Әл-Фараби іліміндегі метафизика ұғымы

Батыс және Орталық Еуразияның мәдени тарихында Әл­Фараби дәуірі екі ықпалды дүниежүзілік діндердің ­ христиандық пен исламның нығаюымен және кең таралуымен сипатталады. Алты ғасырға жуық уақытпен ажыратылған олар белсенді түрде жаңа аймақтар мен халықтарды, дүниежүзілік діндер уақыты деп атауға құқық беретін сол тарихи кезеңді қамти бастады. Осы кеңістікте орын алатын, мәдениеттің бүкіл құрамдас бөліктері және бүкіл мәдениет тұтасымен өзінде осы ұлы монотеистік діни ілімдерінің терең және аумақты іздерін сақтап келеді. Ортақ иудаистік бастаманың қуатты ықпалымен қалыптасқан, дүниетанымның бұл жүйелері Жерортатеңіздік, Таяу Шығыс және Орта Шығыстың көне өркениеттері халықтарының рухани эволюциясының елеулі жаңа кезеңі болды. Барлық терең айырмашылықтарында, оларды өзінің жаратуында және басқарушы құдіреттілігінде шексіз, абсолюттік Құдай идеясы біріктірді. Осындай идея философияның бұрынғы түсінігін, оның білім жүйесіндегі орнын және адам өміріндегі рөлін айтарлықтай өзгерістерге жеткізбей қоймайды. Бірақ осындай идеяның маңызын анықтау үшін, оны бір жағынан, Құдайдан басқа құдіретті қалдырмай, сол политеистік көзқарастармен қатар қоя отырып, оған тән дәстүршілдік емес пен жаңашылдықты көрсету керек, екінші басқа жағынан теологиямен бір қатарға басқа дүниетанымды қоймай, оны ол монотеистік дінмен ауыстырған философияның бұрынғы түсінігімен салыстыру керек. Пұтқа табынушы бұқаралық политеизм, ойша рационалды түсінілуге тиіс дүниені бір бастамадан түсіндіруге ұмтылатын философияның өзімен үзілді. Алайда философия, менің ойымша, ол тек таңдаулы ойшылдардың үлесі болғандықтан, дін бола алмайды, бірақ басты себеп, адам философиялық тұғырнамаларда (егер оны скептицизмнен басқаларында (философия деп есептесек) Абсолютті бастаумен, креативтік болмаса да, тым құрығанда өзінің когнитивтік құдіреттілігінде қатар қойылды. Алайда, Честертон атап өткендей, Құдай ­ Құпияның атауы, адам толық танымға талпына алмайтын мистикалық аймақты көрсетеді. Міне сондықтан, шығыстікі сияқты еуропалық ортағасырлық дәуірі осындай қатынаста «философия діннің қызметшісі» деген кең таралған бейнелік пікірді бекітті. Сонда философияның дінге қатысты бағыныңқы жайының бірмағыналы болып көрінгеніне қарамай, олардың диспозициясы шындықта соншама анық және ашық көрініс таппайды. Дінтану мистицизмге келіп тірелмейтіндіктен, философияның өзінде, бұл тіпті оны білдіретін терминде анық сияқты (философия ­ дегеніміз даналықтың өзі емес, ал соған ұмтылу болып табылады), қашанда танымдық өзін шектеу элементі орын алғандықтан, онда гносеологиялық тұрғыдан олардың өзара қатынасы, рационалды танымның мүмкіндіктері дәрежесі туралы және теологияда діни сенімнің сапасымен негізделіп келген, рационалдық әдіс шектерінен тыс ұғыну тәсілдері туралы сұрақтарды қояды. Философиялық сана суреттемесі және оның адам мен коғам өміріндегі орны Әл­Фарабидің энциклопедиялық жалпы қамтушы ілімінде ерекше орын алады. Шығыс Аристотелі өзіне дейінгілердің ешқайсысына ұқсамай, философияны әмбебап білім, рационалды дүниетаным ретінде бүкіл аумақты эпистемологиялық кешенде тиесілі бірінші және негізгі ғылымның ең жоғары деңгейіне қояды. Осымен ол және араб тілді перипатетизмінің басқа философтары теологиялық ой өкілдерінен ерекшеленеді: біріншілері мен екіншілерінің арасындағы негізгі айырмашылық, менің ойымша, біреулердің исламды терістеуінде, басқалардың