ЛЕКСИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ЭТНОМӘДЕНИ ТАБИҒАТЫ

Тіл – мәдениетті танытушы ғана емес, ол сол мәдениеттің негізін салушы. Өйткені тіл рухы халықтың ой-санасында, дүниетанымында, мі- нез-құлқында, әлеуметтік өмірінде, табиғатында сақталған. Осылар арқылы тұтастай бір мәде- ниет өмірге келеді. Лингвистикалық мәдениет- тану термині фразеологиялық мектептің өкілде- рі В.В. Воровьев пен В.Н. Телия зерттеулері негізінде қалыптасты. Тіл қоршаған ортадан, болмыстағы шындықтан, адам санасы мен ойы- нан тыс өмір сүруі мүмкін емес. Мәдениет қо- ғамдық сананың бір бөлшегі, ал тіл – сол мәде- ниеттің шындығы, әрі көрінісі. Халықтық мәде- ниеттің ең нәзік ұшқындары, өрнектері тілде кө- рініс табады. В. Фон Гумбольдт пікіріне сүйен- сек, материалдық және рухани мәдениет тілге әсер етіп, халық тілінде сақталады; кез келген мәдениет ұлттық нышанға ие, бұндай сипат тілдік жүйеде айқын көрінеді; тіл адам мен қор- шаған ортаны жалғастырушы буын; мәдениет пен халықтық рух – тілдің ішкі формасына тән, – деп көрсетеді /1, 32/. Аталған мәселе бүгінгі күннің жаңа бағыты болғанымен, этностың тілі мен мәдениетінің ерекшеліктері соңғы кезде жаңаша көзқараспен қарастырылғанымен, бұған дейін ғалымдар бұл мәселені психология, әлеу- меттік лингвистика, этнопедагогика, этнолин- гвистика т.б. пәндердің негізінде зерттеп келді. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысын ал- ғаш рет көтерген ғалымдар Я. Гримм‚ Р. Раск‚ А.А. Потебня. Бұл проблеманың қайнар көзі – В. Фон Гумбольдттің ғылыми еңбектері десек және оның “халық тілінен халықтың психоло- гиясы көрінеді” деген қағидасын ұстанған ізба- сарлары Г. Штейнталь, В. Вундт, М. Лацарус этностар психологиясының тілге әсерін қарас- тыра отырып, жаңаша бағыт психолингвистика- ның пайда болуына себепші болады. Бұнда эт- ностың дүние құбылыстарын қабылдау мен таным үдерістерін халық болмысындағы мінез- құлқымен байланыстыра, сабақтастыра зерт- тейді. Неміс ғалымы Г. Штейнталь “тілді жеке тұл- ға әрекеті, халық психологиясы, ұлттық мента- литет тұрғысынан қарастыру қажет” деп әр ха- лықтың өз болмысынан туатын мінез-құлқының сыры өз тілінде ғана сақталып, танылатынын дәлелдейді. Тілдің ерекшелігін әлеуметтік тұр- ғыдағы сипатын қарастырып, зерттеген ғалым В. Вундт өз еңбектерінде этнос психологиясын тіл білімінің әдіснамасы негізінде қарастырады. Этносты тану үшін күрделі интеллектуалдық әрекеттер, мінез-құлық, көңіл-күй, сезім сияқты нәрселерді басқа құрылымда қарау керек. Адам өміріндегі психикалық әрекеттер тілінде, әдет- ғұрып, салт-дәстүрінде, дінінде, фольклорында, мифтік аңыз-әңгімелерінде, күнделікті тұрмыс тіршіліктерінде сақталатындығын көрсетеді. Адам танымындағы әртүрлі психикалық құ- былыстар (мінез-құлық, сезім, түйсік, таным, қиял, қабілет, эмоция, ерік, жігер және т.б.) адамдар арасында болатын қарым-қатынас, сөй- леу үрдісі кезінде ерекше маңызды рөл атқарып, ұлттық тілдің бояуын арттыра түседі. Ғалым Ж. Манкеева: “Тіл – этносты танушы құрал. Ол сол ұлт өкілінің ұлттық жан дүниесін, сезімін сипаттайды. Адамның рухани қызметі тек қо- ғамда дамиды, әрі рух арқылы адамзатқа бері- леді. Этнопсихология халықтардың ұлттық ерекшелігінің негіздерін, себептерін, дамуын, я жоғалуын ашуға тырысады. Онда пайдалы нәрселер жетерлік”, – дейді /2, 76/. Дегенмен, ана тілдің табиғатын этномәдени тұрғыдан зерттеу қазақ тіл білімінде жаңа бас- тау алып жатқанымен, төл топырағымызда “адам дүниесін жан ілімі арқылы тану” Абай, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынұлы, Ж. Баласағұн, М. Дулатов, М. Жұмабаев, А. Иүгінеки, Әбу Насыр әл-Фараби, А. Яссауи және т.