Германның жария еткен кейбір мәтіндері барынша көп болып келеді. Жоралғының атқарылу барысында бақсы космогонияны ықшам түрде баяндап қана қоймайды, Құдайдан дүниені қайтадан жаратуды сұрап жалбарынады, дұғалықтардың бірі «жер де, су да жаратылып қойғанда, ғалам да, жалпы алғанда жаратылып болғанда, ғұрыптық ши сырасы мен күріштен жасалған зор садақасы да жасалған еді» еске түсіруден басталады да, «Рухтар, келіндер!» деген дұғамен тамамдалады . Басқа мәтін ши мен алкоголь ішімдігінің шығу тегі жөнінде әңгімелейді. Ежелгі дәстүр бойынша, олар Сани және Санлог ауылдары орналасқан алқапта пайда болған. Күллі ғаламның мүддесі үшін және біздің барлығымыздың ырзығымыз үшін, о Құдайдың елшісі, кел. Такботин, құдай, астам текті күшке ие, бір кездері, жерді қайта жарату үшін, жерге түсіпті. «Қайтадан жаратпаққа тағы да кел» . Анығы — ши мен дио сияқты жоралғылық ішімдіктерді даярлау үшін, космогониялық мифпен сөзсіз байланысып жатқан, олардың пайда болуы жөніндегі мифті білу керек. Бұдан да қызықтырағы, Жасампазды ғаламды жаңадан жарату үшін, аурудың несібесі үшін тағы бір келуге шақыруы болып отыр. Осы, емдеу мақсатында орындалатын магиялық әндерде дәрідәрмектердің пайда болуы хақындағы мифтің космогониялық мифке, оның құрамдас бөлігі ретінде кіретіндігін көруге болады. Алдыңғы тарауларда біз бірнеше мысалға сілтеме жасаған болатынбыз; солардан шығатыны — бағзы халықтардың терапевтік көзқарасында, дәрідәрмек, сыр қос адамның алдында оның пайда болуын еске түсіртер жоралғы өткізілгенде ғана, өзінің шипалық күшіне ие болады. Таяу Шығыс пен Европаның арбауларының мәтіндерінің көпшілігінде аурудың тарихы немесе сол ауруды шақырған рухтың тарихы, сонымен бір мезгілде тәңір иеге немесе әулиеге зұлымдықты жеңудің сәтінің қалай түскендігін баяндайтын миф те келтіріледі. Tic ауруына қарсы бағытталған ассириялық арбаулардың бірінде «Ару аспандарды, аспандар — жерді, жер — өзендерді, өзендер — салаларды, салалар — тоғандарды, тоғандар, өз кезегінде, Құртты жаратқаннан кейін» дегенді еске салу бар. Құрт Шамаш пен Нага (Эага) барады да, көзінің жасын көл қыла отырып, олардан өзіне жеуге, «бұзуға» беруге болатын бірдемені сұрайды. Құдайлар оған жемістерді ұсынады, бірақ Құрт олардан өзіне адамның тістерін сұрайды. «О, Құрт, сен осылай деп айтып отыр екенсің, Ол сені өзінің қуатты алақанымен езіп тастасын!» Бұл жерде мыналарға қатысып отырмыз: 1) ғаламды жаратуына; 2) Құрт пен аурудың дүниеге келуі сәтіне; 3) Ең алғашқы және парадигматикалық белгісі. Осының барлығы да Полинезиядағы космогониялық мифтердің жоралғылық қолданылуының көптеген мысалдарынан да айқын көрінеді. Миф бойынша, о баста Су мен Ымырт өмір сүрген. Жоғарғы Құдай, Ол өзінің ойы мен сөзінің құдіретімен суды айырып және Аспандар мен Жерді жаратты.
