Концепт дегеніміз не?

Қарапайым концепт жоқ. Концепттерде әрқашан оларды анықтап тұратын құрастырушы бөліктер болады. Демек, онда шифр да бар. Концепт дегеніміз ­ кептік десек те, кез келген көптік концептуальды емес. Бір ғана құрастырушы бөліктен тұратын концепт де болмайды: философияның «бастауында» жататын әуелгі концепттің өзінде бірнеше құрамдас бөлік бар, өйткені философияның міндетті түрде бастауы болуы анық жағдай емес, ал егер философия оны енгізген болса, онда ол оған қайсыбір пікірді немесе негіздемені де қосуы қажет болады. Декарттың, Гегельдің, Фейербахтың бір концепттен бастамайтыны былай тұрсын, олардың бастауда жататын концепттері де әртүрлі болып келеді. Кез келген концепт кем дегенде қосарлы, үштік және т.б. болады. Барлық бөліктерді иеленетін концепт те болмайды, өйткені онда ретсіздік пайда болар еді; тіпті, концепттердің соңғы кезеңі болып табылатын универсалиялар деп аталатындар да өздері шығарылатын қандай бір әлемді шектеп, ретсіздіктен ерекшеленуі тиіс болады (андау, рефлексия, коммуникация…). Әр концепттің сұлбасы бұрыс болады және оны өзінің құрамды бөліктерінің шифрі анықтап тұрады. Сондықтан да әртүрлі авторларда, Платоннан Бергсонға дейін, концепттің мәні жіктеуде, бөлуде және қиюда деген ойды кездестіруге болады. Ол ­ тұтас нәрсе, өйткені құрамына енетін барлық бөліктерді қамтып тұрады, бірақ бұл фрагментарлы тұтастық болып табылады. Тек осы жағдайда ғана ол өзін андып, соңынан қалмай қайта жұтуға дайын психикалық өмірдің ретсіздігінен ерекшелене алады. Концепт қандай жағдайда әуелгі болатыны ­ абсолютты мәнде емес, басқаға қатысты? Мысалы, «мен» ­ ге қатысты Басқа міндетті түрде екіншілік бола ма? Егер міндетті түрде солай болса, онда бұл ­ маған қатысты ерекше басқаның, объект ретінде көрінетін субьектің концептісі болады; оны құрастырушы екі бөлік осындай. Расында оны қандай да бір ерекше нысанмен салыстырсақ болды, Басқа маған көрінетін жай ғана өзге бір объект болып шыға келеді; ал, егер оны басқа бір объектімен салыстырсақ онда мен өзім соған көрінетін Басқа боламын. Әрбір концепт қандай да бір проблемаға негізделген, ондай проблемасыз оның мәні де болмас еді және ондай проблемаларды шешу барысында ғана олар түсінікті не айқын бола бастайды; аталған жағдайда бұл субъектілердің көптік мәселесі, олардың өзара қатынасы мен өзара көрініс табу мәселесі. Бірақ, әрине, біз бұл жерде басқа мәселені қарастырар болсақ бәрі де өзгеріп шыға келеді: маған ерекше объект ретінде көрінгенде басқа субъект «орнын басқанда» және оз кезегінде мен ерекше субъект ретінде оған көрінгенде сол орынды басқанда ­ Басқаның позициясының мәні неде? Осы тұрғыдан келсек, Басқа ­ ешкім емес, субъект те, объект да емес. Егер Басқа бар болатын болса, онда бірнеше субъекті де бар болғаны, ал керісінше болса, ол ­ қате. Бұл жағдайда Басқа қандай да бір априорлы концептті қажет етеді, одан ерекше объект, басқа субъект және «мен» шығуы тиіс болады ­ алайда, бұл керісінше болмайды. Концепттердің болмысы мен олар жауап қайтаруы қажет мәселелер сияқты ойлаудың тәртібі де өзгереді. Ғылым мен философия мәселелерінің өзгешелігі туралы мәселені қоя тұрайық. Бірақ философияның езінде де концепттер бізге нашар көрінгендей немесе нашар қойылғандай болып ұғынылатын (концепттің педагогикасы) мәселелерге тәуелді түрде жасалады. Жалпақ тілмен айтқанда, біз қайсыбір «мен» ­ ге емес, қарапайым «болу» ­ ға қатысты нақтылы әлем ретінде алынатын тәжірибенің қайсыбір өрісін қарастырып отырмыз. Белгілі бір мезетте жайбарақат жатқан әлем бар болады. Кенет осы өрістің шеңберінен тыс жаққа қарап тұрған, үрей билеген тұлға пайда болады. Бұл жердегі Басқа ­ субъект не объект ретінде көрінбейді, ол, мүлдем басқаша мүмкін әлем ретінде, қандай да бір қорқынышты мүмкін әлем ретінде көрініс табады. Мұндай мүмкін әлем нақты емес немесе әзірше нақты емес, бірақ ол бар, бұл ­ біреудің тұлғасында немесе сондай тұлғаға барабар нәрседе, өзінің көрінісінде ғана бар болатын көрінетін нәрсе. Басқа біреу ең әуелі болуы мүмкін әлемнің осындай болмысы болып табылады. Сонымен қатар, мұндай мүмкін әлем нақ осындай мүмкін әлем сипатындағы өзіндік нақтылықты иеленеді: мүмкін нәрсеге нақтылықты үстеу үшін белгілеуші адамға сөйлеп кетіп, «мен қорқамын» деп айтқаны жетіп жатады (тіпті, оның сөзі жалған болса да). Тілдік индекс ретіндегі «мен» деген сездің басқа мағынасы да жоқ. Дегенмен де оны қолданбаса да болады: Қытай ­ болуы мүмкін әлем, бірақ тәжірибенің аталған өрісінде біреу қытайша сөйлеп кетсе немесе Қытай туралы әңгімені айтса, ол нақтылыққа ие болады. Бұл Қытайдың тәжірибе өрісіне айналып, нақтылыққа ие болуымен бірдей нәрсе емес. Сонымен, біздің алдымызда жалғыз ғана шартты ­ қандай да бір сезімдік әлемнің анықтығын ұйғаратын Басқаның концепті тұр. Осы шартқа байланысты Басқа қандай да бір мүмкін нәрсенің көрінісі ретінде пайда болады. Басқа дегеніміз ­ болуы мүмкін әлем және ол өзін жеткізіп тұрған тұлғада, өзіне нақтылық үстеп туратын сөйлемде жүзеге асатын түрде өмір сүреді. Осы мәнде ол ­ жіктеуге келмейтін үш бөліктен ­ болуы мүмкін әлемнен, нақты бар болатын тұлғадан және нақты тілден, яғни сөйлеуден құралатын концепт. Әрине, әрбір концепттің тарихы болады. Басқаның аталған концепті Лейбницке, оның мүмкін әлемдер және әлемнің көрінісі ретіндегі монада іліміне сілтеп тұрады; алайда, бұл жердегі мәселе басқада, өйткені Лейбництің мүмкін әлемдері нақтылы әлемде жоқ. Сондай­ ақ, ол пропозициялардың модальды логикасына негізделеді, бірақ олар мүмкін әлемдердің нақтылығын олардың ақиқаттылық шарттарына сай анықтамайды (үрей мен ауырсыну туралы сөйлемдерді зерттеген кезде Витгенштейннің өзі оларда Басқаның позициясы арқылы берілетін модальдылықты байқамайды, өйткені оның зерттеуінде Басқаның дәрежесі басқа субъекті мен ерекше обьектының арасында тербеліп тұрады). Мүмкін болатын әлемдердің ұзақ тарихы бар. Қысқаша айтсақ, барлық концепттердің ирек түрде болса да және қажет болған жағдайда басқа мәселелермен, түрлі тұрғылармен қиылысып тұрса да ­ тарихы бар деуге болады. Әдетте концепте басқа мәселелерге жауап беретін және басқа жоспарларды болжайтын басқа концепттерден қалған құрамдас бөліктер немесе шағын кесектер кездеседі. Бұл болмай қоймайтын нәрсе. Өйткені әрбір концепт жаңа жіктелісті жүзеге асырады, жаңа сұлбаны иеленеді, жаңадан белсенділікке ие болуы немесе жаңадан пішілуі тиіс. Бірақ, басқа қырынан келсек, концептте оның басқа концепттермен қарым­қатынасына байланысты және онымен бірге бір тұрғыда қарастырылатын қалыптасу болады.