б. ойшыл- дардың еңбектерінде ұлттық психиканы таны- татын жайттар мен тұла бойымызда табиғат сыйлаған мінез-құлық сайрап жатыр деуімізге әбден болады. Этнопсихология әлемі тіл аясын- да мәдени факторларсыз айқындалуын және оның жете танылуын қамтамасыз ете алмайды. Белгілі ғалым А.А. Потебня тіл – халық мә- дениетінің қайнар көзі екендігін дәлелдеп‚ мәдениет – тілдің таңбалану қасиетін танытатын халық ауыз әдебиеті үлгілері екендігін жан-жақ- ты сөз ете отырып, “тіл – халықтық рухтың же- місі”, сондықтан тіл ұлттық ерекшелікті көрсе- теді. Халық рухы алдымен тілде, содан кейін әдет-ғұрып, салт-дәстүрінде, өнерінде, фолькло- рында көрініс береді /3, 117/, – дейді. Жоғарыдағы ғалымдардың тұжырымдары Ресей фразеологиялық мектебінің өкілдері Е.М. Верещагин, В.Т. Костомаров, В. Маслова еңбектерінде жалғасын табады. В.Т. Костомаров пен Е.М. Верещагин: “Тіл – пікір алысу, қарым- қатынас жасау құралы ғана емес, ол адам өмі- рінің материалдық және рухани мәдениетінің, сол ұрпаққа тән тума қасиеттерін жинақтаушы, әрі сақтаушы құрал. Тілдің қоғамдық қызметі – әлеуметтік өмірде, адамдарды жеке тұлға ре- тінде, ұлт өкілі ретінде қалыптастыру”, – дейді /4, 10/. Қазақ тіл білімінде лингвистикалық мәде- ниеттану ғылымы жайында М. Әуезов, Қ. Жұба- нов, Ә. Марғұлан, Ш. Уәлиханов, еңбектерінен бастап, қазіргі ғалым тілшілер Р.Ә. Авакова, Е. Жанпейісов, Ж. Манкеева, І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, А. Салқынбай, А. Сейсенова Г. Сма- ғұлова, Р. Сыздық, Н. Уәлиев т.б. еңбектерін атауымызға болады. Қоғам дамуында ақыл-ой, сана-сезімнің же- тілуі тіл, мәдениет, тарихтың тоғысуы қажетті, әрі маңызды деректер. Әр халықтың мәдени тұрмысын әлемдік мәдениеттің, өркениеттің ау- қымында, дүниетанымын қоғамдық ғылым- дардың аясында сөз ету мәселесі, тіл ғылымы- ның тамырын тереңге жайған этнолингвистика саласының кеңінен зерттелуі. . Көбінесе лингвистикалық мәдениеттану эт- нолингвистикамен байланысты, біраз мәселе- лерді шешуде, теориялық, ғылыми принциптері, зерттеу нысаны мен мақсатының өзектес, та- мырлас екені дау туғызбайды. Екеуінің арасын жалпы мен жалқының, бүтін мен бөлшектің байланысы іспетті қарауға болады. Алғаш бұл ғылым жеке бағыт ретінде ХІХ ғасырдың 70-жылдары Орталық Американың үндіс тайпаларының зерттеуінен бастау алды. Оның негізін Ф. Боас, Э. Сепир, Б.Л. Уорф т.б. қалады. Жалғасын ресейлік ғалымдар А.А. По- тебня, А.Н. Афанасьев, Н.И. Толстой, В.В. Ива- нов жалғастырды. Демек, ең алғаш ғалым Б. Уорфтың идеясымен туындап, осы идеяның жалғасы “Сепир-Уорф” болжамына сәйкес этно-графиялық деректер мен халық мәдениеті мен жеке тұлға ретінде қарастырылды. Бұл жөнінде М.М. Копыленконың Основы этнолингвистики еңбегінде жан-жақты айтылады /11, 68/. Ғы- лымның басты назар аударған мәселелері кез келген халықтардың генетикалық туыстығы, әлеуметтік факторлардың тілге әсері және сол тілдердің негізінде этникалық мәдениетті қайта жаңғырту т.б. Жер бетінде адамға ең жақын тіршілік иеле- рінің бірі – жануарлар (зооморфизм гр. zỏon жануарлар – күрделі сөзге жалғанатын алдыңғы құрама бөлігі, жануарлар әлеміне қатысты, мы- салы, зоология, зоогеография + …morph тікелей сөз тізбегінен ажыратылатын бірыңғай тұлға) дүниесі. Адамға қатысты туған тілдік бірлік- терге сол жануардың бойына біткен ерекше қасиеттері, қимыл-әрекеттері, түр-түсі‚ тұлғасы‚ дыбысы, мінезі, т.