Ол айтты: «Сулар айырылсын, Аспандар мен Жер болсын!» Құдайдың, қадамның өмір сүре (бастауына түрткі болған, осынау космогониялық сөздері — жасампаз, қасиетті құдіретке ие сөздер. Сондықтан адамдар, (бірдемені жасау, тұрғызу қажет болған жағдайларда осы сөздерді қайталайды. Олар бедеу құрсақты ұрықтандыру жоралғысы кезінде де, сондайақ, өлім мен соғыс оқиғасына орай да, шежірелік әңгімелеу кезінде де қайталанып отырады. Бүгінгі заманғы полинезиялықтардың бірі Харч Хонги былай дейді: «Ионың Ғаламды жаратуына, ғалам мен нұрдың пайда болуына негіз болған сөздер — нақ осы сөздер бедеу құрсақты ұрықтандыру жоралғысы кезінде де пайдаланылады. Түннің ымыртында жарықтың жарқырауына себеп болған сөздер соғыстың шырғалаңдарында, сондайақ, күдер үздірер жағдайларда, мұңды да сенуден қалған жүректі рухтандыруды, әлсіздік пен кәрілік қауқарсыздықты жеңуді, жасырылғанға жарық нұрын себу мен ән шығарушыларға шабыт беруді мақсат еткен ғұрыптарда қолданылады. Осындай жағдайлардың барлығында да, нұр мен қуанышты қайта оралтпақ үшін жасалар жоралғы, Ионың жеңу және түнекті тарату үшін қолданған сөздерін қайталауды талап етеді» . Бүл мәтін барынша көрнекі. Ол дәстүрлі қоғамдағы космогониялық мифтің функциясының жайжапсарының төте және даусыз куәсі болып табылады. Қазір ғана кергеніміздей, миф кез келген (баланың дүниеге келуі үшін де және соғыстағы сәтсіздіктерде де, сондайақ меланхолия мен күдер үзу нәтижесінде болатын психикалық тепе теңдікті жоғалту қаупі туындаған кезде де) «жарату» көрінімінің моделі қызметін атқарады. Космогониялық мифтердің осы, сан алуан жағдайларда қолданысқа ие болу қабілеті біз үшін ерекше маңызды болып көрінеді. Дәстүрлі қоғамдағы адам «жаратудың» немесе биологиялық, психикалық немесе тарихи «пішіндердің» барлық түрінің іргелі бірегейлігін (фундаментальное единство) сезіне алады. Соғыс кезіндегі сәтсіздікті аурумен, түнерген жүректің мұңды жайкүйімен, перзенті жоқ әйелмен, шабыты жоғалған ақынмен, тірліктегі кез келген басқа да шарасыздық ситуацияларымен салыстыруға болады — адам шарасыз күйге жеткенде, және, осы сияқты, шығар жолы жоқ болып көрінетін барлық негативті ситуациялар, космогониялық мифті оқу, оның ішінде, Иога Ғаламды жаратуға және түннің ымыртын нұр шашып таратуға мүмкіндік берген сөздерді қайталау арқылы аттап өтіледі. Басқаша сөздермен айтқанда, космогония кез келген ситуация үшін, жасампаздық әрекетке бастап апаратын, үлгі боларлық модель болып табылады: адамның істегенінің барлығы да қандай да бір мәнінде осы сияқты «істеуді», Құдай Жасампаздың архетиптік қозғалу нышанын, Ғаламды Жаратуды қайталайды. Көріп отырғанымыздай, космогониялық миф өлімнің келуіне орай қайталанады, өйткені өлімнің өзі, оны жасампаз ету үшін, өз жүрегінде ол туралы дұрыс түсінік қабылдауды жаңа ситуация болып табылады. Шайқаста жаңа физикалық тепетендіктен айырылу немесе өмірді жоғалту сияқты, өлімде де «жеңілуге» болады. Чонгидің жұтты және негативті ситуациялардың тек әлсіздікті, ауруды және кәрілікті ғана емес, шабыттың жоғалуын, оның шығармашылыққа, деңгейде шежірелік поэмалар мен әңгімелерді оқу негізсіз болып қалуды да жатқызуы төтенше маңызды.
