Әлем антрополог көзқарасымен

Бұл тақырыптағы батылдық майлы бояумен сурет салуға арналған кенептің бетіндегі ұсақ деталь айрықша көңіл бөліп үйреніп қалған антропологтың жүрегін дір еткізеді. Оның үстіне қолданбалы антропология осы уақытқа шейін өзінің іс әрекетінде сақтықты және парасатты сабыр ­ төзімді басшылыққа алады. Кейбір антропологтардың жаңадан пайда болған мүмкіндіктермен қанаттанып, іскер адамдардың сан салалы мәселелерге байланысты өзгерген кеңес сұрай келгеніне марқайып, қызды – қызды мен артық уәделер беріп жіберетін жағдайлары да аз емес; ал шындығына келгенде, мұның бәрін орындауға бұл ғылым әлі толық пісіп жетілген жоқ. Антропологтардың осындай жауапсыздығының, артық уәделер беруінің алдын алу үшін біздің мамандық аясында санкдиялар ойлап табу өте қажет; қызметін асыра пайдаланатындарға ауыздық салатын, олардың жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік беретін мұндай санкциялар заң және медицина сферасында қашаннан бар. Қалай болғанда да антропологияның әжептәуір практикалық пайда әкелер мүмкіндігі бар. Ол — ақпарат жинауға жарамды, адам мінез­құлқына диагностика және интерпретация жасауға қажет әдіс­тәсілдерге ие. Антропология ұзақ жылдар тізбегінде құрылған жинақтап қорытындылау тәжірибесіне ие, егер де мұндай білікті мемлекет қайраткері, әкімшілік қызметкері қажет емес деп табатын болса, мұнысы тек — білместік қана болар еді. Антропология әрбір мәдениеттің ішкі логикасын аңғарып, тап баса тани алады. Ол кей уақыттарда экономикалық және саяси теория, өнер түрлері және әр қоғамның діни доктринасы қарапайым ережелердің жеке­дара жиынтығын құрайтынын білдіреді. Жел қай жаққа қарай соғатынын дәлме­дәл болжай алатынын антропологтар бірнеше қайтара дәлелдеп берді. Әйтсе де алғы күндерде не күтіп тұрғанын болжап білу қабілетіне ие болу ­ бір басқа да, сондай мүмкіндікке ие бола отырып, соған сәйкес даярлық жұмыстарымен айналысу — бір басқа. Ал осы іске кірісіп кетіп, онсыз да кедір ­ бұдырлы, соқтықпалы ­ соқпақты әлеуметтік лабиринтті тағы бір тұйыққа саналы түрде апарып тіреп қою дегеніңіз — мүлде бөлек шаруа. Егер іс өте бір жауапты жағдайларға қатысты болған кезде, антрополог ең болмағанда әріптің артын бағуға тырысып бағады; медицина саласында бұл әдіс өзінің жарамдылығына талай мәрте көз жеткіздірді. «Сабыр сақтаңыз. Күтіңіз. Болуы мүмкін, зардап шектірер жайларға алдын ала дайын болыңыз, бірақ қалпына келтіру мақсатындағы табиғи күштерге барлығы да сәтімен аяқталатынына көзіңіз жетпей тұрып араласпаңыз, сонда сіз ең болмағанда ешкімге, еш нәрсеге зиян тигізбейсіз». Уолтер Липман айтқандай «біздің өмір сүрген уақытымыздың жетекші принципі сол — адамдар табиғаттың өзі нұсқаған жолды басшылыққа алмайды.» Қоғамдық ғылымның осы саласымен айналысатын, шектен тыс шамшылдықтан ада, ешқашан асқақтауды білмейтін жандардың бұл іске бел шеше кірісуі арнайы білімнің жетіспей жатқан түрлерін толықтырар еді. Қоғамдық ғылымдар күнделікті өмірдің фактілеріне иек артатын болғандықтан да, осы ғылым саласына сәйкес тәжірибелері жоқтығына қарамастан, көптеген мемлекет қайраткерлері мен іскер адамдар социологиямен айналысуға жасқанбастан тәуекел етеді. Әлеуметтік ғылымдармен айналысатын кәсіби ғалымдарда ақылға қона бермес мынандай ойлар бар: бізді аз сұрайды жөне көп нәрсе күтеді деп