Кіші жүз туралы мәлімет

Еділ мен Жайық, Орынбор мен Қостанай арасындағы кең алқапты мекендеген кіші жүз тайпасы Жанарыстан шығатын Алшындардан тарайды. Басқа жүздерге қарағанда кіші жүз халықтары айналасын қоршаған Еділ Жайық қалмақтарымен, екінші жағынан анталаған башқұрт, Қоқан және Ресей шапқыншылары мен арыстанша алысып, «аттың жалында, атанның қомында» күн кешкен. Олардың бұл жауынгерлік салтын, олардың қос жебе таңбасы да растай түседі. Алшындар басқа жүздерге қарағанда көбірек қауым: Қазіргі кезде қазақ халқының 2/5 бөлігін құрайтын кіші жүз тек алшындардан тұрады. Алшындар туралы деректер тарихымызда ерте кезден бастап кездеседі. Алшынның арғы аталары Қырымды, Алтайды, Қазанды, Башқұрт өлкесінде, Кавказ тауларын мекен еткен. Х ғасырда алшындардың бір бөлігі қыпшақтармен бірге (Қаңлы құрамында) батысқа қарай аттанып, Египетке дейін барған; онда Мысыр билеушілерінің қызметінде болып, мәмлүктер әулетінің үстемдігін орнатуға айтарлықтай роль атқарған. Х­ХІІ ғасырда Қырымдағы Қыпшақ, Құман, Печенег арасында алшындар көп болған. ХІІ­ХІV ғасырларда Алшынның кейбір рулары Ноғай ордасының негізін қаласқан. Кейініректе олар қазақ халқының негізгі құрамы ретінде белгілі болған (КСЭ том 1, 311 б.) Қазақ халқының аяулы азаматы, Мұхамбетжан Тынышбайұлының шежіресінде Солтүстік Алтайдағы Чулым өзенінің сол жақ сағаларының бірі Беріш деп аталады, одан 40 шақырым жерде Берішкөл деген жерден Алчедит өзені басталады. Обьқа құятын Қатын өзенінің оң жақтағы сағасының бірі Черкиш деп аталады. Ачиск қаласынан теріскейге қарай 100 шақырымдай жерде үлкен және кіші Кеть өзендері басталады (олардың бойында ХVIII ғасырда Кеть естектері өмір сүрген). Бұл аймақта Үлкен Ачин, Кіші Ачин деген рулары бар Қызыл деген түркі тайпасы мекендейді (Ачинск қаласының аты да осыдан шыққан). Осы айтылған Үлкен және Кіші Ачин рулары «Л» әрпі түсіп қалған біздің алшын тайпамыз болуы мүмкін. Үйткені қазақ сөзінде дыбыстың үндестігіне қарай жекелеген әріптердің түсіп қалуы жиі кездеседі. Мысалы: алып кел дегенді «әпкел», алып бер дегенді «әпер», жылы ой дегенді «жылой», т.е. сияқты қысқартылған түрдегі сөздер жиі кездеседі. Ал, М.Тынышпайұлы шежіресіндегі айтылған аудандарда Алтын деген жер атауы да бірнеше рет кездеседі. Бұл көрсетілген Черкиш, Беріш, Кеть, Алтын – кіші жүз құрамындағы ру аттары. Және де бір көңіл аударатын жәйт, Тынышбайұлы шежіресіндегі кездесетін жер аттары Ұлы жүз бен Орта жүзде кездеспейді, онда көрсетілген атаулардың бәрі де тек Кіші жүзге ғана тән. Сондай­ақ Россияның оңтүстік және оңтүстік­шығысында да, кіші жүздегі Алшындарға тән ру аттарымен аталатын мекен жайлар көптеп кездеседі. Украинаның орталығы Киев қаласынан 60 шақырымдай жердегі Киев­Полтава темір жолының бойында Барышевка деген станция мен село бар. Сол жолдан 210 шақырымдай жерде Ромадан қаласы орналасқан. Киевтен 200 шақырым жерде Днепрден темен жүргенде оң жағалауда Черкасы қаласы бар. Киевтен 230 шақырымды Киев­Москва темір жолының бойында Алтын станциясы мен село бар… Орыстың сарай ақыны Карамзин (IV­томына түсініктемеде) Курск губерниясындағы Ахматовка селосының тұрғындары ХVIII ғасырда өздерін қазақтармыз деп атаған черкестер болғанын жазады… Сондай­ақ Пенза темір жолының бойында Бирюч деген қалашық бар. Тағы да бір назар аударарлық жәйт Дон өзенінің аты XIV ғасырға дейін Танаие деп аталғаны, мұндағы «ис» таза грек тілінен енген жалғау. Ал, Азов теңізі мен Азов қаласы Тана деп аталған.