Космогония, тек мұның бір мезгілде барлық шығармашылық ситуациялар кез келген шығармашылықтың идеалды архетипі болуы керек. Расында ғана емес, ең алдымен, Ғаламның өзіндік ғылымдық деңгейінде ақ иеленіп қойылған құдайы пайда болып табылатындықтан ғана кез келген салада игеруге тұрарлық модель болып табылады. Кеңейтілген жасында жетісу, толығу, үйлесу, өнім беру, бір сөзбен айтқанда, «ғаламдану» атаулының барлығы, яғни, Ғаламға барлығы — қасиетті. Әлденені жасау, құрастыру, жүзеге асыру, қалыптастыру — осының барлығы да расында да бірдемені жүзе асыру, бірдемеге ғұмыр беру, жемежемге келгенде — ең үйлесімді организмнің — адамның өзіне ұқсас бірдеме істеу дегенді білдіреді. Қайталап айтсақ, Ғалам дегеніміз Құдайдың үлгі тұтарлық туындысы, оның жауһары (шедеврі). Космогониялық мифті кез келген шығармашылыққа үлгі модель ретінде қарастыруға болады. Мәселен, бұл үстік америкалық осейдж тайпасының салтынан жақсы көрінеді. Нәрестенің өмірге келу кезінде «құдайлармен ишараласып тұратын адам» шақырылады. Жас босанған әйелдің үйіне келген ол, жаңа ғана дүниеге келген сәбидің шында Ғаламның және жер жануарларының қалай пайда болғаны жөнінде әңгіме айтады. Осыдан кейін сәбиге тек беруге рұқсат етіледі. Кейінірек, бала сұйық ішкісі келген шақта, әлгі адам тағы да шақырылады. Ол тағы да Ғаламның жаратылуы жөнінде әңгімелеп бере отырып, осы әңгімеге судың шығу тегі жөніндегі әңгімені де қосады. Бала қатты қоректі жейтін жасқа жеткен кезде, тағы да «құдайлармен хабарласып түратын адам» үйге келіп, Ғаламның жаратылуы жөніндегі мифті қайтадан оқып береді, бүл жолы астық тұқымдас өсімдіктер мен басқа азық түліктердің шығу тегі жөніндегі әңгімелерді қосады . Сенімнің осындай, барынша үздік мысалын табу қиын: әрбір жаңа туу космогония мен тайпаның мифтік тарихын символды түрде қайталауы болып есептеледі. Мұндай қайталау сәбиді жоралғы арқылы дүние мен мәдениеттің киелі толымдарымен беттестіруді (араласады, ортақтасады) мақсат ете отырып, осылайша, оның мифтік парадигмаларға сай өмір сүретіндігін айғақтайды. Бұдан да зоры, жаңа ғана дүниеге келген сәби «бастаулардың» тұтас тізбегімен беттеседі. Бала емшек еме бастағанда да, су іше немесе қатты тағамды жей бастағанда да жоралғы деңгейінде, алғаш рет сүт, су және астық тұқымдастар пайда болған «бастауларға» қайтып оралады. «Бастауларға қайтып оралу». Осындай сенімнанымның түйінделіп отырған идеясы «тек қана қандай ма болмасын нәрсенің ең алғашқы пайда болуы ғана маңызды, оның кейінгі пайда болулары осындай маңызға ие бола алмайды» дегенге саяды. Сондықтан да, баланы, оның әкесінің не атасының істегеніне емес, ілкі замандардағы Атабабалардың істегеніне үйретеді. Әрине, әке мен ата тек қана Атабабаларға еліктеген. Сондықтан да, әкемізге еліктей отырып, біз, сондай нәтижелерге қол жеткізе аламыз деп ойлауға болады. Бірақ осылай де ойлау — қандай да бір мөлшерде жаңа жасампаздықтың «қоймасы» болғандықтан да «әсерлі, ықпалды» уақыт деп қарастырылатын ілкі бастаулық Уақыттың негіздеуші ролін дұрыс бағаламау дегенді білдіреді. Бастапқы жаралу мен осы шақтық сәттің аралығындағы ағып өткен уақыт «маңызды емес», «әсерлі, ықпалды емес» (әрине, ілкі бастаулық уақыт. Бұл сөз, космогониялық миф пен шығу тегі туралы ғана индивидуумға арнап қайталау түріндегі, емдеп байланысты жағдаяттардағы сияқты, жоралғы болып отыр. Бірақ, нәрселердің алғаш рет пайда болған қайта туғызуға мүмкіндік беретін «бастауларға «қайта оралу» бағзы қоғамдар үшін төтенше маңызы бар тәжірибе болып табады. Біз бұл мәселені келесі беттерде тыратын боламыз. Бүл жерде тек Самба аралындағы мерекелеу кезіндегі космогониялық миф пен шығу жөніндегі миф салтанатты түрде қайталауды мысал етіп келтіре кетпекпіз. Қауым үшін аса маңызды болып саналатын, мол егін жинау, қауымның құрметті мүшесінің болуы, осы сияқты т.