Киелі билеу және орталық билік

Монархизмді ақырына дейін пайымдау үшін оны мен сіздің ойыңызды дұрыс түсінсем, тек құрбандық шалу негізінде пайымдау керек. Р.Ж.: О баста ешбір патша билігі және ешбір институт жоқ. Тек «нағыз құрбандық текесін» құрайтын аманатқа қарсы еріксіз бітісу ғана бар, өйткені әлгінің не екенін ешкім айта алмайды. Барлық өзге адамзат институтыңдай патша билігі о баста тек бітістіру механизмді тудырудың ерігі. Адамдар өздерін алғашқы аманатқа емес, оның идеясына өте ұқсас жаңа құрбандықпен қамсыздандырғысы келеді, және ол идея құрбандық механизмнің тиімділігінен орныққан. Егер тәртіп пен бейбітшілікті орнату үшін оны өлтіру ғана жеткілікті болса аманаттың өзі айыпталған қылмыстарды жасағанына қалай сенбейсің? Бұл толығынан қылмысты аманат ойыны, егер ол алдымен бәрін тәртіптен айыруға қабілетті болса, кейін ол өзінің өлімімен бәрін қайта тәртіптейді, сөйтіп қоғамдастық бұл ойынды қайта қайта ойнай береді; және ойын ережесін сақтаудан оңай нәрсе бар ма аманатқа оның өзі құрбандыққа шалынбай тұрғаңда оның прототипі жасаған деп саналған қылмыстарды жасатау талабынан тиімді нәрсе бар ма? Біз киелі монархняны түсінбейміз, өйткені негізқалаушы механизмнің тиімділігі аманатқа қатысты ағаттықты, оның кінәлігіне бұлтартпас сенімді талап етеді. Сондықтан әлгі аманат ритуалды түрде инцест және езге қылмыстар жасауға итермелейді. Алғашқықауымдық адамдардың өздері өндіруге тырысқан механизм жөніндегі білімсіздігі бізге де тән, бірақ олар ең Кемінде бұл механизмнің шынайы екенін біледі; міне сондықтан олар оны өндіруге талпынады. Біз алғашқықауымдық білімсіздігі үстіне қазіргі білімсіздігімізді қосамыз. » Патшаны таққа отырғызу» ережелері құрбандық шалу ережлеріне ұқсас; олар патшадан миметикалық ангагонизмді арналандыратын құрбандық жасауға бағытталған. Мұның көрсеткіші, көптеген қоғамдарда патшадан қылмыскер жасау тобырдың оған ритуал бойынша қарсы шығыумен, қастандық көрсетуімен, бірақ одан кейін тағзымды бағыныштылығымен сапарлас. Бұл екі позиция киелілік негіздейтін дағдарыс және бітісі екі трансферлеріне сәйкес. Патша о баста құрбандық шалуға дейін қалдырылған аманат және мұнда қоғамдастықты миметикалық зорлықтан ритуалды тәртіпке апаратын өзгерістің құрбан есебінен болатыны жақсы көрінеді. Бұл құрбандық іс жүзінде пәс, бірақ ұжымдық трансфер қоғамдастықты барлық жауапкершіліктен босатқандықтан өте белсенді және құдыретті аманат иллюзиясын қоздырады. Патша билігі осы құрбандық текесі жөніндегі тура метафизикалық және діни иллюзияны сахнаға қояды. Ж.­М.У.: Сіз айтқан нәрсенің бәрі барлық құрбандық институттары мен барлық құрбандықтарға қатысты дұрыс. Әйтсе де бір мәнді социологиялық өзгешелік бар. Монархия жағдайында аманаттың еріктілік жәй ғана теоретикалық емес. Патша ережелер орнатады және ол адамдарды өзі орнатқан ережелерді орындауға мәжбүр қылады. Заң бұзушыларды ол қатаң жазалайды. Патшаның билігі өте шынайы және оның құрбандыққа шалынуы көбінесе комедия, немесе тіпті, комедияның комедиясы. Өзге аманаттарға байланысты бәрі керісінше. Онда билік тек теорияда ғана ол көп болса аса әлеуметтік мәні жоқ кейбір артықшылықтар берер, ал құрбандық шалу болса толығынан шынайы, аманатты шын өлтіреді. Г.