дүниесін, ішкі сырын анық байқатады. Біздің көңіл бөліп отырған жәйт – психологиялық прозадағы кейіпкер характерін, жан жүйесін ашудағы көркемдік бейнелеу және баяндау тәсілдерінің бірі, психологизмнің динамикалық принципі болып табылатын бейвербалды ишараттардың, сыртқы қимыл көріністерінің атқарып отырған көркемдік қызметіне жан-жақты тоқталу. Көркем туындыда, оның ішінде психологиялық шығармада кейіпкердің табиғатын, кісілік – келбетін, рухани дүниесін ашатын көркемдік компоненттердің бірі – осы бейвербалды ишараттар. Бұл тәсілдер жазушының да назарынан қалмағанын байқауға болады. Осындай әдіс-тәсілдер арқылы қаламгер өз кейіпкерлерінің психологиясын да ерекше сомдап шығады. Шынымен де адамды сөйлеу мәнерінен, стилінен, көзінің қарасынан, маңдайдағы әжімдердің қатпарынан, аяқ-қолының қимылынан, жүрісінен, тұрысынан, қол алысы қалай, бет терісі қалай, оның түсі, құлағы, танауы, еріні, иегі, қас-қабағы т.б. адам денесіндегі әрбір мүшенің қызметі мен орналасуы, қозғалысы арқылы адамның шын мәніндегі ішкі жан дүниесінен көп сырын ұғуға болады, яғни адамды толық тануға болады. Өзі ойнаған әр кейіпкерінің жан дүниесіне, образына еніп, тап сол секілді толғанып, сөйлейтін сахна саңлағы секілді әрбір жазушы да өз «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011 жыл кейіпкерінің ішкі дүниесіне ене отырып, оның бүкіл сахнадағы, өміріндегі, тұрмысындағы, тіршілігіндегі әрбір сезімдік психологиялық процестерді бастан кешіре отырып, өмірге әкеледі. Жазушы өмірінің қиындығы да қызығы да осы тынымсыз ізденісінде жатыр. Әрине әр жазушының кейіпкерді іздеу, сомдау, сөйлету әдістері әр түрлі. Әрқайсысы әр қырынан келеді, өз әлінше қимыл жасайды және әдебиеттің жалғыз объектісі – адамды сол тұрғыдан таңдап, талдайды, таразылайды. Әйтсе де әр жазушының өз кейіпкерінің ішкі дүниесін зерттеуі – өзінше бір әлем. Кербаланың «кез келген пенде атаулысы нәсіп еткен ошақ жылуын да, әкелік бақытты да сыйлаған» Хадишаға деген махаббатын, мейірімділігін тұңғышы дүниеге келердегі сәттерде оның іс-әрекеттерінен де байқауға болады: «Ол, сол бетімен сүріне-қабына атқа жүгірді. Сасқалақтағанда үзеңгіге аяғы ілінбей әуреге түсті. Ер-тоқымға мінер-мінбестен месторыға қамшы басты…», «…Кербала қыстауға оралып, үйдің есігін ашып қалғанда толғақ қысып жатқан Хадишаны көріп, бір орнында қатты да қалды. Буын- буынына діріл жүріп өтті… Кербала абдырап, әйеліне шарасыз жанарын тастап, дегбірсізденіп қалды. Кенет Хадишаның самайынан тер моншақтап қоя берді. Қысыла қымтырылғанмен, қиналғанын жасыра алмады да, жастыққа шалқалай берді… Баланың шыр ете қалған даусын естігенде, Кербаланың жүрегі дірілдеп, буын-буыны босады. Дегбірі қашып сипалақтап, Хадишаның бетіндегі терді сүртіп, айналсоқтай берді…» [3,177]. Жарас та қарындасы Тотыны көргендегі сезімін жасыра алмай, сағынышын автор іс-әрекетімен жеткізеді: «… Біресе еңкейе түсіп, қазандықтың аузына еніп кететіндей сұғынған қаршадай сүлдерді көргенде қуанарымды да, жыларымды да білмедім. Өксік қысты ма, ыза буды ма, шүйкедей көлеңкенің бейшара күйі қинады ма, қайдам, үнім шықпай қалды… Қолымды соза ұмтылып, құшақтай алдым. Селк ете түсті