ойлайды олар. Скротс жазғандай: «Жылан майын сатып тұрған көз бояушы алдаушыны тапқанда, біз бұған дәрігерді айыптамаймыз; біздің қызынып кететініміз соншалық, мұндайда алдаушыны айыптау орнына, оңбағанның алдап­арбауына түскен тым сенгіш жанның — жағдайын ойлап, күйіп пісеміз, немесе әлгі алаяқтың құрбаны болған жанға аяушылық танытумен ғана боламыз. Медицина және басқа да қосымша ғылым салалары өздерінің ара жігін, ұстанатын бағытын айқын белгілеп алғаны соншалық, біз қолынан керемет жасау келмейтін дәрігерлерге наразылық білдіріп, өре түрегелмейміз, немесе олардың мәртебесін түсіріп жүрген емшілерге де ауыз аша алмаймыз. Кей жағдайларда олар өзін­өзі таба алмай жүрген Киплингтің кемесін еске түсіреді. Бұл ғылымдар өзі жұмыс істейтін материалдардың күрделі сипатына тәуелді және олардың дамуын жылдамдатуға келмейді, ал олардың қолданылу аясы да қажетті жағдайларға ғана сәйкес, яғни шектеулі. Адамзат қоғамының сырқатына мазасызданатын жандар тым көп нәрсені талап етеді,олар әлеуметтік ғылымдардың осы сырқатқа диагноз қоятынына, рецепт жазып беретініне және олардың тез арада айтуына тура жол көрсетіп беретініне сенеді». Антрополог бір уақытта әрі ғалым,әрі ұлт саясатының эксперт ұйымдастырушысы жөне күнәдан пәк пайғамбар бола алмайды. Әйтсе де оның алдында қоғамның түйінді мәселелерін шешуге шын мәнінде ғылыми үлес қосу, техника мен ғылым негіздерін биік деңгейде білу міндеті тұрғандықтан, ол анағұрлым кең көлемдегі біліммен қарулануға тиісті болады. Жұртшылық табиғаттанушы ғалымдардың ақылға сыймайтын эксперименттерінің, кейде тіпті тұйыққа тіреліп жататын сынақ ­ зерттеулерінің қаншалықты қажет екендігін бұлдыр, шала­шарпы ғана түсінеді. Әдетте олар антрополог жүргізетін талдауларға, мәселен, туыстық жүйелеріне қатысты талдауларға және ондағы таусылып бітпес деталь құрметпен қарай бермейді, көп жағдайда шыдамсыздық танытып жатады. Әйтсе де адамның өзін­өзі ұстауының, мінез­құлқының тұғырлы тұжырымдамасы барлық ұсақ­түйекті мұқият зерттеуде жатыр, химияда негізгі зерттеу органикалық құрылымдарға қатысты жүреді ғой, бұл да сондай нәрсе. Қазіргі антропологияның саналы түрде шектеулері бар. Бағдарламалар мен олардың орындалуының арасында түпсіз терең тұңғиық бар. Негізгі барлық күш сұрақты дұрыс қоюға жұмсалады, ал сұрақтарға қалай жауап беру керек, оған сосын барып мән беріледі. Осыдан келіп, антропология мен ғылымның басқа салалары арасында ажырамас тығыз байланыс болуы керек ­ ау деген ой туа бастады. Жекелей алғанда, топтық вариацияларды зерттеген кезде дара нұсқаларға да көңіл болу керек болады. Мұндай жағдайға қатысты Райнхольд Нибур өзінің «Табиғат және адам тағдыры» кітабында қазіргі әлемнің «ұжымдық ерік­ жігердің» күшін асыра бағалап отырғанын, ал жеке адамның дара қуатын жеткілікті бағаламай келе жатқанын айтқан еді. Дей тұрғанмен, осындай салмақты ескертулер мен шектеулерге қарамастан, антрополог азаматтық тұрғыда ойлап, өзінің жанарына бүкіл әлемді сыйғыза білуі тиіс. Негізінен алғанда, демократия өзегінде жеке адамдардың өзі өскен ортадан алған тәрбиесінен, өмірлік тәжірибеден бойға жинақтай келе қалыптастырған өмір танымы бар және өмірлік танымын өзі қатысып отырған ортаға, топқа әкеліп телуі бар. Шағын қоғамдардың өзіне тән ерекшелігіне, жазу тілі дамыған елдердің мәдениетіне