Әл-Фарабидің философиялық мұрасы

Дін дегеніміз — көзқарастар жүйесі мен іс­әрекеттер іс­әрекеті және Алланың адамзат баласына салып берген қасиетті жолы. Діннің арқасында көкірегі ояу адамдардың баршасы іл көздеген мақсаттарына жетуге мүмкіндік алады. Баршасы деп отырғанымыз — тайпалар мен қалалар, ал кей жағдайларда ол белгілі бір халықты немесе сан алуан халықтарды қамтуы да ғажап емес. Егер ел билеуші шынайы қайырымдылықтың жаршысы бола білсе, онда оның халықты басқарудағы басшылық қызметі де сан алуан жақсылық істерге толы болады. Дәл осындай игілікті мақсатты ойдағыдай жүзеге асыра білгенде ғана елбасының өзі де, оның қол астындағы әрбір адам да шексіз бақытқа кенеледі, ал мұндай жағдай нағыз бақыттың өзі болып саналады. Міне, сонда ғана дінді қайырымдылықтың діні деп атауға болады. Ал ел билеуші надандықтың жолына түссе болғаны, ол міндетті түрде өзінің ойындағы арам пиғылдарын жүзеге асырудың жолдарын қарастыра бастайды. Сөйтіп, оның қызметінде билік пен мансап, тәкаппарлық пен намысқойлық байлық пен масайраушылық басты орынға шығады. Дәл осындай жолға түскен ел билеуші шын мәнісінде бақытты болмаса да, өзін тым бақытты сезінеді. Мұндай ел билеуші тікелей өзіне бағынышты адамдардың көмегі арқасында оз үстемдігін баянды етіп қана қоймай, оны одан әрі нығайта түсуге жанталасады. Алайда ел билеуші халқының қолын берекеге жеткіздім деп есептегенімен де, шын мәнісінде бұл игі мақсат жүзеге аспаған күйінде қалып қояды. Мұндай пиғылдағы ел билеушілер, әдетте, басқалармен салыстырғанда, өздерін ерекшеміз деп санайды. Жаңылыстар мен қателіктерге ұшыраған ел билеуші өзінің халықты басқарудағы қабілеттері мен даналық қасиеттерінің жоғары екендігіне шек те келтірмейді. Дәл осылай болмаса да, оның өзі де, одан қалды оның қол астындағылар да, дәл осылай ойлауға мәжбүр болады. Мұндай жағдайда ел билеушінің өзі де, оның елі де шынайы бақытқа қолдарын жеткізбесе де, оны сезінгендей күй кешеді. Халықты басқарудың дәл осы сипаттағы жолдарының жалғандыққа негізделгеніне қарамастан, бағынышты халық оны көп жағдайларда сезінбей де қалады. Сондықтан да болар, олар ел билеушінің бойында рақымшылдық пен даналық қасиеттердің мол екендігіне кәміл сенеді. Мұндай көзбояушылықты билеуші де, оның қарамағындағылар да жан дүниесімен нағыз бақытқа санайды. Сөйтіп, олар ел билеушіні қолдау арқылы оның көкейіндегі надандық пен білімсіздіктен туындаған мақсаттарының кейбіреулерінің орындалуына жағдай да туғызады. Ал рақымшыл билеушінің халықты басқаруы (Бірінші) Алла Тағаланың нұрлы шапағатынан туындаған ақиқатпен, жаңалықтармен тікелей байланысты болып келеді. Ізгілікке негізделген діннің қызметі мен көзқарастары діни жаңалықтардың мән­ мағынасымен айқындалады. Мұндай үрдістер орын алған екі тәсілдің біреуі, немесе олардың екеуі арқылы да жүзеге асырыла береді. Олардың ең алғашқысы — Құдіреті мол Алланың жіберген қағидалары болып табылады. Ал екінші жағдайда ел билеушінің басқарушылық қызметі мен іс­әрекеттері Жаратқан иемнің құдіреті арқылы келіп жеткен күштердің көмегімен айқындалады. Сөйтіп, Алланың көрсетіп берген қасиетті ізі ел билеушінің ізгілік пен рақымшылдыққа негізделген көзқарастармен қызметпен айналысуына даңғыл жол ашып береді. Мұндай жаңалықтар негізінен бірінші тәсілмен, ал кейде екінші тәсіл арқылы да ойдағыдай жүзеге аса береді. Теориялық ғылым Алланың өз ықыласы ауған пендесінің бойында күш­қуаттың қалай туындайтынын жан­жақты түсіндіруге тырысады. Ізгілікті діннің көзқарастары: теориялық көзқарастар және ерік­жігер көзқарастары болып екіге бөлінеді. Теориялық көзқарастар Алланың, рухани адамдардың Аллаға деген қатынастарын, олардың рухани адамгершілік қасиеттерін және әр адамның жағымды ­ жағымсыз қылықтарын, іс­әрекеттерін сипаттайды.

