Әл-Фараби және бүгінгі ғылым

Аристотель адамның жетілгендігін Платон қарастырғандай етіп, ал [кейбір жағдайларда] одан да кеңірек қарастырады. Бірақ Аристотель өзі түсіндіре [алмағанда] және олардың арқасында нақты білімге жетуге болатын дәйектердің көмегімен өз түсіндірмесін жеңілдете [алмағанда], Платон [әдетте] бастайтын тұжырымнан емес, ертерек бастау керек деп есептейді. Сондықтан Аристотель қалаулы игіліктер болып саналатын немесе табиғатынан ең басынан бастап адамның қалауы бойынша ізделініп отырған секілді болып көрінетін және басқа ізделінетіндерден уақыты жағынан алғанда бұрын, [адамдардың] бәрі үшін бірінші ізделінетін мақсаттар [сан жағынан] төртеу деп есептейді: дене саулығы; сезім [мүшелерінің] саулығы; әр түрлі заттарды танып­білуге қабілеттілік саулығы, бұл саулық осы танып­ білудің арқасында өмір сүреді; ұмтылысқа қабілеттілік саулығы, бұл саулық осы ұмтылыстың арқасында өмір сүреді. Осының [бәрін] білу қажетті пайдалы білім болып табылады. Пайдалы және белсенді ұмтылыс қажет ­ бұл ең алдымен бір адам үшін не басқа адамның ол үшін, не оның басқа адам үшін ұмтылысымен үндесетін ұмтылыс, бұл ұмтылыс әрекет пе немесе пікір ме ­бәрібір. Егер де ұмтылыс әрекет болса, онда ол алдыңғы (бірінші) және қажетті пайдалы болып табылады. Ал егер де ұмтылыс пікір болса, онда ол пікір ретінде қажетті пайдалы болып табылады.

Аристотель бұл төрт ізделіп отырған мақсат адам саулығының ең ізгілікті жағдайлары екендігін және олардың да өзгеріске [бұзылуға немесе жетілуге ] ұшырайтынын айтады. Әрі қарай Аристотель жан сезім арқылы қабылданатын заттардың және көзге көрінетін құбылыстардың ­ аспан мен жерде және жанның өзінде бар ­ өмір сүру себептерін білуге ұмтылатындығын табады. Жан сонымен қатар, жандарда пайда болатын қалған идеялар мен еске түсірулердің ­ бұл адам жанында пайда болған нәрсе бола ма, немесе басқаның жанында оған дейін пайда болып, оған белгілі болған нәрсе бола ма ­ақиқат мәнін білуге ұмтылады. Бірақ мұның бәрі төрт ізделінген мақсаттың [құрамына] кірмейді. Оларды танып­біле отырып, жап не саулыққа [ие болу үшін қажет], не басқа бірдеңеге қажет пайда алмайды, өзінен­өзі білім болып табылатын білім табады. Жоғарыда аталған заттардың арасынан бірдеңені білетін адам осыдан өзі үшін қуаныш пен рақат табады. Адам егер де ол асыл қасиеттерді, әдемілікті, ізгілікті және ұлылықты басқа адамдардан емес, өзі мен өзінің жанының арасындағыдан алса, онда ол асыл қасиеттерге және жетілгендікке [шынында] жетеді деп есептейді. Мұны одан басқа [ешкім] сезбесе де, оның жаны ұлыланады және ізгіленеді, ал адамның өзі бұларға ие болғанына шаттанады. Сонымен бірге, адам бұл асыл қасиеттерді бір жағынан халықтан алдым деп немесе ол өзінің бойындағы абыройы, ұлылығы және мақтауға тұрарлық қасиеттері үшін, әсіресе, басқа адамдар үшін оларды білу жетуге тым қашық және қиын болып саналған асыл қасиеттері үшін халықтың алдында борыштымын деп есептейді. Бірақ барлық адамдар жоғарыда аталған заттардың бәрін білу және олар туралы мәліметтерді білу міндетті емес және ізделіп отырған мақсаттар үшін пайдасы жоқ, керісінше, қажетті және пайдалы болған күнде де артық деп есептейді. Сонымен бірге, олар [бұл білімді] ұлы және ізгі деп санайды. Олар адам ұмтылатын білімді ең басынан екі түрге бөледі: а) қалаулы білім, оның көмегімен адам төрт [ізделіп отырған мақсаттардың] саулығына жету ісінде немесе саулықтың өте жақсы жағдайына жету ісінде пайда алады; б) пайдалы болса да, артық болып табылатын басқа бірдеңе үшін емес, өзінен­өзі қалаулы білім. Мұндай болу дұрыс болып табылады, себебі ол жандарға бұл білімдерге олардың арасында байланыс пайда болғаннан әлдеқайда бұрын ұмтылуға мүмкіндік береді. Бұл білімдердің біріне [оның көмегімен] әрекет жасау үшін [жүгінеді]. Басқа білімнен кашқақтайды.