де даусымнан танып, мойныма асыла бере жылап жіберді. Босағадағы сағдардың үстіне отыра кетіп, баурыма басып, құшырлана қыстым. Күл аңқыған бетінен сүйдім… Кірпігіме шық іркілсе де, шертіп жібердім. …Тағдыр аязында үсіген туыстық сезімді оятқан сәбиді, іштегі реніш- уайымды да, ызамды да ұмытып еркелеткім, налалы көкірегін сергіткім келді. Қас қағым сәтке болса да қуанышқа бөленсің, бейуаз жаны бақытты, шын сәбилік, бауырлық бақытты сезінсін. Мен араласқаныммен қолдағы шара не… Шашын саусағыммен салалай тарап, маңдайынан иіскеп ем, ол нәзік саусағымен сипады. Мұрнынан еппен шерттім..» [4, 78]. Міне, осындағы жас баланың көңіл-күйін әрбір ырғақты пластикалық қозғалыс, сәнді жүрісі – мимикалық деталь, балғын денесіндегі әрбір әдемі «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011 жыл діріл, әрбір тамырының соғысына дейін психологиялық тұрғыдан суреттеу – өте сирек кездесетін құбылыс. Көркемдік детальдің кейіпкер психологиясын, ішкі құпия сырларын әшкерелеудегі көркемдік ролі орасан. Қандай да қатыгездікке бекінген Тоқметтің қолына түскен Кербаланың психологиялық портретін автор былай береді: «Дертті жалынға оранып, жанталасқан Кербалаға осынау сұрқия көрініс сандырақпен араласқан елеске ұқсаған. Шыңғырған әйел даусы төбе құйқасын шымырлатып, жанын түршіктірген. Бірақ арашаға асқынған ауру дес бермеді. Қарманса-ақ болды, шыңырауға құлап бара жатады. Не топан суы қаптап қарашығы өңменіне қадалады. Жыландай ысылдаған даусы мен ыңқылдаған әйел ыңырсуы қоса араласып, есінен тандырды. Көз алдында бүкіл дүние тамырымен қопарылып, шексіз тұңғиыққа батқандай… …Суық су құйып жібергендей тітіренген Кербала нарттай қызарып тұрып қалды. «Кімді кім өлтірген?… Не болып барады, дүние. Қайда, қашан… Бір түнде соншама бүліншілікке ұшырағаны ма. Мынау өзі кімді іздеп, қайсысын лағынеттеп тұр». Кеберсіген ерні әзер қимылдап, тілі аузына сыймай күбірледі. – Ұлар… Есі бір кіріп, бір шығып, зың-зың етеді». [3, 93-95]. Немесе: «Денесі ысып, тұла бойы лаулай тұтанып, тынысы тарылып, өртеніп жатқан Кербаланың есі кіресілі-шығасылы. Көзі қанталап, шарасына үрей ұшқыны толған. Ерні кеберсіп, тамағы қаңсып, жұтына демігеді. Кірпігі айқасса-ақ көз алдына қызылды-жасылды сәулелер айқыш-ұйқыш ойнақшып, дүние шыр айналып қоя береді. Жер төңкеріліп, жүрегі лобып, басы зеңіді. Құлап барады, шыңырауға құлдырай заулайды. Түпсіз тұңғиық… Өлді-ау, құтқарыңдар… – Құт – қа – рың – дар! Тұншыға шыққан даусы ыңырси естіліп, шошына айғайлады. Қылғынған мал сияқты қырылдай түсіп, сандырақтады. «Аш қалды, балалар, аш… Өгіз… Атан өгіз. Әкел, туды, әкел. Тоқта… тоқта! Түбі тұншықтырады, атады… Уһ! Мына Жартыбайды қара». Жерді кілем сияқты шеңгелдей ұстап, сілкіп-сілкіп жіберді. Тағы да құлдырап, түпсіз тұңғиыққа зымырады. Кенет алдынан үлкен толқын топан суы күннің көзін көлеңкелей қопарылып, қарсы ақты. Обырлана жұтады, қазір жұтады. Топан суы қаптапты дүниені. Енді қылғыта салады. Тұншықтырады. Малтыса да құтқармас. Кетті…» [3,91]. «Қар астындағы көбелек» романының басты кейіпкері Жарас та осындай халді басынан аз кешпеді. Содан бір үзіндіге назар аударсақ: «Қараңғы түнде, оқшау күркеде