Теориялық көзқарастар сонымен қатар дүниедегі ең алғашқы денелердің пайда болуы мен жоғалуын, олардың жаңа денелердің пайда болуына негіз болғандығын, немесе соңғылары алғашқы денелерден қалайша шыққандығын, одан қалды олардың аралық қатынастарын, өзіндік құрылымын және өзара байланыстарының заңдылықтарын жан­жақты түсіндіреді. Бұл денелерде болып жатқан өзгерістердің барлығы да і әділеттілікке негізделгендіктен, мұндай табиғи өзгерістерде әділетсіздікке жол да берілмейді. 2. Теориялық көзқарастар дүниедегі әрбір зат атаулының Құдіретті Алла мен рухани адамдарға деген қатынастарына дін қарастырады. Одан кейін адамның пәни дүниеге келіп жаратылуы және оның жан мен ақыл­ойға ие болуы, Алла Тағаланың шапағаты мен рухани адамдар арқылы берілген адам бойындағы адамгершілік қасиеттермен қатар, оның жарық дүниеде .шатын орны сипатталады. Теориялық пікірлер мен көзқарастар пайғамбарлық пен оның мән­мағынасын, ғылыми жаңалықтардың шығуы мен оның түрлі құбылыстарын суреттейді. Олар ажал мен о дүниелік ғұмырға, өнегелі және ізгі ниетті адамдарға ғана і;ш шат­шадыман бақытты өмір мен ұждансыз­арам, ар­ұяттан безген адамдар ұшырайтын азапты өмірге де сипаттама береді. Ал ерік­жігерлік пікірлер мен көзқарастар о дүниедегі дәл осындай билеушілер қарамағындағы халықтардың хал­жағдайынан хабардар етеді. Ерік­жігер көзқарастары білімсіз адамдарға оз өктемдігін көрсетіп отырған ар­ұяттан безінген ел билеушілер мен басшыларға және өткен замандарда өмір сүріп, тағдыр талқысының салдарынан адасқан кейбір көсемдерге де сипаттама береді. Олар тіршілікте жіберілген қателіктер мен жамандықтарға байланысты тиісті жаза белгілеуде, әрбір адамның ізгілікке голы жан­дүниенің жақсылық пен жамандыққа икемділік танытуын да ескереді. Дін қарастыратын сан алуан заттардың қасиеттері міндетті түрде қала тұрғындарының, ел басшылары мен қызметшілерінің Алла белгілеп берген олардың қоғамдағы алатын орны мен қалыптасқан қарым­қатынастарына да, одан қалды оз арасындағы келіспеушілік пиғылдарына да тән болу керек. Сондықтан да әрбір пенде Алла Тағала белгілеген қасиетті жолдан таймай, оның адамгершілікке бағытталған қағидаларын басты назарда ұстауы қажет. Сонда ғана осы айтылған қағидалардың бәрі де діннің құндылық қасиеттерін қалыптастыра алады. Алланың құдіреті мен улылығын дәріптейтін іс­әрекеттер мен оң пікірлер басты орынға шығады. Одан кейінгі орынды өткен замандарда өмір сүрсе де, өздерінің шексіз рақымшылдығымен, адамгершілік