КОНОМИКАЛЫҚ КОНТРАБАНДА ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ

Біздің қоғамымызда мемлекет пен жеке тұлғаның ара қатынасында болған өзгерістер: адамның құқықтарының конституциялық тәртіпте мемлекет мүлдесінен жоғары тұруы, халықаралық қағидалардың заңи түрде отандық заңнамадан жоғары тұруы құқықтық 61 жауаптылықтың субъектілерінің аясын бір шама кеңейтуге мүмкіндік береді. Құқықтық жауаптылық дегеніміз қоғамдық өмірдің және адам қызметі әр түрлі салаларында айқындалатын әлеуметтік жауаптылықтың бір түрі. Біздің пікірімізше, құқықтық жауаптылыққа дұрыс анықтаманы, «мемлекет пен құқықтың басқа субъектілерінің арасында олардың өзара құқық нормаларын бұзған үшін жайсыз салдарын атқару міндеттерінің негізінде туындайтын құқықтық қатынас». Экономикалық контрабанданы жасағаны үшін құқықтық жауаптылықтың мынандай түрлері туындауы мүмкін: — қылмыстық жауаптылық; — әкімшілік жауаптылық; — азаматтық-құқықтық жауаптылық; — тәртіптік жауаптылық. Әрине экономикалық контрабанданы жасаған үшін құқықтық жауаптылықтың негізгі түрі болып қылмыстық жауаптылық табылады. Ол үшін сәйкесінше қылмыстық сипаттағы қылмыс құрамы орын алу керек. Өйткені әділсот органдары қылмыскер тұлғасына қатаң шараларды айқындай қажет. Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық жауаптылық түсінігі пікірталасты болып табылады. Заң әдебиеттерінде барлық қылмыстық құқықтық жауаптылыққа байланысты көзқарастарды төрт топқа топтастыруға болады. Бірінші топ авторлары қылмыстық жауаптылықты қылмыс жасаған адамның өзінің жасаған әрекеті үшін қылмыстық заңға сәйкес жауап беру міндеті. Екінші топ ғалымдары қылмыстық жауаптылықты қылмыс жасаған адамға қатысты қолданылатын қылмыстық құқықтық шаралар деп таниды. Келесі топ өкілдері қылмыстық жауаптылық деп жалпы қылмыстық құқықтық қатынасты, яғни қылмыскер мен мемлекет арасында туындайтын қатынас деп таниды. Төртінші топ авторлары қылмыстық жауаптылықтың позитивті және ретроспективті (жағымсыз) сияқты екі аспектісін белгілейді. Бірінші аспект жасалынған қылмыс үшін жауаптылықты таныса, екінші аспект индивидпен қылмыстық заңмен тиым салынған әрекетті жасамау міндетін сезінуімен белгіленетін құқыққа сәйкес мінез құлық негізінде жатқан жауаптылық деп таниды. Менің қарауымша төртінші топ авторларының көзқарасы қылмыстық жауаптылық табиғаты түсінігіне толығымен жауап береді және оның Қазақстан Республикасының құқықтық заңнамасымен қудаланатын мақсаттарынан туындайды. Сонымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 2 бабына сәйкес қылмыстық заңнаманың мақсаттары болып келесілер танылады: — адамның, азаматтың, ұйымның және мемлекеттің құқығын, бостандығын, заңды мүддесін, меншігін, қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны Қазақстан Республикасы конституциялық құрылымы және территориялық бүтіндігін қылмыстық қол сұғұшылықтан қорғау, адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қорғау (ретроспективті аспект). Сондай-ақ қылмыстың алдын алу (позитивті аспект). Сонымен айтылғаннан біріншіден қылмыстық жауаптылық мемлекеттік бұлтартпау шараларымен байланысты яғни бір жақтың (кінәлі тұлғаның) екінші жақ талабына (мемлекеттік органға) бағыну міндетін қарастырады. Мемлекеттік бұлтартпау шарасы қылмыстық жауаптылықтың арнайы мемлекеттік органдар қызметі арқылы жүзеге асатын мазмұны болып табылады; екіншіден қылмыстық жауаптылық кінәлінің белгілі бостандықтарының айыруымен сипатталады; үшіншіден қылмыстық жауаптылық тек қылмыс жасаған үшін туындайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 3 бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтың басты негізі болып қылмыстың жасалуы әғни жасалған әрекеттің қылмыс заңымен қарастырылған қылмыс құрамның барлық белгілерін құрауы табылады. Қылмыстық құқықтық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары арасында негізгі орынды қылмыстық жаза алады. Қылмыстық құқықтық жауаптылық және қылмыстық жаза түсініктері бірегей емес. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 2 бабының 2 тармағына сәйкес қылмыстық заң алдында тұрған міндеттерді шешу үшін Қылмыстық 62 Кодекс қылмыстық жауаптылық негіздерін бекітеді, адамға қоғамға мемлекетке қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатынын айқындайды, оларды жасаған үшін жаза мен басқа қылмыстық құқықтық әсер ету шараларын бекітеді. Қарастырылып отырған қылмыстық құқықтық норма қылмыстық жауаптылық түсінігі қылмыстық жаза түсінігінен кең екендігін көрсетеді. Яғни қылмыстық жаза қылмыстық жауаптылықтан туындайды. Экономикалық контрабанда үшін қылмыстық жауаптылықты екі әр түрлі бірақ өзара байланысты екі тараптан, яғни біріншіден Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209 бабының санкциясында экономикалық контрабанда үшін қарастырылған қылмыстық жаза түрлерінің жиынтығы ретінде, және екіншіден мемлекеттің осы қылмыс әрекетіне әсер ету тәсілі немесе тауарлар мен басқада заттардың ірі мөлшерде кедендік шекара арқылы заңсыз өтуімен сипатталған қылмыстық құқықтық қатынасты реттеу тәсілі ретінде түсінуге болады. Мемлекет өзіне маңызды болып табылатын құқықтық қатынастарды іреттейді. Контрабанда мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұсқан келтіретін әрекетпен қоғамдық қатынас болып табылады. Мемлекет конрабанда үшін қылмыстық жауаптылықты қарастыру жолымен осы жағымсыз қоғамдық қатынасты реттейді және өз мүддесін қорғайды. Көптеген елдердің өзінің экономикалық мүддесін қатаң әсер ету қорғау тәжірибесі еш нәтиже бермеді. Керісінше, үкімет тауарларға салық салу жүйесін қатаңдатып контрабандистердің тұтынушылардың сұранысын заңсыз қанағатандыруға бағытталған мүмкіндігін асырады. Осы арқылы ұйымдасқан қылмыстылық қызмет саласының күшейіп кеңейуін, ал мемлекеттің тауарға салық салудан жалтарған милиартарды алмауын көреміз. Кеден және басқа да органдардың бақылауының жетіспеушілігінен елден еш тосқауылсыз шикізат, металл шығарылып, спирт, темекі бұйымдары, сапасыз азық-түліктер заңсыз кіргізіліп жатыр, сонымен қатар мәдени және тарихи құндылығы бар заттар шығарылу фактілері де қарастырылады. Экономикалық контрабанданың қоғамға аса қауіптілігі тауарлардың азықтардың шикізаттың аса ірі мөлшерде ұрлануымен, салық төлеуден жалтарумен, лауазымдық қылмыстармен тығыз байланыстылығымен түсіндіріледі. Қазіргі күні контрабандалық қызмет ұйымшыл, аумақтық, техникамен жақсы жабдықталған сипатына ие. Сонымен қатар контрабандаға конспиративтік, қызмет етудің қалыптасқан мехнизмі, сипаттары тән. Контрабандамен байланысты қылмыс ұйымдастыру, даярлаудан бастап оны толығымен аяқтауға дейінгі құрылымы барлық деңгейде өзгеріске ұшырады. Контрабандалық тауарларды тасымалдау үлкен жүкті автокөліктермен, темір жол вагондарымен, жүк ұшақтарымен кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану жолдарымен жүзеге асырылады. Қылмыскерлер қызметі тәсілдері өркенделіп, олардың қатарлары бірігіп, заңсыз капитал айналымы өсуде. Елден заңсыз тауар шығарудың толығымен алдын алу қолдан келмей жатыр. Контрабандаға басқа факторлармен қоса кеден және басқа да құқыққорғау органдары лауазымды тұлғаларының өз құзіреттерін теріс пайдалану көп септігін келтіруде. Контрабандамен күрестің күрестің құқықтық шараларының қатаңдалуын біле тұра, контрабандистер бұған озбырлы қарсылық көрсетуде, өйткені контрабандадан алынатын заңсыз пайда, олардың шығындарын ақтайды. Осыған орай экономикалық контрабанда мәселесі әлемдік маңызға ие болды және қазіргі күні адамзатты күйзелтетін мәселелерінің бірі болып отыр. Әлемнің көптеген елдерінде контрабанда қылмыстық кәсіптің қауіпті түрлерінің бірі болып танылуда. Жалпы қылмыстылық сияқты, контрабанда да мемлекеттік шекара өмір сүргенше әрдайым қылмыс ретінде орын алатын болады. Тіпті АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция сияқты жоғары дамыған елдерде контрабанда орын алуда. Бұл мемлекеттерде осы қылмысты түбегейлі жою мақсаты қойылмайды, тек оның көлемін мемлекеттік бақылауға лайықты деңгейге дейін түсіру мақсаты қойылуда. Бұл қылмыс кәсібі саласы айналымындағы ақша қаражат санасы елеулі мөлшерде. Мысалы кеден 63 органдарының экспорт импорт операцияларын дұрыс