антропологтар зерттеуі жүрген кезде ғана интернационалдық қарым­қатынастарға қазіргі тұрғыдан қарап түсінуге болады. Антрополог проблемаларды шешумен ғана шектелмейді, сонымен бірге жалпы әлемдік мәдениетке өлшеусіз үлес қосады. Ол өзінің эмпиристік яғни сезімдік тәжірибе мүмкіндігіне сеніп, құр қиял қуып та кетпейді. Әйтсе де ол өз қызметін, орнын пайдалана білетініне сенімді. Соңғы он жылда антропологтар американ және Британ мәдениеттері туралы жазылған бірнеше еңбектермен ғана шектеліп қалған жоқ. Дэвид Родник үндістердің тайпалары туралы «Соғыстан соңғы Германдық» еңбегінде ерекше шабытпен жазды. Рут Бенедикт пен Джон Эмбридің — жапондар туралы кітаптары, қытайлар мен ұлты қытай емес антропологтардың Қытай туралы зерттеулері Қиыр Шығыста болып жатқан жайларды түсінуге жаңа мүмкіндіктер ашты. Тарихшылар, экономистер және саясаткерлер «антропологтардың әдісі қарапайым адамдарға ұсынуға жақсы, ал бірақ ор алуан көзқарас, әр түрлі ұстанымдары бар қоғам үшін пайдасы жоқ» дегенді жиі айтады. Тайпалық қоғам, жермен шұғылданатын және толықтай өнеркәсібі дамыған қоғамдардың арасында көзге ұрып тұратын айырмашылықтар бар екеніне қарамастан, әлгі айтылған пікірде антропология табиғатын түсінбеуден туған жаңсақтық бар. Қазіргі өркениет мәселелері анағұрлым күрделі екеніне дау жоқ. Жұмыс үшін қажетті мәліметтер саны салыстыруға келмейтін дәрежеден жоғары. Ал кейбір жағдайларда белгілі бір аядағы мәдениеттерді бөлек­бөлек, жеке дара қарау керек болады. Енді бір жағдайларда аймақтық немесе таптық тұрғыдағы айырмашылықтар тек сыртқы көріністе ғана, жеңіл — желпі түрде және соншалықты маңызға да ие бола алмайды. Югославия сияқты көп мәдениетті елдердің өзіне тон айрықша күрделі мәселелері болатыны белгілі, өйткені қандай ұлт болмасын, белгілі бір мақсатқа жан­тәнімен ұмтылар қасиетке ие адамдары болмайынша, ұлт ретінде ұзақ сақталып қала алмайды. Мұндай өзекті мақсаттар әр түлі формада көрініс табуы мүмкін, бірақ ең бастысы — осы мақсаттарды сол топтың және қоғамның негізгі көпшілігі ұстануы тиіс. Рут Бенедикт мынандай айқын суреттемені ұсынады: Билікке деген көзқарас та осылайша айқындалады. Гректің бойында ол мейлі ақсүйектер қауымынан болсын, мейлі деревня шаруасы әулетінен болсын, билік басындағыларды ұнатпайтын көзқарас бар, мұндай ұнатпаушылық сезімдерін олар күнделікті әңгіме дүкен кездерінде де білдіріп қалып отырады, бұл — олардың саяси көзқарасына ғана емес, өмір сүру, тіршілік ету құралдарын таңдауға да онан кем эсер етпейді». Антропологтар кейбір принциптердің әр алуан күрделі мәдениеттерде кездесетінін айқындай келіп, адам мінез ­ құлқы тән әмбебап заңдар елге белгілі екенін және белгілі бола да беретінін қадап айтады. Сондықтан да антропологтар алға тартқан қолдану аясының шектеуі турасында айтқан кінәлаулар орынсыз. Бүкіл адамзат қауымына, «неғұрлым қарабайырынан» бастап «анағұрлым жетілгеніне» дейін — біртұтас қоғамды құрайды. Индустрияландыру көптеген қиыншылықтарды алға тартады және бұл проблемалар навахо индейцтеріне де, поляк шаруасына да, күріш өсіруші фермерлеріне де, жапон балықшыларына да бірдей. Психоанализ адамның табиғатқа қайшы ішкі тілектерін қалай таразылайтын болса, антрополог та мәдениеттегі айырмашылықтарға осындай түсіністікпен қарайды. Әйтсе де түсіністікпен қарау дегеніміз — еш