КОММУНИКАТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

Шет тілдерін оқу туралы алғашқы деректер өте ерте кезеңдерден-ақ белгілі. Айталық Сирия, ежелгі Мысыр, Грекия, Римдегі мәдени өркендеу дәуірінде осы елдер арасындағы сауда және мәдени қатынастарға байланысты шет тілдерінің тәжірибелік және жалпыағартушылық мәні болды. Олардың ролі ортағасырларда да күшейе түспесе, әлсіремеген. Батысеуропалық тілдердің сөздіктерінде көрініс табатын сол кезеңнің әдеби ескерткіштері мен кірме сөздері осыған дәлел бола алады. Алдымен, грек тілі, сонан соң латын тілдері жекеленген жағдайларда және орта мектептерде оқытылатын басты шет тілдері болып қалыптасты. Алайда Еуропа елдерінің мәдени даму тарихында ешбір тіл латын тілі (15 ғасыр бойы) сияқты ерекше ролді иелене алмады. Тек Батыс Еуропада ұлттық тілдердің дамуымен латын тілі өз беделін жоғалтады. Бірақ ол жалпыағартушылық жүйеде ұзақ жылдарға қалады. Латын тілін білу сауаттылықтың белгісі саналып қалыптасты. Өткен жүзжылдық басында Германияда латын тілінде тіпті ғылыми диссертация жазылып қорғалған. Латын тілін оқыту үшін аударма әдісі қолданылды. Кейіннен олар батысеуропалық тілдерді (ағылшын, неміс, француз тілдері) оқыту әдістемесіне өз үлесін қосты. Шет тілдерін оқыту әдістері тарихын И.В.Рахманов толық зерттеп жазды. Әдістеме тарихымен К.А.Ганшина, И.А.Грузинская, Ф.Аронштейн, В.Э.Раушенбах айналысты. Әдістеме тарихының бөлек тараулары З.М.Цветкова, С.К.Фоломкина, Ю.А.Жлугтенко, Р.А.Кузнецова еңбектерінде жазылған. Батыс зерттеушілерінен Дж.Ричардс және Т.Роджерс, Ч. Лоув еңбектерін ерекше атауға болады. Шет тілдерді оқыту әдістемесінің классификациясы — өте күрделі нәрсе. Себебі, олардың атауларының негізінде неше түрлі белгілер бар. Оқытуда қай аспект көп қарастырылуына байланысты ол әдіс лексикалық немесе грамматикалық деп аталады. Қандай логикалық категориялар басты болып табылғанына байланысты синтетикалық немесе аналитикалық делінеді. Қандай қабілетті дамыту оқудың мақсаты болуына байланысты ол ауызша әдіс және оқу әдісі болып бөлінеді. Әдебиеттің семантизация тәсіліне байланысты ол тура және аударма әдістері болып бөлінеді. Әдістің аталуы тілмен жұмыс негізіндегі тәсілмен анықталады, мысалы, аудиовизуалды не көрнекілік. Мәліметтерді жұмылдыру тұрғысынан дәстүрлі әдіске бағдарламалық оқыту әдісін қарсы қояды. Өз атауларын авторларының есімдерінен алған әдістер де белгілі: Берлиц, Гуэн, Пэлмер, Уэст, Фриз, Ладо, Лозанов әдістері. Көптеген әдістер арасында шет тілдерін оқытудағы екі бағытты ерекше атауға болады: саналы және интуитивті. Олардың атаулары тілді меңгерудегі психикалық процестермен байланысын көрсетеді. Шет тілдерін оқыту әдістемесінің тарихында шет тілдерін оқытудағы ең рационалды тәсіл табу әрекеттері көрініс табады. Тәсілдердің ең көне түрі- табиғи, оның баланы ана тіліне үйретуден еш айырмашылығы жоқ. Шет тілі дайын үлгілерге еліктеу, сондай-ақ, оқылған мәлімет аналогиясында жаңа мәліметті санреттік тыңдау мен қайталау жолымен меңгерілді. Тек тәжірибелік мақсатты көздеген табиғи тәсіл (сөйлей алу және мәтіндерді оңай оқу) қоғам талаптарын ұзақ уақыт бойы қанағаттандырды. Шет тілдерін меңгеру жоғарғы