Коммунизм — қоғамның болашағы

Өркениеттің асқар шыңы ортақтық құрылыс болады, осынау айдан­анық нәрсені теріске шығару қиын. Өткен шақ пен қазіргі шақты зерттеу прогресс атаулы осы жолда жасалған қадам екендігін қуаттайды, және қазіргі даулы проблемаларды қарастыру өзге парасатты шешімге орын қалдырмайды. Барлығы да осы шешімге қарай аршындап келеді. Ол тек халықтың ағартылуына, демек, біздің ізгі ырқымызға тәуелді. Коммунизм ­ утопия емес. Ол қалыпты дамудың қорытындысы болып табылады және қиялшылдар бүге­шүгесіне дейін ойдан шығарған үш немесе төрт жүйемен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Кабе болашақтың сымбатты мұратын бейшара қиялшылдардың негізсіз гипотезаларына ұқсатып, өзінің Икариясында және Науво мекенін жасау әрекетімен қателікке ұшырады. Ол өзімен жарысқа түскендерден де аяусыз сәтсіздікке тап болуға тиіс еді, өйткені коммунизмді жер бетінің бір қиырында қауырсыны да, қанаты да жоқ екі аяқты құс туып, балапан шығарған жұмыртқа тәрізді емес, адамзат дамуының жалпы қорытындысы ретінде қарастыру керек. Сен­симонистер, фурьеристер, позитивистер ­ олардың бәрі революцияға соғыс жариялап, оны түзелмес негативизмге толы деп айыптады. Олар табандатқан отыз жыл бойы өздерінің уағыздарында талқандау дәуірінің аяқталғаны туралы және осы секталардың әрқайсысының мессияларымен бейнеленген табиғи шығармашылық кезеңі туғаны туралы бүкіл әлемге жар сала берді. Кәдуілгі бақалшылар тәрізді бір­бірімен бәсекелесе жүре, осы үш секта бір нәрседе ­ қайтып түзелмес күнәһарлар, революционерлерді аяусыз сынауда ауыз жаласты және жаңа сәулеге көз жүгіртіп, жанды сөзге құлақ түруден бас тартты.

Коммунистер мен утопистер арасындағы айырмашылық жеткілікті дәрежеде мына фактымен айқындалатыны тамаша: коммунистер әрқашан демократияның ең айбынды авангарды болып табылады, ал гипотезалардың жақтастары барлық реакциялық үкіметтер алдында құрдай жорғалап, қайыршылар сияқты олардан садақа тілеп жалбарынып, республикаға қарғыс жаудырып, әдепсіздік өнерінде бір­бірімен бәсекелесіп жүр. Коммунизм дегеніміз ­ революцияның мәнісі, миы, ал осынау барлық жаңа діндеріңіз, нақ ескі дін тәрізді, қашанда революцияның жаулары болып келді. Сен­симонистердің, империяның осынау тіректерінің кім екенін қазір жұрттың бәрі біледі. Оларды, әрине, өздерінің принциптерінен айныды деп кінәлауға болмайды. Олардың капиталдың жоғарғы билігі туралы, банк пен ірі индустрияның асқан құдіреттілігі туралы доктриналары салтанат құрды. Солармен бірге билеп­төстеп отырғандар да нақ солар ­ бар болғаны осы. Осынау тәп­тәуір жігіттер қауіпті жаңашылдар деп қабылданған деп кім ойлапты!

Читайте также:  ИСЛАМ ДІНІН БҰРМАЛАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ

Республикашылдарды қорлап, он сегіз жыл бойы Луи ­ Филиппке бәйек болған фурьеристер республиканың жеңісінен кейін соның жағына шықты да, өздері күткен билікке қол жеткізу орнына, көп ұзамай қуып тасталғанын көргенде қатты таңырқап, абдырап қалды. Дауыл кезінде олар өздерінің сайқымазақ утопиясымен бірге зым­зия болды. Олардың қалдықтары демократтар сапымен араласып кетті. Олардың бұдан басқа үміт артар ештеңесі жоқ. Позитивизм, ғасырдың осынау үшінші құбылғы, культтар мен наным­сенімдер атаулыны теріске шығарудан бастады да, карикатуралық католицизмге негізделген касталық жүйе құрумен аяқтады. Айтқандайын, ол қақ жарылды. Ортодокстар маңғаз кейіппен пайғамбарына Конт дұғасын тынбай шырқауда. Наразылар өздері уағыздайтын доктринаны теріске шығарумен немесе өздері теріске шығарып отырған доктринаны уағыздаумен өмірін өткізуде, әркім білгенін істеп жүр. Ал солардың бәрі таяқтан өлердей қорқады, күш алдында тағзым етеді және жеңіліп қалғандармен байланыс жасаудан бас сауғалап қашады.

