Үкілі Ыбырай туралы

Ыбырай Сандыбайұлы (1860­1932) заманында алдына жан салмаған жүйрік әнші, суырыпсалма ақын, талантты композитор болғандығы мәлім. Халық оны еркелетіп «Үкілі Ыбырай» деп атап кеткен. Өйткені ол қазақтың сал­серілеріне тән қасиет ­ бас киіміне, домбырасына үкі тағып жүреді екен. Төмендегі өлең жолдары осыны айқын дәлелдесе керек. Ән салып, сері болып талаптандық, Тыңдамай ақылын да барлық жанның.

Бөркіме үкі тағып сәндеп киіп, Жолына түспей кеттім дүние, малдың. Ыбырай бұрынғы Ақмола губерниясының Көкшетау уезіне қараған 5 аулында (қазіргі Айыртау ауданы, Көкшетау облысы) темір ұстаның отбасында дүниеге келеді. Әкесі Сандыбай бүкіл аймаққа аты жайылған, темірден түйін түйген ұста болған. Болашақ өнер иесі Ыбырай бала кезінде ауылдағы молдадан сауатын ашып, жазу­сызуды меңгереді, әке жолын қумай өнер жолына бет бұрып, ән­өлеңге құмартып өседі.

Бір сөзбен айтқанда, алғашында жасы үлкен әнші, ақындарға ұқсасам, солардай болсам деген еліктеу кезеңінен өткен соң әншілік дәстүрін өзі жалғастыруға бел байлайды. Жастың ондай талабы текке кетпейді, өзі білетін ән, жырларын, өлең, толғауларын, қиссаларын ел аралап айтып жүріп, халық құрметіне бөленеді.

Сонан кейін өзі өскен ортада өмір сүрген Біржан сал, Ақан сері, Орынбай, Шөже, Арыстанбай тәрізді ақын, әнші­жыршылардан тәлім­ тәрбие алып, солардың айтқан әндерін орындап, ән айтудың алуан түрлі сырларын меңгереді, әншілік пен ақындықты қатар алып жүреді, әрі өз өлеңдеріне ән шығаруға талаптанады. С

өйтіп, ол қазақтың халық музыка мұрасының дамуына ерекше үлес қосып, өзінен бұрынғы және өзімен үзеңгілес келе жатқан өнер иелерінің үлгі­өнегесін сабақтайды. Енді Ыбырай тек әншілік­орындаушылықпен шұғылданып қоймай, өз жанынан ән шығарып айтуды әдетке айналдырады. Осының нәтижесінде Ыбырайдың көптеген әндері дүниеге келе бастайды. Атап айтқанда, «Гәкку», «Қарақат көз», «Балқурай», «Шалқыма», «Қаралдым», «Сүйгенім кете барды қасыма еріп», «Кісіге кісі жары жар болмайды», «Сұлу Көкше», «От арба» және басқалар.

Ол әндерін жоғарыда аталған ұстаздарының әсерімен шығарғанын жасырмайды: Өлеңмен екі өкпеңді қалқытайын, Денеңді қорғасындай балқытайын. Біржаннан алып қалған әнім еді, Толқыта «Шалқымамды» шалқытайын. Осыған қарағанда, Ыбырайға Біржан салдың шығармашылығы игі әсер қалдырғанын білеміз.

Бұл әнді Ыбырай «Дауыс ашарым» деп орындайды екен. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған», «Дүние», «Қарақат көз», «Гәкку», «Желдірме», «Шалқыма» әндерінің кейбір түрлерін А.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» (1925) және «Қазақтың 50 ән, күйі» (1931) жинақтарынан табамыз.

Сондай­ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының орталық ғылыми кітапханасының қорында сақталған қолжазбадан орын алғандары да бар. Ыбырай туралы А.Затаевичтің «1000 ән» жинағының 34­ескертпесінде былай дейді: «Ыбырай Ақмола губерниясы Көкшетау уезінің кәсіпқой әншісі Әбдірахман Бегішевтің айтуынша, жасы алпыс бестерге келген, қуақы, қалжыңқой шал көрінеді.