б. оқиғалар кезінде рәсім ромониальное помещение) (марабу) салып, осы оқиғаға айтушы көрермендерге дүниенің жаратылу тарихы мен бабалардың тарихын баян етеді. Осы оқиғаларға қолданысты әңгімешілер «бастауларды», яғни, мәдениеттің, і и қымбат мұра ретінде сақталуы тиіс негізгі принциптері қалыптасқан уақыттарды тебіреніспен еске алады. Осы салттың айрықша аспекттерінің бірі — экзогамиялық туыстық деңгейінде байланысқан екі Глан өкілдерінің арасындағы сұрақ қойысу түрінде болатын мифті қайта туғызу. Осылайша, осынау маңызды сәтте екі әрекет етуші кейіпкер де өз кландарының (дүниеден өтіп кеткендерін қосқандағы) атынан сөйлейді, осындай, тайпаның мифін (космогониялық миф ретінде де қарастыруға болатын) қайта туғызудың арқасында бүкіл қауымға береке әкелуге болады .
Тұтас алғанда, әңгіме, культтік үйді тұрғызу, космогониялық құрылымның шығу тегі жөніндегі мифті түрде қайта торыту (воспроизведение) сияқты істерді қажет ететін, тұрақты емес ұжымдық жоралғылар ішінде болып отыр. Бүл жоралғының мақсаты — бүкіл і ауымның (тірілерінің де, өлгендерінің де) берекесі. Мифтің актуальдануы нәтижесінде қауым тұтас алғанда, өзінің астауларын таба отырып, өзінің өмір сүруін қайта ағартады. Культтік деңгейде космогониялық мифті актуализациялау арқылы жаңарудың (қайта жаралудың) универсал идеясы көптеген дәстүрлі қоғамдардан табылып қалады. Бүл тақырыпты біз «Мәңгі қайта орала беру жөніндегі миф » деген кітабымызда қарастырып өткенбіз және оған келесі тарауларда да қайта айналып соғатын боламыз; расында да, ғаламның қайталанып отыратын жаңғыртылуының мифтік жоралғылық сценарийі бағзы мәдениеттердегі де, Шығыстың алғашқы өркениеттеріндегі де мифтің басты функцияларының бірін бізге ашып көрсетуге қабілетті. «Бастаулардың» рөлі мен маңызы. Біз келтірген мысалдар космогониялық миф пен шығу тегі жөніндегі мифтің арасындағы қарымқатынас мөлшерін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Ең алдымен, шығу тегі туралы мифтің көп жағдайларда космогонияны қысқаша суреттеуден басталатындығын атап көрсету керек: мифте Ғаламды жаратудың негізгі моменттері жалпылама нобай түрінде еске алынады, одан кейін патшалық отбасының шежіресі, не болмаса, тайпаның тарихы туралы немесе аурулар мен дәрідәрмектердің шығу тегінің тарихы туралы әңгімеленеді, осылайша жалғаса береді . Осы жағдайлардың барлығында да шығу тегі жөніндегі мифтер космогониялық мифті жалғастырып және толықтырып отырады. Кейбір шығу тек туралы (мәселен, емдеу мифінде немесе, осейдж тайпасындағы сияқты, дүниеге келген сәбиді дүние мен қоғамның киелілігіне ендіруге бағытталған мифтерінде) мифтердің жоралғылық функциялары жөнінде сөз қозғалғанда, олардың «ықпалдығының» себебінің өзі сол мифтердің космогониялық рудименттерді бойында сақтап отыруынан болып отырғандай эсер қалдырады. Мұндай кейбір мәдениеттердегі (мәселен, Полинезиядағы) космогониялық мифтің, оған тән терапевтік құндылығымен қатар, оның ісәрекет пен шығармашылықтың түрі үшін үлгі модель болып табылатындығы айғақтала алады. Осындай, шығу тек жөніндегі мифтердің космогониялық