Клетканың тітіркенгіштігі

Тірі жасушалардың сыртқы және ішкі әсерлерге жауап қайтару қасиетін клетканың тітіркенгіштігі деп атайды. Осы қабілеттілігіне байланысты клеткалар қоршаған орта жағдайларына бейімделіп, өз тіршілік әрекеттерін қорғап, сақтай алады. Тірі клеткаға сыртқы ортадағы және организмнің өз ішіндегі кез-келген өзгерістер тітіркендіргіш бола алады. Жалпы тітіркенгіштерді үш топқа бөлуге болады: 1) физикалық (температура, механикалық, электрлік, жарық, дыбыс, т.б.); 2) физико-химиялық, яғни осмостық қысымның, орта реакциясының электролиттік құрамының, коллоидтық күйдің өзгерулері; 3) химиялық (гормондар, зат алмасу өнімдері, дәрілік препаттар, улы заттар т.б.).

Физиологиялық маңызы жағынан тітіркендіргіштер үйреншікті және үйреншіксіз болып бөлінеді. Біріншілері қалыпты табиғи жағдаңда әсер ететіндіктен, оларды қабылдауға организм бейімделген және оларға сезімталдығы өте жоғары болады. Екіншілері, көбінесе тосыннан әсер ететіндіктен, оларды қабылдауға организмдер бейімделе алмай зақымдануы мүмкін.

Қозғыштық. Тітіркендіргіштің әсерінен организмнің тіршілік әрекеттерінің ырықтануын қозғыштық деп атайды. Клеткалық деңгейдегі тітіркенгіштік тетігі (механизмі) үш бөліктен қүралады: 1) клеткалық мембраналар арқылы иондар ағынының өтуінен пайда болатын потенциал айырмашылықтары; 2) сырттан келген сигналдарды қабылдайтын мембранадағы рецепторлар (қабылдағыштар); 3) сыртқы сигналдарды өзгертіп, клеткадағы процестерге жеткізуші тетіктер. Көпшілік жағдайларда тітіркендіргіштің әсерінен клеткадағы өзгерістердің бірізділігін төмендегіше сипаттауға болады. Тітіркендіргіш әсері мембранадағы рецепторлармен (қабылдағыш) қабылданып, оларды өзгертеді, осыған байланысты мембраналардың өткізгіштік, электрлік және концентрациялық айырмашылықтары өзгеріп, клетканың қызметтік ырықтығына әсер етеді. Сонымен клетканың сыртқы қоздырғышқа қызметтік жауабы жүзеге асады.

Өсімдіктерде хайуанаттардағы сияқты арнайы сезу органдары жоқ. Бірақ, клетка мембраналарында шоғырланған қабылдағыштар (рецепторлар) бар екені анықталды. Өсімдіктерде де жарық, химиялық, механикалық тітіркендіргіштерді қабылдаушылар бар екен. Жарық қабылдағыштар (фоторецепторлар) фототаксис, фототропизм, фотонастия және фотопериодтық сигналдарды қабылдауды қамтамасыз етеді. Өсімдік организмінің кейбір химиялық тітіркендіргіш-терге, фитогормондарға сезімталдығы хеморецепторлардың әрекетіне байланысты. Геотропизм, тигмотропизм, сейсмонастия құбылыстары механикалық тітіркендіргіштерді қабылдаушылардың әрекетіне байланысты.

Жалпы алғанда, сыртқы жағдай әсері мен қабылдаушы клетканың әрекеттесуі плазма мембранасында жүзеге асады. Осы қабылдағыш клеткалардың мембранасында тітіркендіргішпен бірінші әрекеттесетін ерекше белок молекулалары шоғырланған. Бұл белоктардың ферменттік ырықтығы болмайды. Тітіркендіргіштің белок молекуласына әсері оның көршілес липидтер және белоктармен байланысын өзгертіп, плазмалық мембрананың өткізгіштігінің, иондық тепе-тендіктің өзгеруіне және рецепторлық потенциалдың пайда болуына әкеліп соғады. Басқа сөзбен айтқанда, алдымен тітіркендіргіш белокпен ерекше әрекеттеседі, яғни таңбалану жүзеге асады.

Тітіркенудің өсімдік ұлпаларына таралуы химиялық және электрлік жолдармен жүзеге асады. Өсімдіктерде тітіркенудің химиялық заттардың көмегімен таралу мүмкіндігін ең бірінші Ч.Дарвин болжаған болатын. Ол колеоптильдің тітіркенгіш үшынан (сенсорлық аймақ) төменгі моторлы аймағына химиялық қоздырғыш ауысады деп болжады. Елу жыл өткен соң осы затты өсімдіктен бөліп алып зерттегенде, индолилсірке қышқылы (ИСҚ) немесе ауксин екендігі анықталды. Бүл қосынды өсімдіктердің өркен ұштарында өте көп мөлшерде пайда болып, жоғарыдан төмен қарай тамыр ұштарына дейін таралады. Сабақ бойымен ИСҚ өткізгіш шоқтар арқылы ауысады. Өзіне сезімтал клеткаларға, яғни құрамында осы гормонды қабылдағыштары бар клеткаларға жеткен соң ИСҚ олардағы физиологиялық және морфогенетикалық реакцияларды — созылып өсу, заттарды сіңіру, гендер ырықтығын қоздырады.

Өсімдіктерде тітіркенудің химиялық таралуы басқа гормондардың да әсерімен жүзеге асады. Мысалы, ұзақ күндік өсімдіктердің жапырақтарында пайда болатын гиббереллин вегетативтік бүршіктерге ауысып, гүлсидамның қалыптасуын тездетеді. Өсімдіктерде тітіркенудің тез тарауы электрлік қоздырғыштардың көмегімен жүзеге асады. Жоғарыда келтірілген мағлүматтардың өзі-ақ тітіркенгіштік тетігіндегі негізгі қозғағыш күш — электрофизиологиялық процестер екендігін дәлелдейді. Хайуанаттар клеткасы сияқты, өсімдік клеткалары да электрлік өріс түзіп, тарата алады. Клеткаларда өріс белгілі уақыт ішінде жеткілікті күші бар тітіркенудің әсерінен пайда болады. Ол мембраналардағы иондық ағындарды өзгертіп, мембарана потенциялын тез біраз шамаға өзгертеді.

Оставить комментарий