Білімнің бірінші түрі «практикалық» деп, екінші түрі «теориялық» деп аталады. Бірақ та адамдар сол төрт ізделіп отырған мақсаттардың қайсысы пайдалы екендігін айыру үшін, сонымен қатар, олардың қайсысы пайдалы емес екендігін түсінуге жету үшін кейде өз түйсіктеріне жүгінеді. Олар сезім арқылы қабылданатын заттарды танып­білуге ұмтылады, бірақ оларды өздерінің түйсіктері арқылы, мысалы, мүсіндік бейнелерді, әсем суреттерді, әдемі әуендерді, жағымды иістерді, келісті заттарды түйсінгені секілді, танып­білген күнде де оларды сол төрт ізделіп отырған мақсатқа [ие болу] үшін емес, жағымды сезімдерге жету үшін ғана қолданады. Бұл ретте жағымдының мәні мынада ғана: асыл қасиеттерге сүйеніп жету асыл қасиеттерге жетуден артық. Ләззатқа бөлену оған жетусіз мүмкін емес, ол оған сезім арқылы жеткенде ғана бар болады, және оған қандай да болмасын сезімсіз жетпейді. Сезім арқылы жететін басқа сыртқы білімдер де осылай өмір сүреді. Бұл білімдер адамдар кейде ұмтылатын, оларды танып­ білгенге және оған жеткенге қанағат ететін, сезім арқылы қабылданатын заттардың [өмір сүруінің] себептерін білумен салыстырғанда сыртқы болып табылады. Бірақ адам оларға қуану үшін ғана майдаланатын өтірік әңгімелерден, ойдан шығарылған бос сөздерден және халық арасындағы аңыздардан жинайтын білімінен де рақат алады. Бірақ мұның [нағыз] қуаныштай маңызы жоқ. Әңгімешілерге, поэзияны және халық арасындағы қауесетті тыңдаушыларға байланысты пікір де осындай, бұл адамдар да өз кезегінде оларды қайталап айтады. Қозғалыс дегеніміз, оны адам оған әңгімеленетін және «оқылатын» поэзиядан және өтірік әңгімелерден түсінгендей, ол олардың арқасында қуаныш, тыныштық және рақат алатын әрекеттер. Білімге жетуі ең жетілген болатын әрбір адам ең жоғары рақаттануға ие болады. Өз жанында ең жетілген білімге жеткен әрбір сәтте одан болатын рақат ең толық және ең жетілген болады. Бұл білімдер мен жеткендіктер де өзінен­өзі ғана білімдер мен жеткендіктер болып табылады, және рақатты оларды сол төрт ізделіп отырған мақсаттарда пайдаланғаннан емес, олардың өздерінің арқасында ғана алады (62­бет). Бірақ бұған қарамастан адамдар оларды пайдаланады. Осы ізделіп отырған мақсаттар үшін рақатқа жетуде оларды пайдалану кездейсоқтық сипатта /10/. Әрі қарай Аристотель міндетті білімдердің /11/ адамға оның дүниеге келген сәтінен бастап тән екенін, бейнебір адаммен бірге туғандай және табиғаттан адам түйсік /12/ арқылы жеткеннен әлдеқайда көп деңгейде алынғандай білімдер екенін анықтайды. Адам кейде сол ізделіп отырған мақсаттардың саулығына жету үшін түйсіктерден алынған білімдерді пайдаланады. Сонан соң Аристотель қол жеткізілген білімдер адамға жеткіліксіз болатынын, сондықтан ол туа біткен білімдерді /13/ пайдалануға жүгінетінін айтады. Егер де ол оған қажет нәрселерді іздеуге тереңдеп бойласа, онда сол туа біткен білімдердің ұзақ уақытқа және көптеген істерді [атқаруға] жеткіліксіз екендігін және олар оған қажетті нәрселердің бәрін бірдей қамти алмайтындығын түсінеді. Бұл жағдайда адам білімдердің көптеген түрлеріне жүгінеді және олар туралы пайымдап алмай және оларды зерттеп алмай ештеңе жасамайды. Ол өз бастамасымен ылғи да басқалар үшін пайда алуды қалайды, ол басқалардан сұрастырады, ойлайтын нәрсесі туралы және жаңалығының дұрыс немесе бұрыс екендігі туралы олармен кеңеседі. Бұл оның білімдерді басқару күшінің туа біткен қасиетінің [көрсеткіші] болып табылады. Пайымдау /14/ мен зерттеудің /15/ арқасында адам өзіне ең басынан тән болмаған [осындай] білімдерге жетеді. Ол жиі таңғалуы және екі тұжырымның /16/ қайсысы пайдалы, қайсысы зиянды екенін білмеуі мүмкін. Басында оны сезбесе де, зерттеу нәтижесінде ол өзінің жаңалығының қате екендігіне жиі көз жеткізуі мүмкін. Ғылымдарға ұмтыла отырып және оларды зерттей отырып, адам олардың кейбірінің сенімді және мығым, ал кейбірінің әлсіз және маңызсыз екендігін көреді. Бірақ егер ол өз ізденісінің арқасында ақиқатқа апарар жолда тұрса, онда бұл ол танып­білгісі келген пән туралы ғылымдағы жетілгендік, өзінің нақтылығында тұйықталмайтын шек және одан кейін басқа шек келетін тыныштық болып табылады.