оны мақұлдауында емес, жалпы исламдық дүниетанымда сенім немесе зерденің, және философияның басымдылығын анықтауда тур. Мұсылмандық бірақ діни дүниетанымның өзінің бар немесе жоқ болуы туралы емес, ортағасырлықтың философтары мен діндарларын қатар қоя отырып, тек сол немесе басқа ойшылдың діни ортодокстыққа жақындау деңгейі немесе одан шегіну дәрежесі туралы әңгіме қозғауға болады. Екінші Ұстаздың философиялық тұғырнамасын талдау, оның негізгі екі бөліктен туратынын көрсетеді. Бірінші бөлім адамзат қоғамында философияның пайда болуы мен өмір сүруінің жағдайларының қандай екендігі жөніндегі түсініктерді ұстап тұрады. Екінші бөлімге философия ұғымын орнықтыру және оның әлеуметтік­мәдени тұтастықтағы мазмұнын анықтау, басқаша айтқанда, олар үшін философияның өзі, өз кезегінде, олардың алдында тұрған мақсаттарға жету үшін шешуші жағдай болып табылатын, адамдық таным мен әрекеттің сол салаларын айқындау жатады. Ендеше, Әл­Фараби ойынша, философия оның да ары қарай дамуының қайнары болып табылады. Өз ниетін жүзеге асыра келе, философияның пайда болуы мен оның эволюциясының шарты ретінде ол мына сәттерге назар аудартады. Біріншіден, бұл оның тарихи ізашары философиялық танымның күйлері, яғни ол «ақиқат емес» (ол кейде диалектикалық философия атауына да ие) ретінде жіктеген көне ілімдерді, аз жетілген, бірақ ары қарай жетілуге қабілетті, жарамды софистика мен диалектиканы қамтитын, алғы философиялық білім деп түсінеді. Екіншіден, метафизика ретіндегі философияның пайда болу жағдайларына Әл­Фараби әділетті түрде дәл, табиғаттанулық, гуманитарлық ғылымдардың кешенін жатқызады. Ол осындай ғылымдардың шынайы философиялық негізін қалау үшін және осындай жайға сай әрбір адам, оны зерттеуге кірісуден бұрын осы ғылымдарды меңгеруге тиіс оларсыз философиялық білімді игеру мүмкін емес. Оның үстіне, Екінші Ұстазға сәйкес, философия үйренуден бұрын оның пайда болуын терең, басқаша айтқанда, платондыққа дейінгі және аристотельдікке дейінгі мектептерді, философтарды және олардың ілімдерін білу міндеті тұр. Осындай ұстаным Әл­Фарабидің аристотельдікке дейінгі философия тарихын жан­жақты жақсы білгенінің куәсі болады. Үшіншіден, Әл­Фараби шынайы философиялық білімді меңгеру және нағыз философ болу үшін, адамның моральдық сапаларына қойылатын ерекше, жоғары талаптарды біріктіретін тұлғалық факторларды философияның шарты деп есептейді. Потенциалды философтың тұлғалық факторына моральдық сапалардан басқа жеке ғылымдарды алдын ала терең білу, оның білімділігі мен энциклопедиялығының дәрежесі талаптары да енгізілетіндіктен, қалыптасып келе жатқан философ сапасындағы адам, философия пайда болуының, әрекет етуінің және дамуының бүкіл жеке шарттарын байланыстырушы буын болып шығады. Екінші Ұстаздың философия ұғымы, оның ғылыми және қоғамдық функциялары, теориялық дүниетанымды жалпыма шарттылық ретінде көрсететін, мынадай негізгі бөлімдерден тұрады. Ең алдымен ­ бұл шынайы философияның (нағыз философтың тұлғалық сапаларымен үйлесімді) білімнің басқа түрлерімен — гуманитарлықпен, дәл және табиғи ғылымдармен, дінтанумен және өнер деп анықтайтын танымның саласымен, яғни теориялық танымнан шығатын, түрлі тектегі практикалық тәжірибелермен және әрекет түрлерімен салыстырып, айрықша ерекшеліктерін анықтайды. Осылай, бұл ұғымның тарихи­философиялық экспозициясымен үйлесімді қатар қоюда, перипатетизм мен философияның табиғатын және оның негізгі