Комплекс тақырыбы қандай болуы керек?

Комплекс тақырыбы кездейсоқ болмасын, оның мәнісі: не болса соңы тақырын қып ала салма деген сөз. Комплекстің тақырыбын тоғыздың басына: атқа, жамбыға, құндызға салыстырып едік қой, тоғыз жасағанда. Кез келген бұйыммен бастата салмайды. Таңдайды, талғайды, іріктейді, сұрыптайды, «бас» болуға осынау олқы болмас деген нәрсені алады. Бұл сияқты тақырып програмның бас пікіріне – еңбекке сол бөлімдегі балалардың мүддесіне, жасына, мағлұматына қарай таңдату керек. 2. Тақырыптың бөлімдері (тараулары) біріне­бірі жалғасып, тіркесіп, тетелес кеп отырсын, шатасып, араласып, былығып кетпесін, құндызға тіркеу шапан, оған тіркеу комзол, оған тіркеу көйлектік шыт, оған тіркеу ыштандық 4 кез кіртон, оған тіркеу орамал… деген сияқты, бөлімдерінің арасында жақыннан алысқа қарай, аздан көпке қарай, бүтіннен қиқымға қарай, сырттан ішке қарай, үлкеннен кішіге қарай жағалайтын бір тәртіп болу керек. 3. Тақырып пұшықтың танауындай, тыныстар болмай, білімнің әр тарауынан мағлұмат бергендей, жан­жағы кең суат көлдей болу керек. Партаны», «шәкіртті» тақырып қып алсақ, оның суаты тар болады, одан білім таратуға келмей қалады, «лампы», «шылым», «от» , «самаурын», «күкірт», «жіп» сияқты уақ нәрсені тақырып қылсақ одан да сорақы боп шығады. Пұшықтың танауы нағыз солар болады. Тақырып қолма­қол мағлұмат беріп, баланың білімін іске оранын арттырғандай болу керек. «Комплекс», «пәнге» қарсы қойылған сөз болғандықтан, нәрсенің соқа басын ғана емес, өмірдегі нәрселердің түйдегін толық зерттеу керек. Бір, екінші кішкене тақырыптарға қайраңдап, оқудың көлемін тарылту баланын табиғатына да қиын соғады. Тұсаулы малдай, баланың қол­аяғы бір уыс боп, тыпырлап, тырбаңдап қалады. Мұғалімнің тынысы тарылатыны өз алдына. 4. Тақырып барлық баланы жұмысқа етпеттеп жұмылдырғандай, бәріне де қызық, бәріне де қызмет табылғандай болсын. Дайын мағлұматты мұғалім айтып беріп, балалар жадағай отырып, таңдағандай болмасын, мұғалімнің жәрдемімен өмір мәселесін бала өздігінен ойлап, ізденін шешкендей болсын. 5. Әрбір тақырып өзге тақырыптар қатарынан оғаш, шешек шыққан үйдей оңаша тұрмасын. Барлық тақырып көгеннің бұршағындай тізіліп, ол тізілісте белгілі тетелестік болсын. 6. Бір тақырыпқа керекті, керексіз көп деректерді шоқпыттап тығып, тақырыптың басынан асырып тұншықтырмасын. Басы тақырыптан, кіндік пікірден алыстап, қияға шығып кетпесін, артығының бәрі қырналып, алып тасталсын. 7. Тақырып таңдап алып, оны жұмыстағанда жаттығу есеп, тіл ұстарту, жазу, оқу, еңбек қылу, өнер жасауы деректері жеткендей толық болсын (барлық сабақ уақытының 40 проценті немесе тең жарымы жаттығу жұмыстарына арналғаны жөн).

Читайте также:  Ойыншының ойнау өнері мен зердесін шыңдау

Оставить комментарий