уақытта да соны қолдау, қоштау болып табылмайды. Концентрациялық лагерьдегі тағылықтың сұмдығы сонда, бұл — өз ұлтын өзгеден биік қоятындардың ойлап тапқан өмір салтының бір элементі және сонысымен де қорқынышты. Антрополог пен психиатр мұндай ішкі тілектердің белгісі бір ой­ниеттен туғанын түсінеді және мұны ескермеуге болмайды деп есептейді. Инцест туралы қиялдар жеке адамның психологиялық келбетінде белгілі бір дәрежеде орын алуы мүмкін. Олар жеке адамның болмыс ­ бітіміндегі ерекше құбылыстардың симптомы яғни белгілері болып табылады. Егер симптом ретінде тұншықтырған ішкі тілек, көрініс табар болса, ол уақытта мұны тудырған себептер әлі өз күшінде деген сөз, демек бұл басқалай бір психологиялық ауытқулар тудырады. Егер қандай да болсын бір тайпаның өктем жаугерлігіне тосқауыл қойылатын болса, ендігі уақытта сол тайпаның өз ішінде жауласушылық етек алатынын болжап білуге болады (мүмкін, бұл — алдап­арбау, сиқырлау түрінде өрістейтін болар) немесе іштегі тұншыққан ыза­кектің өзін­өзі жегідей жейтін сары уайымға айналуы түрінде көрінетіні анық. Мәдени шаблондарды яғни дайын үлгілерді сыйлау керек, өйткені олардың ықпалы күшті. Егер дайын үлгілер бұзылған болса, онда мұны ауыстыратын қоғамдық тұрғыда тиімді үлгілер болуы тиіс немесе еркіне жіберілген энергия мақсатты түрде басқа арналарға бағытталуы керек. Дәстүрді сыйлау кез келген жағдайда оны бұлжытпай, қай қалпында сақтау деген соз емес. Сицилияның халықтық әдет­ғұрыптары солтүстік өңірде ерекше құрметтелетініне қарамастан, Бостонда бұл соншалықты үлкен мәнге ие емес. Қытайлардың әдеттері туристерге «таңғаларлықтай» көрінгенімен, Сан­Францискода мұндай әдеттердің ешқайсысы жоқ. Антропологтарды әлемді — сан алуан мәдениеттердің музейіне, ал аборигендерді яғни жергілікті тұрғындарды зоопаркке орналастыруға тырысады деп әділетті түрде айыптады. Америка индейцтерінің немесе испан ­ американ мәдениеттерінің бағалылығы туралы кейбір әңгімелер тым сентиментальды, әсіре сезімге толы болып шықты. Бір есте қалар, ерекше назар аударары — антропологтар экзотикалық мәдениеттерді зерттеуге шұғыл кіріскені сонша, жалпы американ мәдениеті туралы ұмытып кетті деуге де болады. Біз кейде ерекшелікке ие болу құқымыз бен осы ерекшелікті мәңгілік орнықтыруды талап етуді шарт қоюмен шатастырып аламыз. Антрополог үшін ең жақсы ұстаным — сентиментальдық пен «модернизациялаудың» типінің аралығы. Кез келген мәдениеттің толықтай жойылуы — адамзат үшін орны толмас нәрсе, өйткені өздері өмір сүрген кезеңнің он бойында құнды дүниелер тудырмаған халық жоқ. Антрополог төңкерістен гөрі эволюцияны биікке қояды, өйткені біртіндеп бейімделу арқасында ұрпақтарды жоғалтып алу қаупінің алдын аламыз, сөйтіп өмір сүрудің ежелгі үрдісіндегі яғни ежелгі дәстүріндегі тұрақты, өзгермес құндылықтар адамзат мәдениетінің тұтас ағынына ұласады. Әлемге антропологиялық көзқарас өр алуан өмір сүру үрдістеріне шыдаммен қарауды талап етеді, әрине, әлгі айтқан өмір салттары біздің әлемде мамыражай бейбіт тірлік орнатамыз деген арманымызға қауіп төндірмейтін болуы керек, әйтсе де әлемде тәртіп орнықтыруға тіпті аз мөлшерде болса да үлес қосуға ниет етер талабымызға мәдениеттердің бәрін бір қалыпқа салу және бүкіл әлемдік бірыңғай сұрқай мәдениет жасау жолымен жетуіміз мүмкін емес. Формалардың алуан