Читайте также:  ПРИНЦИП ДЕМОКРАТИЗАЦИИ ОБРАЗОВАНИЯ

Бұл жерде концепттер өзара сәйкестіріледі, бірімен­бірі өзара қиылысады, өзара өздерінің сұлбаларын реттеп тұрады, соларға сай келетін мәселелерден композиция құрайды, олардың тарихтары әртүрлі болғанымен, бір философияның иелігінде болады. Шынымен де, құрамында бөліктер саны белгілі кез келген концепт ­ басқаша құрастырылған, бірақ бір тұрғының әртүрлі аймақтарын жасап тұратын өзара үйлесімді мәселелерге жауап беретін, бірлесе отырып шығармашылыққа қатысатын басқа концепттерге жіктеледі. Концептке сол үшін бұрынғы концепттерді өзгертетін немесе алмастыратын қарапайым мәселе қажет емес, оған мәселелердің тұтас қиылысы (түйіні) керек, сол жерде ол бірге тіршілік ететін басқа концепттермен қосылады. Перцептивті өрістегі мүмкін әлемнің көрінісі ретіндегі Басқаның концептіне қатысты жағдайда бізге Осы өрістің құрамындағы бөліктерді жаңадан қарастыруға тура келеді: ендігәрі перцептивті өрістің субъектісі де, объекты да болмайтын Басқа субъекті мен объектының ғана емес, сондай­ақ фигурамен оның айналысы, орталық пен шалғай жер, қозғалыс пен өтпелі және субстанциялық нәрсе, ұзындық пен тереңдіктің қайта реттелуінің шартына айналады. Басқа әрқашан ешбір өзге нәрсе ретінде қабылданады, бірақ өзінің концепті де кез келген басқаның және өзіміздің де қабылдануымыздың болады. Бұл ­ бір әлемнен екінші әлемге өтуі мүмкін болатын. Басқаның арқасында әлем өтпелі болады және «мен» ендігі әлемді ғана белгілейді («мен алаңсыз едім…»). Мысалы, кез келген ұзындықтың кеңістікте мүмкін деген тереңдікке айналуы үшін және керісінше, тереңдіктің ұзындыққа айналуы үшін қанық болуы жетіп жатыр, егер перцептивті өрісте мұндай қызмет етпесе, онда кез келген өтулер мен терістеулер мүмкін и солмас еді, ал біз әрдайым заттарға тірелуші едік, өйткені мүмкін болатын ешнәрсе қалмаған болар еді. Немесе философия шеңберінде қалып, оларға тірелмеу үшін бізге қандай да бір себепті іздеу қажет болар еді… Сонымен, анықталуы мүмкін қайсыбір тұрғыны ұстанып, көпірден өткендей бір концепттен концептіге қарай өтуге болады екен: белгілі бір бөліктерден тұрады, Басқаның концептің жасау перцептивті кеңістіктің жаңа жасалуына себеп болады және оған басқа бөліктерді шықпауға тура келеді (заттарға тіреле бермеу немесе тым жиі і Ірелмеу ­ сондай бөліктің бірі болып табылады). Енді едәуір күрделі мысалдан бастадық. Бірақ, егер қарапайым болмаса, басқаша қалай болуы мүмкін? Оқырман талғамына сай кез келген мысалға жүгіне алады. Түбінде, ол, біздің ойымызша, концепттің болмысы туралы немесе концепттің туралы дәл осындай қорытынды жасайды. Біріншіден, концепт басқа концепттерге негізделеді ­ өзінің тарихында емес, өзінің қалыптасуы мен өзінің қазіргі байланыстарында әрбір концептте, өз кезегінде концепт ретінде алынуы ықтимал құрушылары болады (айталық, басқаның бір бөлігі адамның бет­жүзі болады, бірақ Бет­жүздің өзі өзіндік құраушылары бар концепт ретінде қарастырылуы тиіс болады). Сонымен, концепттер сансыз молая береді және жасалған кезде олар бірнәрсеге негізделеді. Екіншіден, концептті құраушыларға ішінде біртүтас нәрсеге айналуы тән болады; олар әртүрлі, олардың тегі бөлек, сонымен қатар, олар бірімен­бірі ажырамайтын міне, концептті құраушылардың мәртебесі