Донның бойында Ескі Черкасск, Жаңа Черкасск деген қалалар орналасқан. Перекоп мойнағының қарсысында Бирючий аралы орналасқан. Куба өзенінің теңізге құяр саласы Тамань түбегі деп аталады. Пенза губерниясында Рамадан деген қала бар. Симбирск губерниясындағы Сура өзеніне оң жақтан құятын саласының бірі Барыш аталса, сол өзеннің темір жолмен қиылысқан жерінде Барыш станциясы орналасқан… Саратовтан оңтүстік­батысқа қарай Алтын тауы бар… Астраханның қарсысындағы Еділдің оң бетінде Төрт Алтын деген мекен бар… Кезінде өз мекенінің тарихын жазумен айналысқан Карамзин (ист. Гос. Рос. т.5, стр. 391). «Түркілер мен берендейлер өздерін черкестерміз десе, қазақтар да осылай атайды» деп жазған. Бұған қосымша тағы бір жазбаларында о л, ХV ғасырда Касахия деп аталған косоктар да черкестер, олар Қара және Каспий теңіздерінің аралығын мекендеді деп тұжырымдайды. Карамзин өз кезінде осетиндер черкестерді қазақтар деп атаушы еді деп жазады. Бұл болжамға қосымша белгілі саяхатшы­ғалым – Тянь­Шанский Черкес рулары ішінде, олардың Клыч деген атасы бар дейді. Бұл аталған: Черкес, Қылыш, Беріш, Ромадан, Тана, Тамань, Алтын және басқалары кіші жүз ішіндегі алшындар арасындағы қазіргі белгілі ру аттары. Ғалымдардың айтқанына жүгінетін болсақ, антропологиялық зерттеулер алшындардың арий текті халықпен қандас екенін көрсетеді. Белгілі тарихшы Аристов және басқалары алшындар динлиндермен араласқан шығар, олар Алтай таулары маңында болуы керек деген болжам айтады. Жоғарыда айтылған деректерге қарағанда алшын рулары өткен кезеңде көп ғасырлар бойы орыстармен қатар тұрып, қалалары болғанын, отырықшы ел болғанын көрсетеді. Осыған қарағанда алшындардың қанының оңтүстік Ресей орыстарымен де араласуы мүмкін. Өзінің асқан жауынгерлігі арқасында кіші жүз тайпасы Жайықтан Тоболға дейін және Сырдарияның төменгі саласына дейінгі аса үлкен аймақты мекен етті. Оның оңтүстігі Хива, Қоқан хандықтарымен және Түрікпен, Қарақалпақ өңірімен, Солтүстігі Астрахань, Саратов, Орынбор губернияларына шектелсе, Жайық және Елек өзеніне дейін жалғасты. Батысында Каспий теңізіне тіреліп, шығысында ұлы жүзбен орта жүз аймақтарына жалғасты. 19 ғасырдың бас кезіндегі тарихи деректерге қарағанда кіші жүз тайпасында жарты миллиондай адамы бар 100 мыңдай жанұя болған. Патша үкіметі қазақтарды бағындыру саясатын кіші жүз өңірі арқылы жүргізді. Патша үкіметінің отарлау саясатының әсерінен және бұл аймақтың табиғат жағдайының қаталдығынан кіші жүз халқының жағдайы өте ауыр болды. Орыс тарихшысы А.И.Левшин былай дейді: «1815 жылы Гурьев қаласында бір айдың ішінде 200 қазақ балалары сатылды. Баларды 3­4 және қыздарды 2­3 кулек ұннан сатты» – делінген. Патша үкіметінің жарлығы бойынша 1756 жылы Жайық өзенінің оң жақ беті Жайық жөне Орынбор Казак солдаттарына берілді. ХVIII ғасырдың 70­80 жылдарында Еділ мен Жайық аралығында ең шұрайлы жайылым жер орыс помещиктеріне берілді. Осындай кіші жүз халықтарының әлеуметтік жағдайларының төмендеуіне байланысты кіші жүз халықтарының бірқатары орыс патшасының аймағына қарай ығысып, Жайық пен Еділ өзенінің төменгі өңіріне ішкі Орда хандығын құрды. Жазулы деректерге қарағанда кіші жүзден ішкі ордаға бастапқы кезде 5000­дай жанұя ауысқан. Жайықтан ішкі ордаға қарай ауысу жалғаса берген. Орынбор шекара комиссиясының чиновнигі Кузнецовтың көрсетуі бойынша ішкі Ордада 1825 жылы 10490 жанұя болған. Астрахань губернаторы кеңесінің көрсетуі бойынша 1845 жылы 52129 жанұя болған. Бүл ішкі Бөкей Ордасының құрылуы жөнінде зерттеушілер әртүрлі пікір айтады. Байұлы ұрпағының ішкі Ордаға өтуін тарихшы А.