Л.: Сіздің гипотезаңыз барлық институттар арасындағы аналогияны есепке алады, бірақ тек жалаң сөзге тана қанағаттана алмайтын қазіргі бақылаушы патша мен құрбандық арасында ұқсастықтан гөрі айырмашылық коп екенін айтады және оның ойынша сіз институттардың арнайы өзгешелігіне назар аудармайсыз. Бірінші жағдайда мәселе қоғамда шын билік ететін құдіретті персонаж, патша туралы, ал өзгесінде — қалауыңыз болса бәрін өлтіре салуға болатын бейшаралармен. Әрине бұл айырмашылық социолог үшін өте маңызды, оның маңыздылығы сондай, ол патшаның құрбандыққа шалынуын — және құрбандық билігін өте тектеулі мәні бар мизансцена ретінде қарастырады. Сізге билік әрқашанда діни маскаларда жасырынатынын және сіздің осы маскалардың аңқау құбаны екеніңізді үйретеді. Р.Ж.: Құрбандыққа шалынған патша; адамдарды оларға ұсынылған тирания астамшылығы жөнінде алдауға тырысатын билік идеясінің өзі осында емес пе? Мүмкін, біз монархияда құрбандық шалу комедиясымен, немесе комедияның құрбандық шалуымен істес шытармыз? Біз тезисімізді басынан бастап қайталайық. Барлық адамзат институттарында әңгіме алдымен және әрқашанда жаңа құрбандықтар арқылы бітістіруші ұжымдық жазалауды өндіру. Алғашқы аманат өзінің кез келген келіспеушіліктің және кез келген келісімнің көпекөрінеу негізі ретінде адам қолы жетпеген және сұмдық абыройлылыққа рақаттанады. Оның соңынан келген аманаттар бұл абыройлылықты мұра етеді. Дәл осы абыройлылықтан кез келген саяси, немесе діни еріктіліктің принципін іздеу керек. Ритуал әдеттегі оларды тура мағынасында «құрбандық» деп атайтын құрбандық түрлері емес саяси институтты, монархиялық билікті жасауы үшін қандай оқиға талап етіледі? Аманат оған берілген өлтіруді кейінге шегеруді пайдаланса, оған бодандылардың көрсететін тағзым мен құрметін тиімді билікке айналдыру үшін сол жеткілікті. Онда аманатты таңдау н и оны құрбандыққа шалу арасындағы уақыт аса көп мөлшерде ұлғаюға тырысады. Және бұл ұлғаю болашақ құрбандыққа өзінің қоғамдастықтан шын астамшылдығын қамтамасыз етеді. Бұл астамшылық асқан құдіретке жетіп, ал қоғамдастық бағыныштылығы құлдыққа айналғанда, онда монархтың шын құрбандыққа шалынуы нақты беймүмкін болады, ол енді тіпті мүмкін емес. Бірден үзіле қою үшін құрбандық шалу мен монархия арасындағы қатынас тым п.и ыз, бірақ ол өзгеріске түседі. Құрбандық шалу рәсімінде әрқашан орынбасарлар болады, сондықтан әрқашанда өзіңнің орныңа өзгені қойып, құрбандыққа тек орынбасардың орынбасарын шалуға болады. Кейде, тіпті, Фрезер жазған тибеттік Жално сияқты орынбасардың орынбасарының тым шынайы билікке жететіні сонша, енді оны құрбандыққа шалуға болмайды, енді оның өзіне орынбасар керек. Сөйтіп құрбандық шалу барған сайын рәсімнің шетіне шығарыла береді. Ақыр аяғында ол жоқ болады. Мұны қазіргі монархияға қарай эволюция, «өз мағынасындағы монархия» ‘деп атауға болады. Керісінше, аманаттың еріктілігі нақты билікке құйыла алмаған барлық жерде «өз мағынасындағы» құрбандық шалуға қарай кері эволюция жасалады. Аманаттың өлтірілуі шегерілудің орнына, нығызданады. Аманаттың діни билігі әр қадам сайын мардымсыз бір артықшылқтарға ауысады. Ақырында өлуге тиіс кісіге жасалған бұл привилегиялар, өлім жазасын орындау француз ритуалындағы өлім жазасына кесілгенге сигарет немесе бір стакан ром беру сияқты, жәй адамгершілікке ұқсас. Ж.