қасиеттерімен танылған пайғамбарлар мен ізгі ниетті ел басшылары мен әділетті көсемдер иеленеді. Олардан соң, заманында өздерінің жат қылықтарымен әйгілі болған, өмір ағымында адасып, жағымсыз түрлі қылықтарға бой ұрып, күнәға батқан ел билеушілерінің, абыройсыз басшылар мен адасқан көсемдердің іс­әрекеттері келіп туындайды. Одан соң, қай заманда болса да, өздерінің адал да, орынды қылықтарымен, айшықты пікірлерімен ерекшеленетін қайырымды ел билеушілер, өнегелі басшылар мен әділетті көсемдер басты орынға шығады. Дәл осындай қылықтар мен пікірлер жүйесінен кейін барып қана, қала тұрғындарының өзара қарым­қатынастары және әрбір адамның өзіндік іс­әрекеттері жөне оның басқа адамдармен қарым­қатынастарының деңгейін анықтау керек болады. Ең соңында, бұл іс­әрекеттердің әділдігін анықтау қажеттігі келіп туындайды. Осы айтылған қағидалар сайып келгенде, рақымшыл, ізгілікті діннің мән­мағынасын құрайды. 4. Дін мен сенімнің синонимдер екендігі сияқты шариғат пен сунна да синонимдер болып көрінеді. Адамдардың көпшілігі үшін шариғат пен сунна діннің салып берген ізгілікке толы жолымен айқындалатын іс­әрекеттермен сипатталады. Олай болса, айқындалған көзқарастарды шариғат деп атауға болады. Сонда ғана шариғат та, дін мен сенім де синонимдер болып саналады. Дін негізінен екі бөлімнен тұрады. Олар: көзқарастарды қалыптастыру және адам қылықтарын айқындау. Қалыптасқан көзқарастардың алғашқы түрі дінде екіге бөлінеді. Оның алғашқысының көмегімен діннің мән­мағынасын білдіру мен дәлелдеуге қол жеткізсек, ал екіншісінің көмегімен дін жолын қуушылардың қылықтарын айқындауға мүмкіндік аламыз. Ізгілікті дін арқылы айқындалған көзқарастар ақиқат тәрізді, немесе нағыз ақиқат екендігі даусыз. Ал ақиқат дегеніміздің өзі әр адамның білімділігі мен табиғи қасиеттерінің арқасында көз жеткізген өмір шындықтары болып табылады. Шын мәнісіндегі табиғи қасиеттеріне де, өмірден алған біліміне де сенімсіздік танытушылық жағдайына түсіп, көзқарастардың алғашқы түрімен қаруланбаған кез келген дін сияқты, көзқарастардың дәл осы сипатындағы екі түріндегі қасиеттерден алшақтық танытқан дін де адасушылық пен қателіктерге бой ұрады. 5. Ізгілікті дін философия тәрізді теориялық және тәжірибелік болып екіге бөлінеді. Ойшылдық теориялық философия дегеніміз — адамның танып білген, бірақ толық жүзеге асыра алмағандары болып табылады. Ал тәжірибелік философия адамның танып­білуі арқылы ойдағыдай жүзеге асырған игі мұраттары. (Дәл діндегі сияқты).