Читайте также:  "Оразаға бір рет ниет етсем жетеді ме?"

Адамның практикалық ғылымдарды [игерудегі] жағдайы осындай. (63­бет) Аристотель практикалық ғылымдарға жетудің үш тәсілі бар екендігін түсіндіреді: 1) сезімдердің көмегімен жету; 2) [сандық жағынан] сезімдер жолымен жеткен білімдерден көп бірінші білімнің көмегімен жету; 3) зерттеу жолымен жету. Дәл осы теориялық ғылымдарда да бар секілді. Зерттеулердің нәтижесінде алынған мәліметтерді білуді әуелі әлі зерттелмеген бірінші белгілі заттардан алады. Тексерілместен және зерттелместен бұрын олар ізделінуші мақсат болды және «қабылдау объектілері» деп аталды. Ғылым үшін талап етілетін нәрсені анықтауға пайдаланылатын алғашқы мәліметтер «алғышарттар» /17/ деп аталады. Ғылым зерттеп отырған нәрсе «ізделінуші мақсат» /18/ деп, ал тексерілген нәрсе «қорытындылар» /19/ деп аталады. Сонымен, барлық үш зат ең басынан бастап өмір сүреді. Аристотель адам пайдалы заттар туралы білімнің ақиқатына жете алмайтынын түсіндіреді. Ол өзінің ұмтылысының қандай екенін, пайдалы заттардың қайсысына ұмтылу керек екенін біле алмайды, оның ұмтылысының шегі де, бұл шек анықталған ба және нәтижелі ме екендігі де оған белгісіз. Бірақ біз адам сол айтылған ізделінуші мақсаттар саулығына [ие болуға] ұмтылатынын білеміз. Адам егер де пайдалы заттардың қайсысы белгілі мақсаттар үшін керек, көзделген төрт мақсаттың қайсысы осы мақсатқа келу үшін қажет етілетіндігін қарастыруға, мысалы, мынадай сұрақтарды қарастыруға, талпыныс жасаса: түйсіктің сау болуы тәннің саулығына тәуелді ме, әлде тәннің саулығының болуы сезімдердің арқасында мүмкін екенін тануға жету үшін түйсіктердің саулығы оған тән саулығын [сақтап отыру] үшін қажет пе, әлде мұның бәрі әрбір жеке пайдалы затты сақтау үшін өмір сүре ме, онда ол қиын жағдайға ұшырар еді /20/. Егер де түйсіктер мақсат ретінде болса, онда оларды тәнді сауықтыру үшін пайдаланбаған дұрыс болар еді, себебі тәнді түйсіктерді болдыратын құрал, немесе қызметші, немесе материя деп есептеуге болады. Адамға тән (64­бет) тәннің саулығы мен ұмтылыстардың саулығы соның көмегімен сақталып отыратын қабілеттілік пен ұмтылыс күші түйсіктердің саулығының бар болуы үшін қызмет етеді. Кейде түйсіктердің әрекеттері және түйсіктердің көмегімен адам жасайтын нәрселер мақсат болып табылады. Мұның бәріне қарсы шығуға болады. Бірақ біз ол арқылы біздің тәндерімізді және қалғанының бәрін сауықтыруға көмек алатын нәрсеге жету үшін түйсіктерімізді қолданатынымызды көреміз, немесе бірі басқасы үшін өмір сүреді деп есептейміз; және осылайша шеңбер бойынша кете береді: олардың кейбірлері басқалар үшін және олардың арқасында өмір сүреді. Адам ақиқатқа жетуді мақсаттың алдында немесе мақсат болып табылмайтын нәрсенің алдында болу үшін емес, оның ұмтылысының қандай да бір мақсаты болуы үшін тілейді. Ол өзінің жаны табиғатынан тәннің саулығына және түйсіктердің саулығына тәуелді екенін және саулықтың бұл [жағдайлары] да дәлелдеуді қажет ететіндігін көреді. Өздері туралы жетілген [білімді] ен бірінші ретте бермеген, бірақ оның ең кішкене бөлігін беріп, сол арқылы негіздемелер беретін өмір сүріп отырған заттардың арқасында адам жетілгендікке ие болуға. не табиғаты бойынша, не тілегі мен жігері бойынша ұмтылады. Бірақ тәннің саулығы мен түйсіктің саулығынан алатын нәрсе адам өзінің балалық және жасөспірім шақтарынан алатын нәрсесіне ұқсайды. Мүмкін, тән саулығы мен түйсік саулығын қысқарту балалық және жасөспірім шақтарды қысқартуға ұқсайтын шығар.