Рязанов Байұлы мен Жетіру тайпаларының ішкі қақтығысуының салдарынан дейді. Ал одан соңғы тарихшы М.П.Вяткин ішкі Ордаға өткендердің көпшілігі Байұлы мен Жетірудың Жайықтың оң бетіне өту себебі олардың шұрайлы жайылымының тарылып, шаруашылықтарының күйзелуінен болды деген тұжырым айтады. Қалай да кіші жүздегі Байұлы мен Жетіру халықтарының бұрынғы мекенінен үдіре көшуі олардың әлеуметтік жағдайының нашарлығынан. Жағдайлары жақсы болса олар ата қонысын тастамайды ғой. Байұлы мен Жетіру қоныс аударған Жайықтың оң бетін бұрын ХVIII ғасырдың аяғына дейін көшпелі Астрахань татарлары мен қалмақтар жайлаған еді. Кіші жүз халықтарының өз алдына егеменді ел болып қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан адамдардың бірі – Әбілқайыр хан. Әбілқайырдың нәсілін біреулер төре, енді біреулер оны қара халықтан шыққан дейді. Қолда жазулы деректер болмаған соң оны «кесіп айту» қиын. Егер ол тере тұқымынан болса, жазулы деректер болуы мүмкін еді, сондықтан Қарадан хан болды деген болжамдар көбірек көңілге ұялайды. Ол өзінің жаратылысынан ақылы және қол бастар батырлығымен халықтың сеніміне ие болған. Совет одағы ыдырағаннан кейін кейбіреулер Әбілхайыр қазақтарды орысқа бодан болуға итермелеген сатқын есебінде көрсеткісі келеді, бүл пікірмен келісуге болмайды. Әбілхайырды орысқа бағынуға итермелеген сол кездегі қазақ халқының басына төнген әлеуметтік жағдай еді. Бұл кезде орыс патшасына бағынған Еділ қимақтары мен башқұрттар қазақтардың жоңғарлармен жауласып жатқандығын пайдаланып, орыс патшасына арқа сүйеп, Қазақстанның батыс аймағына, яғни, Әбілхайыр хандық еткен өңірге қанды тырнағын жайып, өршелене ұмтылған кезі еді. Бұл кезде қазақтар мен Түрікмендер арасындағы Маңғыстау үшін қақтығыс та өрши түсті. Бұларға қоса қазақ даласына Хиуа, Бұхар хандықтары да жиі­ жиі шабуылға шаққан кездері еді. Қазақтар қашан әлсіреп талғамай жұтуға болар екен деп, Иран басшысы Нәдір шах та үздіксіз көзін сүзуде болатын. Бұл шамада орыс патшалығы қазақ даласының батысынан бастап шығысына дейінгі аралыққа өзінің әскери бекіністерін салып та үлгерген еді. Бұндай жағдайда қазақ халқын аман сақтап қалу үшін бір күшті мемлекетке арқа сүйемесе болмайтын болды.

Читайте также:  Еуразиялық идеяның қысқаша тарихы мен мәні

Осындай қиян­кесті ауыр саяси жағдайларды сараптай келіп Әбілхайырдың 1730 жылы Анна Ивановнаға «боданың болайын» деп елші жіберуден басқа шарасы қалмады. Оның ақылды қолбасшы екенін 1726 жылы бүкіл қазақ әскерін басқаруының өзі­ақ айқындап тұрған жоқ па? Оның 1729 жылғы атақты Аңырақай шайқасындағы жоңғарларға қарсы алғашқы тамаша жеңістерден кейін Самеке мен екеуі ұрыс даласынан кетуі бүкіл қазаққа хан болуды ойлағандықтан да болуы мүмкін. Үш жүзге хан болғанда тек қана өз мансабы емес, бүкіл қазақ жұртының басын біріктіріп, іргелі күшті қазақ мемлекетін құру болуы да ықтимал. Әбілхайырдың ұстанған жолын кейіннен әз­Жәнібек, Абылай, Бөгенбай, Сыпатай сынды халқымыздың аруақты асылдары мақұлдаған. Кейбіреулердің жазғанындай Шекті Барақ төренің Әбілхайырды өлтіруі оның орысқа бағынғандығынан емес, өзара бақталастықтан. Барақ төренің Әбілхайырды өлтіруге 500 адам қол жинағанын естісе де, қарулы күш жинамай оған қасындағы 40 жолдасымен қарсы шығуы, оның қан төкпей, бейбіт жолмен бітіскісі келгендігінен еді. Әбілхайыр орыстармен келісімге келгеннен кейін Батыс Қазақстанның оңтүстігін түгел иемденген қалмақтарды Еділге дейін ығыстырды. Маңғыстау өңірін түрікпендердің тепкісінен құтқаруға ықпал жасады. Бұхар, Хиуа, Башқұрт хандықтарына жорық жасап, ондаған жылдар бойы күткен қол астындағы халқының мал­мүліктерін қайтарды. Сөйтіл, еңсесі езілген қазақ жұртының сәл де болса аузы тұшып ас ішіп, бел жазуына мүмкіндік жасады. 