мифке тәуелді болуын, егер әлгі және басқа мысалдардағы әңгіменің «бастау» жөнінде болып отырғандығын алар болсақ қана жақсырақ түсінуге болады. Өйткені абсолютті «бастау» дегеніміз — бүл Ғаламды жарату той. Әрине, қарапайым теориялық жөнінде болып отырған жоқ, бұл жерде «шығу тегін», «бастауды» біліп қана қою аздық етеді, жаратылу моментін қайта туғызу қажет. Ілкі бастаулық, киелі Уақытты, жасампаздық уақытты қайта қалпына келтіруге дейінгі «кері қарай оралу» арқылы і (іріне алады. Және, біздің көріп отырғанымыздай және і шағы уақытта көре беретініміздей, Ғаламның, өмірдің және әлемнің түбегейлі түрде жаңалануын қамтамасыз ете алатын жалғыз, ілкі бастаулық уақытты қалпына келтіру әрекетіне, ең алдымен, «абсолютті бастауды» актуализациялау арқылы, Ғаламды Жарату арқылы жетуге болады. Жақында Рафаэль Петтацони космогониялық мифті шығу тегі жөніндегі мифтің варианты ретінде қарастыруды ұсынған болатын.
«Бұдан шығатыны, жарату жөніндегі миф шығу тегі туралы миф сияқты табиғатқа ие. Біздің кейіптеулерімізден кейін жарату туралы миф өзінің ұлы жалғыздық мәртебесін жоғалтып алып отыр; Біз атап көрсеткен себептерге орай, осындай көзқарас тұрғысымен келісу қиын. Нәрселердің әрбір жаңа жайкүйі әрқашан да оның алдыңғы, бұрынғы жайкүйінің анығын қажет етеді, ал бұл жайкүй, жемежемге келгенде, дүниенің өзі. Нақ осы ілкі бастаулық «бүтіндіктен» ғана кейінді модификациялар дамып шығады. Адамзат мекендеген ғаламдық орта, қандай да бір мөлшерде шектеулі болмасын, «Дүние» болып табылады; оның «шығу тегі» мен оның «тарихы» барлық басқа тарихтардың алдында болып өтеді. «Шығу тегінің» мифтік идеясы «жаратылу» идеясының актуализациялау арқылы жаңарудың (қайта жаралудың) универсал идеясы көптеген дәстүрлі қоғамдардан табылып қалады. Бүл тақырыпты біз «Мәңгі қайта орала беру жөніндегі миф » деген кітабымызда қарастырып өткенбіз және оған келесі тарауларда да қайта айналып соғатын боламыз; расында да, ғаламның қайталанып отыратын жаңғыртылуының мифтік жоралғылық сценарийі бағзы мәдениеттердегі де, Шығыстың алғашқы өркениеттеріндегі де мифтің басты функцияларының бірін бізге ашып көрсетуге қабілетті. «Бастаулардың» рөлі мен маңызы. Біз келтірген мысалдар космогониялық миф пен шығу тегі жөніндегі мифтің арасындағы қарымқатынас мөлшерін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Ең алдымен, шығу тегі туралы мифтің көп жағдайларда космогонияны қысқаша суреттеуден басталатындығын атап көрсету керек: мифте Ғаламды жаратудың негізгі моменттері жалпылама нобай түрінде еске алынады, одан кейін патшалық отбасының шежіресі, не болмаса, тайпаның тарихы туралы немесе аурулар мен дәрідәрмектердің шығу тегінің тарихы туралы әңгімеленеді, осылайша жалғаса береді . Осы жағдайлардың барлығында да шығу тегі жөніндегі мифтер космогониялық мифті жалғастырып және толықтырып отырады. Кейбір шығу тек туралы (мәселен, емдеу мифінде немесе, осейдж тайпасындағы сияқты, дүниеге келген сәбиді дүние мен қоғамның киелілігіне ендіруге бағытталған мифтерінде) мифтердің жоралғылық функциялары жөнінде сөз қозғалғанда, олардың «ықпалдылығының» себебінің өзі сол мифтердің космогониялық рудименттерді бойында сақтап отыруынан болып отырғандай әсер қалдырады. Мұндай кейбір мәдениеттердегі (мәселен, Полинезиядағы) космогониялық мифтің, оған тән терапевтік құндылығымен қатар, оның ісәрекет пен шығармашылықтың Гарлық түрі үшін үлгі модель болып табылатындығы арқылы айғақтала алады.
