ӨКІНІШ ӨЛЕҢІ

Құштарлық пен қос өрлік болып егіз,
Шыға алмасақ сезімнің көгіне біз,
Саған берік байланған жырымды емес
Құлындай жүрегімді желіден үз.
«Естеліктер қалады­ау енді ескіріп,»
Оңашада мұңайма сен кешкілік.
Мені ойдың тағынан құлатам деп,
Түнгі сырың қалмасын желге естіліп.
Ащы өмірді жіберген сүйікті ғып,
сезім үшін самғайды биікке үміт.
Сүймеу деген сөз емес,­
Өткеніңді ұмытуға тырысу, сүйіп тұрып.
Құлазыған көңілге көктем керек,
Жалғыз өте алмайтын өткелдер көп.
Бәрін­бәрін ұғарсың іңкәрлігің,
Өкініштің шанағын шерткенде кеп

Читайте также:  Алаш азаматтарының ақталуы

Оставить комментарий