мазмұнын анықтаушыларды табу ойластырылады. Адамдық мәдениет жүйесіндегі философияның функциялары, әл­ Фарабише, табиғи және гуманитарлық ғылымдардың мәні мен принципиалды онтологиялық негіздерін ең терең ұғынудың басты жағдайы болып көрініс табатындығынан шығады, өз кезегінде болмыстың әмбебап заңдылықтарын теориялық тұрғыда білуді тәжірибеде пайдалану ретіндегі өнермен де дәл осылай болып тұр. Шынайы философияның басқа маңызды функциясы, шығыс перипатетиктерінің пікірінше, нағыз діннің теориялық негізі болып табылатындығында. Басқаша айтқанда, қателіктері адасулармен караңғыланбайтын, өзінің абсолютті пәніне жалғыз лайық, сондықтанда шынайы діннің мәні болып көрініс табатын, бұл тек философиялық, яғни дінтанудың концептуалды сапасында алға шығатын, бүкіл дүние құрылысының бірінші себептерін зерделейтін негізде өсіп­өніп шыға алатын құдайға деген сенім. Екінші Ұстаз Қайырымдылар қаласы деп атайтын, әділетті адамдық қоғамдастықты құрудағы философияның рөлі іргелі және алдыңғымен тығыз байланысты. Және, ақырында, философиялық білімнің көп түрлі функцияларының бүкіл жиынтығы, шынайы болмыстың түпкі мақсаты ­ жалпылама және толық бақытқа іс жүзінде жетуге бағытталған, эвдомонистік тұғырнамада жалпыланады және аяқталады. Біріккен платондық ­аристотельдік бағытты шынайы және, Платонға дейінгі бүкіл философиялық ілімдерді шынайы емес деген Фарабилік философиялық бөлуді, Платонға дейінгі ойды ол толығымен және түгелімен қате санады деп түсінген дұрыс емес. Керісінше, ойлау мен танымның жаңаша түсінумен ілгерілеген тарихи үрдісінде «алғы философиялық» ілімдерді олардың толықтығында түсіну «шынайы философияны» түсінудің міндетті теориялық шарты болып табылады деп есептеді. Алайда, тұғырнамалық тарихи­ философиялық тілдің қалыптасуы бірнеше ғасырлардан кейін ғана жүзеге аса алды және Әл­Фараби, өзіне есеп бере тұра, өзі ұсынған философиялық үрдістердің бөлінуі және теориялық ойлау қалыптасуы тарихи кезеңдерінің атауы әлі аз жетілген екендігіне мойынсұна отырып, философтардың көзқарастарын және философияның алғы тарихын білдіру үшін адекватты бейнелік ­ поэзиялық тәсілге де барады. «Әріптер кітабында» ол былай жазады: «Диалектикалық философия мен софистік философия аподейктикалық философияның алдын алады… ал диалектика мен софистика, ағаштың гүлденуі жемістің гүлденуі алдында болатыны сияқты, философиядан бұрын болады» 11 . «Философияны оқып­үйренуден бұрын не болуы керек туралы» деген белгілі трактатында Екінші Ұстаздың философиялық ғылымдарға кіріспені тек тар, тарихи­философиялық аспектіде айтатыны, назар аудартады. Егер осы трактаттың мазмұнынан шықсақ, онда автордың пікірі бойынша, философия пропедевтикасы толығымен және тұтасымен, өзіне басқа ештеңені қоспай, тек оның генетикалық экспозициясымен шектеледі деген пікір тууы мүмкін. Бірақ шынында олай емес. Әл­Фарабидің басқа еңбектерін зерттеу оның көзқарастарының толық суреттемесін қалпына келтіру, аталған трактатта мәселе тек тікелей алдын алу туралы болғанында түр деген қорытынды шығаруға болады және осының жалғыз өзі жоғары білімді меңгеруге жеткілікті дегенді, ол мүлдем теріске шығармады. Тек барлық көзқарастарының кең мәтінінде, ғылыми білімдер жүйесінде ойшылдың философиялық білімдерді қалыптастыру жолдары мен оның қоғамдық маңызы туралы түсініктері толық ашылады. Бұл Шығыс Аристотелінің «Ғылымдар жіктемесі туралы сөз», «Ғалымдардың пайда болуы» және т.