КОМПЬЮТЕРДЕ ФИЗИКА ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕП ОРЫНДАУЫ

Қоғамның қазіргі заманғы даму кезеңі компьютерлік технологиялардың білім саласында қарқынды түрде қолданылуымен сипатталады. Компьютерді оқу процесіне енгізу оқу процесінің күшеюіне, мұғалімдердің оқу- тəжірибелік қызметінің дамуына үлкен мүмкіндіктер ашады. Осыған орай жаңа салдағы кəсіптік лицейлердің бастапқы мақсаты – оқушылар орта біліммен қоса мамандық алып шығатындықтан, жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қарастырып тəрбиелеу. Ал бұл іс-əрекет білім беру процесінде балаға жеке қарым-қатынас жасау барысында іске асады деп ойлаймын. Компьютерлік технологияны сабақтың барлық бөліктерінде қолдануға болады, бірақ сабақтың қорытынды бөлімінде жəне сол күнгі соңғы сабақта қолдану ағымдағы материалды жылдам игеруге көбірек пайдалы əсер етеді, ол іс- əрекеттің жаңа түріне ауысу кезінде шаршағанды басады, жұмысқа құштарлықты жоғарылатады, əсіресе қиын немесе көп шешімдері бар есептерді шығарғанда көмектеседі. Зерттемелердің көрсеткіштері осындай жағдайда оқушылардың нақты бір жұмысқа назар аударулары 2-3 есе көтерілетінін көрсетеді. Компьютерлік технология көмегімен оқытуды жетілдіру мəселелерін қарастыруда зерттеушілердің көбісі жекелеп оқыту идеясында есептеу техникасын пайдаланып оқыту тəсілдерін қолдануды дұрыс деп санайды [1-2]. Жаппай жекелеп оқытудың арқасында ғана қазіргі уақытта есептеу техника тəсілін оқу процесіне енгізудің жүзеге асуына кең мүмкіндік туды. Кез келген оқыту жүйесінің қолданылуы мен өңделуі бірінші кезекте оқытудың жекелеп оқыту аясында қарастырылуы керек. Физикадан практикалық сабақтардың қарқындылығын едəуір жоғарылату үшін қазіргі жүйені тек қана машиналық негізге аудару жеткіліксіз болып табылады. Көптеген педагогтар ұзақ уақыт бойы практикалық сабақтар жүргізуде «дəстүрлі» педагогика тəсілдерін пайдаланып келеді. Бұл педагогика тəсілі төмендегідей кезеңдерді қамтиды: — оқушылардан сауалнама алу; — оқытушылар мен оқушылардың тақтада типтік есептер шығаруы; — оқушылардың барлық топқа арналған, кейін тексерілетін есептерді тақтада немесе дəптерлерінде шығаруы, т.б. Бақылаудың əртүрлі қолдану формаларына, есепті шығару əдістемесіне, дидактикалық материалдың сұрыпталуына қарамастан, сабақты жүргізудің бұл түрінің елеулі кемшіліктері бар. Типтік есептер жалпы аудиторияға қиындық туғызғанда ғана, сондай-ақ бір есептің бірнеше тəсіл арқылы шығарылатындығын салыстырғанда ғана тақтада шығарылады. Сонымен қатар, сабаққа осындай дайындықта төмендегідей кейбір елеулі шешілмей қалатын кезеңдерін де атап өткен жөн: 1.Есеп шығарғанда теорияны қадағалай отырып үйрету қызметіне қарағанда, бағалау қызметін көбірек атқарады. Жалпылама оқыту жағдайында оқытушы бір сабақтың үстінде əр оқушының теориялық материалды қанша- лықты түсінгендігін көрсете алмайды жəне есепті шығару алдында белгілі дəрежеде түсіндіре алмайды. 2.Жеке-дара тапсырмалар, дəстүр бойынша, барлық оқушыларға күрделірек деңгейі бірдей болып келеді немесе оқушыларды дəстүр бойынша «күшті» жəне «əлсіз» топқа бөлінеді. Бұлай болуы шарт емес, бірақ бұл оқушылардың жеке типтік (индивидуалдық типологиялық) ерекшеліктерін қарастырмайды жəне сабаққа дайындалу кезеңі оқушылардың қабылдау динамикасын тежейді. 