түрлерге бай болуы — сол мәдениеттердің тарихының, өмір сүру ортасының алуан түрлі болуынан туындап отырғанын ескерсек, ол қазіргі жағдайда осы күнгі технология және ғылыммен қарама­қайшы келмей, үндестік таба білуінен туындап отырғанын ойласақ, мұның бәрі әлемдегі өмірді жақсартуға қосылған маңызды үлес екенін айтар едік. Бүл турасында Лоренс Франк былай деген еді: «Ағылшын тілінде сөйлейтін халықтар немесе батыс европа халықтары өзгелерге парламентаризмді, іс жүргізудің экономикалық дағдыларын, экзотикалық символдар мен діни ғұрыптарды, сонымен бірге өздерінің батыс еуропалық дайын үлгілеріне тән қасиеттерді зорлап таңады деу, қазіргі ойлау жүйесі мен жоспарлау аясында көр соқырлықтың жөне әуел бастан­ақ адасудың салдары… Қай мәдениет те біркелкі емес, оның үстіне ескі наным­сенімге толы және әлі толық жетілмеген, әрбір мәдениет кемшіліктерінің әзінен сабақ алады. Ұқсас қиындықтарды жеңе отырып, әрбір мәдениет адам баласының белгілі бір мүмкіндіктерін айрықша бөліп көрсететін, ал енді бірін жоққа шығарып, әйтпесе басып тұңғиық, іс­әрекет келбетін, тілімен дінін адами қарым­қатынастар өлшемін, рухани құндылықтарын қалыптастырып жасап шығарады. Әрбір мәдениет ездерінің биік деңгейлі этикалық және адамгершілік тұрғыдағы мақсат ­мұраттарын алға тарта отырып, әрине, өздерінің қателіктері мен көптеген жасампаздыққа кереғар келетін қиратушылық қасиеттерін елеместен, өздерінің ой­ниеттерін білдірудің амал­тәсілдерімен жолдарын іздейді… Бір де бір мәдениет барша халықтар қолдануы үшін неғұрлым тиімді мәдениет болып есептеліне алмайды; біз барлық мәдениеттерде де бақытсыздық, тоқырау, кедейлік, ақылға дөрекілік, қаталдық және адам шығыны болатынын есепке алуымыз керек, әдетте мұны бәрі бірдей елей бермейді, көбіне­көп этикалық тұрғыдағы биік мақсаттары мен адамгершілік мұраттарын алға тартумен болады… Әр алуан халықтардың өнеріне біз қалай қарайтын болсақ, мәдениетіне де дәл солай қарай аламыз, дәлірек айтқанда, әрқайсысын да, әйтпесе белгілі бір қалыптасқан жағдайына қарай қарастырып, эстетикалық тұрғыда мәнді және көркем ойға толы құбылыс ретінде бағалаймыз «. Біздің буын сәл ғана реңктік өзгерістердің өзіне жаулықпен қарайды. Барша құрылықтағы адамдар барған сайын оң қанат шегі мен сол қанат шегінің аралығын, ортасын таңдауға мәжбүр болып отыр. Адамдардың бойындағы өзгерістерді ғылыми тұрғыда зерттеу — пайымдаудың өзі бір бөлек тұтасып жатқан нәрсе екенін, кез келген позицияны ұстанған шақта тым шектен шығып кету шындықтан алыстата көрсетті. Тек америкалықтар жақсы деп есептеу немесе ағылшындар, әйтпесе орыстар ғана жақсы деу ­ ғылыми тұрғыдан да, тарихи тұрғыдан да дұрыс емес. Америкалықтар, негізінен, адамдар арасындағы айырмашылықтарды өмірлік жағында тұрғысында қабылдады, тек кейбір американдықтар ғана мұны құндылық ретінде мақұлдады. Осы айырмашылықтарды ассимиляция жолымен бұзуды олар мақтаныш санайтын қалпында қалды, мұның өзі олар ұстанған позицияда да үстемдік етті. Антропологиялық ілімнің маңыздылығы сонда, өмір салтындағы кез келген айрықша түр ­келбетті үлкен феноменнің (тұтастай алғанда адамзат мәдениетінің) бір бөлшегі ретінде қарады және ол — кез келген жекелей алғандағы мәдениет — уақытша бір фаза болады деп есептейді. Антрополог әрбір арналы мәнге ие әлемдік проблеманың барша адамзат қауымы