Тәннің саулығы басқа мақсатты алуы да мүмкін, онда түйсіктің саулығы оны мақсатты дайындайтын тән саулығы ретінде есептелетін мақсатқа ұмтылуда қолдануға негіз болады. Егер де адам тән және түйсіктер саулығын қоректендіріп тұрған айыра білу күшінің саулығын, және де ұмтылыс күшінің саулығын шектеген болса, онда ол айтарлықтай қиын жағдайға тап болар еді. Сонан соң ол қандай жағдайдың тәуірірек екендігі туралы пайымдай бастар еді: тәннің саулығы ма әлде түйсіктердің саулығы ма, басқалар түйсіктердің саулығын жақтап, олар барлық (65­бет) жағдайлардың арасындағы ең жақсысы деп айтып жүр. Сонан соң ол не жақсы екендігі туралы пайымдауын жалғастырар еді: айыра білу күші ме немесе ұмтылыс күші ме. Мұның бәрі түсінуге өте қиын. Келесі де түсінуге қиын: егер де адам ізделінуші мақсаттардың ең қажеттілерін шектеу керек пе немесе оларды ең жақсы [жағдайға] жеткізген дұрыс па деп пайымдай бастаса, онда жан тілектердегі тойымсыздық және адамға тән емес нәрсені қалау болып табылатын осы ең жақсы [жағдайды] тілей ме немесе адам үшін ең жетілген [жағдай] және ең басты сипат болып табылатын ізделінуші мақсаттардың әрбіреуінің ең жақсы [жағдайына] ие болуға [ұмтыла] ма. Адам ақиқатқа жетуде жан оны қандай нәрсеге итермелейтінін, оның жанында не пайда болатынын, және көрінетін заттардың негізіне жетуде ол не нәрсеге ұмтылатынын байқайды; ол [қарапайым] адами білімге ие болуға ұмтылыс па немесе ғылымдарға да, адамға да қатысы жоқ нәрсеге әкелетін, немесе, ол сол төрт мақсатқа қатысты болса, шын мәнінде адами болатын нәрсеге әкелетін шектен тыс тілек пе екендігін қарастыруда да қиындықтарға тап болады. Адамға тән бұл төрт ізделінуші мақсат жануарға да қатысты, себебі әрбір жануар олардың арқасында өз тәні мен түйсіктерінің саулығын [сақтауға] ұмтылатын тәнге, түйсікке, айыра білу қабілетіне ие. Бірақ жануар сезім арқылы қабылданатын заттардың [өмір сүру] себептерін [танып­білуге] және аспан мен жерде өзі көріп отырған нәрселердің өмір сүру себептерін түсінуге ұмтылуға ие емес; жануар оның бойында олардың өмір сүру себептерін түсінуге деген тілек тудыра алатын заттарға таңданыс білдірмейді. Мынадай сұрақтарды қарастырғанда да [адам қиындықтарға тап болады]: адамға табиғатынан танып­білуге деген ұмтылыс тән екенінің себебі неде және бұл нағыз адами [қасиет] болмаса, онда оған танымға ұмтылыс және оны ақиқатқа бағыттайтын бірінші білімдер неге берілген. Мүмкін, мұнын бәрі адам [тегіне] /21/ тән (66­ бет). Мүмкін, адам өзінің танымы арқылы адам [тегінде] не өзінің мәні бойынша, не кездейсоқ ең жетілген болады. Таным адамның мәні немесе оның мәнінің әрекеттерінің бірі болуы [да] мүмкін. Ал егер де ол адамның мәнінің әрекеттерінің бірі болса, ал оның мәні осы әрекет жасалған сәттен ең толық жетілгендікке ұмтылғандағы әрекет болса, онда осы әрекет туындайтын нәрсенің не екендігін және ол оған ұмтылатын адам үшін ізделінуші мақсат па немесе жоқ па екендігін білу