Әлем тарихы морфологиясының очерктері

Кешке жақын батып бара жатқан күннің сәулесімен бірге жапырақтары бірінен кейін бірі жұмылатын гүлге қараңыз. Олардан қорқыныштылау бірдеңе білінеді: бүл соқыр, мүлгіген, Жерге байланып қалған болмыс, саған есепсіз қорқынышты сиқырлайды. Мылқау орман, үнсіз дала, анау бұта және мынау шырмауық орнынан қозғалмайды. Олармен жарыса ойнаған жел. Тек кешкі жарықта әлі де билеп жүрген кішкентай шіркей ғана еркін: ол қайда ұшқысы келсе сонда ұшады. Өсімдік өз бетінше өспейді. Ол ландшафттың бір бөлігін құрайды, жағдай оның сол жерге тамырын жіберуіне мәжбүрлейді. Ымырт, салқын жөне гүл атаулының жабылуы — бұл себеп пен салдар, төніп тұрған қауіп және оған жауап та емес, бірақ өсімдік маңайында, онымен бірге және онда болып жатқан тұтас табиғат процесі. Жекелеген әрбір гүлдің күту, ниет білдіру және таңдау еркі жоқ. Ал жануарлар әлемінің таңдауға мүмкіндігі бар. Ол басқа барлық әлемге бағыныштылықтан азат. Шіркейлердің кез келген тобы, ымыртта ұшып жүрген жалғыз құс, құстың балапандарын андып жүрген түлкі — басқа, үлкен әлемдегі дербес ұсақ әлем. Су тамшысындағы, адам көзіне көрінбейтін, секундқа ғана созылатын және осы ұсақ тамшының өте кішкентай бөлшегінде ойнап жүретін инфузория, бүл инфузория еркін жөне тұтас әлемнің алдында тәуелсіз. Бір ғана жапырағынан осы тамшы төгіліп тұратын алып емен — олай емес! Байланысты болу және еркіндік — өсімдік пен жануар әлемінің терең де түбегейлі айырмашылығын осылайша білдіруге болады. Өйткені тек өсімдік қана бүтін, тұтас. Жануарлар өмірінде қандай да бір екі жақтылық бар. Өсімдік тек өсімдік қана, бірақ жануар — бұл өсімдік және оған қоса тағы да бірдеңе. Қауіпті сезген табын қоюлыққа сіңіп тығыз араласып кетеді, жылап, анасының мойнына асылып тұрған бала, өз құдайынан баспана іздеп тұрған адам — оның бәрі болмыстан артқа, байланысты болған, жалғыздыққа босап шыққан өсімдікке еркіндікке қайтуды қалайды. Микроскоппен қарағанда өсіп келе жатқан өсімдіктің ұрығында есіп келе жатқан екі жапырақты, олардан тұтас айналу (алмасу) және көбею органдарымен жарыққа ұмтылып келе жатқан сабақ пайда болады және қорғайды және осы жерде үшінші жапырақты, тамырдың тармағын, өсімдіктің амалсыз жай­күйінің белгісі — ландшафттың бір бөлігі болатынын көруге болады. Біз дамыған жануарлардан өзінің азат етілген алғашқы сағаттарында ұрықтандырылған жұмыртқадан сыртқы ұрықтың жапырағының пайда болғанын байқаймыз, ол болашақ айналыс және көбею орган ­ дарының негізі ортаңғы және ішкі жапырақтарды, яғни жануардың денесіндегі өсімдік элементін қамтиды және сонымен қатар оны аналық денеде, яғни жөне қалған әлемде бөліп шығарады. Сыртқы жапырақ — сөздің тура мәнінде айтсақ, жануар символы. Бұл жер тарихындағы екі өмірдің арасындағы айырмашылықты білдіреді. Оларға арналған тамаша, көнеден келе жатқан аттар бар — өсімдік — «ғарыштық » бірдеңе, жануар болса ­ бұл және де макрокосаға қатысы бойынша «микрокосм «. Тірі мақұлық — әлемнен оқшаулана алғанда ғана микрокосм оны өзінің ондағы жағдайын дербес анықтауға мүмкіндік береді. Осы ұсақ миркалар олардың санасына қоршаған әлем ретінде берілетін үлкен әлемге қатысы бойынша еркін қозғалады, ал