Ә.Н.Бөкейхановтың [1] растауынша, жас кезінде ерекше күшті тамаша тенор даусы болыпты, сондықтан да оның өнеріне бас иіп құрметтеушілердің ішіндегі ауқаттылары Ыбырайды музыкадан білім беру үшін Петербургқа да алып барыпты, бірақ ол мұндай ниетті жүзеге асыра алмапты. Ыбырай есейіп кетсе де әнді тамаша айтып, домбыраны да шебер тартатын болған. А.Құлымбетов пен С.Сейфуллиннің айтуларына қарағанда, жуырда 1924 жылдың қазанында Қызылжарда қазақ жастарының кешінде сахнаға шығып, өзінің «Қалдырған» атты мейлінше әсем әнін шырқап берген екен.

Бір қызығы, ол Сейфуллинге жас күнінде даусым жазық далада 7 шақырым жерге жететін еді деп мақтан айтыпты». А.Затаевичтен кейін Ыбырай ақынды көзімен көріп, бірге жүрген жазушы Сәкен Сейфуллин халықтың әнші композиторларына өлең арнап, ыстық ықыласын, әділ бағасын қалдырғанын көреміз: Әнші бар Көкшетауда талай ірі, Ыбырай топжарғанның о да бірі. Қаңбақша қыз­бозбала қағып алып, Жайылған талай әсем ән мен жыры. Өзі ақын, ән шығарғыш, домбырашы, Сауықтың жан думаны, болған пірі. Ақырып арыстандай ән салады, Ыбырай жүйрік тарлан әлі тірі.

Читайте также:  Батыс әлемінің ерекшелігі

Сәкен қазақтың ақын, әншілеріне өзінің көркем туындыларын арнағаны, поэзия тілімен Ыбырай, Ақан сері, Балуан Шолақ, Қажымұқан, Біржан сал шығармашылығын шабыттана жырға қосқаны белгілі. Әсіресе, Ақан сері мен Ыбырайдың туындылары бір­бірімен үндес келетіндіктен айқын ажырата қою да оңай емес. Ол екеуінің өскен ортасының, дәстүрінің, жырлайтын тақырыптарының ортақтығына да байланысты болса керек.

Дегенмен де, Ыбырай сарынындағы қол бұлғап шақырып тұратын ерекшелік шығармаларының терме, толғау, желдірме түрінде қысқа­қысқа тақпақтап айтылатын интонациялармен өрілетіндігі және де диапазоны жағынан шағын жүйеге құрылған әуен­саздардың басымдылығында дер едік. Ыбырай жинағындағы [2] «Маңмаңгер», «Майда қоңыр» әндері ертеректегі зерттеулерде Ақан серінікі делінгені де мәлім. Сол пікір дұрыс па дейміз.

Өйткені, бұл әндерде Ақанның екпін сазы байқалады. Сері жүйрік ат, алғыр қыранды әніне көбірек арқау еткен ғой. Оның атақты «Құлагер», «Көкжендет» әндері осының айғағы. «Маң­маңгерді» де соның қатарына қойған орынды. «Майда қоңыр» әнін алғаш рет жазып алған А.В.Затаевич өзінің «Қазақ халқының 1000 әні» кітабының 92­ескертуінде: «Егер мен ұмытпасам, Найманбаев маған бұл әннің авторы «Құлагерді» шығарған Ақан сері деген еді», ­ дейді.

Шынында, жиырмасыншы жылдары айтылған деректі мойындамасқа болмайды. Қазіргі уақытта «Аңшының әні» үлкен дауға айналып жүр. Бірде Шыңжаңда туған ән десе, енді бірде Ыбырай Сандыбайұлыныкі деген пікірде толастар емес. Ән тарихын қозғағандардың қайсысына сенеріңді білмейсің. ЬІбырайдыкі болса, Дәнеш Рақышев радиодан жаздырғанша неге ешкім естімеген деген заңды сауал туады. Ыбырайдыкі емес десең, жиырмасыншы жылдары жарық көрген өлең текстерін қайда қоясың? Аталмыш ән ­ «Бір қызық ит жүгіртіп, аң ауласа» деген атпен жарияланған. («Қызыл Қазақстан» журналы. 1924. N 7, 8, 9 сан дар).