қажет. Шынында да, адамдар олар қажет болғанда пайдаланатын жағдайларды танып­білуге ұмтылады. Заттар танылған болуы үшін білімді қажеттілігіне байланысты пайдаланбаса, онда ол асыл қасиет бола алмайды. Бірақ қажетті пайдалы заттар туралы білім сапасының дәрежесі қажетті дәрежеден аспауы керек. Адам ұмтылатын нәрсе шектен тыс бір нәрсе ме, және адамға табиғатынан тең осы шектен тыс тілекті шектеу және басу керек пе немесе жоқ қылу керек пе? Бұл сұрақтардың бәрі пайымдаудың пәні болып табылады және [бұлар] туралы көп түрлі пікірлер бар. Мұның бәрі таңдануға себеп, ол туралы әр түрлі пікірлер бар пайымдаудың пәні болып табылады. Адам осыдан бірдеңені қаласа да, өзін қанағаттандыру үшін немесе басқаны қанағаттандыру үшін ғана ­ бұған қатысты пікірлер көп түрлі. Бірақ егер [адамның] мүмкіндіктерін шектесек, ол адамды оған тән болмыс сапасынан айыратын шек болмай ма? Егер де адам тәннің және түйсіктердің саулығын, ол табиғаттан алатын айыра білуге және танып­білуге қабілеттілікті, сонымен қатар, еркін таңдауға ниеттену мен қабілеттілікті қарастыра бастаса, [оның алдында] тәннің және түйсіктердің саулығына жету үшін оған табиғат берген, жануарларда, өсімдіктерде және басқа да табиғи денелерде бар қабілеттер адамға жеткілікті ме [деген сұрақ пайда болады].

Читайте также:  Теориялық әдептілікті қорғау

Егер ниеттену /22/ және еркін таңдау мақсат болып табылса, ал табиғаттан алынған қабілеттер тән мен түйсіктердің саулығына жету үшін жеткілікті болса, онда адамға ниеттену мен еркін таңдау не үшін беріледі? Мүмкін, ниеттену мен еркін таңдау табиғатынан шамадан тыстық шығар, онда шамадан тыстықты шектеу қажет. Бірақ табиғаттан алынған ниеттену мен еркін таңдауды қалайша шектеуге болады? Егер де ниеттену (тілек) мен еркін таңдау адамға тән болса, онда олардың екеуі де адам табиғаттан алған тән мен түйсіктердің саулығына жету [ісіне] қызмет ете ала ма? Әлде оған табиғатынан тән нәрсе оның бойында ниеттену мен еркін таңдаудың арқасында бар нәрсе үшін қызмет ете ме? Әлде туа біткен әдет пен ниеттену екеуі бірге адам басқа бірдеңенің жолымен жүру үшін қызмет ете ме? Адам жеткен ең толық жетілгендік оған табиғат берген деңгей болып табыла ма, әлде оған бұл жеткілікті емес пе? Адам тілегі және еркін таңдауы бойынша немесе соңғылары мен туа біткен әдет арқылы жететін жетілгенділігі адам ол арқылы өзінің мәніне ие болатын жетілгендік болып табыла ма, әлде бұл жетілгендік басқа бір ерекше сапада ма? Бір сөзбен айтқанда, адамның ең толық жетілгендігі болып табылатын мақсаттың не нәрсе екенін, ол адами мән бе, әлде адамда ол мәніне ие болғаннан кейін пайда болатын әрекет пе екендігін қарастыру керек. Ол адам табиғаттан алатын нәрсе ме, әлде табиғаттан алынатын материя бұл жетілгендіктің адам өз ниеті мен еркін жігері бойынша осы жетілгендікке жету жолында жұмсайтын негіз бен құралды дайындай ма? Тән мен түйсіктердің саулығы оның мәнін анықтайтын нәрсенің