айналып жүрген планеталар да өзінің алып орбитасына байланысты болып қалады. Біздің пікірімізше, тек оқшаулық қана кеңістікте сәулемен белгіленген объектілердің кез келгеніне денелілікті (Leib) (затты) хабарлайды. Біздегі бір нәрсе өсімдіктікі сияқты, денені де өз ойымызға жазып қоюға қарсылық білдіреді. Барлық ғарыштық заттардың кезеңділік сатысы бар. Онда такт бар. Барлық микро ғарыштық зат полярлық. Оның болуы тұтастай алғанда «қарсы» (gegen) сөзінде білдірілген. Біз ынталы зейін туралы, ынталы ой туралы айтамыз, бірақ кез келген сергек жағдай шын мәнінде ынтаны білдіреді: «сезім» мен «зат», «мен» және «сен», «себеп» пен «салдар», «зат» пен «қасиет» — осының барлығы ұсақталған және жүк артылған және бәсеңделу басталады (міне, терең оймен айтылған соз), онда сол уақытта өзің туралы, адамның микро ғарыштық қырының шаршағандығын, соңында ұйқы басатынын білесің. Ұйықтап жатқан, барлық қысымнан босаған адам тек өсімдік сияқты ғана болады. Дегенмен ғарыштық такт — бұл бағытпен, уақытпен, ырғақпен, тағдырмен, ұмтылыспен жазылатындардың барлығы: жорға тұяғының тықылынан және айбынды әскердің ырғақты жүрісінен бастап ғашықтардың шүбәсыз өзара түсіністіктеріне дейін, бір ғана сезімге берілген қоғамның тактісіне дейін, адам табиғаты білгірінің көзқарасына дейін. Микроскосмның кеңістіктегі кез келген еркін қозғалысы — ғарыштық айналыс тактісі өмірінің және тынысының жалғасуы, онда кейде біртұтас барлық сергек затты күштен босатады, ол түйсікпен және қуатты үндестікпен беріледі. Бір кезде бақылау жасаған адамға құстар үйірінің конфигурациясын өзгертпей жоғары қарай ұшатыны, бұрылатыны, бағытын қайтадан ауыстыратыны және алысқа көрінбей кететіні белгілі, осы жалпы қозғалыстағы осу сенімділігін, «мен» және «сен» арасындағы ешқандай да өзара түсіністік өткелін қажет етпейтін «оны», «бізді» сезуге қол жетті. Адамдар мен жануарлардың әскери және махаббат билерінің мәні осында; жау оғына қарай шабуылға бара жатқан полк осылайша біртұтас болып бірігеді, жұлқынған тобыр осылайша шұғыл, ойланбастан және түйсіксіз ойлайтын жөне әрекет жасайтын біртүтас дене болып бірігеді, ал біршама сәттен кейін қайтадан ыдырайды. Микро ғарыштық шекаралар бұзылып тасталған болып көрінеді. Бұл жерде ол бақырып жылайды да, қорқытады да, бүл жерде жігерленеді және баса да көктейді, бұл жерде ұшады, бұрылады және тербеледі де. Дене бірігеді, барлығы бірдей жүреді, барлығынан бір айғай бірдей шығады, бір тағдыр барлығына бірдей болады. Кішкентай жалғыз миркаларды қосқанда кенеттен тұтас пайда болады. Ғарыштық тактіні түсінуді біз сезіну (Fuhlen), микро ғарыштық күштерді түсінуді сезу деп айтамыз. «Сезімділік» сөзінің екі жақты мағынасы бұл жоғары дәрежеде өмірдің жалпы өсімдік және жануар қырынан қарағандағы нақты айырмасын бұлыңғыр етіп жібереді. Олардың арасындағы терең байланыс бір жағын «туыстық» немесе «жылыстық» өмір (Geschle­chtsleben) ал басқа жағын «сезімдік» өмір (Sinnenleben) деп айтамыз. Біріншісінде міндетті түрде кезеңділік сәтінде такт болады: бұл оның аспан денелерінің ұлы айналысымен, әйел табиғатының Аймен, өмірдің жалпы түнмен, көктеммен, жылумен үндестігінде пайда болады. Екіншісі күштермен пайда