ЛАСТАНҒАН ТОҒАН СУЛАРЫН КЕЙБІР СУ ӨСІМДІКТЕР КӨМЕГІМЕН ТАЗАРТУ

Қарқынды индустриалды даму – экономикалық жағынан тиімді, дегенмен құрылыс, көлік өңдеу және халықтың әлеуеттік жағдайларын жақсарту мақсатында жүргізілген жұмыстардың кейбір уытты қосылыстары тоған суларына құйылады, ал бұл экологиялық апаттарды тудырады, сондықтан су көздерінің ластануын алдын – алу үшін экологиялық мониторинг қажет. Румынияда мамaндар су тазaртқыш стaнциялардың бассейндерінде су гиацинтін өсіріп көрді. Нәтижесінде гиaцинт тек қана суды биологиялық тазартып қaна қоймaй, малға қоректік жем ретінде жарамдылығы 2 тоннаға дейін жететін жасыл масса жинaуға мүмкіндік беретінін байқаған [1]. Сонымен қатар, эйхорния Сыктывкaрaдағы целлюлоза- қaғаз өндірісіндегі ақаба сулaрда өсуге өте жақсы бейімделген, су өсімдігі тек қана биогенді элементтермен ғана емес, өте қауіпті заттардың айтарлықтай мөлшерімен де күресе алады [2]. Жоғарғы сатыдағы су өсімдіктері арасында өз-ара аллелопатиялық қарым қатынастың болатыны жайлы көптеген зерттеулер жүргізілген. Бірлестіктегі жоғарғы өсімдіктер мен төменгі сатыдағы өсімдіктер уытты қосылыстарға сорбциялық белсенділік көрсетеді. Ауыр металлдардың өсімдік жасушасына өтуіне кедергі болатын механизмдердің бірі оның металлхелатирлейтін лигандтерді бөлуі болып табылады. Осы функцияларды орындауға қабілетті заттар, өсімдіктер сыртқа шығаратын органикалық қышқылдар, қанттар, амин қышқылдары, пептидтер, фенолдар және т.с.с бола алады [3]. Жоғары су өсімдіктері экзометаболиттерді бөлудің қарқынды үрдістерімен сипатталатыны мәлім [4]. Сондықтан, бізбен моделді тәжірибеде тоған суынан элементтердің биосорбциясын зерттеу үшін тәжірибе қойылды. Мұндағы, су фитоценозының компонентті ретінде су өсімдіктері алынды: Eichhórnia crassipes, Lemna minor және Pistia stratiotes. Зерттеу материалдары және әдістері Су үлгісі ластанған тоған суларынан алынды. Үлгіні алу үшін сыйымдылығы бір литрлік полиэтилен немесе арнайы ЛАСТАНҒАН ТОҒАН СУЛАРЫН КЕЙБІР СУ ӨСІМДІКТЕР КӨМЕГІМЕН ТАЗАРТУ 334 ҚазҰУ хабаршысы. Биология сериясы. №3 (65). 2015 Ластанған тоған суларын кейбір су өсімдіктер көмегімен тазарту шыны ыдыстар пайдаланылды. Үлгі алуға арналған арнайы ыдыстарды үлгі алынатын жердің суымен 3 рет шайып, су үлгісін алынды. Қосалқы факторлардың әсерін кеміту үшін суды көлдің ортасынан немесе жағадан 1,5-2 метрден алынды. Көлемі 1 литр су үлгілері қыздыруға төзімді шыныдан жасалған стакандарға құйылып, электроплитада ыдыс табанында 100 мл ылғал қалғанға дейін қайнатылады. Стакан түбіндегі қалдық 2 мл азот қышқылымен шайылып, пробиркаға құйылады да, 20 минутқа қойылды. Содан соң ыдыс дистилденген сумен 2-3 қайтара шайылып, ерітіндінің жалпы көлемі 10 мл/ге жеткізіледі. Осылайша дайындалған үлгі анализге дайын болып есептеледі. Ауыр металмен ластанған су ресурсының интегралды ластану индексі анықталды. Төмендегі формула бойынша есептелді. 