Комплекс тақырып неше күндік болу жөн

«Пәлен күнге бір тақырып алынсын, одан артық та, кем де болмасын» деп кесіп-­пішіп айту ағат. Үйткені барлық тақырыптарды бір қалыпқа соққандай қып жасау мүмкін де, дұрыс та емес. Кейбір кеңірек, көлемдірек, комплексті жұмыстарға уақытты молырақ салу керек. Кішірек тақырыпқа уақытты да шағындап алу керек болады. Әйтсе де осы кездегі тәжірибелерге қарағанда, комплекстің ең үлкені екі айлық, ең азы апталық болып басылып жүр. Кейбір орыс мектептері 3 айға (80 оқу күніне) лайықтап, 1­нші жылы мынадай тақырыптарды алады екен: 1. Баланың мектептен бұрынғы өмірі 2. Мектеп пен танысу 3. Балалардың саулығын сақтау 4. Октябрь төңкерісі 5. Қысқа дайындау 6. Баланын қысты күнгі төңірегі 7. Тоқсан (семестр) тиянағы – көрме. Есептесек, екі аптаға бір тақырыптан келеді. Кейбір мектептер оқу жылына барлығы 14 тақырып алып жүр. Оқу күндерін дәл жеті ай деп есептегенде, мұнда да екі жұмаға бір тақырып орнаған боп табылады. Кейбір мектептер 2 жылға 21 тақырып арнаған. Қандай­қандай десеңіз мынадай: 1) Күз, 2) Күзгі қала, 3) Қысқа дайындалу, 4) Мескөм, 5) Совет, 6) Адамның қысқы өмірі мен еңбегі, 7) Көктем, 8) Үй, қыр хайуандары, 9) Астық, 10) Ат (?), 11) Сиыр (?), 12) Жолбарыс, 13) Құстардың өмірі, 14) Орман, 15) Бау, 16) Қайың (?), 17) Қала (?), 18) Кішкене қала (?), 19) Қала – мәдениет ошағы, 20) Шойын жол – қала мен даланың еңбек қатынасы (?), 21) Төңкеріс мейрамдары. Бұл тақырыптардың ішінде тым уақтап кеткен, қолайсыздары бар, мәселен, сұрау белгілері қойылған: «ат», «сиыр», «жолбарыс», «қайың», «қала», «кішкентай қала», «шойын жол қала мен даланың еңбек қатынасы» деген тақырыптар әрі уақ, әрі тақырып шартына келмейді, әрі қайталама боп кеткен. Біздің «жаңа мектепте» бұзылған қазақ програмында бірінші жылға 8 комплекс (тақырып), екінші жылға 7 тақырып алынған. I жылдық тақырыптар: 1. Мектеп, бала, үй іші (3 жұма). 2. Күзгі жаратылыс (3­4 жұма) 3. Мектеп және үй ішінің күзгі жұмысы (3­4 жұма). 4. Қыс түсуі (3­4 жұма). 5. Қысқы тұрмыс (4 жұма). 6.Қыс малдың тіршілігі (2­3 жұма) 8. Жазғытұрғы тұрмыс (?) II жылдық. тақырыптар: 1. Жазғы тұрмыс (2 жұма) 2. Ауылдың күзгі жұмыстары (4 жұма) 3. Қыс түсу (4­5 жұма) 4. Үй хайуандары (3 жұма) 5. Ауылдағы қысқы тұрмыс пен еңбек (4­5 жұма) 6. Жазғы тұрғы бет алу (3­4 жұма) 7. Ауылдың жазғытұрғы жұмыстары (4 жұма) Бұл тақырыптардың қолайлы, қолайсыздығын сөз қылмағанда, әуелгі төменгі сұрауларды шешуіміз керек. 1.Елде оқу қай айда тоқталып жүр? Көпшіліктің жауабы: Апрельдің 15­20­ында, азының қала маңындағылардың жауабы: майдың бірінде тоқталады. 2.Елде оқу қай айда басталып жүр? Көпшіліктің жауабы: Октябрьдің бірінен басталады. 3.Қыс ортасындағы – жаңа жылды, жазғытұрғы – марттағы мейрамдарды мейрам қыласыңдар ма? Оқытасыздар ма? Көпшілік: оқытамыз. 4.Октябрь мейрамын, Қазақстан Республикасы құрылған күнді, Ленин өлген күнді, Париж коммунасын, Наурызды, Айтты, жұмаларды есептемегенде барлығы неше күн оқу болады? – Есептесек, дәл алты ай оқу болады екен. 5.Комплексті қолданғандардың неше күнге бір тақырып алдыңдар? – Бір аптаға, екі аптаға бір тақырыптан. 6.Комплекс тақырыптары аз күнге арналғаны ма? Көп күнге арналғаны ма қолайлы? – Озса екі апталық, әйтпесе бір апталық болғаны қолайлы.

Читайте также:  Ұйғыр әдебиеті тарихын зерттеудің мәселелері

Оставить комментарий