ыстық буып, өзімнің аз ғана күн жарық көрген кішкентай ғұмырыммен жанталасып жатқанда осы сөздерді шынымен естідім бе, жоқ, сандырақтап жатқандағы елес пе, анық білмеймін. Әйтеуір, осы уақытқа дейін салқын ғана мәнермен, байыппен ашына сөйлеген Торғынның сол үні «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011 жыл көкейімнен кетпейді. Үнемі құлақ түбімде сыбырлап, жан уайымын төге мұңын шаққандай сезінемін. Қызылды-жасылды сәулелер жанарымда ұшқындап, біресе құздан құлаған аюдың барқыраған ащы айғайы елестеп, біресе әсем айдарлы балықтардың арасында жүзіп, біресе шегірткелерге таланып жатып, шешем емірене келіп маңдайымды ұстағанда бар айтқаным: – Анда баршы… Торғынға баршы, тәте, ол жылап жатыр,- деппін. – Ол бәрін біледі, әкесін естіді» [4,51]. Кейіпкерлердің әділетсіздікке қарсы тұрудағы жан күйзелісін автор психологиялық ортаны құрайтын әрбір психологиялық деталь кейіпкердің көңіл-күйіне әсер етпей қоймайтынына көз жеткізеді. Кейіпкердің осындай өліара шақтардағы ауыспалы көңіл-күйлер, дүдәмалды дүниетанымдар, күдікті сезім арпалыстары, сана мен іс-әрекеттердегі қақтығыстар, т.б. секілді қоғамдық өмір мен жеке адам өміріндегі түбегейлі өзгерістер романдағы кейіпкерлердің бәріне өз әсерін тигізбей қоймайды. Осындағы үздіксіз жүріп жатқан психологиялық үдіріс, санадағы тоқтаусыз ой қозғалысы мен іс- әрекет қайшылығы баланың сол сәттегі психологиялық жағдайын да жан- жақты бейнелеп береді. Жазушының бейвербалды ишараттарды эстетикалық, көркемдік құндылық дәрежесіне жеткізе білуі көңіл қуантады. Экзистенционалдық мәселелерді, рухани құндылықтарды шешу барысында оның кейіпкерлері азапты да күрделі философиялық, психологиялық құбылыстарды бастан кешеді. “Психологиялық бейнелеу тәсілінің бірі – елестету, еске алу, еске түсіру (вспоминание). Адамның көңіліне келіп, жүрегін жаншып ауыртатын бір ауыз сөздің қайта-қайта еске түсуі қаншама ой арпалыстарына, сана қақтығыстарына, азапты да күрделі психологиялық ахуалға жол береді. Сананы сарсытып, сан алуан көңіл-күй кештіреді. Бұл кейіпкердің жан әлеміндегі күйзелісті күшейтуге, психологиялық ала бүлікті тереңдетіп, талдауға және оны жан-жақты ашуға, суреттеуге сеп болады” [1,266]. Мысалы, «Жер-бесік» романында Кербаланың елестетуін: «Ақ қармен қымталған үйдің төбесіндегі тақтай он тоғыз, бөрене үшеу… Онда күн шуағы жерге тік түсетін, дүние жасарып, құлпырған шақ-тын. Он тоғыз тақтай, үш бөрене… Тобылғылар бүр жарып, ақ шешектенген. Түу… тағы да елестеді ме? Он тоғыз тақтай, үш бөрене… Қараспан аспанның бояуы көгілдір бояудан аумайтын… Қап, қалай құтылады, мынау елестен, Бір, екі… бес… он алты… он тоғыз тақтай, үш бөрене. Сонда Кербаланың жанарынан мөп-мөлдір моншақтар ақ көйлегінің өңірін жуған…»,- деп көрсетеді [3,120]. Жарастың іштей анасымен қоштасуын сәтті бейнелеген: «Сол сәтте ол көк кептердің сорпасынан ем қонбасын, анасының өзімен қоштасып, бақылдасып жатқанын сезгендей болды. Буын-буынына діріл жүрді. Шешесінің ертегідегі мыстан кемпірдің үрейлі үңгірі сияқты суық дүниге аттанып, содан қайта оралмайтындай, құбыжықтар анасын байлап-матап жібермейтін сияқты.

Оставить комментарий

Загрузка...