Читайте также:  Адайлардың ата жұрты

Діннің тәжірибелік бөлімі толығымен тәжірибелік философияның құрамына кіреді. Осыдан дін саласында тәжірибелік сипат туындайды. Оның басты қасиеті — тәжірибе арқылы айқындалып, белгілі бір тұрпатқа ие болған тұтастық болып саналады. Алдын ала болжанған істерге басшылық жасау айқындалмаған істерге қарағанда, мағыналы болатындығы ақиқат. Бұл жағдай «жай адамға» қарағанда білімді «жазғыш адамның» мәндірек болатыны сияқты. Демек, ізгілікті шариғаттар (қағидалар) тәжірибелік философияның құрамына кіріп, оның тұтастығын ойдағыдай қамтамасыз етіп отырады. Діннің теориялық қағидалары теориялық философияда дәлелденген және осы себептен де дін оларды ешбір дәлелсіз ­ ақ қабылдаған. Демек, дінді құрайтын екі бөлім де философиядан алынған. Олай болса, ғылымның саласы немесе ғылымнан алынған белгілі бір нәрсе жайында соз болғанда, оның екі түрінің қалыптасқандығын аңғарамыз. Оның алғашқы түрінің аясында ғылыми аксиома ретінде алынған дәлелдемесі болуы мүмкін, немесе ғылыми тұрғыдағы тұтастыққа ие болғандықтан, ол заттардың өмір сүру себептерін түсіндіріп беру қасиетіне де ие болады. Бұдан туындайтын ой: философияның тәжірибелік бөлімі белгілі бір жағдайда қол жеткізілетін мақсаттар немесе кез келген себепші заттарға байланысты айқындалған іс­ әрекеттердің өзіндік жай­жапсарларын түсіндіріп береді. Егер заттар жайындағы ғылым дәлелдемелі ғылым болып табылатын болса, онда ол ізгілікті діннің белгілеген іс­әрекетгерін бұрынғыдан да айқындай түседі. Демек, философия ізгілікті діннің мазмұнының ақиқаттығын растайтын болғандықтан, оның жүйесіне тікелей қатысты ел басқару ісімен айналысу да философияға бағынышты да, байланысты да болып келеді. 6. Егер диалектика ерекше күшті дамыған интелектіні анықталған дәлелдермен немесе олардың көпшілігімен қамтамасыз етпеген, ал діни уағыздар көп жағдайларда сол айтылған уағыздардың өрісіне кірмейтін және диалектика қарастырмайтын түбегейлі мәселелерді негіздемеген жағдайда ізгілікті дін өз болмысында философияға тән болмай және діни қағидаларды тек философия арқылы түсінетін адамдарға арналмаған болып шығады. Діннің қағидаларын танып­біле отырып, оны жан­дүниесімен қабылдаған адамдардың көпшілігі өзінің дінге берілгендігі мен табиғи көңіл күй жағдайына сай діни ұстанымдар ұсынып, белгілеген қағидаларды мүлтіксіз орындайды және оз жағдайына байланысты атақ­ даңқ пен молшылықтың қадір­қасиетін білетіндер де осы көшке қосылады. Осы себептен де диалектика мен діни уағыздар азаматтардың діни көзқарастарын жетілдіруде, осы бір қасиетті діни қағидаларды олардың жан дүниесіне орнықтыруда ұлы қызмет атқарады. Диалектика мен діни уағыздар алдамшы сөздермен және қисынсыз іс­әрекеттері арқылы азаматтарды адасушылықтан қорғайтын сенімді қақпан болып табылады. 7. Бірінші елбасына іс­әрекеттердің барлығын болмаса да, олардың денін нақты дәлелдеу мен шегіне жеткізу жүктеледі. Кей жағдайларда дәлелденген қағидаларды тегіс жетілдірудің қажеттігі болмай қалатын кездері де болады. Кейбір іс­әрекеттердің дәлелденіп немесе дәлелденбеуінің объективті себептері де болады. Олар төмендегідей болып келеді: алғашқы жағдайда күтпеген жерден соғыстың басталып кетуі немесе басқа шұғыл түрде қолға алуға тура келетін істердің туындауынан іс­әрекеттердің жиынтығын айқындау қажеттігі болмай қалады. Мұндай жағдайдың орын алуы елбасының өмірден өтіп кетуіне тікелей байланысты болады. Сонымен қатар елбасының мұндай істерді шешуіне мұрындық болатын белгілі бір қажеттілік туындап, өтініштер жасалғанда, немесе кейбір мәселені шұғыл түрде шешу қажет болғанда ғанa дайындайды. Сонда ғана ол қалыптасқан түрлі себеп­салдарлардың байыбына бара отырып өзінің іс­әрекетіне сай келетін заңдар шығарып, тәртіптер орнатады. Елбасы шешетін келелі істер оның мемлекетті басқару кезеңінде және ол басқарған елде туындамауы да ғажап емес. Сондықтан да сол елдегі өз уақытында шешілмеген кейбір келелі істердің елеусіз қалып та қоюы мүмкін, ал олар өз кезегінде қалыптасқан жағдайларға байланысты өз шешімін күтері сөзсіз. Міне, сонда елбасы қажетті мемлекеттік істерге байланысты заңдар шығарудың орнына, сол істерді нақты тұрғыдан шешудің жолдарын қарастыруда оз білімділігі мен ақыл­ойына арқа сүйейді. нәтижесінде алғашқы елбасының орнына келер ізбасарларының түпкілікті мәселелерді шешудегі қадамына даңғыл жол ашылады.