Конт ғұмырының соңғы жылдарын император Николайды мадақтауға арнап, революционерлерге лағнет айтумен болды. Ол реакцияны өз жағына тарту үшін өзінің касталарын ойлап тапты. Реакция да, патша да оған бұрылып та қараған жоқ. Жікшілдер өңеш жыртуда, атеизмнен үрейі ұшып, әлдене күмәнді қорғаныш тапқан қорқақтардың қайырымымен ықпал елесіне ие болып отыр. Қатер сейіліп, осы бір елесті тіршілік аяқталған соң, позитивистер социализмнің соңына келіп тіркеледі немесе консерваторлар қосынына қоныс аударады. Революцияны бейнелейтін Коммунизм утопия қылықтарынан бойын аулақ салуға және саясаттан ешқашан алшақ кетпеуге тиіс. Күні кешеге дейін ол саясаттан тыс қалып келген еді, енді оның нақ жүрегінен орын алды. Саясат оның қызметшісі ғана. Коммунизм оның қызметін пайдалану үшін оны сақтауға тиіс. Ол жеңіс қарсаңында да, жеңістен кейінгі келесі күні де өзін бірден таңбауға тиіс. Мұның өзі күнге қарай сапар шеккенмен бірдей. Көкке көтеріліп үлгергенше, біз жерге шашылып түсіп, ұзақ уақыт ауруханада аялдайтын боламыз.

Читайте также:  МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ТҰТАС ТҮРКІСТАН ИДЕЯСЫ

Біздің аксиомамызды ұмытпайық: оқу­білім мен коммунизм қатар адымдайды, оның бірі екіншісінен бір қадам да озып кете алмайды. Бүкіл әлем шақырып отырған Сиам егіздерінің бірі болу ­ аз нәрсе емес. Оның бірі сыңарын тастап келмейді. Рас, білім алуға шақырған бір ауызды бүл үндеу қалай болғанда да анықталуға тиіс. Ал анықтауыш екі түрлі ­ қара және ақ болатынын біз көрдік. Ақымақ болмайық. Гәп мынада. Үкімет пен консерваторлар әулие әкейлер бере алатын білімді ғана қалайды, ал бұл қара түнек деген сөз. Олар өліп ­ өшіп осыған күш салуда. Цезарь, Шейлок, Лойола қара түнектің салтанатына қарай иық тіресе адымдап келеді. Олар бұған қол жеткізе алмайды, бірақ олар біздің де дегенімізге жетуімізге кедергі жасайды. Тайталасушы күштердің екеуі де бір­бірін екіұдай жағдайда ұстап тұр. Ешкім де ілгерілей алмайды, ешкім де шегінбейді. Ешқандай қозғалыс жоқ. Біз үшін мұндай жағдай табыс деген сөз. Қара түнек 50 мың священниктің, 50 мың конгрегационистің және шамамен 40 мың мұғалімнің қызметін пайдаланып отыр, өйткені олардың бәрі дерлік қазір дінбасыларына бағынады. Университетте толық сатқындық.

Тіпті баспасөзге де сенуге болмайды. Оппозициялық баспасөз қала қабырғаларынан әрі аса алмайды. Деревня баспасөз насихатымен кюрелердің, қаратүнек топастардың және ірі жер иелерінің ауызша насихатын қолдайтын кертартпа парақтардың ықпалында. Бәрі бізге қарсы, бізді жақтайтын ештеңе жоқ. Сонда бізге қалып отырғаны не? Ауада сезілетін прогресс лебі, темір жол арқылы адамдар арасындағы байланыстар, қоғамдық ұладан және әсіресе, біздің керемет қорғаныштық сөзіміз ­ дұшпандарымыздың әлпеті. Ашу­ыза өршіп барады, бірақ бүл сенімді күш емес. Бүгінгі күннің ашу­ызасы ертеңгі күннің қорқынышына айналып шыға келеді. Білімнен басқа берік негіз жоқ, бірақ оған қарсы күш­жігер оны құртып барады. Біз бір орында тұрмыз. Бірақ революциядан кейінгі алғашқы күн театр әсеріне ұқсайды. Және ол табан астынан өзгеріс болғандықтан емес. Адамдар мен заттар соның қарсаңында қандай болса, сол күйінде қалады. Тек үміт пен қорқыныш орын ауыстырды. Бұғау талқандалды, халық еркіндікте, енді олардың алдынан шексіз­шетсіз көкжиек ашылды.

Читайте также:  САЛАХ МААТАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ

 

Оставить комментарий