декларацияламау салдарына тек Қазақстан – Қытай шекарасында бір жарым жыл ішінде ҚР бюджетіне 40 млн. АҚШ долларынан астам табыс түспейді. Қазақстанда контрабанда деңгейінің өсуінің негізгі себебі болып: баж бен салықтың кейбір түрлерінің негізсіз жоғары ставкалары кеден және салық бақылауының төмен деңгейі; құқыққорғау және бақылаушы органдардың сыбайлас жемқорлықтығы; экономикалық жағдайдың және кеденмен салық ставкалары деңгейінің сәйкес келмеуі. Контрабанда көлеңкелі бизнестің пайдалы және қиын ашылатын нысаны бола тұра өз шиеленісіне кәдімгі қылмыскерлерден бастап әлемге әйгілі болған фирмалар қызметкерлері және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын қоса әлеуметтің әртүрлі деңгейі өкілдерін тартады. Контрабанда дамуы төмен, дамушы сондай-ақ жоғары дамыған мемлекеттерді талдамай өз өзегіне тартуда. Контрабанда көлеңке кәсіпкерлік саласында глобальды мыңжылдық құбылыс болып табылады. Көлемдері мен мөлшерлері астрономиялық сандармен белгіленетін материалдық құндылықтардың, валютаның зор айналымы. Қоғамның және құқықтық ғылымның дамуы көптеген құбылыстарға қатынастарды бірте-бірте өзгертті. Соның ішінде, қылмыстылықпен күрестің жалғыз әдісі жаза деген тұжырымға көзқарас та өзгерді. Тек қана еріксіз көндірумен дұрыстау және қайта тәрбиелеу мақсатына жету қиын. Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір- қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209 бабының санкциясына сәйкес экономикалық контрабанда үшін келесі қылмыстық жазалар көзделеді: Айыппұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 40 бабына сәйкес Қылмыстық кодексте көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу. Айыппұл жазалаудың қосымша және негізгі түрі ретінде де тағайындалады. Экономикалық контрабанда үшін айыппұл, негізгі жаза түрі ретінде айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден бес жүзге дейінгі немесе сотталған адамның жалақысының екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде, ал қосымша жаза түрі ретінде айлық есептік көрсеткіштің бір жүзге дейінгі немесе сотталған адамның жалақысының бір айға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады. Белгілі бір лауазымды атқаруды немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 41 бабына сәйкес мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тиым салудан тұрады. Экономикалық контрабанда үшін белгілі бір лауазымды атқаруды немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру қосымша жаза түрі ретінде үш жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Экономикалық контрабанда үшін түзеу жұмыстары, негізгі жаза түрі ретінде бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге белгіленеді және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледі. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгіленген мөлшерде бес пайыздан жиырма пайызға дейінгі шекте мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргізіледі. 64 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 43 бабының 3 тармағына сәйкес еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 46 бабына сәйкес қамау сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады. Экономикалық контрабанда үшін қамау төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қамау үкім шығару кезінде он сегіз жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балаларды бар әйелдерге қолданылмайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 48 бабына сәйкес бас бостандығынан айыру сотталушыны колония-қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады. Экономикалық контрабанда үшін бас бостандығынан айыру сегіз жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 51 бабына сәйкес мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу. Экономикалық контрабанда үшін мүлікті тәркілеу жаза түрі ретінде тағайындалады. Қылмыстық-атқарушы заңдарда көзделген тізбеге сәйкес сотталған немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік тәркіленбеуге тиіс.

Читайте также:  Адамгершілік метафизикасының негіздері

Оставить комментарий