Читайте также:  Шамадан тыс органикалық ұғымы

Ең бастысы, жарық көрген заңдар атқарылатын істерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал белгіленген мақсатқа сай шешілмей қалған мәселелерді жүзеге асыру болашақ елбасының үлесіне тиеді. Өз кезегінде жаңа басшы зерделі көне саналылық сияқты қасиеттермен қарулана отырып, өз қызметінің бағдарламасын жасап, түрлі заңдар шығарады және оларды қала халқының игілігіне айналдырады. Ол өзінің қоғамдық істерін тыңғылықты ұйымдастырады, олар бойынша қажетті заңдар шығарады және олар бойынша болашақта жүзеге асар ауқымды проблемаларға да ерекше назар аударады. Өйткені, ол «өз орнын басар адам атқарылар істерді ойдағыдай жалғастыра алады» деген сенімнің жетегінде болады. 8. Егер елбасы өмірден өткеннен кейін, оның бастаған келелі істерін одан әрі жалғастыра алуға қабілетті орынбасары болса, онда ол кезеңде жүзеге аспаған келелі істерді өзінің басты назарында ұстайды және кез келген мәселені ойдағыдай шешудің тың жолдарын қарастырады. Ол сонымен қатар бұған дейінгі елбасы шығарған заңдарға өзіндік өзгерістер енгізеді. Ең бастысы, қабылданатын заңдардың замана талаптарына сай болуын қадағалайды. Ол мұндай қадамға барғанда, өзіне дейінгі болған елбасының қателіктерге бой ұрғандығын баса көрсетуді көздемейді, қайта ол басшының мемлекет мүддесіне сай келетін игілікті істерін одан әрі жандандыруды мақсат етеді. Сөйтіп, кезінде жүзеге аспаған, бірақ сол кезеңдегі замана талаптарымен өзара үндестік табатын басты міндеттердің ойдағыдай жүзеге асуына мүмкіндік туады. Сонымен қатар екінші елбасының орнын басқан үшіншісі де, одан кейінгі төртіншісі де қандай істі шешуде де көрегендік танытып, өз билігі кезінде шешілуге тиісті мәселелермен қатар өз орынбасарлары үшін әлі де болса анықталмаған мәселелерге де үлкен мән беруі қажет. Міне, сондықтан да елбасы өзінің алдындағы немесе өзінен кейінгі елбасыларының мемлекеттік істеріне мәнді өзгерістер енгізеді, өйткені алдыңғы оның алдындағы әмірші де көзінің тірісінде дәл осындай әрекеттер жасаған болар еді. 9. Ал өздерінің шыдамдығымен ерекшеленген ізгі ниетті ел билеуші көсемдердің өздеріне сай келетін ізбасарлары болмаған жағдайда, билік басына келген көсем алдыңғы жол салушы билеушінің кезінде қалыптасып, уақыт сынынан өткен тәртіптерді сол қалпында сақтауға тырыса отырып, қарама­қайшылықтарға жол бермегені абзал. Ол өзіне беймәлім, түсініксіз жағдайларға тап болған сәттерінде, өзіне дейінгі елбасының дәл мұндай әрекеттерге бару себептерінің сырын ашуға тырысады. Мұндай жағдайда ол фикх /2/ жасауы қажет. Сөйтіп, соның нәтижесінде әрбір адам тіпті шариғаттың өзі де қарастырып, анықтамаған заттардың кейбір қасиеттерін танып­білуге мүмкіндік алады. Мұндай өмірлік айқындамалар шариғатты құрастырушының барлық діндерге байланысты белгілеген мақсаттарына да сай келуі қажет болар. Әз кезегінде мұндай игі мақсаттар халықтың мүддесі үшін шығарылған заңдар арқылы жүзеге асып отырады.