1799 жылы Астрахань мен Жайық өзенінің теңізге құятын жеріне дейінгі аралықты қорыққа айналдырған патшаның Указы шықты. Бұхар бетте көшіп­қонып жүрген қазақтардан Жайықтың байлығын қызғанып, «десятиверстная Полоса» деген жарлықтың да күшіне енетіні осы кез еді. Осы кезде кіші жүз қазақтарының жағдайы ауырлай түседі. Сол кездегі Бөкей сұлтан орыс патшасынан Еділ мен Жайық арасында еркін көшіп­қонып жүруіне, қалаған жеріне қыстауына рұқсат беруін сұрайды. Бұл өтініш губернатор арқылы патшаға жетеді де Павел­1 1801 жылы 11 мартта мақұлдағанын білдіріп, жоғарғы мәртебелі жарлық шығарады. Бөкей Ордасының іргесі міне, осылай қаланды. 1801 жылы күзде Бөкей сұлтан әр рудың басшыларының басын қосып, Бұхар беттен Самар бетке қоныс аударуға шұғыл кіріседі. 1864 жылы Петербургте М.Достоевскийдің жәдігерлерімен шыққан «Эпоха» журналының № 11 санында «внутреняя или Букеевская Киргизская Орда» деген мақала жариялап, онда сол кездегі рулардың шаңырақ саны келтіріледі. Атап айтқанда: адайлар – 1503 шаңырақ, алаш – 2640, Байбақты – 3205, Беріш – 5085, Жаппас – 604, Есентемір – 486, Ысық – 669; Қызылқұрт – 825, Кете – 411, Масқар – 61, Ноғай – 1095, Таз – 121, Тана – 1281, Шеркеш – 2759, Төлеңгіт – 665, Қожа – 178 үй. Ал, «Сын Отечества» журналы 1830 жылы жариялаған мақаласында Бөкейге еріп Жайықтың Самар бетіне 10 мың 235 шаңырақтың өткенін мәлімдеген. Қалған өр рудың 13 мың шаңырағы Бұхар бетте өз орнында қалып қойған. Кіші жүз халықтарының бұлай бөлінуі патша үкіметінің ішкі жымысқы саясаты еді. Олардың негізгі мақсаты қазақтарды бөлшектеп Астрахань, Орал, Омбы жөне Орьшбор шекара комиссиялары тұрған аймаққа тарта түсу еді. Бастапқы кезде Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы жұртын сұлтандық дәрежемен басқарды. 1812 жылы оған хан атағы берілді. 1815 жылы Бөкей қайтыс болғаннан кейін Бөкей ордасын оның інісі Шығай басқарған. Кіші жүз халықтарының әлеуметтік жағдайына елеулі үлес қосқандардың бірі Әбілхайырдың шөбересі, Нұрланның немересі, Бөкейдің бел баласы қазақтың соңғы ханы – Жәңгір. Бірақ ол бұрынғы қазақ ханындай кіші жүз басы бүтін билей­алған жоқ. Хандардың ең ақыры Нұралы еді, Төренің арқар деген ұраны еді. Хан ұлын Сырым батыр ишбарында, Ақылды Алдар биден сұрап еді, – деп Мұрат Мөңкеұлы жырлайтын Нұралы кіші жүзді бөлмей­жармай билеген, шын мәнінде хұқы толық хан болатын. Ал, Жәңгір хан болған тұста кіші жүз төртке бөлініп кеткен еді. Жайықтың шығыс жақ Бұхар беті мен Ойыл, Елек бойын Баймағамбет Сұлтан Айшуақов басқарды. Ырғыз, Темір жерін Ахмет сұлтан Жантөрин биледі. Маңғыстау мен Үстірт маңындағы ел Сүйінқара Үргенішбайүлы мен шекті Жанқожа Нұрмағанбетұлының иелігінде болды. Соңғы бөлік патша үкіметі мен Хиуа ханы Аллақұлдың қыспағында болды. Басы бірікпеген Жәңгірдің ағалары Сауқым, Ермұхамбет Қасымұлы (Елекей сұлтан), Жанғазы Шәрғазыұлы, Қайыпқали Есімұлы (Қайболды сұлтан) Аллақұлды жағалап, осы өңірді мекендеген Адай, Шөмекей, Қара Кете, Қарасақал, Төртқара, Кішкене Шекті, Керей, Мөңке, Табын руларын, Жаппас пен Таманың бір бөлігін бөліп алып кетуге күш салады. Хиуа ханы орысқа бағынғалы жүрсіңдер деп жиі­жиі шабуыл жасады. Бұл жолсыздыққа адайдың Сүйінқара батыры қарсы тұрып майдан ашты. 1832 ж. Аллақұлдың 3 мың қолы бейқам жатқан адайларды шауып, Сүйінқара деп шатастырып беріш Құлбарақ батырдың басын кесіп әкеткені де осы кез болатын. 1756 жылы туып 1832 жылы жау қолынан қаза болған Құлбарақ батырдың нағашысы Түрікмендердің Сүйін деген батыры екен.