тап өкілдерінің артықшылығы болды. Мектептер пайда болып, оларда шет тілдерін оқыту жалпыбілім алу бағдарламасына енгізілгенде, басында табиғи әдісті қолданғанымен, кейін аударма әдісін (ХІХ ғ. ортасына дейін) қолданып кетті. Грамматикалық – аударма әдісінің мақсаты: грамматиканы оқу, ол арқылы шет тіліндегі мәтіндерді оқып, түсіну. Оқытудың ақырғы мақсаты — шет тілін жүйе ретінді білу және оны тұрмыс-тіршілікте дұрыс қолдану. Грамматикалық-аударма әдісінің өкілдері шет тілін жалпы білім алу мақсатында оқу керек деп ойлады. Ол оқушының ойлау қабілетін және шет тілінің құрылымы мен грамматикасын оқу, мәтіндерді оқып, әңгімелеу арқылы жүзеге асатын филологиялық білімін дамытуға көмектеседі. Одан кейінгі жүзжылдық бойы аударма және табиғи әдістер, кейіннен тура әдіс өкілдері арасында үзіліссіз күрес басталды. Тура әдіс тілдің айтылуына назар бөледі. Оқыту негізіне ол дайын фразаларды оқуды (ауызекі сөйлеу тілін) қояды. Ал тіл грамматикасын екінші орынға қояды. Ол үйретуде ана тілін қолдануды алып тастап, шет тілінен ана тіліне немесе керісінше аударуға шек қояды. Бұл арқылы ол оқылатын шет тілін ана тілінің деформациялаушы ықпалынан қорғайды. Шет тілін оқытудағы қазіргі заманғы әдістері басқа болғанымен, шет тілін оқытуда ана тілін қолдану немесе қолданбау әдістемелік кредоны енгізуде әлі де үлкен мәнге ие. Шет тілін оқытудағы әдістер тарихын әдістердің өзгеруі мен олардың өкілдері арасындағы күреспен сипаттауға болады. Әрбір әдіс өзінше ерекше. Тура әдісті кішкентай топтарда қолдану дұрыс. Бұл жағдайда аудитория біртілді немесе керісінше болып, оқытушы оқушылардың тілін білмеуі керек. Салыстырмалы әдісті бір тілді аудиторияда ғана қолдану жөн. Бұл жағдайда оқытушы оқушылардың тілін білгендіктен, ол жалпы білім алу және тәжірибелік мақсат қояды. Аралас әдістер шет тілін меңгерудегі нақты шарттар мен мақсатқа байланысты қолданылады. Қазіргі кезеңде шет тілін оқудағы неше түрлі бағыттардың пайда болуына ықпал болған — қоғам жағдайының өзгеруі, жаһандану үрдісі және Еуропа Кеңесі қызметі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада шет тілін тез меңгеруге көмектесетін әдісті іздеу жұмыстары жүргізілді. Біріншіден, өмір сүру қарқыны жылдамдатылды, екіншіден, шет тілін білу қажеттілігі туды. Оған қоса, Еуропа елдерінің өзара тәуелділігінен есейгендердің Еуропа Кеңесінің негізгі тілдерін меңгеру қажеттілігі жоғарылады. Еуропа Кеңесінің қызметінің басты саласы ретінде білім алу болды. Альтернативті әдістерінді қалыптастыру қажеттілігі тілдерді оқытудағы әдістердің приоритетті бағыты есептелінді. Білім алудың функционалды, прагматикалық деңгейге түсуіне талап қойылды. Бірінші орынға тілдің коммуникативтік қызметі шықты. 1971 жылы сараптаушылар тобы оқыту жүйесін құру және тіл оқыту курстарының біріңғай кредиттік жүйесін қалыптастыру мүмкіншіліктерін зерттеумен айналысты. Бұл жерде оқыту тапсырмалары сәйкесінше тарауларға бөліну мәселесін қарастырған. Сараптаушылар тіл оқитын талаптанушылардың қажеттіліктерін зерттеу нәтижелерін және британдық тілтанушы Д.А.