тарапынан бір тұтас нәрсе ретінде қабылдануына мүдделі және осы ой — ниетін орындауға тырысып бағады. Егер тәртіп зорлықпен, кез келген ауқымдағы қатал принциптердің күшімен орнығатын болса, жекелей алғандағы кез келген мәдениет тұрғысынан қарағанда ізгі ниеттен туындап жатқанына қарамастан, бұл — тым қымбатқа келген тәртіп болып табылар еді. Жеке адамдар биологиялық тұрғыдан алып қарағанда да бір­біріне ұқсамайды, әр алуан аймақтарда, әлемдік тарихтың әр алуан кезеңдерінде қайта айналып келіп соғып, қайта айналып келіп пайда болатын әр алуан темпераменттер бар. Темпераменттердің қалауын орындап, талап­тілегінен шығу айналасындағы адамдардың тіршілігіне мазасыздық әкеліп, зиянын тигізбесе болғаны, адамдар арасындағы айырмашылық қоғамға кеселін тигізбесе болғаны. Ең бастысы — сол. Әйтпесе, жеке адамдар өз мінез ­ болмысын алуан түрлі жолдармен білдіруге қақылы, тек қақылы ғана емес, сол үшін олар мадақталуға да лайық. Адамдардың әр алуан болатыны — олардың биологиялық тұрғыда әр түрлі боп келуіне байланысты, сонымен бірге қалыптасқан жағдайдың сан алуандығы, жеке адамның мәдени дамуы мен өткен тарихи кезеңдер қалыптастырған жалпы мәдени даму факторы да осындай айырмашылықтардың болуына эсер етпей қоймайды. Зорлық ­зомбылық үстем болып тұрған кездегі әлемнің бірлігінде жағымды сипатта болмақ емес. Жағымды, көңілге қонымды бірігуге қол жеткізу үшін берік негіз керек: ол үшін барша жұртшылық — елдің бәріне бірдей, өте қарапайым, сонымен бірге өте шектеулі адамгершілік ұстындарына сүйенуі; соған көңіл ұйытуы тиіс. Мұндай бірігу әбден жетілген және адам рухының неғұрлым бір­бірінен бөлек қажеттіліктері айқын көрініп, жүзеге аса бастаған кезеңге дейін гүлдей бермек. Биік адамгершілік барда ең озық қоғамда адамдардың жеке басының қажетінің өтелуіне жағдай туады; бұл арада тек амал­тәсіл, мекен­ жай, уақыт және орындау объектісінде ғана шектеу болуы мүмкін. Айырмашылықтарға байланысты бірлік қарама­қайшылығы дәл бүгінгі күнгідей бұрын ­ соңды маңызды болып көрген емес. Белгілі бір ұлттарды өзгелерден бөліп алып қарап, соның елден ерекше жаратылғанын айтып дәріптеушілер «жиырмасыншы ғасырдың елді қорқытатын гетерогендігін» айналып өтуге тырысты, сонда олардың бұл тығырықтан шығудың амалы ретінде ойлап тапқаны — қарабайырлыққа қайтып оралу болатын. Қарабайырлыққа қайта оралсақ, жанға маза таптырмас конфликті яки талас ­ тартыстар да және тыным таптырмас таңдау да жоқ, тек бұлжымайтын бір ғана ереже бар. Коммунистер сонымен бірге жеке адам автономиясын мемлекетке бағындыру жолымен «бостандықтан қашуға» уәде етті. Мәселені демократиялық тұрғыда шешу дегеніміздің өзі осындай әр текті компонент ­ тердің басын біріктіріп, бір оркестр жасап, соған басшылық жасау болып табылады. Басқаша айтқанда, мұны симфониямен салыстыруға болады. Симфонияда жалпы партитура бар және әрбір аспап үшін жекелеген партиялар бар, бүл партияларды міндеттері түрде ұстанып отыру керек. Бірақ бұл — тақырыптар мен ырғақ қарқынының ғажайып әсерін жоғалту деген сөз емес. Симфонияның бірінші фразасы төртіншісінен өзгеше. Оның толық мағынасы өзге бөлімдерімен белгілі бір жүйемен байланысқан қарым­қатынас жағдайында болса да, өзіне тон құндылыққа ие және тек өзіне тән мағынасы бар.

Читайте также:  «Үшауыздағы» бетпе-бет

Оставить комментарий