«Аңшының әнінің» биік дәрежеге көтерілуіне әнші Дәнештің дарындылығы ықпалын тигізгені ақиқат. Өйткені бір ауыл мұғалімінің айтуындағы бас­аяғы жоқ елеусіз әнді әрлеп, жүйелі өрнегіне келтірген, одан соң Шыңжаң өңіріне ғана емес, бүкіл Қазақстанға таратқан Дәнеш Рақышев құдіретіне бас иіп, әннің өмірлі болуы әншіге байланысты деген қағиданың растығына тағы да көз жеткіземіз.

Өйтетініміз Ыбырайдың атақты «Гәккуінің» ондаған нұсқаларының ішінде Иса Байзақовтың Б.Г.Ерзакович жазып алған түрі әннің жұлдызы болып кетпеді ме? «Аңшының әні» де кезінде жақсы әншінің арқасында аса көркем туындыға айналды. Біздің білетініміз Ыбырай өлеңдерінің бәрін әнмен орындаған әнші­композитор. Ол төл музыкасымен қатар, халықтың әуен­саздарын да пайдалануы мүмкін. «Аңшының әні» дәл сондай шығармалардың бірі болуы ғажап емес. Сондықтан да бұл ән туралы дауды доғарып, Ыбырайдың авторлығына бірауыздан қол қоятын мезгіл жетті.

Көптеген халық композиторларының шығармашылығы сияқты Ыбырай әндерінің ішінде махаббат лирикасы молырақ көрініс тапқан. Қағаз бетіне түспей, ауыз екі таралған әндердің мәтіндерінде қыздардың сұлулығын суреттейтін теңеулерді жиі кездестіреміз. Сондай ғашықтық әндердің бірі ­ «Гәккуде» автор сүйген қызы Кәкиманы аққу құсқа теңейді: Шомылған айдын көлде сіз бір аққу, Мұндай сөз естідің бе бек ләззат алу. Сырнай мен домбыраның арасында, Балқыған қорғасындай қайран гәкку. Ән қайырмасындағы өлең аққу үніне ұласатын «Гәкку, гәкку» деген одағайлармен шебер үйлесім тауып, автордың ой­қиялынан туған арман мен зарды жаңғырықтырып, күшейтіп тұрғандай әсер береді.

Читайте также:  ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРЫ ТУРАЛЫ

«Гәкку» әнінің төрт нұсқасы бар. Бұл заңды да. Өйткені ол кезде қағазға түспеген ән әуенін автордың қайта қарап, сан құбылтып, жүз түрлентіп, құлпыртып отырғаны белгілі. Ал, Ыбырайдың аузынан естіп, үйренген басқа орындаушы­әншілер өз жанынан тағы да қосымшалар қосып, қайырымдарына кейбір өзгерістер енгізулерінің арқасында бір әннің бірнеше түрлері пайда болады.

Сонымен «Гәккуді» айтып, нотаға жаздырған төрт әншінің нұсқаларында біраз интонациялық айырмашылықтарының болғанымен де, бірақ бәрінің де түп төркінінің біреу екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Солардың ішінен жұртқа кеңінен тарап айтылатыны Иса Байзақовтан жазылып алынған ең бір көркемделген түрі. Ән әуенінің әсемдігі, көркем нәзіктігі, шеберлігі жағынан алдыңғы қатардағы туындылардың бірі екені дау туғызбайды.

Отызыншы жылдары «Гәкку» ұлттық мәдениетіміздегі тұңғыш опера ­композитор Е.Г.Брусиловскийдің «Қыз Жібегіндегі» Жібек қыздың ариясы болып жаңа түрге иеленді. Ән ертеректе домбыраның ғана сүйемелдеуімен бір үйдің, бір ауылдың шеңберінде орындалып, қанатын жайып ұша алмаған қыран құстың бейнесіндей көрінсе, опера сияқты күрделі жанрға арқау болғаннан кейін мың құбылған оркестрдің үніне ілесіп, биікке самғап кетті.