саулығы ма, әлде олар кемшілік болып табыла ма? Бұл барлық жануарларға қатысты болғандықтан тән мен түйсіктердің саулығы адам олардың арқасында өзінің мәніне ие болатын дайындық пен құрал болып табылады. Адам оларды танып­біле отырып ақиқатты білумен ғана шектелетін заттарды білу арқылы ұмтылатын нәрсе ­ адам ол арқылы мәнге ие болатын жетілгендік үшін бұл пайда әкеле ме? Немесе ақиқатты білу ­ адами мән, ол арқылы толық жетілгендікке жететін адам мәнінің әрекеттерінің бірі болып табылады. (68­бет) Адам үшін адамның мәні деген не, оның жетілгендігінің шегі қандай, ол арқылы адам өзінің мәніне ие болатын және толық жетілгендікке келетін кезі бола ма, оның әрекеті не нәрсе ­ бұларды зерттеуге адам неге мәжбүр екендігінің себептері, міне, осындай. Бұл үшін ол адам деген не, ол қандай, оның болмысы осының бәріне жетуге ұмтылу үшін (егер мұндай ұмтылыс болса) оның болмысы не үшін және неден өмір сүретінін білуі тиіс. Егер де адам өз бастамасымен бұл жетілгендіктің мәнін танып­білмесе, онда оған ұмтылуы тиіс мақсат белгісіз болады. Аристотель нағыз адами әрекет болып табылатын әрекет пен адам әлемде сол үшін жаратылған мақсат белгілі болса, адам оның бөлігі екендігі және онымен бірге қоғамдастықты құрайтындығы туралы мәліметті шынында да бере алатынын түсіндіреді. Егер де олар сол үшін өмір сүріп отырған мақсат пен оның пайдалылығының деңгейі белгісіз болса, мұндай мәліметті тоқымашының, етікшінің және қаланың әрбір жеке тұрғынының әрекеті бере алмайды. Дәл осылайша, егер бөліктерден тұратын қоғамдастықтың мақсаты белгісіз болса, бөліктің мақсатын анықтау мүмкін еместігі секілді, адамдардың барлық жиынтығы үшін ортақ мақсат белгісіз болса, олардың әрбіреуінің мақсаты белгілі бола алмайды. Дененің басқа мүшелерінің арасындағы қолдың мәні, мақсаты және құрылымы бізге белгісіз болғанша, [бір] саусақтың мәні де бізге осылайша белгісіз. Ең әуелі біз бүкіл ағзаның ең ақырғы мақсатын білуіміз керек. Осылайша, құбылыстардың жалпы жиындығының әрбір бөлігінің мақсаты не осы бөлік, не ол арқылы бүкіл қоғамдастық жететін қажетті пайдалы бір нәрсе болып табылады. Адам әлемнің бөлігі болғандықтан және егер де біз оның мақсатын, әрекетін, пайдалылығы мен оның [әлемге деген қатынасы] дәрежесін анықтағымыз келсе, бізге ең әуелі бүкіл әлемнен туындайтын мақсатты білу қажет болатындығына байланысты, адам бүкіл ғаламның мақсаты болып табылатын (69­бет) мақсатқа жету үшін осы ғаламның қажетті бөлігі болуы тиіс екендігі бізге айқын болар еді. Адамға не тән екенін білу үшін, біз адамнан туындайтын мақсатты және адами жетілгендікті білуге ұмтылуымыз керек. Осы үшін біз бүкіл ғаламнан туындайтын мақсатты білуге мәжбүрміз. Бірақ бұл ғаламды [құрайтын] барлық бөліктерді және оның негізін білмеу мүмкін емес. Біз осы мақсаттың не екенін, ол қандай екенін, не үшін өмір сүретінін білуіміз керек. Бұл ғаламды құрайтын нәрсенің барлығына және оның әрбір бөлігіне қатысты.

