Коммунизм мен меншіктің айырым белгілері

Әлі ешкім де қоғамдық құрылысты меншіктен немесе коммунизмнен тыс елестете алмайтынын жасыра алмаймын; осынау талай рет қарғыс атқан адасу үшін меншік өзінің бүкіл бар екендігімен қарыздар. Коммунизмнің кемшіліктері айдан анық екені соншалық, оның қарсыластарына сол сынмен адамдарды улау үшін онша көп өнер қажет болмайтын. Оның әділетсіз үкімдерінің үзілді­кесілділігі, оның жеке адамның ұнату, ұнатпауына зорлығы, адамның ырқына ол кигізетін темір мойынтұрық, оның ұжданына көрсететін инсанияттық азабы, қоғамдық өмірге ол бұйыратын босаңдық, ақыр соңында оның еркін, белсенді және парықтай алатын тұлғаның бойын жаздырмайтын даңғой да нақұрыс біркелкілігі ­ осының бәрі адамның естілігін ызаландырып, коммунизмді біржолата айыптап, үкім шығарды.

Коммунизм пайдасы үшін бетке ұстар беделдер мен мысалдар шын мәнінде оған қарсы; Платонның коммунистік республикасы құлдыққа негізделген, Ликургтың республикасы өз қожайындары үшін бәрін өндіруге тиіс болған, сөйтіп олардың бірыңғай соғыс пен гимнастикалық жаттығуларға берілуіне мүмкіндік берген илоттардың еңбегіне сүйенеді. Коммунизм мен теңдікті бытыстырып алған Ж.­Ж. Руссоның да бір жерде құлдықсыз теңдік мүмкіндігін елестете алмаймын дегені бар. Алғашқы христиандардың коммунист қауымдары бір ғасырдан артық төтеп бере алмай, монахтар скиттерге айналып тынды; Парагвайдағы иезуиттер коммуналарын көрген саяхатшылардың бәрі ондағы негрлер жағдайының құлдықтан еш айырмашылығы жоқтығын айтады; мейірімді әкейлер өз неофиттерінің жаппай қашуына тосқауыл қою үшін өз мекендерін дуалдармен және орлармен қоршауға мәжбүр болғаны факт. Бойларын белгілі бір доктринадан гөрі, меншік алдындағы елірме үрей билеген бабёфшылардың түбіне өздерінің принциптерін қарабайырландыру жетті; коммунизм мен теңсіздікті ұштастырғысы келген сенсимоншылар маскарадтың иіс­қоңысындай болып өтті. Осы заманғы қоғам тап болуы мүмкін ең үлкен қатер ­ осы бір су астындағы жартасқа соқтығып, тағы да кеме апатына тап болу.

Таң қаларлық іс! Жүйелі коммунизм, меншікті саналы түрде жоққа шығару меншік соқыр сенімінің тікелей ықпалымен ойластырылған нәрсе; коммунистердің барлық теорияларының негізінде бәз­баяғы меншік жатыр. Рас, коммуна мүшелерінің ешқандай меншігі жоқ; бірақ сол коммунаның өзі меншік иесі, материалдық заттардың ғана емес, адамдар мен олардың тілектерінің де меншік иесі болып табылады. Осынау тәкаппар меншік принципінің арқасында біз үшін тек тол табиғатымыздың жаратылыстық табиғи талабы ғана болуға тиісті еңбек адам адамға жүктейтін міндеттемеге айналады; бүл оны жиіркенішті етеді. Бұл коммунизм өзінің мүшелеріне адамның парықтау ырқымен сыйыспайтын үнсіз бағыну принципін таңады; ол өзінің жарғыларымен ешқандай келіспеушіліктерге жол бермейді, ал олар мадақтасаң да, ешқашан кемшіліксіз болмайды; адамның өмірі, таланты және бүкіл қабілеті оларды ортақ игілік үшін қалай жұмсаса да, ерікті мемлекетке тиесілі болады; жеке адамдар қоғамдарын құруға қатаң тыйым салынады, өйткені оған жол беру қауымға басқа, ұсақ қауымдарды, яғни жеке меншікті енгізумен бірдей; қайратты адам әлсіз үшін жұмыс істеуі керек, бүл міндет емес, есіркеушілік қана болса да, мұны бұйыруға емес, ұсынуға болады; ықтиятты адам, әділетсіздік болса да, жалқаудың сабағын орындайды; қисынсыз болса да, талант ­ нақұрыстың сабағы; ақыр аяғында, адам төл менің, төл даралығын, төл даналығын, төл бейімділіктерін құрбан етіп, айбарлы да мызғымас коммунаның алдында тізе бүгіп, мойынсұнуы тиіс. Мұның бәрі сол коммунизмнің негізінде жатқан меншік принципінен бастау алады.