осындай болады бұл мәртебе концепттің консистенциясын, оның анықтап турады. Өйткені, әрбір басқалардан ерекшеленетін құраушыны басқа бір құраушы жартылай жауып, онымен көршілес жатқан аймақта орналасып, жіктеуге келмейтін шекті бөліседі, мысалы, Басқаның концептіні де олардың көрінісі және көрінетін нәрсе ретіндегі айырмашылығы болса да, мүмкін әлем оның көрінісі болатын бет­жүзден тыс өмір сүрмейді; ал, бет­жүз, оз кезегінде, сөздерді жеткізетін құрал ретінде олармен қатар орналасады. Концептті құраушылар өзінің ерекшелігін сақтайды, бірақ олардың арасында бірнәрсе өтіп тұрады, арасында қандай да бір шешілмейтін нәрсе болады деген аймақ болады және ол бір мезетте а­ға да, б­ға да бірдей тиесілі болады, бұл аймақта а мен б «ажыратуға» келмейді. Мұндай аймақтар, межелер немесе қалыптасулар, сондай­ақ бұлайша ажырамау концепттің ішкі консистенциясын сипаттай алады. Дегенмен де, басқа концепттердің әрқайсысын жасаған кезде бір тұрғының шеңберінде олардың арасында көпір салу қажет болады, сол кезде ол солармен бірігіп, экзоконсистенцияны иеленеді. Мұндай аймақтар мен көпірлер концепттің буындары ретінде пайдаға асып жатады. Үшіншіден, демек әрбір концепт өзінің құраушыларының сәйкесу, қоюлану және көбею нүктесі ретінде қарастырылуы тиіс болады. Концептуальды нүкте үнемі өзінің құраушылары арасында жоғары­төмен бағытымен жүгіріп, қозғалыста болады. Бұл мәнде әрбір құраушы интенсивті белгі, интенсивті ордината болып табылады және оны жалпы не жеке ретінде емес, таза жекелік ретінде қабылдаған дұрыс ­ «сондай» мүмкін әлем, «сондай» тұлға, «сондай» сөздер, ­ жекеліктің жеке не жалпы болуы айнымал шамамен немесе тұрақты функциямен байланысына қарай анықталады. Бірақ, ғылымдағыдай, концептіде тұрақты шама да (константа), айнымал шама да болмайды, сондықтан қайсыбір тұрақты тек үшін айналмалы түрлерді де және айнымалы индивидтер үшін тұрақты түрді де ажыратып алу мүмкін болмайды. Концепт ішіндегі қатынастар қосылу не кеңею сипатында емес, тек қана реттелу сипатында болады және концептті құраушылар тұрақты да, айнымал да болмайды, олар жай ғана құбылған нұсқа, көршілес жатқандықтан реттелген нәрсе болады. Олар процесуалды, модулярлы. Қандай да бір құстың концепті ­оның тегі не түрі емес, оның орналасуы, түр­түсі мен ән шырқау композициясы; бұл ажыратуға келмейтін нәрсе және синестезиядан гөрі синейдезия болып табылады. Концепт дегеніміз ­ гетерогенезис, яғни құраушыларды көршілес аймақтар. бойынша реттеу. Ол ­ ординалды, ол ­ езінің барлық қырларында бар болатын интенсионал. Дистантты емес тәртіппен өз құраушыларын жағалаған кезде концепт оларға қатысты қалықтаған күйде болады. Ол тікелей, ешқандай аралық сақтамай өзінің құраушыларының немесе нұсқаларының бәріне де қатысады, олардан қайта­қайта өтеді; бұл ритурнель, өзінің шифры бар музыкалық шығарма. Дене арқылы көрініс тапса да немесе жүзеге асырылса да концепттің денесі болмайды. Бірақ ол, приниципті түрде өзі жүзеге асатын заттардың жағдайымен сәйкеспейді. Ол кеңістік ­ уақыт координаталардан ада болады, оның тек интенсивті ординаталары ғана бар. Онда энергия жоқ, тек қарқындылық болады, ол энергетикалық (энергия ­қарқындылық емес, оны жаңылтып, экстенсивті жағдайда жоюдың тәсілі ғана). Концепт ­мән не зат емес, оқиға.

