Легитимация проблемасы туралы

Біз білім статусы жөнінде мәселе қоюға талпынған алаңды анықтайтын жұмыс гипотезасы осындай. «Ақпараттанған қоғам» деп аталған сценарийге ұқсас бұл сценарийдің мүлде өзге нұсқада ұсынылса да, сонылыққа да, ақиқаттылыққа да таласы жоқ. Жұмыс гипотезасынан бар талап етілетіні — мықты айыру қабілеті. Ең дамыған қоғамдардың ақпараттану сценарий!, онда тіпті асыра суреттеу қаупі болса да, білім өзгерісінің және оның жаппай билікке һәм азаматтық институттарға ықпалын, өзге ракурста елеусіз боп көрінетін ықпалын сәулелі түрде ашып беруге мүмкіндік береді. Сондықтан одан нақты болмысқа қатысты көріпкелділік емес, қойылған мәселеге қатысты стратегиялық шешімдер күту керек. Әйтсе де, оның ақпараттану сценарийінің болжау ауқымы биік және бүл мағынада бұл гипотезаны таңдауымыз кездейсоқ емес. Оның жобасын эксперттер кеңінен ойластырған және ол қазірдің өзінде жаппай биліктің және мекемелердің кейбір шешімдеріне, мысалы, телекоммуникацияларды басқаруға қатысты ықпал етеді. Сөйтіп, ол кей тұсында көз алдымыздағы болмыс түзіліміне жатады. Және ең ақырғысы, егер ең кемінде көптен бері шешім таппай жүрген әлемнің энергетикалық проблемасына тәуелді стагнация, немесе жаппай дағдарыстың жағдайын сыртқа шығарсақ, онда бұл сценарийдің оны шешуге жақсы мүмкіндігі бар: себебі, қазіргі технологиялар қоғам ақпараттануына өзге нұсқа ретінде қабылдайтын өзге бақыт көрінбейді. Басқаша айтқанда, бұл жауыр болған болжам. Бірақ ол тылым және техника дамуының жалпы парадигмасына қол сұқпағандығынан ғана сондай. Ал соңғы, нәрселер экономикалық дамумен социосаяси құдыреттің дамуының айнасы. Егер ғылым мен техника өзінде бір нәрсені қорықтаса (күмәнді тек қорықтау формасы ғана тудырады) бірі — жөнді, үзіліссіз және дау тудырмайтын, өзгесі — мерзімді, үзік және егес тудыратын елестеулі нәрсені қорықтайды деп саналады. Бұл көпе­көрінеуліктер — қате. Ең алдымен ғылыми білім — ол барлық білім емес, ол әрқашанда толықтырылып, біз оңайлату үшін нарративты деп атайтын біліммен егесте болды.

Читайте также:  ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖАПОН ОТБАСЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Білімнің бұл түрін біз кейін сипаттаймыз. Бірақ, бұл осы соңғысы жеңеді деген емес, оның нұсқасы ішкі тепе­тендік және достастық идеясына байланысты, онымен салыстырғанда қазіргі саяси білім тек сүреңсіз көшірме тана, әсіресе, етер ол білімдіге катысты экстериоризациялауға түсуге және бүгін кешегіден күшті өз тұтынушыларынан жаттануға ұшыраса. Осыдан туындайтын зерттеушілер мен оқытушылардың деморализациясына назар аудармағандығы сонша, ол өзін өзінің міндеттерін орындауға арнағандарда, студенттерде, бүкіл 60­шы жылдары барлық дамыған елде жарылыс тудырды және ол кезеңде ол өз­өздерін жұқпалы нәрседен сақтай алмаған лабораториялар мен университеттердің өнімділігін пәрменді түрде баяулатты. Мәселе, көпшілік ойындағыдай мұнан революция күтуде емес; одан постиндустриалды өркениеттің күнделікті өмірі түк өзгерген жоқ. Бірақ, қазіргі және келешектегі ғылыми білімнің ахуалын әңгімелегенде бұл маңызды құраманы, ғалымдардың күмәнін, есепке алмауға болмайды. Өйткені, екінші кезекте, ол легитимация сияқты өте маңызды проблемамен ұштасады. Біз мұнда бұл сөзді қазіргі неміс теоретиктары авторитарлық жөніндегі дискуссияларда берген мағынадан кеңірек аламыз. Мысалы, азаматтық кодексты алайық, ол азаматтардың осындай категориясы әрекеттердің осындай түрін орындауға тиіс дейді. Легитимация дегеніміз заң шығарушы белгілі хұқықты үлгі ретінде жариялауға өкілеттілік алатын процесс. Енді ғылыми тұжырымды алайық: ол тұжырым ғылыми ретінде қабылдану үшін шарттардың белгілі ансамбліне жауап беруге тиіс деген ережеге бағынады. Мұнда легитимация дегеніміз «заң шығарушы» ғылыми дискурсты саралағанда тұжырым тек осы дискурстың бөлігі болғанда ғана қабылданады деген шартты (оның ішкі қабілеттілігі және тәжірибеде куәландырылған ретінде) ұсынуға өкілеттілігі бар процесс. Бұл салыстыру зорлаумен бірдей көрінуі мүмкін. Кейін біз олай емес екенін көреміз. Қадым заманғы Платоннан бастап ғылым легитимациясы жөніндегі заң шығарушыны легитимациялау (заңдандыру, оған хұқық беру) мәселесінен ажыраусыз. Бұл тұрғыда ақиқат не нәрсе дегенді шешу әділет не нәрсе дегенді шешуден тәуелсіз емес, тіпті, әрбірі өз билігіне бағынған сөйлемдер табиғаты бойынша әр басқа болса да. Ғылым деп аталатын тілдің жанрымен және этика һәм саясат аталатын өзге жанр арасында байланыс бар, екеуі де бір перспективадан, немесе, керек десеңіз, бір таңдаудан туындаған және оның аты — Батыс. Ғылыми білімнің қазіргі статусын зерделегенде әдетте оның қазір бұрынғыдан гөрі әлдеқайда құдыретті болса да, және жаңа технологиялардың пайда болуы олардың конфликттерінің басты бабына айналса да, қосарланған легитимация жөніндегі мәселе жоқ болу түгіл, енді ғана аса өткірлікпен қойылатындай. Өйткені, ол өзінің ең толық формасында, қайтарым формасында қойылады. Ол білім мен билік бір мәселенің екі жағы екенін көрсетеді: білімнің не екенін кім шешеді, және шешу керектігі жөнінде кім біледі? Ақпараттану дәуіріндегі білім басқару жөніндегі мәселеге айналған.

Читайте также:  Казахские памятники архитектуры VXIII-XIX вв

Оставить комментарий