Уилкинс /4/ дайындаған шет тілдерін оқытудағы коммуникативтік бағдарламаларды дайындауға негіз бола алатын тілдің коммуникативтік және функционалды анықтамасын ұсынған құжатын пайдаланды. Уилкинстің үлесі – адамдардың айтатындарын түсініп, өз ойын жеткізу үшін тіл үйренушіге қажетті коммуникативтік мәнінің талдауында. Уилкинс тілдің коммуникативті қызметінің негізінде жатқан мағыналардың жүйесін баяндау әрекетін ұсынды. Бұл жерде ол тілді дәстүрлі әдістер арқылы жүйелеген жоқ. Дәстүрлі әдіс бойынша тілді меңгерудегі басты нәрсе сөздік қорды кеңейтіп, грамматиканы білу болып табылады. Ол мағынаның екі түрін бөліп көрсетті: мағыналық категория (уақыт, кезектестік, мөлшер, орын, жиілік) және коммуникативті функция категориясы (өтініштер, болдырмау, ұсыныстар, шағым). Кейін Уилкинс 1972 жылғы құжатты қайта қарастырып, тілді оқытудағы коммуникативтік тәсілдің дамуына зор үлесін қосқан «Nаtional Syllabuses» кітабын жазды /2, 60 -65/. Семантикалы-коммуникативтік талдау Еуропадағы тілдерді оқыту бағдарламаларын және оқулықтарын дайындауға өзінің зор үлесін қосты. Еуропа Кеңесінің қызметі, Д.Уилкинс, Г.Уидоусон, К.Кэкдлин, К.Брумфит, К.Джонсон және т.б. британдық лингвистикасының өкілдерінің тілді оқытудағы функционалды немесе коммуникативтік әдістердің теоретикалық негізін құрастыруға байланысты жазылған жұмыстары, олардың идеяларын оқулық авторларының тез қабылдауы, осы принциптерді британдық тілді оқытушы мамандарының және бағдарламаларды құру орталықтарының тез қабылдауы Британия және басқа елдерде тілді меңгерудегі коммуникативтік әдісті танымал етті. Бұл британдық жаңашылдық ретінде 1970 жылдың ортасына таман пайда болса да, тілдерді коммуникативті түрде оқыту саласының дәрежесі өсті. Осы тәсілдің британдық және американдық жақтастары тілді оқытуда коммуникативтік біліктілікті көздейтін және төрт түрлі қабілетті (оқу, жазу, тыңдап түсіну, ауызекі сөйлеу) дамыту үшін қызмет түрлерінің жүйесін құруды басты мақсат етіп қоятын әдіс ретінде қарастырады. Осылайша, оның кеңкөлемділігі оны басқа әдістерге қарағанда ерекше орынға қояды /6, 69-73/. Шет тілін оқытудағы коммуникативтік әдістің дамуының негізінде тілдің коммуникативтік теориясы жатыр. Хаймстың айтуында, тілді оқытудағы басты мақсатқа «коммуникативтік біліктілікті» арттыру жатады. Хаймс бұл терминмен коммуникативтік көзқарасын Чомскидің тілдің біліктілік теориясына қарсы үшін ойлап тапты. Чомскидің ойынша, тіл теориясы біртілді қоғамдағы идеалды сөйлеуші мен тыңдаушымен байланысты. Мұндай идеалды тұлға толық меңгерген және есте сақтау қабілетінің шексізденуі, зейінсіздік және қызығушылықтың тұрақсыздығы сияқты факторлардың ықпалына түспейді. Чомски үшін тіл теориясының басты мақсаты – сөйлеушінің грамматикалық жағынан дұрыс тіркестерді тудыруға мүмкіндік беретін абстракты қабілетін сипаттау. Хаймс бұл көзқарасты бұрыс деп санады. Себебі, тіл теориясы коммуникация мен мәдениет теориясының ортақ бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс деп санады. Хаймстің коммуникативтік компетециясының теориялары оқу аудиториясында коммуникацияны блу керектігіне анықтама болды. Біздің мақсат — тілді тез үйреніп, оның тек дұрыстығына ғана емес шет тілін үйретушілердің ғасырлар бойғы алған асуларына жеткізуге тырысу. Біз шектелген, дайын емес сөздерді талаптанушыларға арнайы аудиторияларды жабдықтаймыз. Оларға тек аудиториямен жұмыстарымен ғана шектелмей алдыңғы уақытта да шет тілін жетік меңгеруде жағдай жасау керек. Сыныптық жаттығулар кез келген нәрсеге және түрлі ізденулерге көзделген. Бұл — студент тіл үйрену барысында көздегенінен мүмкіндгінше нәтиже алуға деген қабілеттілік.