Алдына апарған басты көрген Аллақұл: – Бүл Сүйінқараның кәлләсі емес, һәм тегін кәлла да емес. Бұл мен білсем біздің жиеніміз Құлбарақтың кәлласы болмасын, – депті. Сонда денесіз бас жымиып күлген екен деген аңыз бар. Мұны көрген жендет: – Танымай жиенімнің басын алдым, құдайдың алдында күнәға қалдым, – деп өзіне­өзі қанжар сұғып өлген деген аңыз күні осы мезгілге дейін халық арасында кең тараған. Құлбарақтың басын түркмендер арулап өз жеріне қойып, үстіне зират көтерген. Ал, денесі Маңғыстау жеріндегі «Құлбарақ» қауымында. Соңғы кезде Құлбарақтың Маңғыстаудағы бейітіне Мовзолей орнатылды. Құлбарақ батырдың Түрікпен және Маңғыстау жеріндегі бейіттеріне халық түнеп тағзым етеді. Басқа жүздерге қарағанда кіші жүз тайпасында отырықшылық ертерек басталды. Бұған экономикалық жағдайға байланысты ішкі орда ханы ұстанған саясаттың әсері болды. Бұл өңірде 19 ғасырдың 40 жылдарында тастан, ағаштан, шымнан көптеген мұра жаялар салына бастады. Бұл өңірдегі халықтардың бір қатары мал шаруашылығымен бірге күнарлы аймақтарға егін салып өнім өндіре бастады. Отырықшылықты көксеген Жәңгір хан императордың қабылдауында болғанда, өзіне қалаған жерінен резиденция салуға ақша, құрылыс материалын және үй салатын шебер сұрайды. Бірінші Николай патша ханның бұл өтінішін қабыл алып, резиденция салуға 36 мың 102 сом 70 тиын қаражат бөліп, өзгесін Орынбор губернаторына міндеттейді. Жәңгір болашақ резиденциясын Жасқұс құмының батыс бетіндегі қазіргі Орда селосының орнынан салғызады. 1826 жылдың күзінде Орынборлық архитектор Тафаев бастаған құрылысшылар алғашқы қазығын қағады. Жәңгір ханның негізгі мақсаты мешіт салу, ауру­ сырқауға шипа қолданатын дәрігер ұстау, жәрмеңке ұйымдастыру, мектеп ашу болатын. Жәңгір өз ордасында дәрігер ұстап, халық арасында дүркін­дүркін бел алып кететін жұқпалы дертке қарсы емдік шаралар жасатты. Жәңгір хан Астрахань губернаторына өтініш жасап, 1838 жылы Ордада дәріхана аштырды. Орынбор губернаторынан 1832 жылы Ордада жәрмеңке ашуға лұқсат алады. Осы жәрмеңкенің арқасында Хан Ордасы тоғыз жолдың торабына айналды. Жергілікті жердің халқын айтпағанда, Орынбор беттен Орал, Гляновск, Кармановск, Қызыл Оба, Мергеннен, Саратов жақтан Эльтон мен Камышиннан, Астрахань жақтан Черный Яр, Владимировскіден және басқа жақтардан да саудагерлер, айырбасшылар көп жиналатын болған. Жәрмеңке тарар кезде ат бәйгесі мен қазақша күрес ұйымдастырылған. Жәңгірдің кіші жүз қазақтарына жасаған ең үлкен ізгілігі мектеп ұйымдастыруы еді. Жәңгір мектебі қазақ жерінде тұңғыш рет орыс тілінде дәріс беретін оқу орны болды. Бұл мектеп 1838 жылы 6 декабрьде алғашқы оқушысын қабылдады. Мұнда дін сабағымен қатар орыс тілі, арифметика, жағырафия, тарих, физика, т.б. пәндер оқытылды. Жәңгір мектептегі оқу сапасын тәртіп, тәрбие жайын өзі бақылап жөн сілтеп отырған. 1838 жылғы Ордадағы мектеп альбомында былай деген архив құжаттары бар: «Училище учреждено ханом 6 декабря и в этот день при жизни хана ежегодно производился в училище торжественный публичный экзамен, на котором присутствовал сам хан, и кроме того предлагалось угошение… К.П.Ольдекон (первый учитель) получивши лично от хана вознаграждение за труд по училищу, вел учебное дело с великим старанием, с успехом и замечательно умело – как видно это из его всегда аккуратной отчетностью хану с представлением списков, тетрадей ученических и пр. сохранившихся в архивах инспекции». (Школьный альбом Букеевской Орды. Астрахань 1938 г.). Осы мектептің түңғыш шәкірттерінің бірі Мұхамбет Салық Бабажанұлы 1861 жылы Санкт­Петербургтен шыққан «Қырғыздың қырғыз туралы жазбалары» – деген кітапшасында былай дейді: «Ханның ықпалымен және жанашырлығымен Ордадағылар білімнің қажеттілігін сезіне бастады. Шәкірттер мен мұғалімдерді ынталандыру үшін марқүм