1 1, i i С ЛЗИ ПДК ЛЗИ – ластаушы заттардың индексі; Сi – заттың концентрация, мг/л ШРЕК (ПДК) – заттың шектеулі рұқсат етілген концентрациясы, мг/л Аталмыш көрсеткіш бойынша су сапасы зерттелді. Тәжірибеге көлемі бір литр ыдысқа тоған суы құйылды, оған су өсімдіктері (Eichhórnia crassipesтен және Lemna minor, Pistia stratiotes) салынды. Тәжірибе бір ай мерзімінде жарық бөлмесінде өсірілді. Сандық көрсеткіштер бастапқы және соңғы нәтижелер бойынша есептелді. Зерттеу нәтижелері және оларды талдау Фитоценоз нысаналарын өсіру барысында бақылауда су өсімдіктерінің ылғал массасының артуы бойынша мәліметтер бойынша Juncus effusus өсімдігі 12 және Typha latifolia 17 граммды көрсеткен [5]. Тоған суы бар ортаны бақылаумен салыстырғанда өсімдіктердің биомассасы артқан. Әсіресе, бұл Pistia stratiotes-ке тән. Марганецтің жоғарғы концетрациясында су өсімдіктерінің (Pistia stratiotes, Lemna minor) салмағы жалпы өсу қарқындылығы бойынша жоғарылаған. Мысалы кіші балдыршөптің бастапқы салмағы 12,1±0,9. Тәжірибе соңында бір ай мерзімінде тоған суында өсірілген кіші балдыршөптің биомассасы 2 есе артқан. Судағы металлдарды десорбциялау үрдісіне байланысты ортадағы элементтерді (кадмий, мыс, мырыш, марганец) сіңіру белсенділігі төртінші аптада 90% көрсетті (1, 2-суреттер). Сонымен, тәжірибе бір ай мерзімінде жүргізілді, негізінде табиғи ортада тоған суларын уытты қосылыстардан тазарту үрдісі ұзақ уақыт бойы өтеді, сондықтан су өсімдіктері Eicornia crassipes, Lemna minor және Pistia stratiotes далалық жағдайда аталмыш сіңіру белсенділігі екі есеге артуы мүмкін. Сонымен моделді фитоценоздағы су өсімдіктері Lemna minor және Pistia stratiotes биотоған суларын әр түрлі элементтерден тазарту бойын- ша белсенділіккөрсетті. Аталмыш су өсімдіктері болашақта жасанды биотоған суларын биогенді элменттер, органикалық қосылыстар және ауыр металл-дардан тазарту үшін ұсынылады. 1-сурет – Тәжірибеге қойылған Pistia stratiotes Eichhórnia crássipes су өсімдіктері ISSN 1563-0218 KazNU Bulletin. Biology series. №3 (65). 2015 335 Ержанова М.Е. және т.б. Алынған нәтиже бойынша Zn, Сu – ауыр металдардың мөлшері ШРЕК-нан төмен көрсеткішті көрсетті. Cd – ауыр метал мөлшері 0,26 мг/л, ШРЕК мөлшерінен 260 есе жоғары. Ал, Pb- 0,010 мг/л концентрациясы ШРЕК мөлшерінен 3 есе төмен екенін көрсетті. Сонымен, Сорбұлақ көлінің суы кадмий ауыр металының мөлшері жоғары болғандықтан, судың ластану деңгейіне сипаттама беріледі. Судың сапасы интегральды сипаттама кестесі бойынша VII класс сәйкес келді. 2-сурет – Тәжірибе соңына дейін өсірілген Pistia stratiotes (31 күн арасы) 1-кесте – Eichhórnia crássipes және Pistia stratiotes су өсімдіктерімен тазар-тылған судағы ауыр металдардың құрамы Үлгі нөмері Zn, мг/л Cd мг/л Сu мг/л Pb мг/л №1 Pistia stratiotes өсім.тазартылған су, 0,005±0,001 0,180±0,006 0,034±0,026 0,008±0,03 №2 Eichhórnia crássipes өсім.