( Brown, Douglas H. Teaching by Principles. Upper Saddle River: Premtee Hall Regents.) Тілдің қатынастық көзқарасынан айырмашылығы әдебиеттегі егжей- тегжейлі қаралған ЕЭ білім беру қатынасы, теориялық білім беру практикалық сияқты суреттеп айтылмаған. Брумфит те, Джонсон да, Литлвуд та өз теорияларында білім беруді ұсынбайды. Оның бірнеше элементтерін коммуникативті оқу тапсырмаларынан көруге болады. Осындай элементтердің біреуі қатынастық, яғни коммуникативтік принципте аталған болуы мүмкін: қызмет, шынайылықтың болуы меңгеруге мүмкіндік туғызады. Екінші элемент тілдегі маңызды нәрселерді, жаттығуларды орындауда меңгеруге мүмкіндік туғызу үшін маңызды тапсырмалар қызметі. Үшінші элемент – маңыздылық принципі: тіл, студент үшін маңызды нәрселер білім беру процесіне мүмкіндік туғызады. Оқу тапсырмаларының типтері мен олардың орындары студент үшін тілдің қаншалықты маңызды екендігі және оны белсенді түрде қолдануына байланысты іріктеледі. Алайда, коммуникативтік зерттеулерге сүйенсек тіл оқытуға теория суреттеп жазу әрекетімен коммуникативтік сәйкестікте іске қосылған. Савильон шет тілін меңгеруге мұқият іс жүргзу нәтижесінде мынадай шешімге келді: теориялық білім беру лингвистикалық, социалдық, когнитивтік және индивидуалдық білім беруден тұруы тиіс. Басқа оқымыстылар (Крашен) тіл оқытудың коммуникативтікпен біріккені секілді жиі жіберілетін принципті өңдеді. Жоғарыда айтылғандай, ол «меңгеруді» тіл білудің дамуына ықпалды негізгі процесі санап, оны «үйренуден» бөліп қарастырады. Үйрену — үйретушімен бірге грамматикалық білімді алғаш мазмұндаған соң, саналы түрде қолдану. Үйрену тілдің меңгерілуіне алып келмейді. Біз күнделікті сөзімізде меңгеру бойынша ғана сөйлесе аламыз. Ал, үйрену жүйесі — тек тексеруші, яғни сөздің дұрыстығын тексеру қызметін атқарады. Крашен және басқа коммуникативтік оқыту адептері тіл, жаттығу жасаған кезде емес сөйлеу барысында меңгеріледі деп тұжырымдайды. Джонсон мен Литлвуд коммуникативтік принцип, дағдылы үлгісін яғни, когнитивтік және бихевиористік аспектілерді біріктіретін білім берудің альтернативтік теориясын ұсынады. Бұл теория коммуникативтік дағдының дамуының тәсілі секілді практика үшін акцепт жасайды.Оқу жоспарының мазмұны – коммуникативтік амалдың тағы да бір проблемасы. Уилкинс ұсынған оқу жоспарының тағы да бір үлгісі суреттеуші мінездемемен семантикалы — грамматикалық категориялар (жиілік, қозғалыс, орын) және студенттердің меңгеруі тиіс коммуникативтік функциясын анықтады. Еуропа кеңесі бұл үлгіні өзіне қосып көлемін ұлғайтып оны оқу жоспарында дамытты: — Еуропа халықтарының шет тілін үйренудегі мақсаты ; -шет тілін қажет ететін (саяхат, бизнес) жерлерде туындайтын жағдайлар ; -барлығынан бұрын ең көп талқыланатын тақырыптар (білім беру, сауда); -тіл пайдаланып жиі қолданатын функциялар (суреттеу, егжей-тегжейлі түсіндіру, келісушілік пен келіспеушілік т.