хан ақшасын да, өзінің ынтасы мен орталықтарға оқу­білімнің пайдасы жөнінде түсіндірмек болған ұмтылысын да аямады. Өзінің сарайында мектеп ашып, онда 60 адам Мұхаммед діні, орыс жазуы мен тілі жөнінде дәріс алды. Бұл мектеп сарай маңында осы күнге дейін «Жәңгір мектебі» деп аталып келеді. Ондағы 30 бала Орданың шаруашылық қаржысы есебінен білім алуда. Біз бұрын да, қазір де кадет корпусының дайындық курсы тәрізді боп жатқан «Жәңгір мектебінде» тәрбиелендік… Бір күні кешкісін бізді хан шақырды. Біз корпусқа баруға пікірімізді сұрайтын шығар деп ойладық. Хан бізге арнап жасымызға лайық тамақ әзірлетіпті. Ол бізді өте жылы қабылдап, тілегімізді сұрайды. Біз бірімізден соң біріміз кадет корпусына баруға келісіміміз бен әзірлігімізді білдірдік. Риза болған хан бізге уыстап күміс теңге үлестіріп шығарып салды». Жәңгір мектебінен білім алған шәкірттердің көпшілігі Орынбор, Омбы, Петербург, Москва, Қазан, Уфа, Саратов қалаларындағы Жоғары орта оқу орындарын бітіріп, мамандықтары бойынша бірі қазақ жерінде, екіншілері Ресей мен Сібірде, үшіншісі Кавказ, Балтық өңірінде қызмет етті. Қазақтың атақты күйшісі Дәулеткерей Шығаев М.Ю.Лермантовтың «Қашқынын» қазақ тіліне тұңғыш тәржімалаған, үздік роман, повесті, дастан, хикаяға өз қалтасынан қаржы шығарып конкурс жариялаған дарынды ақын Шәңгерей Бөкеев, 1874 жылы Ресейдің телеграф департаментін басқарған, 1894 жылы қазақтан тұңғыш генерал­лейтенант алған Балқан шайқасының батыры Ғұбайдолла Жәңгіров, Императорлық Ерікті География қоғамының мүшесі, Шоқан Уалиханов пен

Читайте также:  АРАБ ТІЛ БІЛІМІ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ АРАБИСТИКАДАҒЫ САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТИПОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ АСПЕКТІЛЕРІ

Семенов Тянь­Шаньскийдің қимас досы, ғылымға сіңірген еңбегі үшін күміс медальмен ресми наградталған тұңғыш қазақ Мұхамбет Салық Бабажанов. 1894 жылы қазақты шоқындырып, мұсылмандықтан айырамыз деген императорға киіз үйдің алтыннан соққан макетін сыйға тартқан, соның арқасында қазақты шоқындырудан сақтап қалған, «Жақсы үгіт» (қазан 1906 ж.) деген кітап шығарған, Дағыстандықтарға Кириллицаға негіздеп тұңғыш «Әліппе» жазып берген Мақаш Бекмұхамбетов… Халқына кіршіксіз еңбек еткен өзге мұғалімдер мен дәрігерлер, заң қызметкерлері, фельдшерлер мен агрономдар осы Жәңгір мектебінің алғашқы түлектері. Әдебиет пен жаратылыстану іліміне жүйрік, бірнеше тілді меңгерген Жәңгір Қазан университетінің мүшесі болып сайланған. 1837 жылы Тартуда жарық көрген «Оңтүстік Россия далаларына саяхат» еңбегінің бірінші томында Гебель «Құлазып жатқан иен дала мен сыңсыған құм ішінде елдің басып қосып, етегін жинап ұстап отыру үшін аса қажырлылық керек болар», – деп жазды. Ал, осы еңбектің екінші томының сегізінші тарауына Жәңгір берген Тафаев картасының көшірмесі «Еділ және Жайық өзендері аралығындағы Қазақ даласы деген атпен жазылған ғылыми сипаттамаға қоса енгізілді. Жәңгір хан өзі қазақ халқының шежіресін жазумен шұғылданған. Оны бастырып шығаруға қам жасаған. Бірақ ойламаған жерден келген ажал ол мұратына жеткізбей кетті». Шежіре қазіргі кезде Қазан университетінің сирек қолжазбалар деген бөлімінде сақтаулы тұр. Сол қолжазбаны хан шежіресін, түрлі еңбектерін, хат, мәліметтерін, ол сыздырған картасының көшірмесін зерделі түрде зерттеп, жинақ етіп шығарса, біздің бұрынғы шежіремізді айқындай түсетін сүбелі еңбек болатыны күмәнсіз. Дәлірек айтқанда қиын­қыстау кезеңде қолына найза ұстаған батырлар мен орақ ауызды от тілді ділмәр ақын, жыраулар кіші жүз руларынан көп шыққан. Атақты Сыпыра жырау, Қазтуған, Асанқайғы, Досмағамбеттерді былай қойғанда, Жиембет жырау, Әйтеке би, Байбақты батыр, Сырым Датұлы, шекті Есет Көтібарұлы, беріш Исатай Тайманұлы, қызылқұрт