Адамға екі нәрсе тән: біріншісі ­ табиғаттан алынған, екіншісі ниеттенуі бойынша. Егер де біз табиғаттан алынатын жетілгендік туралы және осы жетілгендіктен туындайтын мақсат туралы білуді қаласақ, онда бізге [өз кезегінде] бұл ғаламның мақсаттарының жиынтығының табиғи бөлігі болып табылатын, адам оның түпкілікті мақсаты болып табылатын табиғи жиынтық туралы білу қажет болар еді. Шынында да, егер де ғалам табиғи болса, және оның бөліктерінің көбі де табиғи заттарға жататын болса, онда табиғатынан ғаламды құрайтын нәрселердің бәрін ­ тұтасты немесе бөлікті ­ және одан адамға табиғатынан тән нәрсені бөлек, пайымдау және зерттеу жолымен қарастыру керек. Мұндай зерттеу «табиғи пайымдау» деп аталады. Адамға және басқа заттарға талаптануы (тілегі) бойынша, сондай­ақ талаптанудан туынды бойынша тән нәрселер зерттеу, пайымдау және тексеру жолымен бөлек қарастырылады және бұл адам «жігерге негізделген адами білім» деп аталады. Бұл адам тегіне катысты болғандықтан, бір адамға да қатысты. Егер де адам сол үшін жаралған жетілгендік оған табиғатынан ғана және жақсы тілек бойынша ғана тән болса, онда жетілгендікке жеткізетін әрекет пен өмір салты ақиқат адами асыл қасиеттер, ізгі істер мен әрекеттер және тамаша өмір салты ғана болар еді (70­бет). Бірақ адамды осы жетілгендіктен тайдыратын нәрселер де бар ­ бұлар адами емес, керісінше, нашар, жексұрын, жаман қылықтар мен әрекеттер болып табылатын әрекеттер мен өмір салты. Бұл ретте біз олардың қайсысын қалап, қайсысынан аулақ болуымыз керек екендігін білуіміз керек. Егер адамға табиғатынан тән нәрсе уақыт асқақ тілек пен еркін таңдауға ұласса, онда оған табиғатынан тән нәрсені алдымен, ал ол өзінің еркін таңдауы бойынша ие болған нәрсені соңынан қарастыру қажет. Яғни, оған тілегі және еркін таңдауы бойынша тән нәрсені немесе жиынтығында олардан туындыны болатын нәрсені тану мүмкін болмаса, онда адамға табиғатынан тән нәрсені алдын­ала зерттеп алу керек. Адам жетуі тиіс және өзі үшін міндетті етуі тиіс білім ­ нақты білім. Адамға табиғатынан және тілегі бойынша тән нәрселердің арасынан нақты білім зерттейтін нәрселердің бәрін басшылыққа алу керек. Сонымен, Аристотельдің пікірі бойынша, ең алдымен нақты білім деген не, ол сан жағынан қанша, оның түрлері қандай, ол қандай тақырыптарды қозғайды, көзделген мақсаттарға қандай түрде және не арқылы қатысты екенін білу керек. Қайда және қандай пікірлер мен тұжырымдар бар және олардың түрлері нешеу, олар неден және қалай туындайды? Нақты білімді зерттеуде қандай кедергілер бар және олардың әрқайсысы қандай? Нақты білімді оқытудың (үйретудің ­ Г.Н.) қандай формалары бар, оны оқытушылар олардың қандай түрлерін қолданады, нақтылықтың қандай категорияларын қолданады (71­бет).

Читайте также:  САЯСИ ЗАҢДАР ТУРАЛЫ

Оқыту ісінде дәлелдеу мен елестетудің қандай формаларын қолданады? Адам сол арқылы нақты білімді оқып­үйрену және зерттеу қабілетіне ие болатын өнер не, бұл өнерлердің неше түрі бар, олардың әрқайсысы қандай? Оқытудың қалған барлың түрлеріне қабілеттілік беретін өнер қандай? Әрі қарай Аристотель әрбір адам өзі ұмтылатын мақсаттың не екенін біліп, бұл білімді басшылыққа алуы үшін адамдардың әр түрлі категорияларын қалай, не нәрсеге, білімнің қандай түріне оқытқан дұрыс екендігін түсіндіреді. Сонан соң ол пікірталастан туатын софизмдердің не нәрсе екендігін, олардың қандай, немен байланысты, неше түрі бар екенін түсіндіреді. Ол әр түрлі софизмдердің [ықпалына түскен] адамның жаман сапалары мен жағдайларының мысалдарын келтіреді, софизмнің түрлерінің қандайлары қандай сапа туғызатынын қарастырады. Әрі қарай ол бұл сапалар мен жағдайлардың бесеу екенін айтады. Ол олардан қандай жақтан сақ болу қажет екендігін түсіндіреді. Тек «логика өнері» ғана «софизмдерден» сақтандырады, ол жанның ақылды бөлігін