Читайте также:  БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГЕТИКА ТУРАЛЫ

Ол қандай да бір таза Оқиға, қайсыбір нәрсе, қайсыбір тұтастық ­мысалы, Басқаның оқиғасы немесе тұлғаның оқиғасы (егер тұлға концепт ретінде алынған болса). Немесе оқиға ретіндегі құс. Концепт қайсыбір нүктенің абсолютты қалықтау жағдайдына шексіз жылдамдықпен жүгіріп өтгтін әртүрлі құраушылардың түпкілікті санының жіктелмеуі ретінде анықталады. Концепттер ­ «абсолютты жазықтар немесе көлемдер», өзара ерекшеленетін нұсқалардың жіктелмеуінен басқа объекты жоқ формалар. «Қалықтау» дегеніміз ­ концепттің жағдайы немесе оған тән шексіздік, алайда шексіз шамалар құраушылардың шифрына, олардың арасындағы шектер мен көпірлерге байланысты үлкен не кіші болуы мүмкін. Бұл мәнде концепт ойлау әрекеті болып табылады және ой бұл тұста шексіз (үлкен не кіші) жылдамдықпен әрекет етеді. Осыған сәйкес концепт бірмезетте абсолютты және салыстырмалы ­ өзін құраушыларға, басқа концепттерге, ерекшеленетін тұрғыға, шешуі тиіс мәселелерге байланысты салыстырмалы болады, бірақ өзі жүзеге асыратын конденсацияға, тұрғыда алатын орнына, мәселеге ұйғаратын шарттарына байланысты ол абсолютты болады. Ол тұтас нәрсе ретінде абсолютты, бірақ бөліктерден құралғандықтан салыстырмалы. Ол өзінің қалықтауында, яғни өзінің жылдамдығына шексіз, бірақ өзінің құраушыларының сұлбасын сипаттайтын қимылында шекті болады. Философ өзінің концепттерін үнемі қайта құраумен болады, тіпті оларды алмастырып отырады; кейде концепттің қайсыбір бөлігі ұлғая түссе, ол (философ) жаңа конденсацияны жүзеге асырады, жаңа құраушыларды қосып, ескілерін алып тастайды. Кейде философ ауруға шалдыққандай, нағыз амнезияның үлгісін көрсетеді: Ясперстің айтуынша, Ницше «өзінің идеяларын жөндеумен айналысатын, жаңаларын жасайтын, бірақ оны ашық мойындамайтын еді; қозып кеткенде ол бұрын жасаған қорытындыларын ұмытып кететін». Немесе Лейбницта: «Кеме ықтырмасына кіріп бара жатырмын деп ойлаған едім, бірақ… кері қарай ашық теңізге шығарып тастады». Алайда, бір нәрсе абсолютты болады, ол ­ жасалатын концепттің өзін­өзі және басқалармен қатар өзін негіздеу тәсілі. Концепттің салыстармалылығы мен абсолюттылығы ­ оның педагогикасы мен онтологиясы, оның жасалуы мен өзін­өзі негіздеуі, оның идеалды және реалды болуы сияқты нәрсе. Ол өзектіліксіз нақты, дерексіз идеалды болады… Концепт өзінің консистенциясымен ­ эндоконсистенциясы мен экзоконсистенциясымен ­ сипатталады, бірақ онда референция болмайды; ол жасалатындықтан автореферентті, ол бірмезетте өзін де, өзінің объекттың да негіздеп турады. Оны құрастырғанда салыстырмалы және абсолютты нәрселер бірігеді. Сонымен, концепт дискурсивті болмай шықты, сондай­ақ философия дискурсивті нәрсе болмайды, өйткені, пропозициялар қатарын түзбейді. Пропозицияны концептпен шатастырған кезде ғана ғылыми концепттердің болатынына сенуге және пропозицияны шынайы «интенсионал» (айтылым жеткізіп туратын нәрсе) ретінде қарастыруға болады; бұл жерде философиялық концепт, көбінесе мағынасынан айырылған пропозиция ретінде көрініс табады. Мұндай шатасу логикада үстемдік құрған және ол логикада философия туралы ретсіз түсініктің орнығуына себеп болады. Концепттер «философиялық» грамматикамен өлшенеді, ал ондай грамматика концепттерді олар қызмет ететін фразалардан алынған пропозициялармен алмастырады; бізді, концепт үшінші шығарылып тасталған пропозицияға өтіп кеткенін байқамай, әрқашан екі пропозицияны таңдау үшін тұйыққа тіреп қояды. Концепт ­ ешқашан пропозиция болмайды, ол пропозициялық емес, ал пропозиция