б); -қатынастағы түрлі қолданыстарды түсіну (уақыт, жиілік, жалғасу); Бұл құжат «шет тілін игерудегі алғашқы баспалдақ» деген атымен белгілі және коммуникативтік компетецияның белгілі бір дәрежесіне жету үшін қажет екендігін анықтауға деген қадам болды. Қатынастық жиегінде ауыса алатын жаттығулар типтерінің көлемі практикалық түрде шектелмеген. Оқу жоспарындағы студенттің коммуникативтің мақсаты жаттығу, бұл адамдармен қарым-қатынас және ақпарат алысу сияқты талқылау, өзара әрекеттесу. Коммуникативтік білім берудегі мұғалімнің ролі дәстүрлі білім беруден елеулі түрде ерекшеленеді. Брин мен Кэндлин оны келесідегідей етіп анықтайды: «Мұғалім екі түрлі роль атқарады: біріншісі, аудиториядағы барлық студенттермен түрлі тапсырмалармен мәтіндерді беру арқылы қатынас құру. Осы екеуі көптеген болмашы нәрселерді: оқу деректемелерін түзету және өзі де сондай болу; тапсырмалармен жаттығуларға жетекші болу; оқушыларды басқа рольдер: мұғаліммен жақындық, бұл оқу процесінде аналитиктің консультанат және ұйымдастырушының ролі». Үйретуші аналитик түрінде студенттің танымдық қалауларын қанағаттандыру үшн қолдан келгенін жасап оларды айыра білу керек. Бұл әр оқушымен жеке қатынаста ресми жасалмауы мүмкін. Мұндай отырыстарда үйретуші үйренушінің өз стилі мен оқу деңгейін, қажеттілігі мен оқу мақсатын түсіндіруі тиіс. Ресми анықтамаларда, мазмұнды сұрақтар, тіл үйренудегі студенттің мотивациясын анықтауға көзделген арнайы тәсілдерді қолданады. Мысалы, студентті келесідей 5 балдық шкаламен бағалауға келесі мақұлдаулар ұсынылып отыр (толықтай келісемін – келіспеймін) Менің шет тілін үйренгім келуінің себебі:  Менің ойымша ол әйтеуір бір кездері маған жақсы жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.  бұл маған ағылшын тілінде сөйлейтін адамдарды түсінумен қатар олардың өмір сүру образын түсінуге көмектеседі.  бұл өзара сыйластыққа көмектеседі.  бұл маған қызық адамдармен кездесіп олармен араласуыма көмектеседі.  бұл менің жұмысым үшін қажет.  бұл маған осы тілде сөйлейтін адамдар сияқты ой түйіп, өзімді солар сияқты ұстауға мүмкіндік береді. Мұғалім осындай жауапнамалар нәтижесінің анализ негізінде синонимдердің көмегімен және перифраза мен коммуникативте сөйлеушінің не пиғылмен айтып жатқандығына мысал болуы тиіс. Мұғалім консультант ретінде синонимдердің перифразамен теріс байланыстың нәтижесінде сөйлеушінің пиғылын түсінуі тиіс. Коммуникативтік жақындық оқу үрдісі студентке орталықтандырылған деп тұжырымдайды. Сондықтан оқу процесінің ұйымдастырушысы ретіндегі мұғалімнің тапсырмасы-коммуникативтік тапсырмаларды орындауда оқу аудиториясының атмосферасы, аудиторияға керекті нәрселерді Литлвуд пен Брумфит былайша нұсқайды, студенттер жаттығу орындау барысында үйретуші оларды бақылайды, бірақ олардың лексикамен грамматикадағы бос орындарын толықтырмайды, оларды пікірсайыспен дайындыққа негіздейді. Жаттығу жасаудан соң үйретуші керекті талдау мен анализ жасауға көмектесіп, сонымен бірге, топтың өздеріне талдау жасауына көмектеседі. Шет тілінен коммуникативтік білім алуда оқу материалдарын да айтып өткеніміз жөн. Сонымен