­М.У.: Демек, сіздің зерделеуңізде шынайы бір жерде нағыз» патшаны «нағыз» құрбандыққа шалу жасалып жатыр, немесе «нағыз» аманат шын саяси билікке ие деп айту міндетті емес. Демек, сіздің пайымыңызда саяси аңғалдықтың, немесе шындыққа жанаспаушылықтың ізі де жоқ. Шындыққа жанаспайды деп өздерінің структуралық шахмат тақтасын кез келген шынайы әлеуметтік контексттен тыс, немесе шынайы әлеуметтік контекст үшін символогиялық аналогияларда ешбір есеп бермейтіндерді атауға болады. Р.Ж.: Социологиялық тезистің әрқашанда ритуал онсыз өмір сүре алатын және өз тірлігі үшін оны қажетсінбейтін институтарға катысты қосалқы нәрсе деп айтатын идеяның варияциясы екенін баса айту керек. Бұл перспективалардың біз үшін табиғи және өзінен өзі екені сонша, олар біздің ең жиі қолданатын терминологиямызға қосылған. Біз монархия киелі дейміз, алдымен монархия, кейін киелілік жүретіндей, киелілік одан бұрын болған ешбір қайта ашылуды күтпейтін монархияға қосылғандай. Егер біз патшалық билікке, немесе қазіргі ең ритуалға бағынышсыз мемлекеттегі орталық билік деп аталатын нәрсеге, оның қазіргі кездегі қызметіне қарасақ, ол тіпті өте құдыретті болса да, таза билік етпейді, ол қарапайым және таза басып­жаншудың орнына, өзге бір нәрсені қолданады. Патшалық билік қоғамның дәл жүрегінде орналасқан. Ол ең негізқалаушы ережелерге бағынышты қылады; ол адам тірлігінің ең құпия операцияларына, сексуалды және жанұялық өмірге бақылау жасайды; ол біздің өзіміздің ең аяулы ішкі сырларымызға енеді, бірақ алайда көптеген қатынастарда ол өзі бейнелейтін ережелерден өзі қашады. Әулие Августиннің құдайы сияқты ол бір уақытта біздің сырымыздан гөрі сырлы және ең шеткі қырымыздан гөрі қырлы. Бұл идея билікті көксеген индивидтардың таза және қарапайым ой жемісі болуы үшін тым күрделі, ондай болғанда оларға оларды киелеуге дейін мәжбүр егетін аңғарымпаздықпен тура миға сыймайтын күш тон болу керек еді. Патша өзінің шығу тегін өзінің «тәңірлік хұқығын» насихаттау өнерінде жасыратын жасанды салтанатқа оранған қарақшылар басшысы емес. Егер тіпті адамдар өзіне немесе сыртқа көз тігіп киелі биліктің бір уақытта имманенттілігін және трансцендентілігін байқаса да, тіпті егер олар оны тұтастай ойлап тапса да олардың оны қалай өз ішінде орнатқаны, бүкіл қоғамға таратқаны, нақты институтқа және басқару тетігіне жеткізгені түсіну мүмкіндігінен мүлде тыс нәрсе. ГЛ.: Өзге сөзбен айтқанда сіз ешбір ең қатыгез тирания, немесе «қоғамдық келісімнің» абстрактты жақсы ниеті патшалық институтын түсіне алмайды дейсіз. Бұғаншамасы тек дін ғана қабілетті және тек ритуалды парадокс қана орталық биліктің парадоксын өндіреді. Р.