тазартылған су 0,003±0,001 0,175±0,007 0,007±0,002 0,008±0,004 №3 Тоған суы 0,008±0,003 0,267±0,009 0,37±0,25 0,010±0,06 Алынған нәтижелер бойынша су өсімдіктерімен тазартылған судың құрамындағы ауыр металдар концентрациясын, тоған суы құрамындағы ауыр металл мөлшерімен салыстырған жағдайда, су өсімдіктері гипперакумулятор ретінде жақсы нәтиже көрсетті (1-кесте). Мұндағы, Pistia stratiotes өсімдігі Zn ауыр метал концентрациясын 1,5 есе, ал Eichhórnia crássipes су өсімдігі 2,5 есеге тазартты. Pistia stratiotes өсімдігі Сd ауыр метал концентрациясын 1,4 есе, ал Eichhórnia crássipes су өсімдігі 1,5 есеге тазартты. Pistia stratiotes өсімдігі Cu ауыр метал концентрациясын 1,2 есе, ал Eichhórnia crássipes су өсімдігі 2,5 есеге тазартты. Pistia stratiotes өсімдігі Pb ауыр метал концентрациясын 1,2 есе, ал Eichhórnia crássipes су өсімдігі 1,2 есеге тазартқанын көрсетті (3-сурет). 336 ҚазҰУ хабаршысы. Биология сериясы. №3 (65). 2015 Ластанған тоған суларын кейбір су өсімдіктер көмегімен тазарту 3-сурет – Eichhórnia crássipes және Pistia stratiotes су өсімдіктерімен тазартылған судың құрамы 2-кесте – Eichhórnia crássipes және Pistia stratiotes су өсімдіктерімен тазартылған судың тиімділігі,% Үлгі нөмері Zn (мырыш) Cd (кадмий) Сu (мыс) Pb (қорғасын) №1 Pistia stratiotes өсім.тазартылған су,% 94 63 90 20 №2 Eichhórnia crássipes өсім.тазартылған су,% 96 63 98 20 2-кестеде көрсетілгендей, Pistia stratiotes өсімдігі Zn ауыр метал концентрация мөлшерін 94%, ал Eichhórnia crássipes су өсімдігі 96% тазартты. Pistia stratiotes өсімдігі мен Eichhórnia crássipes су өсімдігі бірдей 63% тазартты. Pistia stratiotes өсімдігі Сu ауыр метал концентрациясын 90%, ал Eichhórnia crássipes су өсімдігі 98% тазартқанын көрсетіп отыр. Pistia stratiotes өсімдігі мен Eichhórnia crássipes су өсімдіктері 20%-ға тазартты. Сонымен алынған нәтиже бойынша Zn, Сu- ауыр металдардың мөлшері ШРЕК-нан төмен көрсеткішті көрсетті. Cd – ауыр метал мөлшері 0,26 мг/л, ШРЕК мөлшерінен 260 есе жоғары. Ал, Pb-0,010 мг/л концентрациясы ШРЕК мөлшерінен 3 есе төмен екенін көрсетті. Сонымен, тоған суында кадмий ауыр металының мөлшері жоғары болғандықтан, судың ластану деңгейіне сипаттама беріледі. Яғни, ауыр металмен ластанған су ресурсының интегралды ластану индексі анықталды. Судың сапасы интегральды сипаттама кестесі бойынша VII класс сәйкес келді. Тоған суының ластану деңгейі өте жоғары екенін көрсетті. Pistia stratiotes өсімдігі Zn ауыр метал концентрация мөлшерін 94%, ал Eichhórnia crássipes су өсімдігі 96% тазартты. Pistia stratiotes өсімдігі мен Eichhórnia crássipes су өсімдігі бірдей 63% тазартты. Pistia stratiotes өсімдігі Сu ауыр метал концентрациясын 90%, ал Eichhórnia crássipes су өсімдігі 98% тазартқанын көрсетіп отыр. Pistia stratiotes өсімдігі мен Eichhórnia crássipes су өсімдіктері бірдей 20% тазартты. Тәжірибе қорытындысы бойынша Pistia stratiotes мен Eichhórnia crássipes су өсімдіктері су құрамындағы Cu, Cd, Zn ауыр металдардан тазалау үшін ұсынылады. Ал, су құрамындағы Pb ауыр метал концентрациясын су өсімдіктерімен тазарту тиімділігі төмен екенін көрсетті. Сонымен қатар Сорбұлақ су қоймасында Pistia stratiotes мен Eichhórnia crássipes су өсімдіктерінің өсу төзімділігіне байланысты, яғни тәжірибе қорытындысы бойынша индекс толлеранттылығы Уилкинс коэффициенті есептеліп, Eichhórnia crássipes су өсімдігі Pistia stratiotes су өсімдігімен салыстырғанда төзімді екенін көрсетті.

Читайте также:  Адам ақыл - парасаты туралы

Оставить комментарий