3.Есептер шығару кездерінде формулаларды білмегендіктен жəне оларды нақты есептерде қолдана алмағандықтан, оқушылар əртүрлі қиын- дықтарды бастан өткізеді. 25 оқушы отырған сыныпта əрбір оқушыға жеке көмек көрсету мүмкін емес, ал барлық оқушыға кеңес берудің тиімділігі де шамалы екені белгілі. 4.Сабаққа дайындалу кезінде жəне ең негізгісі, сабақ үстінде оқушылардың жұмысты орындаған уақыты мен күрделілік дəрежесіне қарай жылдам бағалауға тура келетін кезде оқытушының жүктемесі лезде жоғарылайды. Сондықтан сабақтың нəтижесі келесі сабақта немесе жақын арада болатын қосымша сабақта айтылады. Жаппай оқу жағдайында жекелеп оқыту идеясы оқу процесінде есеп шығару техника құралын енгізу арқылы ғана жүзеге асады. Бұл жағдайда, бақылаудың техникалық құралы жəне білімнің бағалануы ғана айтылып отырған жоқ, қазіргі заманғы ЭЕМ базасында ең басты үлгіде оқытылатын жүйелер туралы, оқушылардың танып білу əрекетін сабақ барысында оған қажетті оқу тəртібінде ұстап отыру жəне жағдай жасау туралы айтылуда. Мұғалім сабақтың əр бөлігінде оқушыға жеке қарым-қатынас жасауды ойластырып отыруы қажет. Жеке тұлғаның физика пəнінде негізгі қабілеттерін қалыптастыруда қарастырылған тапсырманың құрылымы арқылы барынша жеке іскерліктерін бақылаумен жүзеге асыруға болады. Сабақты даралап оқытуға мұғалім дайындық кезінде физика ғылымының қандай əдістері мен тəрбие құралдарының, тəрбие танымдық құралдарының, оқушының іскерлік құралдарының бар екенін оқу процесінде ойға салып саралап алғаны жөн. Сабақтың құрылымы сыныптың ерекшелігіне, оқушылардың қалыптарына тəуелді болуы қажет. Сабақты жоспарлай отырып, мұғалім сыныптағы оқушылырдың мүмкінш- іліктерін, даралық қасиеттерін жəне қызығушылықтырын дұрыс есепке алуы керек. Ресей көрсеткіштері бойынша «Оқушыға жеке қарым-қатынас жасауды ұйымдастыруда олардың əр сабақта əр түрлі дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруын, тапсырмаларды шешу мүмкіншіліктерінің болуын қамтамасыз ету керек (оқулықпен жұмыс жасау, бақылау, физика есептерін шығару)» екенін атап көрсеткен [3]. Ұсынып отырған зерттеу жұмысымызда физика пəнін оқытуда компьютердің көмегімен жекелей оқытуды қолдандық. Əрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін танып білу – ешқашанда таусылмайтын қазына. Сабақ үстінде əр оқушымен жеке жұмыс жүргізу көп уақыт алады. Сондықтан физика есептерін компьютерде шығарудың деңгейі жəне сапасы туралы мəліметтер алу мақсатында оқушылар екі топқа бөлінді. Бірінші топта 12 оқушы компью- терлік сыныпта физика есептерін шығарды. Ал екінші топқа (қалған 13 оқушыға) компьютерсіз физика есептерін шығару тапсырылды. Бұл жүргізілген жұмыстың көрсеткіші физика есептерін компьютерсіз шығаруға дағдыландыру жүйелі түрде жүрмейтінін көрсетеді. Жоғарыда қарастырып кеткен нұсқауларға сүйене отырып, физика есептерін компьютердің көмегімен жəне компьютерсіз шығару жолдарын төмендегідей сұлбада (схемада) көрсетуді ұсындық.

Читайте также:  Трагедияның жаратылуы немесе эллиндік пессимизм

Оставить комментарий