Ізгілікті діннің көзқарастарын анықтап және оларды тексеруге болмайды, өйткені ізгілікті діннің өзі де табиғатыңа сай ізгілікті қағидаларды ез бойына сіңіре де біледі. Дәл осылай ойлаған әрбір адам заңдар мен фикхтың тамаша білгірі болып саналады. 10. Ал көзқарастар мен іс­әрекеттердің анықтамасын енгізген жағдайда фикх түрлі көзқарастар мен іс­әрекеттерге байланысты екі бөлімге бөлінеді. Факих /3/ шариғатты құрастырушы адамның іс ­ қылықтарын айқындауға байланысты жариялаған қағидаларының негізінде іс ­ қылықтарға байланысты жинақталған білімді жете игереді. Сөйтіп, іс ­ қылықтарды айқындау шариғатты құрастырушының діни қағидаларына немесе оның жеке басының қылықтарына байланысты жүзеге асырылады. Демек, адамның өмірдегі әрбір қадамы осы қағидаларға сай болуы керек. Егер факих өз заманының талабына сай келетін шариғатпен таныс болса және шариғаттың кейбір өзгерген қағидаларынан хабардар болса, ол бұл мәнді өзгерістерге сүйене де білуі керек. Егер ол алғашқы елбасының уағыздарының мән­мағынасы мен азаматтардың ұстанатын салт­дәстүрлерінен толық дар болса, онда өз заманының талаптарына сай заттардың белгілерін анықтауға мүмкіндік алады және бұл анықтамаларды кейіннен өзіндік белгілері бар басқа да заттарға қолданыс таба алатындығына көз жеткізеді. Бұл орайда алғашқы берілген анықтамаларды бойына сіңірген заттарды да естен шығармаған дұрыс болып табылады. Сонымен қатар кейбір заттардың өз аттарынан басқаша да аталатындықтарын да ескерген жөн болар. Бұл жағдайда белгілі бір атқа ие болған заттың мән­мағынасын тез арада түсінуге толық мүмкіндік аламыз. Оның тағы бір пайдасы — зат жайында мағлұмат берушінің не айтқысы келетіндігін және оның негізінен және жалпы тұтастай алғанда қандай тиімді әдістерге жүгінгендігін түсінушілікке тез арада қол жететіндігі. Белгілі бір зат туралы мағлұмат беретін адамның затқа байланысты қолданған аты негізінен және жалпы тұтастай алғанда сол заттардың тек қана өздеріне ғана тән белгілерінен хабардар етеді. Оның арқасында факих салт­дәстүрлерге жататын істердің қанығына жете түсінуге мүмкіндік алады. Сөйтіп, ол затқа ат қою арқылы заттардағы қажеттілік пен қажетсіздіктің өзара ұқсастықтары мен айырмашылық арын түсіне білу қабілетіне ие болуға, оның табиғи қасиеттері жайындағы мәліметтердің құндылықтарын айқындауға жөне шариғатты құрастырушының бұл жайында айтқан ойларының мән­мағынасын ой елегінен өткізуге мүмкіндік алады. Егер ол шариғатты құрастырушыны көрмесе, не болмаса оның айтқандарынан бейхабар болып, оның өмір сүрген заманының төл пендесі бола алмаса, одан қалды оның ізбасарларымен қарым­қатынастар жасамаса, немесе ол жайындағы мәліметтерден мүлде хабарсыз болса фатих толыққанды ойларын жеткізе де алмайды. Бұл мәліметтер жазылып, жазылмағандығына қарамастан әрі белгілі, әрі тексерілмеген мәліметтер болып шығады. Көзқарастар жүйесімен жан­жақты айналысатын факих адамның тіршіліктегі іс­ қылықтарымен шұғылданатын факихтың біліп ­ түйген тұжырымдарынан да хабардар болуы қажет. Адамның іс ­ қылықтарының фикхы азаматтық заңдылықтарды қамтитын болғандықтан, фикх — азаматтық ғылымның бір бөлігі болып табылады және тәжірибелік философияның құрамына кіреді. Іс ­ қылықтар фикхы теориялық философияның құрамына кіретін белгілі бір бөлігін, немесе теориялық философияға жататын заттардың абстракциясын қамтиды. Демек, фикх — теориялық философияның бөлігі болып табылады және теориялық ғылымның құрамына (құрамдас бөлігі) кіреді. 11. Азаматтық ғылым ең бірінші кезекте бақыт дегенннің не екендігін зерттейді: ал бақыт атаулының екі түрі болады. Оның алғашқысы — сырттай қарағанда бақыт болып көрінгенімен де, шын мәнісінде нағыз бақыт болып табылмайтын түрі. Ал екіншісі — өзінің мәнділігімен ерекшеленіп, ешқашанда айырбастауға болмайтын шынайы бақыт. Бұл дүниеде де, о дүниеде де жүзеге аспайтын бақытты — шектелген бақыт деп атаймыз. Ал сырттай қарағанда бақыттылықтың сипаттары болғанымен де, шын мәнісінде нағыз бақыт болып саналмайтын бақыттың түрін байлықпен, шат­шадыман өмірмен, атақпен, даңқпен және дүниеқұмарлыққа бой ұрушылықпен теңестірілгеңдіктен оны халық игілігі деп те атайды. 12. Одан кейін азаматтық ғылым танып­білу және үлгі өнегелілік мақсатында адамның қылықтарын, өмір салтын, әдет­ғүрыптарын, мінез­құлықтарын, ерік­жігер қабілеттерін зерттейді. 13. Одан кейін азаматтық ғылым осы аталған қасиеттердің барлығына да ие болып, оны толықтай ұстана білуге бірде­бір адамның қол жеткізе алмайтындығын анықтайды. Шындығында да, олар бүкіл қоғамның тыныс­тіршілігінде кеңінен көрініс тауып, өмірдің сан салаларында қолданысқа түседі. Азаматтық ғылымның пайымдауынша, егер осы аталған қасиеттер адамдар арасында кеңінен таратылған жағдайда, олардың тым болмаса бір түріне ие болған адам, басқа да қасиеттерімен ерекшеленетін екінші бір адаммен де өзара байланыста болады. Дәл осы сияқты екінші адам да басқаша өзіне ғана тән қасиеттерді жинақтай білген үшінші адаммен өзара байланысқа түспей тұрып, өз бойына жинақтаған қасиеттерін барынша пайдалана да алмайды. Сонымен қатар, қоғамда өзіндік қасиеттерге ие болатын әрбір қоғам мүшесімен қарым­ қатынас жасамай тұрып, өзінің алдына қойған мақсатына жете алмайтын адамның болуы да әбден мүмкін. Оның айқын дәлелі мынандай. Мысалы, егіншілік кәсіппен шұғылданған диқан ағаштан осы кәсіпке қажетті ағаш құралдарын жасайтын ағаш шеберімен, немесе өмірден жасалған құрал­саймандармен қамтамасыз ететін ұстаман, одан қалды өгізді өсіретін бақташымен бірлесіп, кәсіптік қарым­қатынастарда болмаса, ол адам өз ісінің жемісін тата да алмайды. Аталған ғылым саласы (азаматтық ғылым) сан алуандығымен ерекшеленетін белгілі бір іс­әрекеттер мен ерік­жігер қасиеттер және олардың сан алуан түрлері үлкен қауым мүшелерінің немесе оның үлкен топтарының арасында таралмаса, өз мақсаттарына жете алмауы да мүмкін екендігін дәлелдеп береді.

Читайте также:  Алаш азаматтарының ақталуы

Оставить комментарий