Құрманғазы Сағырбайұлы, Тұрлан Асауұлы, Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылқасұлы, Шерқай Жаңабай батыр, кердері Әубәкір, Байтоқ, Жанұзақ ақындар, шөмекей Балқы Базар, Мұрат Мөңкеұлы, Кете Жүсіп, Балараз, Омар Шораяқовтар осы кіші жүз руларынан шықты. Кіші жүз тайпасы кейінгі кезде Каспий теңізінің оңтүстік бетін жағалай көшіп Орал, Гурьев, Ақтөбе қалаларының байтақ аймағын мекендеп, бірқатар рулары Торғай өзенін өрлей көшіп, Қостанай қаласының жерлеріне дейін барған. Алшындар кейіннен көбейе келе, Еділ өзенін бойлап, қазіргі Астрахань қаласы орналасқан жерлерді де мекендеген. Кіші жүз шежіресін жүйелеуге қомақты үлес қосқандардың бірі XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген – Мақаш Бекмұхамбетов. Мақаш (шын аты Мұхамбетжан) 1830 жылы осы күнгі Атырау облысының ішкі ордалығында дүниеге келді. Әкесі Шолтыр өзінің шыққан тегі жағынан хан тұқымына, төрелерге жатпаса да, қойыс шеркеш ішіндегі белді, беделді, дәулетті адам болған. Жастайынан зейінді Мақаш, Жәңгір хан аштырған мектепте сауатын ашады. Бұл – мектепті тәмамдағаннан кейін, Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқып, білім алған қазақ зиялыларының бірі. Кадет корпусын бітіргеннен кейін Мақаш хан ордасына қайта оралады. Ол Орда қаласындағы уақытша Советтің тілмашы болып қызметке орналасады. Сол кезде Еділ мен Жайықтың арасы бес бөлікке, екі округке бөлінген. Олар: Қалмақ, Торғай, Қамыссамар, Талов бөлігі, бірінші және екінші Приморье округі. Мақаш ұзақ мезгіл бірінші және екінші Каспий теңізі жағалауындағы округті басқарған. Бұл округтер шамамен айтсақ, Атыраудағы Исатай ауданының Таскран учаскесінен Әжітархан (Астрахань) облысының Құмөзек ауданына дейінгі кең алқапты қамтиды. Мақаш Бекмұхамбетов – өзінің табиғи зерделілігі арқасында тек әкімшілікпен ғана шұғылданбай, өнермен, әдебиетпен, халықтың шежіре тарихын жинақтауға айтарлықтай үлес қосқан қоғам қайраткері. Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі Ахмет Жұбанов өзінің «Құрманғазы» атты кітабында (1960 жылы жарық көрген) Құрманғазының өміріне байланысты Мақаштың есіміне тоқталды.

Читайте также:  Ойыншының ойнау өнері мен зердесін шыңдау

Академик А.Жұбановтың жазуына қарағанда, Мақаш правитель болып тұрған кезінде, Құрманғазы Сағырбаевқа, Уақытша Советтің председателі В.М.Лазаревскийдің қолынан куәландырған документ бергізіп, басына бостандық әперген. Мақаш Бекмұхамбетов білімді, саяси сауатты, көзі ашық, қоғам қайраткері болумен бірге, ол өмірінің көптеген уақытын ел аузынан ескі шежірелерден және өзі оқыған басылымдарды пайдаланып, әдеби, тарихи, қазақтың саяси жағдайлары туралы бірнеше еңбектер жазған. Мақаштың бұл творчестволық қызметі жөнінде 1910 жылы Астрахань қаласында басылып шыққан «Книга о калмыках и киргизах, кочующих в Астраханской губернии» деген кітапта былай деп жазылған: «Он написал несколько исторических и бытовых очерков о киргизах, повестей, рассказов, анекдотов, хранящихся в рукописях». Біздің білетініміз, М.Бекмұхамбетовтың өз жанынан шығарған және ел арасынан жинаған бірсыпыра өлеңдері «Жақсы үгіт» деген атпен 1906 жылы Қазан қаласында ағайынды Каримовтар баспасында жеке кітап болып басылып шыққан. Бұл кітапта ежелгі ақын­ жыраулардың мұраларымен қатар Мақаштың өзінің де өсиет­ақылдары қамтылған. Бұл кітаптың бір данасы республикалық кітап палатасында, Республикалық ұлттық кітапхана қорында сақтаулы тұр. Мақаш Бекмұхамбетов Петербург, Астрахань, Орынбор, Қазан, Уфа қалаларымен байланыс жасап отырған. Соңғы кезде анықталған деректерде Мақаш Дағыстанның халықтарына кириллицаға негіздеп тұңғыш әліппе жазып берген. Кейбір деректерге қарағанда Дағыстанның орталығы Мақаштың құрметіне Макачқала атанған дегенде болжамдар бар. Қалай болғанда да, кіші жүз халқының