Читайте также:  Kazakhstan's trade performance is experiencing significant adjustments

Коммунизм дегеніміз ­ теңсіздік, бірақ меншік мағынасындағы емес, керісінше теңсіздік. Меншік ­ әлдінің әлсізді қанауы, коммунизм ­ әлсіздің әлдіні қанауы. Меншік режимі тұсында теңсіздік күш­қуаттың нәтижесі болып табылады, бұл күш табиғи немесе рухани зорлық күші болсын, оқиғалар күші ме, бақ па, сор ма, байлықтың күші ме, т.с.с. ­ бәрібір. Коммунизмде теңсіздік талант пен еңбектің күшпен бірге бір тақтаға қойылатын болымсыздығынан туындайды. Мұндай ренішті теңгермешілік біздің ар­ ұжданымызға тиіп, лайықтылардың наразылығын туғызады; өйткені егер әлді әлсізге көмектесуді борышым деп мойындайтын болса, оны ізгіліктің борышы деп мойындайды, ол онымен бір тақтада тұруға ешқашан келіспек емес (il ne supportera jamais la comparaison). Олардың екеуіне де еңбек пен марапаттың бірдей шарты қойылуы керек, бірақ олардың арасында ешқашан да екеуінің біреуі ортақ міндетті атқармай отыр деген күмән тумауы тиіс. Коммунизм дегеніміз ­ езіп­жаншу және құлдық. Адам парыз заңын мойындауға, отанға қызмет етуге, достарына көмектесуге әзір, бірақ ол жұмысты қашан және қанша болсын, оз қалауынша істегісі келеді; ол өз уақытына өзі қожа болуды, бір ғана қажеттілікке бағынуды қалайды, достарын да, айналысатын тірлігі мен демалатын уақытын да өзі таңдағысы келеді; бұйрық бойынша емес, өз ықтиярымен көмектескісі келеді; құлдық мәжбүрлеуден емес, эгоизмнен өзін құрбан еткісі бар. Коммунизм біздің қабілеттеріміздің, біздің асқақ ұмтылыстарымыздың, біздің қастерлі сезімдеріміздің еркін дамуына сөзсіз кедергі жасайды; егер сіз оны индивидуалдық парасат пен ырықтың талаптарымен жарастыратын амал тапсаңыз, мынаған кәміл сене беріңіз: алдыңыздағы енді коммунизм емес, оның тек аты ғана қалады, ­ ал біз ақиқатқа алғаусыз ұмтылатындықтан, бөспелік атаулыдан аулақ болуымыз керек.