ешқашан интенсионал болмайды. Пропозициялар өзінің референциясымен анықталады, ал референция Оқиғаға емес, заттардың немесе денелердің жағдайына байланысты қатынасқа, сондай­ақ осындай қатынастың алғышарттарына эсер етеді. Мұндай алғышарттар интенционалды жасамайды, олар толығымен экстенсионалды болады: олардан ­ абцисса бойымен кеңістік­мезгілдік немесе энергетикалық координаталарға орналастыруға байланысты (линеарлау) бірқатар әрекеттер және осылайша ерекшеленген көптіктер арасындағы сәйкесулерді анықтауға байланысты әрекеттер туындайды. Нақ осындай қатарлар мен сәйкесулер экстенсивті жүйелердің дискурстығын анықтап тұрады; пропозициялардағы айнымалдардың тәуелсіздігі концепттегі нұсқалардың жіктелмеуіне қарсы тұрады. Консистенцияны немесе интенсивті координатадан тыс ординатаны иеленетін концепттер дискурстық емес қатынасқа еркін түсе алады ­ өйткені олардың бірінің құраушылары әртүрлі құраушылары бар концептке айналады немесе концепттер арасында ешбір деңгейде ешқандай иерархиялық айырмашылық болмайды. Концепттер ­ әрқайсысы өз ішіндегі және біріне­бірі қатысты тербелістің (дірілдің) орталықтары болып табылады. Сондықтан да болар олардың ішіндегі барлық нәрсе өзара ерудің орнына немесе өзара сәйкесудің орнына өзара байланысты болады. Концепттерге тізбекті болудың қажеті жоқ.

Читайте также:  Аққожа би

Бөліктерден құралған тұтастық ретінде концепттер мозаиканың бөлшектері де емес, өйткені олардың бұрыс сұлбалары өзара сәйкеспейді. Бірлескенде олар қабырғаны құрайды, бірақ мұндай қабырға құрғақ тәсілмен қаланған, тастар бір жерде жатса да әрбір тас өзінше орналасады. Концепттер арасындағы көпірлер де ­ ешқандай дискурстық кешендерді сипаттамайтын қиылыстар немесе жаңама жолдар болып табылады. Бұлар ­жылжымалы көпірлер. Бұл мәнде философия үнемі ауытқу немесе дигрессиялық жағдайында болады десек қателеспейміз. Бұдан философияда бөліктерден құралатын концепттер туралы айту мен ғылымда жеке пропозициялар туралы айту арасындағы маңызды өзгешеліктер туындайды. Бірінші аспектіде кез келген айтылым жорамалды (de position) болады; бірақ ол пропозициядан (proposition) тыс қалады, өйткені оның объекты заттардың қайсыбір жағдайы ретіндегі референт болады, ал оның алғышарттары ­ ақиқи мағыналарды жасайтын референциялар болып табылады (тіпті, егер мұндай алғышарттардың өзі объектіге қарағанда ішкі болса да). Сонымен қатар, жорамалды айтылым өзі қайта­қайта өтетін құраушыларының жіктелмеуінен басқа объектісі жоқ концептке қатаң түрде имманенті болады; оның консистенциясының мәні осында. Егер басқа жағы туралы, яғни шығармашылық немесе жеке қолтаңбаға ие айтылымдар туралы әңгімелейтін болсақ, онда ғылыми пропозициялар мен олардың Тілшіеляттары философиялық концепттермен салыстырғанда «қолтаңбалық» және шығармашылық сипатта болатынында ешқандай күмэн жоқ; сондықтан да біз, Пифагор теоремасы туралы, декарттық қоординаталар туралы, Гамильтон саны туралы ­ платондық Идея немесе картезиандық cogito және т.б. сияқты айтамыз. Дегенмен де, айтылымға қатысты жалқы есімдер тарихи не тарихи шынайы болса да, олар басқа қалыптасулар үшін бетперде ғана, құпиялы жекелік мәндер үшін бүркеме есімдер ғана болып табылады. Пропозициялар жағдайында мұндайларға референцияның қайсыбір өсіне қатысты ғылыми түрде анықталатын сыртқы жеке бақылаулар жатады, ал концепттерге қатысты, бүл ­ консистенцияның қандай да бір тұрғысында қалқып жүретін ішкі концептуальды кейіпкерлер. Философияларда, ғылымдарда және өнерлерде жалқы есімдер әртүрлі қолданылады деп айту аздық етеді: дәл