Әнші аузынан шыққан «Гәкку» дүниеге жаңадан келгендей қалыпқа түсіп, миллиондаған халықты тамсандырған рухани азыққа айналды. Сондықтан да әрбір әнші өз репертуарына осы әнді енгізуге тырысады. «Гәкку» ­ әнінің әуендік желісі төменнен жоғарыға октаваға қарай қозғалыста болатын саздар арқылы өрбіп, дамыса, формалық жағынан қайырмасы бар екі бөлімді куплеттен тұрады. Ән негізінде (3+4+4) өлшеміндегі 11 буындық өлеңмен құралғанымен де бірақ қосымша (ай) одағайы әннің бірінші бөлігінің шумақтық формасын кеңейте түседі.

Әннің мәтіндерінде жиі ұшырасатын (ай, ей, шіркін, т.б.) сөздерін қолдану жағдайы қазақтың халық музыка шығармашылығында жиі кездесетін құбылыс. «Гәккудің» басталысындағы бірінші және екінші әуен жолдары интонациялық құрылымы тұрғысынан бірін­бірі қайталайды. Ал, үшінші әуен жолдарының өзіндік ерекшеліктері бола тұра алдыңғы музыкалық эпизодтардың варианттары сияқты.

Мұндай басталыс лирикалық әуездік стереотиптік дамуды іске асырады да жоғарыға өрлеп тұйықталған қозғалыс секста аралығына көтеріліп, одан әрі жоғарғы тоникаға орнығады. Төртінші әуен жолдары кульминациялық кезеңге жеткенде миксолидийлік септима пайда болып, біраттас ладтық ауыспалылығын туғызады.

Дәл осындай сәтке байланысты профессор Б.Г.Ерзакович былай дейді: «Кеуденің (запев) соңғы сөйлемінің VII төменгі сатысындағы жаңа әуендік материалдардан пайда болатын келесі қайырмалық периодты баса көрсете отырып, үш бөлімді симметрия туғызады» [3], ­деуі өте орынды айтылған пікір. Әннің соңғы қайырма бөлігі «Гәкку» деген одағайлармен және алексикалық куплетті формадағы дербес жаңа музыкалық материал ретінде көрінеді.

Қайырманың негізгі интоиациялық мәнерлік құралдары алдыңғы тақырыптық даму жүйелерін жинақтап, қорытындылайды. Шығарманың каданс бөлігі төменгі тониканың екі жағынан қоршай айтылатын ладтың тұйықталу құрылымының пайда болуына ықпалын тигізеді. Сөз кезегі келгенде тоқтала кететін тағы бір ән ­ «Қараторғай». Академик А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары» (181 бет) кітабында: «Шынында Ыбырайда «Қараторғай» аттас әннің болуы.

Бірақ, бері келе орындаушылар басқа әнге шатастырған болу керек. Әннің сөзіне қарағанда, біз білетін «Қараторғайдан» басқа музыкасы бар сияқты. Мүмкін о да табылып қалар деп ойлаймыз», ­ деп келешектен үміттене күткен ойына ойлана қарағанда бір шындықтың беті ашылған тәрізді. Кезінде аталмыш әнді Шолпан Жанболатқызыныкі (1889­1923) деген жазушы Айтбай Хангелдиннің мақаласы «Лениншіл жас» газетінде (1979 жыл, 20 наурыз) жарияланған болатын.

Читайте также:  Тіл және жазу мәдениеті

Онда мынадай жолдар бар: «Түркістан губернаторствосы Романовтар әулетінің таққа отыруына үш жүз жыл толуына байланысты, соған дайындық ретінде Түркістан уәлаятында тұратын жергілікті халықтардың әнші­күйшілерінің Ташкент қаласындағы сейілін ұйымдастырады. Ол сейілді ұйымдастыруға және өткізуге Әбубәкір Диваев тікелей қатысады. Ол жылдары Ташкент семинариясында оқып жатқан қазақ жігіттері Диваев арқылы Шолпанды сол сейілге шақырттырып алдырады.