б. трактаттарының құрылымы мен мазмұнынан анық көрінеді. Олардың біріншісіне сәйкес, метафизика немесе философияға, яғни жалпылама әмбебап бірінші негіздер туралы ғылымға сай, әрбір адамның білім алу (ағарту) үрдісінде мыналар басында болуы керек: тіл туралы ғылым, логика, математика және физика. Басқаша айтқанда, сол немесе басқа индивид білім алғанда, ол ең алдымен жоғарыда аталған 4 ғылым бойынша терең және толық білімдерді меңгергеннен кейін ғана философияға үйренуге мүмкіндік алады. Сонымен бірге, фарабилік ғылымдар жүйесі, өз кезегінде, метафизиканы пәндік аймағына сәйкес, құрамдас бөліктерге бөлуді де өзіне енгізеді. Бұл, Әл­Фараби ойынша, метафизика қалқып алынған және интеграцияланған түрде, өзінің алдын алатын жеке (арнаулы) ғылымдардың кейбір жақтарын, өзінде ұстап тұруы керек. Оның ілімі бойынша, метафизика өмір сүріп тұрған нәрселерді, заттарды Көне олармен болып жатқан үрдістерді зерттейді; бұл физикалық білім объектілерінің метафизикадан алыстамайтынын, оған арнаулы ғылымдарда өңделу арқылы жаңаша түрде кіретінін көрсетеді. «Жаратылыстан тыс» білім де трансформацияланған білім пәнін ойшыл оны сыртқы мазмұнымен толықтыра отырып, эмпирикалық шындық пен спекулятивтік метафизикалық құрылым арасында байланыстырушы буын ретінде түсіндіреді. Метафизика физиканың аяқталуы және жоғарғы кезеңі болып байымдалатындықтан, ондағы осындай үйлесу әбден түсінікті болып шығады. Осылармен бірге ішкі қажеттілігі үшін метафизика өзінде логика, геометрия, физика, арифметика және т.б. жататын, «теориялық жеке ғылымдардың дәлелдеу негіздерін» зерттейді және ұстап тұрады 11 . Негізінен, жоғарыда аталғандай, метафизиканың осы астарындағы логиканың дистиляцияланған мәні деп Екінші Ұстаз, тек ұғымдардың, пайымдаулардың, ой қорытындыларының өзара байланысу ережелерін ғана білдірмей, осы терминмен пәнділіктің оймен шалынған трансцендентальдық аумағындағы әлдебір жалпылама аяқталған дәлелдемелер әдісі деп те ұғады. Осыдан мұндай дәлелдеулер әдісін қалыптастыруды ол арнаулы салалар мен олардың жеке қолданылуынан абстракциялау үрдісі түрінде әмбебапты логикалық принциптер мен ережелерін шығару деп түсінеді. Жалпылаушы логикалық принциптердің Әл­Фарабиде метафизика саласына жататындығын мақұлдай келе, ол үшін таза (формальдық) логиканың бір мезгілде спекулятивтік құрастыру әдісіне жататындығын және оның растылығының өлшеуіші мен сыни талдау тәсілі болатындығын, сол арқылы алдыңғы ойшылдардың көзқарастарындағы жағымды ақиқатты адасулардан, немесе, одан да маңызды саналатын «софистикалық» немесе «диалектикалық» алдаулардан айырып көрсетуге болатындығын атап өту кажет. Сонымен, Әл­Фарабидің философиялық жүйесінде арнаулы ғылымдар метафизикаға дайындық сатысы ретінде көрініс табады. Білімнің бұл ерекше салалары, метафизикалық танымға қосатын, сол дәйекті байланыста үш тең және әр түрлі баламаларда көрінеді. Әл­ Фараби іліміне сәйкес, олардың бастапқы өмір сүруі дербестілік формасына ие және гносеологиялық кезектікте төменгі, яғни таным сатысы бойымен жоғарылаудың ең төменгісінде орналасқан. Солардың екінші түрінде олар біршама деңгейде дербес өмір сүру мәртебесін жоғалта бастайды және метафизикалық білімнің өзіндік сәттеріне айналды, сондықтан оймен құрастырылған «физикалық» мәнділіктердің шындығын елемеу мүмкін емес сондай­ақ танымның логикалық ­ әдіснамалық амалдарын қолданбай тұрмайды.

Читайте также:  "Оразаны кімдерге ұстау парыз"

Оставить комментарий