Ж.: Биліктің шығу тегі өзінде емес екенінің дәлелі, көптеген қос нұсқалы (дуальды) деп аталатын қоғамдарда оның ешқашанда болмағаны және ешбір индивидтің оны ойлап таппағаны. Мәселе биліктің діни көлгірсуде жасырына алу мүмкіндігін жоққа шығаруда емес. Керісінше. Оның мұны жасауға бейім болатыны, ол бір күні нағыз билікке аймалғаннан кейін діни формалар әрқашанда оның хұзырында болады. Таза социологиялық пайым ешқашан түсіндіре алмайтын нәрсе, патшалық комедиясы әңгіме шынымен комедия туралы болғанда да, құрбандықтың комедиясы. Дәл сол сияқты социология ритуалдық өлтіру неге әрқашанда құрбанға еріктілік символдарын беретінін ешқашан түсіндіре алмайды. Өзін қашан қандастары жеп қояды деп күткен Тупинамба тұтқынының қалайша құрметі тек киелі патшаға тән тағзым ету объектіне айналатынын қалай түсіндік? Бізге бұл құпияны кім түсіндіреді? Еріктілік және құрбандық шалу арасында барлық жерде символикалық байланыс орнатылған. Билеушілік осы байланысудың көп формаларының бірі ғана, ондағы барлық шынайы социологиялық салмақ еріктілік жағына түскен. Тек билеушілікке ғана жарамды түсініктеме саяси құпияланған биліктің теориясы ретінде шынайы емес. Көптеген институттардың жалпы сипаттамасын ұғыну үшін мейлінше ең жалпы түсіндірмені қабылдау керек. Ж.­М.У.: Өзгеше айтқанда, сіз үшін структурализм қалай социологиялық шынайылықты өшірсе, социологизм символикалық структураларды өшіреді. Мәселе шынайылықтың бұзылуының екі нұсқасынан біреуін таңдауда емес. Сіздің құтқарушы құрбандық жөніндегі гипотезаңыз оларды ұштастыруға мүмкіндік береді. Р.Ж.: Мен бұған сенімдімін. Киелі монархия және өзге діни формалар арасындағы біртектілік кездейсоқ немесе үстірт қолдану болу үшін тым айқын. Г.Л.: Монархияға қатысты құдайлану идеясын қалай түсіндіресіз? Р.Ж.: Меніңше, басты айырмашылығы өте айқын. Монархияда интерпретация акцентті аманатты таңдау мен оны өлтіру арасындағы интервалға қояды, демек бұл әлі құрбандыққа шалынбаған құрбандық, өлі тірі аманат. Тәңірлеуде, керісінше, интерпретация акцентті өлтірілген аманатқа қояды, демек, бұл қоғамдастықтан қуылған киелілік. Бірінші жағдайда киелі күш әрқашанда бір, тірі және патша тұлғасында жүзеге асқан; екіншісінде, тәңірі «тұлғасында» ол жоқ. Киелі принциптің дәл осы жоқ болуы заттарды тәңірлеуде одан сайын абстрактты қылады, барған сайын айқын айырмашылық пен жіктеуге мәжбүрлейді. Мысалы, құрбандық шалу бастауды қайталауда дәл бола алмайды, өйткені тәңірі одан тыс. Құрбандық шалу алғашқы әрекеттен өзгеше болғандықтан, ол әдетте әлжуаз қайталану идеясына дамиды, ол киелілікті өндіреді, бірақ бұрынғыдан әлжуаз сапада, сосын ол да қуылуға және тірлікті көбейтуге және нәрлеуге тиіс. Дәл осыдан киелі күшке сый ретіндегі құрбандық шалу идеясы туады. Монархияда, керісінше, бастау op таққа отыруда және әр құрбандық шалуда қайталанады. Сөйтіп осы қайталаудан өзге нәрсеге орын жоқ. Ақыр аяғында тіпті монархиялық оқиғаға тәуелсіз мифке де орын жоқ. Билеушілік ол әрекеттегі мифология. Патша әрқашан қайталайтын әрекеттерден тыс есте сақтайтын ештеңе жоқ, бұдан тыс патшаның өзі қорқуға немесе тағзым етуге тұрмайды. Міне, сондықтан монархия, оның құрбандық шалу институтымен байланысты қалпында аса әшкерелеуші институт боп қала береді. Тіпті таққа отыру патшадан құрбандық