осыны предлогтар, шылаулар, «бірақ», «сонымен» тәрізді сөздер сияқты синтаксистік элементтерге қатысты айтуға болады… Философия фразалармен сөйлейді, алайда фразалардан әрқашан пропозициялар шыға бермейді. Әзірше біздің қолымызда біршама жалпы болжам ғана бар: фразалардан немесе оған бара­бар нәрседен философия концепттерді алады (жалпы немесе дерексіз идеяларға сәйкес келмейтін), ғылым болса ­ проспекттерді (пайымдарға сәйкес келмейтін пропозицияларды) алады, ал өнер ­ перцепттер мен аффектерді (қабылдауға немесе сезімге сай келмейтін) алады. Үш жағдайдың әрқайсында тілдің ұшырайтын сындары мен қолданыстарын өзара салыстыруға келмейді, бірақ олар осы пәндердің арасындағы өзгешілікті ғана анықтамай, олардың қиылысуларын да үнемі жасап тұрады. …Геофилософия Субъекті мен объектінің түсініктері ойдың мәніне тікелей жақындауға мүмкіндік бермейді. Ой дегеніміз ­ тұлға мен объектының арасында тартылған жіп те емес және біріншінің екіншіні айналуы да емес. Ой ­ аумақ (территория) пен жердің арақатынасы арқылы жүзеге асады. Кант, біреулер ойлайтындай, объект мен тұлға категорияларының тұтқынында болған емес, өйткені оның коперникшіл революция туралы идеясында ой тікелей жермен сәйкестік табады; Гуссерль ойдың топырағы болуы қажет деген талапты қояды, ол (топырақ) жер сияқты қозғалмайтындай және алғашқы ішкі түйсік сияқты жатып қалмайтындай болуы тиіс. Сонымен қатар, біз көргендей, жер бір орында аумақсыздандыру қозғалысын үнемі жүзеге асырып, сол арқылы кез келген аумақтың шеңберін бұзып отырады: ол ­ аумақсыздандырушы да, аумақсызданатын да нәрсе. Ол ­аумағынан жаппай ауатындардың қозғалысына, ­ теңіз табанында тізбектей, бауырлап жүретін лангустарға, қажылыққа бара жатқандарға және шексіздікке созылған аспан сызығы бойымен жортып бара жатқан кезбе рыцарларға ұқсайды. Жер ­ басқа болмыстардай болмыс емес, ол барлық болмысты өз құшағына алады, есесіне олардың бәрін де аумақты аумақсыздандыру үшін қолданады. Аумақсыздандыру қозғалысын сыртқа қарай ашылатын аумақтардан бөліп қарауға болмайды, ал қайта аумақтандыру процестерін аумақтарды қалпына келтіретін жерден болу мүмкін емес. Міне, екі құраушының ­ аумақ пен жердің жайы осындай, ал олардың арасында өзара ажыратуға келмейтін екі аймақ ­ аумақсыздандыру (аумақтан жерге қарай) және қайта аумақтандыру (жерден аумаққа қарай) болады. Бұлардың қайсысы әуелгі болатынын кесіп айту мүмкін емес. Греция қай мәнде философтың аумағы немесе философияның жері болады деген сұрақ сияқты. Мемлекеттерді және Қала полистерді, көбінесе аумақтық құрылым ретінде анықтап, ру­ тайпалық ұстанымды аумақтық ұстанымға алмастырып келген. Бірақ бұл дәл емес: тайпалық топтар аумақты ауыстыра алады, бірақ шынайы анықтыққа олар ­ қайсыбір аумақпен немесе мекендейтін жермен сәйкес келіп, «жергілікті руды» құраған кезде ғана қол жеткізеді. Сонымен қатар, Мемлекет және Полис аумақсыздандыруды жүзеге асырады, өйткені біріншісінде ең жоғары арифметикалық Бірлікке сәйкес ауылдық аумақтар жинақталып, теңестіріледі, ал екіншісінде ­ аумақ сауда жолдары бойымен шексіз ұзара беретін геометриялық ұзақтыққа бейімделеді. Мемлекеттің империялық spatium­ы немесе полистің саяси extensio­сы ­ бұлар аумақтық ұстаным емес, мемлекет оқшау топтардың аумағын иеленген кезде немесе қала өзінің ауылдық аймағынан қол үзіп қалған кезде ерекше айқын көрінісі бар аумақсыздандыру болып табылады; бірінші жағдайда ­ патшаның сарайы мен сарайдағы көр, ал екіншісінде ­ қаланың алаңы мен сауда желілері қайта аумақтандырудың орны болып табылады.

Оставить комментарий