болды: жарық және жарық түсірілген, таным және танылған, ауыру және ауыртқан қару. Жоғары дамыған түрлерде өмірдің екі жағы ерекше орган арқылы көрсетілген. Соңғысы неғұрлым жетілген, аяқталған болса, өмірдің осы жақтары соғұрлым айқын. Бізге екі ғарыштық болмыс айналысының органы, қан айналымы және жыныс органы және екі микро ғарыштық қозғалыс айырмашылығының органы, сезім және жүйке белгілі. Бастапқыда барлық дене айналыс органы жоне сонымен қатар түйсіну органы болғанын болжаған жон. Біз үшін қан — өмір символы. Ол үздіксіз, ешқашан да сарқылмаған, өң мен түсте, ана денесінен баланың денесіне беріле отырып, ұрық біткеннен бастап қайтыс болғанға дейін дене бойымен айналыста болады. Ата­бабаның қаны ұрпағының тізбегі бойынша олардың барлық өзара тәуелділігін, тактісін және уақытын біріктіре отырып ағады. Бастапқыда көбею тек бөліну арқылы ғана, ал одан кейін біртүтас қасқағым сәт ұзақтығының символын жасаған нағыз жылыстық көбею органы пайда болғанша айналыстың жаңадан бөлінуі және бөліне беруі арқылы болды. Және де барлық тірі заттың қалай ұрықтандырылатыны және ұрықтанатыны, өзінен тысқары мәңгі айналысын ұзарту үшін оларда одан әрі көбеюдің өсімдіктің бастау алуға қалай талпынатыны, бір­бірінен алыстағы рухтарда оларды тарта және мәжбүрлей, оларға бөгет жасай және жоя отырып бірыңғай пульстің қалай соғатыны — міне өмірдің барлық құпиясындағы тереңі, оған барлық діни мистериялар және барлық ұлы әдебиет туындылары кіруге талпыныс жасайды. Осы трагизмге Гете «Масайраңқы қажу» және «Іріктеме ұқсастық» өлеңдерінде тоқталып өтті, онда сәби шетінеген, себебі ол дүниеге бөтен қан айналысынан келген, ал оларды ғарыштық кино өзіне тартқан. Макрокосмға қатысы бойынша еркін қозғалатындықтан микрокосмға тағы да бір айырмашылық органы «сезім» органы қосылады, ол бастапқыда сезінуден басқа ештеңе де болмаған. Біз дамудың жоғары сатысында бола отырып түйсінуді жалпы мағынада көз, есту, түсіну арқылы түйсіну деп айтамыз — шын мәнінде, заттың қозғалысын қарапайым белгілеу және осы жерде туындайтын қоршаған ортаға қатысы бойынша өзінің жағдайын үздіксіз айқындау қажеттілігі. Дегенмен жағдайын айқындау — яғни кеңістіктегі орнын белгілеу. Сондықтан барлық сезім, қаншалықты жоғары дамыған болса да және шығу тегі бойынша қаншалықты айырмашылығы болса да, дұрысын айтқанда кеңістіктік сезімдер болып табылады: ешқандай да өзгесі жоқ. Сезудің қандай да болмасын түрі өзінікін және өзгенікін ажыратады және өзгенің өзіне қатысы бойынша жағдайын анықтау үшін иісшілдік итке қызмет көрсетеді, сондай­ақ есту бұғыға, көру қыранға жақсы. Түс, сәуле, дыбыс, иіс, сезудің барлық ықтимал тәсілдері қашықтықты, шалғайлықты, ұзақтықты көрсетеді. Ғарыштық қан айналысы сияқты, бастапқыда сезім қызметінің айырмашылығы да тұтастық болды: іс­қимыл сезімі — бұл әрқашан да түсінік сезімі сияқты; іздестіру жөне табу осы қарапайым сатыда біз толық негізді түрде түйсіну деп аталатынға ғана біріккен. Тек кейінірек сезінудің дамыған сезіміне жоғары талаптар қойылуына байланысты сол уақытта сезінуді түсіну болып табылмайды, сондықтан түсіну біртіндеп қарапайым сезінуден барынша айқын оқшауланады. Сыртқы ұрық жапырақшасында сезім