қоса, практикалық шексіз түрлерін де атап өтеміз. Коммуникативтік істі жақтаушылар мынадай оқу материалдарын қарайды: оқу коммуникациясын және тіл пайдалануда оның сапасына қарайды. Оқу материалдары коммуникативтік стимуляциядағы тіл пайдалануда алдыңғы роль атқарады. Оқу материалдарының үш негізгі дәстүрлі түрін белгілеп алады: тексте негізделген, коммуникативтік тапсырмаларға , шындыққа негізделген. Шет тілін коммуникативтік оқытуға бағытталған оқулықтар көп. Олардың көбісі талдау мен орналасу тәсіліне қарай дәстүрліктен қатты ерекшеленбейді. Мұндай оқулықтар көп өзгермеген структуралық оқу жоспарына бағытталған және олар әр түрлі мазмұндағы тапсырмалар мен ақпаратты және басқа тәсілде жасалатын тапсырмалар ұсынады. Ақпараттық мазмұндағы жаттығулар қазір кеңінен тараған. Коммуникативтік тапсырмаға негізделген тапсырмаларға дәстүрлік әр түрлі рольдік ойындар коммуникацияны модельдеу т.б. Мұндай тапсырмалар әр түрлі карточкалар, буклеттер және т.б материалдар арқылы расталады. Коммуникативтік істің көптеген жақтаушылары класта аутентикалық материалдарды пайдалануды ұсынады. Олар: журналдар, жарнамалық хабарландырулар және газеттермен деректемелер яғни, айналасында коммуникация (карта, сурет, белгі, графика, кесте және т.б.) орнаған әр түрлі тілдік құбылыстар болуы мүмкін. Қорытынды ретінде, шет тілінен коммуникативтік түрде білім беру – істің шапшаңдығы мен тәсілді қажет ететінін атап өтуіміз керек. Теоретикалық мазмұн тіл мен білім алудың деңгейін суреттеуі мүмкін яғни, оқу жоспарының деңгейі және аудиториялық қажеттіліктер, шет тілін коммуникативтік түрде оқытуда әлдеқайда еркіндік пен жеке интерпретациялар және әр түрлілік сипатталады. Коммуникативтік білім беру парадигмада шетел тілін оқыту белең ала бастаған кезде қажеттілік туғызды. Ал, дәстүрлік әдіс жетілген еуропа халықтарының қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Ал коммуникативтік білім беру гуманистикалық істегі үйретушілерге ең жақсы оқыту түрі болды. Коммуникативтік оқытуды педагогикалық ортада тез қабылдады. Олар британдық лингвистер, филологтар мен әр түрлі институттардан көмек ала отырып тез дамыды. Осының бәрі оны әлемге таралуға қабілетті етті. Коммуникативтік істің яғни, шет тілінде дәріс беруде үйретушілердің дайындығымен оқу материалдарының қызметі, тестілеу және қалағанынша бағалау сияқты проблемалар туындайды. Көптеген талданыстағы сұрақтар ішінде- коммуникативтік білім беру барлық білім беру этаптарымен ауыса ала ма; ол тек ғана ағылшын тіліне екінші әрі шет тілі ретінде сәйкес келе ме; қазір жасалып жатқан іс қалай бағаланады; ол қаншалықты тіл тасымайтын үйретушілерлерге сәйкес келеді; студентке грамматикалық бағыттаушы тест кезінде оны қалай пайдаланады; Көптеген осындай сұрақтар оқу мен анализді қажет етеді. Алайда қазіргі заманда шет тілін оқыту басқаға қарағанда кеңінен тарағанына күмән келтіре алмаймыз. Коммуникативтік білім беру принципінің негізінде өтіп кеткен 2003 жылғы жоба “Жалпыеуропалық шет тілді игеру компетенциясы. Оқу, оқыту, бағалау.” (“Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment”).

Читайте также:  Иса Тіленбайұлы өмірбаяны

Оставить комментарий