Осы сейілде үздік шыққандардың ән­күйлері (Шолпан бас бәйгені, өзбек әншісі Хари Якубов екінші бәйгені алады) граммофон пластинкасына түсіріледі. Міне, солардың бірі Шолпан өзінің «Қараторғай», «Айгөк», «Ақ дариға», «Ахау Семей» және басқа әндерін жазғызады», ­ дейді. Осы Хангелдиннің пікірін растағандай, А.Затаевич өз жинағында: «Осы күндері Ташкентте… өзі әнші, әрі ән шығаратын қазақтың әнші қызы тұратын көрінеді.

Дауысына қарай және қараторғайға ұқсайтын түріне сәйкес «Қараторғай» деген ат тағыныпты, ол жас кезін өте көңілді өткізген деседі. Өзі әдемі, тамаша әндердің авторы халық арасында «Қараторғай» деген атпен таралып кетіпті. Мүмкін, менің жазып отырған тамаша әндерімнің негізін осы атақты қазақ әншісінің творчествосынан іздеген жөн болар дей келіп, Ташкенттен келген қазақтардың айтуынша, ол сол жерде концерттерге қатысып жүргенін айтты» [4].

Ал, музыка зерттеуші Б.Ерзаковичтің жоғарыда аталған жинағында Ыбырайдың «Қараторғай» деген әні мынадай текстермен берілген: Шаш алмас жасық темір қайрағанға, Томар су суат бермес жайлағанда. Белің бу тәуекелге, ей, жігіттер, Жазудан қайғы келмес ойлағанда. Ал, әннің әуені көпке белгілі «Харарау». Әннің аты «Қараторғай» болғанымен заты «Харарау». Ән өлеңдері басынан аяғына дейін Ыбырайдыкі. Сонда қалай болған шындығы қайсы деген сауалдар маза бермейді. Тағы да А.Хангелдиннің жазғандарына жүгінейік «Шолпан бұрынғы Ақмешіт уезіне Торғай уезінен ауысқан.

«Қызыл жыңғыл» болысына қарасты көшпелі шаруа Қарабек Найман Жанболаттың қызы», ­ дейді. Міне, «Қараторғай» тарихының құпиясын шешетін кілт осы деректерде жатқан сияқты. Олай дейтініміз, Шолпанның «Қараторғай» дейтін әнінің (А.Затаевичтің «1000 әні» № 828) Торғай уезінен келгендігі. Ал, аталған жинақтың № 885 санында жарияланған «Қараторғайдың» (екінші нұсқасы) орындаушылары тағы да торғайлық Есполова Балқия мен Байзақова Зура болып шықты.

Осы жайында А.Затаевич былай жазады (309 ескерту): «1921 жылдың аштық жайлаған қысында Қостанай губерниясының Шұбартеңіз болысы, Федоров ауданының түрлі ауылдарынан бір топ қазақ балаларын денсаулықтарын түзеуге Ташкентке жібереді. Жолда келе жатқан олар Орынборға тоқтағанда мен балалардан ән жазып алып, өз коллекциямды қызықты әндермен толықтыруға асықтым», ­ дейді.

Бұдан шығатын қорытынды, «Қараторғайды» Шолпан Торғайдан өзімен бірге алып келіп, оңтүстік өңірге жайғандығы. Сондықтан да бұл әннің «Сырдың Қараторғайы» деп аталуы Сыр жағында туғандығынан емес, оңтүстік жерінде көбірек айтылатындығында болып отыр.

«Сырдың Қараторғайы» дейтін анықтауыш сөздің кейінірек қосылғаны белгілі. «Қараторғай» әніне байланысты жазылған А.Хангелдин мен А.Затаевичтің деректері нанымды да шынайылығымен көзге түседі. Мұнда авторлар «Естіген құлақта жазық жоқ» демекші, ел аузында жүрген әңгімелерге сүйене отырып, естіген, білгендерін ешбір бүкпесіз, қоспасыз баяндайды. Әндері Қазан төңкерісіне дейін күйтабаққа жазылған Шолпан атты әнші қыздың болғанын және өміріне байланысты қызықты мәліметтерді берулерінің өзі де үлкен олжа

Оставить комментарий