шежіре тарихын, әлеуметтік экономика жағдайын жақсарту жолында оның үлесі ұшан­теңіз. Ол, 1897 жылы әкімшілік жұмысынан біржолата босанып, жасауыл (Ясауыл) атағын алып демалысқа шығып, 1904 жылы 74 жасында қайтыс болды. Қазақтың тарихын ден қоя жинаған белгілі Шәкәрім қажы да, кіші жүздегі адай Алшын Меңдалыұлы да өздерінің жазып қалдырған деректерінде, Мақаш шежіресін пайдаланғандықтарын айтады. Бұрынғы қазақ шежірелеріне қарағанда кіші жүз елдері үш Арыстың кішісі Бекарыстан тарайды. Ол былай өрбиді: Бекарыстан – Ордаш, одан Мөңке, одан Жаншар, одан Тұлпар, одан Тоқпар, Тоқпардан Алау, Арғымақ деген екі бала болады. Алаудан – Алшын, Алшыннан – Қыдуар, Қыдуардан – Нәдірғожа, Қыдырғожа, Сәдірғожа. 1. Нәдірқожадан – Қаракесек, Әлім, Шөмекей. Әлімнен – Аманақ, Жаманақ, Қарамашақ, Айнақ. Әлімнің екінші әйелінен – Байсары, Кішкене, Әлімнің 2 әйелінен тараған 6 бала алты аталы әлім болып тараған. 2. Сәдірқожадан – Арғымақ, Арғымақтан – Тілеу, Рамазан, Табын, Тама, Кердері, Керейт, Жағалбайлы. Рамазан Тілеуге паналаған оның құлы дейді. Тілеуден басқалары оған бала болып енші алған деген де болжамдар бар. Қалай болғанда да, жетеуі бірігіп жеті ру атанған. 3. Қыдырқожадан 12 ата байұлы тарайды. Олар: Қыдырсиық, Бақтысиық, Сұлтансиық, Адай, Таз, Беріш, Есентемір, Жаппас, Алтытабан, Алтыбасар, Құлақасқа, Дуатайман. Ертеде тұрмыстың ауыр кезінде және жауынгерлік жағдайда бөлініп шетке кетушілік жиі кездескен. Ол кезде елінен адасып қалған, ұрыста қолға түскендердің бір қатары байға бала болып еншілес болған. Байұлының 12 баласының бірқатары осындай еншілес балалары. Ел аузындағы деректерге қарағанда Дуатайман даладан тауып алған бала берірек келгенде атасына өкпелеп Қытайға ауып кеткен. Ал, Құлақасқа тұрмыс жағдайына байланысты теңіздің арғы жағына етіп кеткен дейді. Қазіргі кіші жүз өңірінде Алтытабан, Алтыбасар, Дуатайман ұрпақтары кездеспейді. Ал, Құлақасқа ұрпақтары ете сирек ұшырасады. Кейбір шежірелерде адай қыздың баласы сонымен Байұлы 13 ата дейтін де сөз бар. Енді бір шежіреде Бақсысиықтан Жаппас жалғыз. Жаппастың шешесі Алтын, Алтын Орда жайлаған Қыпшақ қызы. Ол кезде кіші жүздің көпшілігі сыр бойын жайлайтын болған. Бір жылдары Сыр бойында Бақтысиық қайтыс болады да, кіші жүздің басқа рулары Сыр бойынан көшіп қоныс аударады, бай қатын Алтын кешпей қалып қояды. Оның Байұлы еліне ермей қалып қоюы өз ақылы ма, әлде төркіндерінің ықпалы ма ол жағы белгісіз. Кіші жүз өңірінде жаппас тайпасы аз кездескенімен, Сыр бойындағы Жаппас Қыдырғожаның Адай, Беріш, Сұлтансиықтан басқа ұрпақтарынан көп кездеседі. Өз тізгіні өз қолына тиген бай әйел Алтын балалары жастау болып, билікті өз қолына алады. Сондықтан да оның аты шығып, күні осы кезге дейін оның атын ер адамға қосып Алтын­Жаппаспыз деп те айтады. Кейбір деректерде Алтын­Жаппасты екі кісіге есептеп Байұлы 13 ата дейтіндер де кездеседі. Қалай дегенде де қазіргі кіші жүз өңіріндегі шежіре тек қана 12 ата Байұлын біледі. Қыдырқожа бай болған. Сондықтан одан өрбіген ұрпақтарды Байұлы деп атаған. Байұлының 12 баласының бір қатары өз баласы емес, кірме болуы да мүмкін. Кейбір шежіреде Есентемір ұлы жүзден қашып келіп, Байұлына бала болған деген де болжамдар бар. Есентемірдің аты Темір екен, бір жылы қыс қатты болып, байдың жылқысын алыс өңірге алып кетіп жұттан аман алып қалады. Содан елге оралғанда жылқы аман­есен келді деп, оны Есентемір деп атаған деген де болжамдар бар. Қалай болғанда да осы болжамдардың негізінде қазақ тарихының шындықтары жатыр. Тек, көп мезгілдердің етуіне байланысты, сол шежіре шындықтардың біздің мезгілімізге өңі өзгеріп жетуі де мүмкін. Біз кездестірген тарихи шежірелерде 12 ата Байұлы тараулары түрліше болып кездеседі. Тек қана Жетіру тарамдары дұрыс айтылған (жазылған).

Оставить комментарий