Осындай, шығу тек жөніндегі мифтердің космогониялық мифке тәуелді болуын, егер әлгі және басқа мысалдардағы сияқты, әңгіменің «бастау» жөнінде болып отырғандығын есепке алар болсақ қана жақсырақ түсінуге болады. Өйткені абсолютті «бастау» дегеніміз — бұл Ғаламды жарату ғой. әрине, қарапайым теориялық курьер жөнінде болып отырған жоқ, бүл жерде «шығу тегін», «бастауды» біліп қана і ою аздық етеді, жаратылу моментін қайта туғызу қажет. Бұл, ілкі бастаулық, киелі Уақытты, жасампаздық уақытты к.айта қалпына келтіруге дейінгі «кері қарай оралу» арқылы көріне алады. Және, біздің көріп отырғанымыздай және алдағы уақытта көре беретініміздей, Ғаламның, өмірдің және қоғамның түбегейлі түрде жаңалануын қамтамасыз ете алатын жалғыз, ілкі бастаулық уақытты қалпына келтіру әрекетіне, ең алдымен, «абсолюті бастауды» актуализациялау арқылы, яғни Ғаламды Жарату арқылы жетуге болады. Жақында Рафаэль Петтацони космогониялық мифті шығу тегі жөніндегі мифтің варианты ретінде қарастыруды ұсынған болатын. «Бұдан шығатыны, жарату жөніндегі миф те, шығу тегі туралы миф сияқты табиғатқа ие (…) Біздің зерттеулерімізден кейін жарату туралы миф өзінің ұлы жалғыздық мәртебесін жоғалтып алып отыр; ол болудан қалды және саны көп ұқсас құбылыстар кодтарына (класс), шығу тегі туралы мифтер қатарына кіреді». Біз атап көрсеткен себептерге орай, осындай көзқарас тұрғысымен келісу қиын. Нәрселердің әрбір жаңа жайкүйі әрқашан да оның алдыңғы, бұрынғы жайкүйінің аздығын қажет етеді. Ал бұл жайкүй, жемежемге келгенде, дүниенің өзі. Нақ осы ілкі бастаулық «бүтіндіктен» і ана кейінді модификациялар дамып шығады. Адамзат мекендеген ғаламдық орта, қандай да бір мөлшерде шектеулі болмасын, «Дүние» болып табылады; оның «шығу тегі» мен оның «тарихы» барлық басқа тарихтардың алдында болып өтеді. «Шығу тегінің» мифтік идеясы «жаратылу» идеясының үстіне жатқызылады. Кез келген нәрсе «шығу тегіне» ие, өйткені ол бір кездері жасалған, яғни, өйткені, дүниеде қандай да бір қуатты энергия көрініс беріп, қандай да бір оқиға болып өткен. Тұтас алғанда, қандай ма болмасын нәрсенің шығу тегі осы нәрсенің жаратылғандығының куәсі болып шығады. Көріп отырғанымыздай, космогонияның «шығармашылықтың» барлық түріне модель болып шығуы, космогониялық мифтің, өз кезегінде, шығу тегі жөніндегі мифтің қарапайым варианты бола алмайтындығын дәлелдейтін айғақ болып табылады. Келесі тарауда біз талдағалы отырған мысалдар осындай қорытындының кейінгі дәлелдемесі болып шықпақ.