Сонымен, коммунизм ұждан автономиясы мен теңдікті бұзады: біріншісін ­ ақыл мен жүректі матауымен, ойлар мен фактылар саласында бостандығымызды жансыздандырумен; екіншісін ­ еңбек пен жалқаулықты, талант пен ақымақтықты, кесепат дерлік нәрсе мен жақсылықты бірдей марапаттауымен бұзады. Айтпақшы, жұрттың бәрі ие болғысы келетіндіктен, меншік мүмкін болмаса, коммунизм жалқаулық жарысының арқасында көп ұзамай­ақ мүмкін болмайды. 2) Өз кезегінде, меншік теңдікті өзінің даралығымен және артықшылығымен, ал бостандықты ­ деспотизмімен бұзады. Бұлардың біріншісіне мен алдыңғы үш тарауда жеткілікті тоқталдым; бұл арада меншік пен ұрлықтың бірдей екендігін дәлелдеп берумен шектелемін. Ұры латынша fur лсәне latro, біріншісі ­ грекше рһего, латынша fero деген ­ әкетемін деген сөз; екіншісі грекше lathroo, қарақшылық жасаймын, латынша Iciteo бой тасалаймын деген сөз. Гректерде klepto дегеннен шыққан kleptes, ұрлаймын деген де сөз бар; оның түбірі де сол каі, жабамын, жасырамын деген сөз. Осынау этимологиялық сілтемелерге сәйкес, ұры өзіне тиесілі емес затты жасыратын, алып кететін адам болып шығады. Нақ сол ойды еврейлер gannab ұры деген сөзбен, ganab былайырақ алып қою, алып кету деген етістіктен туатын сөзбен: lo thi gnob (8­өсиет), ұрлық істеме, яғни ештеңені былай алып қойма, өзің үшін ештеңені жасырып қалма деген сөз. Қоғамға кірерде адам оған өзінде бардың бәрін беруге осылайша уәде етеді, бірақ атақты Анания сияқты оның бір бөлігін жасырып қалатын адамдар да болады. Voler (ұрлау) деген етістіктің этимологиясы бұдан да тағылымды. Voler немесе faire la vole латынша vola, алақан деген сөзден шығады, бұл: карта ойынында бәсеке тігілгеннің бәрін алу; ұры, яғни бәрін алатын, үлестің көбін алатын, алаған деген сөз. Бәлкім, voler деген сөз ұрылар жаргонына алынған, біздің күнделікті тілімізге енген, ал одан заң шығарушы тіліне көшкен болар. Ұрлық шексіз әрқилы амалдармен жасалады, заң шығарушы оларды шебер айырып, олардың аяусыздық немесе лайықтылық дәрежесіне қарай топтастырып жіктейді, бір жағдайда ғана оған құрметпен қарап, басқасында ­ жазалайды. 1) күре жолда бас салып, 2) жападан жалғыз немесе тұтас банды болып, 3) құлып бұзып, 4) жасырып қалып, 5) қасақана банкрот болып, 6) жеке немесе ресми құжаттарды қолдан жасап, 7) жалған ақша жасап ұрлайды. 8) шулер ретінде, 9) бопсалаушы ретінде, 10) біреудің сеніміне кіру арқылы, 11) құмар ойындар мен лотореялар көмегімен ұрлайды. Бұл санатқа қара күшпен не алаяқтықпен қимылдайтын ұрылардың бәрі: бандиттер, қаңғыбастар, пираттар, қорсарлар және флибустьерлер кіреді; ертедегі батырлар осындай құрметті атақтарын мақтаныш тұтқан және өздерінің кәсіптерін пайдалы ғана емес, сонымен бірге ізгі іс деп есептеген. Немврод, Тезей, Язон мен оның Аргонавтары; Иафет, Давид, Ромул, Хлодвиг пен оның бүкіл ұрпағы ­ меровингтер; Роберт Гюискар, Танкред, Богемунд және нормандық батырлардың көпшілігі ­ солардың бәрі қарақшылар мен ұрылар болған. Қарақшылықтың батырлық сипаты Гораций Ахиллдың аузына салған шыққан мына сөздерден: Jura neget sibi nata, nihil non arroget armis , сондай­ақ еврейлер Дәуітке, ал христиандар Христке қаратып айтатын Жақыптың өсиетіндегі: Manus ejus contra omnes, оның қолы бәрін де тонауға жетеді деген үзіндіден (Болмыс, 48­тарау) көрінеді. Бүгіндері қарақшы, бұрынғының батыры, аяусыз қудаланады; заң оның кәсібін масқаралаумен, абақтымен, тіпті кейде эшафотпен жазалайды. Көзқарастағы қандай аянышты өзгеріс!

Читайте также:  Мемлекеттің "құруы" және күштеу революциясы

Оставить комментарий