б. әсер етеді. Олар көбінесе ауызекі сөйлеу тілінде, көркем әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ит сөзінің мағынасын ашуда біз осы жағын ескеруді жөн көрдік. Жеті қазынанының бірі, жылдық санаудағы 12 жылдың бірі, ‘ит’ адамның досы демекші басқа жануарлардан өзгеше қасиетімен ерекше- ленетін ‘ит’ атауы нені аңғартады? Түркі тілде- рінің қайсысында болса да‚ ‘ит’ сөзі дыбыстық құрамы жағынан бір-бірімен сәйкес келеді. Көне түрікмен, әзірбайжан‚ түрік‚ қырғыз, қазақ‚ қарақалпақ‚ өзбек‚ алтай ит‚ ұйғыр ишт‚ тува‚ саха ыт‚ башқұрт‚ татар эт‚ ноғай‚ ойрат ийт‚ хақас адай және т.б. Түркі тілдері ішінде сәл ерекше көрінетіні – хакас тілі. Сәл “ерекше” деуімізге де негіз жоқ емес. Түркі тілдеріндегі дыбыстардың өзара сәйкестіктерін ескерсек (а~и және д~т)‚ адай сөзінің түбірі ад-тың ит-ке дейін өзгеруінің тарихи заңдылық екеніне көзіміз жетеді. Алтай жүйесіне жатқызылып жүрген монғол тобындағы тілдерде біздегі ‘ит’ сөзі өзгеше дыбысталады: монғол тілінде нохой‚ қалмақ тілінде ноха. Осы ұсынылып отырған аз ғана деректердің өзі-ақ ‘ит’ сөзінің түркі тілдеріне ежелден тән екендігінің дәлелі бола алады. ‘Ит’ атауының алғашқы мағынасы қандай болған- дығына қолда бар азын-аулақ тілдік деректерді арқау етіп‚ болжамдарды келтіріп көрейік. Әдетте әрбір хайуан өзіне меншік атауларды түр-түсі‚ тұлғасы‚ немесе бойына біткен қасиет- тері мен қимыл‚ әрекеттерінің біріне қарай иемденетінін теріске шығару қиын. ‘Ит’ сөзінің алғашқы мағынасын ашуда біз осы жағын еске- руді жөн көрдік. ‘Ит’ әр кез өзінің жауын ұнатпайтын жан иесін алдымен ырылдап‚ одан әрі үркіп қорқы- татыны әркімге аян. Ал ырылдау етістігінің алғашқы түбірі бір буынды -ыр болғандығын өзге түркі тілдерінің деректері мақұлдай түседі. Татар тілінде дәл біздегідей ырылдау дыбыс құрамында айтылса‚ Тува тілінде ырланыр‚ саха тілінде ырдыгынаа‚ өзбек тілінде ирилламоқ‚ түрікмен тілінде арламак‚ қырғыз тілінде ырылда‚ хакас тілінде ыыран және т.б. Тағы бір айта кететін жайт – көрсетілген сөздердегі бір буынды ыр түбірінен иттің екінші бір қасиеті – үру пайда болуы да ықтимал. Мысалы: чуваш тілінде біздегі үру мағынасын веер тұлғасында келеді. Келтірілген деректерден ырылда сөзінің алғашқы түбірі ыр екендігі‚ одан барып үр туындағанын байқадық. Осының салдарынан итке алғашқы тән қасиет -ыр бері келе р~т дыбысының сәйкестігі негізінде ит атауының пайда болуы ықтимал. Әрине‚ ыр түбірінен ‘ит’ атауы келіп шықты деп келте қайырсақ‚ болжамымыз бостау болып шығар еді. Жоғарыда кейбір тілдерде ыр түбірінің ир‚ ар қалпында айтыла беретіндігін көрсеттік. Мұндағы ы~а~и дыбыстарының бірінің орнына бірі ауысып келе беретін заңдылықтарға тоқталып‚ түсіндіріп жату артық. Бізге түсінік беруді қажет ететіні р мен т дыбыс алмасулары. Басқа сөздерді айтпағанда‚ дәл ырылдау мен итке байланысты сөздің өзінде бұл аталған дыбыстардың сәйкестігінің тұңғұс-маньчжүр тобындағы тілдер дерегінен көреміз. Осы тілдердің бірінде біздегі ырылдау сөзін — иркь ұғындырса‚ екіншісінде — ит дыбыстық құрамдағы сөз түсіндіреді. Осының өзі-ақ р~т дыбыстарының сәйкестік айғағы бола алады. Түркі тілдерінде осы дыбыстардың сәйкестігін анықтайтын деректермен салыстырсақ жаға (теңіз‚ өзен‚ көлмен байланысты) сөзі татар- ларда — крый‚ сахаша — кыты жоғарыдағы бол- жам нақтылана түседі /6/. Иттің ұрғашысы қаншық түркі тілдерінің барлығында және барлық деректерде ешқандай өзгеріссіз осылай аталады. Дж. Клосонның ай- туынша қаншық солтүстік-шығыс тілдерінде көзге елестете алмайтын сөз: ал басқа да түркі тілдерінде қаншық сөзі иттің ұрғашысы деген сөз тіркесімен беріледі. Г.И. Рамстед пен М. Ря- сянен kan — иyk түбірінің негізін үнді-еуропалық kan (латынша canіs) түбірімен салғастырған. Көне үнділіктерде s uva, авест span, персия- лықта sag және т.б. шындығында тохар тілде- рінде ku сибилянттары арқылы quon профор- масы ізімен, шығыс үндіеуропалық ареалдарға әсер етеді.

Читайте также:  "Кездесу" өлеңі

Оставить комментарий