түзейді, оны нақты білімге және ғылымдарды оқыту мен зерттеудің пайдалы жақтарына бұрады. Жанның ақылды бөлігі осы өнердің көмегімен оқыту [жүйесінде] тіл мен диалог қалай қолданылатынын, пікірталас софизмдерді қалай тудыратынын біледі, осы арқылы олардың біреулерін қолданып, басқаларынан аулақ болуға үйренеді /23/. (72­бет) Аристотель көптеген ғылымдардың арасында түбі бір, үш түрде көрінетін ғылым бар деп есептейді: «логика өнері», «табиғат туралы өнер» (физика) және «ниеттер туралы ғылым». Логика өнері бұл екі ғылымның алдында, ол олардың үстінен қарайды және ғылымдардың осы екі түріне жеткен әрбір адамды сынақтан өткізеді. Бұл екі ғылымға ­ табиғат туралы ғылым және ниеттенулер туралы ғылымға ­ қатысты айтатын болсақ, олар тегі бойынша бірдей, өмір сүріп отырған заттарды қамтиды, ал логика ғылымы ең әуелі физика және ниеттенулер туралы ғылым қамтитын өмір сүріп отырған заттар туралы білім беруге ұмтылады. Бұл үш ғылымның барлығы үшін материя мен заттың өмір сүруі тегі бір заттар болып табылады деген пікір бар. Логика ғылымы бұл екі ғылымның алдында болғандықтан, ол өмір сүріп отырған, бұл ғылымдардың да барлығының пәні болып табылатын заттарды бірінші болып тізбелей бастайды. Олар табиғаттан берілген нәрселердің де, ниеттену арқылы ие болатын нәрселердің де бәрін қамтиды. Табиғаттан берілген нәрсе табиғи заттардың пәніне жатады. [Қалау] арқылы ие болатын нәрсе ниеттенулер туралы ғылымның пәніне жатады. Ал егер де олар біріктірілсе және адам оларға табиғат және ниеттену арқылы жететін болса, онда олар екі ғылымның пәніне бірдей жатады […]. Сондықтан да Аристотель өмір сүретін заттардың алғышарттар беретін түрлері зерттелетін және жалпы белгілі сөздер оларға нұсқайтын ізденілуші мақсаттарға ие деп есептейді. Олардың нақтылығының дәлелі болып түйсіктер табылады, ал әрбір ақыл арқылы жететін мән сезім арқылы қабылданады. Өмір сүретін заттардың бұл барлық түрлері он топқа бөлінеді және категориялар деп аталады, олар «Катагурияс», немесе «Категориялар кітабы» деп аталатын кітапта сипатталады. Бұл топтардың өздері табиғи ғылымның пәні (73­бет) болып табылады, сонымен бірге олардың әрбіреуі не «мәнді», не «қаншаны», не «қандайды» және сол сияқтыларды білдіреді. Сонан соң Аристотель логика өнерінің әрекет етуі қандай екенін және оны қалай қолданатынын талдайды. Ол [өмір сүретін] заттардың түрлері қалай қабылданатынын ­ бұл қабылдаудың нәтижесінде олардан алғышарттар туындайды ­ олар неше түрге ауысатынын, олардан ізделінуші мақсаттар қалай пайда болатынын, алғышарттар мен ізделінуші мақсаттар неде тоғысатынын және не арқылы бөлінетінін түсіндіреді. Әрбір ізделінуші мақсат жиынтығында қарама­қарсы жатқан, қажеттілік бойынша ақиқат пен жалғанды айыратын пікірлердің пәні болып табылады. Оларды игеруде қарама­қарсы жатқан пікірлердің қайсысы ақиқат екені белгісіз. Ақиқат білім ізделеді және болжанады. Олар екі қажетті алғышартқа бөлінеді. Алғышарттардың әрбіреуі өмір сүрмей тұра алмайды және өмір сүре алмайды. Олардың екеуі де қажетті шарттарға бөлінеді. Алғышарттардың мүмкін өмір сүретіндері және мүмкін өмір сүрмейтіндері мүмкін алғышарттар деп аталады. Ал олардың осы шақта өмір сүретіндері және мүмкін өмір сүрмейтіндері өткен шақта өмір сүрді және өмір сүрмеді, нақ осылайша олар болашақта өмір сүруі мүмкін және бола алатындар деп аталмайды. Бұл «Бариминиас», немесе «Түсіндіру» деп аталатын трактатта баяндалған. Әрі қарай ол алғышарттардың қалайша жойылатынын, олар қалай бір­бірімен қатар өмір сүретінін, оларды құрастырғанда олардан қажетті түрде туындайтын пікірдің қалай пайда болатынын, бұл пікір мүмкін болатын ізделінуші мақсат арқылы қарама­қарсы пікірлердің біріне қалай айналатынын, олардың бірінші ережелер бойынша неше түрмен қосылатынын және жойылатынын түсіндіреді.

Оставить комментарий