текесін жасайтынын мойындайтын этнологтар бар. Мысалы, Люк де Гейш өзінің киелі инцест туралы кітабында Руандадағы таққа отыру ритуалын атап өтеді. Онда патша және оның анасы өлімге кесілген ретінде бір­біріне байланған түрде көрінеді және абыз былай дейді: «Мен сені найзамен, семсермен, умен, мылтықпен, шоқпармен жаралаймын, етер бір әйел жебе, найза… жарасынан өлсе, мен бұл әрекеттерді сақан көшіремін». Мұнда киелі патшаның құрбандық текесі екені жақсы көрінеді және ол қияли немесе фрейд мағынасындағы қылмыстың емес, шынайы зорлықтың құрбандық текесі. Көптеген этнологтар патшаның құрбандық текесі екенін аңғал мойындайды, бірақ олар бұл ең жындысүрей еркіндіктің және ең шексіз басып­жаншылудың қызық одағына көп кідірмейді. Олар мұнан біздің Республика президентінің Құрметті легион басшысы болуы сияқты бір » таза табиғи» нәрсені, монархияға бір қосалқы функцияны көреді, немесе бұл тақырыптан ойда немесе болмыста болуы беймүмкін бір құбыжықтан қашқандай қашқақтайды, ал біз болсақ, белгілі мөлшерде барлық монархияларда және ақыр аяғында барлық құрбандық институттарында әйгіленген бұл шептердің ұштасуын ашамыз. Біздің өз ұғымдарымызға кереғар дәйектерді пайымдаудан бас тарту іс жүзінде естен тандырушы күшке ие. Егер патшалық және тәңірлік принциптер бірі бірін жойса, олар: «дағдарыстың зорлап шешілуін қалай қайталау керек?» деген фундаменталды ритуалды сауалдың екі түрлі шешімі болғандықтан. Патшалықта құрбандық шалудан бұрын, ал тәңірлеуде кейін болатын нәрсе басым. Екі шешімнің де тең мүмкін екенін ұғыну үшін, біз қазір айтқалы ниеттенген көпмағыналық пен көпнұсқалық туралы есте сақтаған жөн. Құрбандық шалу ол әмбебап айналмалы маңдайша; сондықтан оны өзі ретінде қайталауға болмайды және нақты ритуалдар әрқашанда нәтижелері оңай анықталатын, нақты институттарға қатысы бар өзгелерді есепке алмайтын бір синхронды сәтке акцент жасайды. Ж.­М.У.: Бұл сәйкестіктерді бір кезде анықтағасын, құтқарушы құрбандық туралы тезис енді жәй қиял боп саналмайды; оның шынайылығы көпекөрінеу болғаңдай, бірақ этнологтар оны қабылдамайды, өйткені олар өздерінің олардың, ойынша баяғыда бас тартқан ойлау тәсілдерінің әлі де болса қай мөлшерде ықпалында қалтаңдарын байқамайды. Олар әрқашанда тәңіріні «табиғи» деп елестетеді; киелі патша тәңіріден ритуалды формалардан тәуелсіз тірлік ететін саяси биліктің пайдасына белгілі бір ауытқудың нәтижесі. Р.Ж.: Барлығы патша — «тірі құдайдың» нұсқасы деп қайталай береді, бірақ ешкім тәңірі өлі немесе ғайып болған» патшаның нұсқасы деп айтпайды. Содан біздің бейшара ұғымдарымызды бұзбау үшін патшаның құрбандығынан, патшаның киелілігінен бір қосалқы идеяны көреді. Бізге біздің пайымдарымызда тәңірі идеясымен анықталатын арнайы теология басшылық етеді. Бұл теологияда діни скептицизм ешнәрсе өзгертпейді. Біз тәңірі атауындағы барлық діни схемаларды қайта пайымдауға мәжбүрміз, өйткені біз одан құтқарушы құрбандықты көрмейміз. Етер сіз психоанализ бен марксизмге көз тіксеңіз сіз бұл теологияның олардың ажырамас бөлігі екенін көресіз.

Читайте также:  Шәкәрімнің ақындық ортасы

Оставить комментарий