органынан нешінші орган бөлінеді — осыған ұқсас ең алдымен қан айналысынан жыныс органы бөлінген, ал сезу органы оз кезегінде жекелеген сезімдердің шұғыл оқшауланған органдарына бөлінеді. Біздің барлық түсінікті сезінуден туынды ретінде және тану қызметі барысында адамда осы және басқасы қалай бірыңғай әрекет жасайтының қалай сөзсіз қабылдайтынымыз жөнінде, көру саласынан тұтас өтетін «ұғым» (BegrifE) және «тұжырым» сияқты логикалық терминдер туралы айтпағанда, «зерек», «сақ», «байқағыш», «ғылыми зеректік», «мәніне кіру» сияқты ұғымдар растайды. Айталық, біз талғамсыздық жағдайында тұрған итті бақылап тұрмыз және кенет ол барынша тыңдай және иіскей бастайды: қарапайым сезуге түсіну қосылады. Дегенмен ит ойланып тұруы да мүмкін — бұл жерде топастық сезінумен ойнап тұрған бір ғана ұғымның әрекеті бар. Көне тілдер түсінудің тиісті өсуін, оның әрбір жаңа сатысын ерекше түрдегі қызмет ретінде негіздей отырып және оған жаңа ат бере отырып өте мұқият көрсеткен: тыңдау — құлақ асу — зейінмен тыңдау; иіскеу — иіскелеу — мұқият иіскелеу; қарау — қарап тұру — мұқият қарау. Сезінумен салыстырғанда түсінудің мазмұны осындай қатарларда тұрақты өседі. Міне, ақыр соңында барлық сезімнің ең жоғарысы дамиды. Әлемдегі біздің қалауымыз үшін мәңгі жасырын болып қалу айқындалған бір нәрсе дене органы ретінде туындайды: көз пайда болады және көзде көзбен бірге оның басқа полюсі ретінде жарық туындайды. Және абстрактілік ойлау жарықты жарықтан босатсын және бізге орнына «толқынның» немесе «сәуленің» образының бейнесін салып берсін — өмір осы сәттен бастап шынайы және одан кейін де көздің жарық өлімімен қамтылған және оған қосылған. Міне адаммен байланысты барлық басқа нәрсе негізделген керемет. Тек көздің жарық әлемінде алыс түрлі­түсті және жарықты иеленеді, тек осы әлемде ғана түн мен күн, жарық кеңістігінде кеңінен жайылған көрінетін заттар мен көрінетін қозғалыстар, Жерді айналып жүрген шексіз алыс жарықтар әлемі, денемен қоңсы қонғаны үшін алысқа жайылған сенің өмірінің жарық көкжиегі бар. Барлық ғылым тек жанама және ішкі көру түсініктермен («теориялық») түсіндірген осы жарық әлемінде әлі жүріп жатыр: Жер планетасында адам тобырлары жүр, ал бұл жердегі бүкіл өмір жарық ағыны египет пирамидасына немесе Мексика мәдениетіне құйылып жатыр ма әлде жоқ па немесе жарық қуаңшылығы Солтүстікте басым ба әлде жоқ па екенімен айқындалады. Бұл көз үшін адамның сәулеттік туындысы шараларына арналған, оларда тектоникалық түйсіну сезімі жарық тудыру қатынасында пайда болады. Дін, өнер, ойлау жарық үшін пайда болды, ал олардың арасындағы барлық айырмашылықтар дененің көзіне немесе «рухтың көзіне» қатысы болатыны не болмайтына әкеп соғады. Бұл әдетте «тану» ұғымының нақты болмауын да көмескі ететін айырманы толық түсінуге мүмкіндік береді. Мен тіршілікті (Dasein) және сергектікті (Wachsein)»‘ айырамын. Тіршілікте такт және бағыт бар, сергектік бұл — күш және аралық. Тіршілікте тағдыр басымды болады, сергектік себеп пен салдарды айырады. Біреу үшін «қашан?» және «неге?», басқасы үшін «қайда?» және «қалай?» деген сұрақтар маңыздырақ. Өсімдік сергектіліксіз­ақ өмір сүреді. Ұйқы құшағында тіршілік атаулы өсімдікке ұқсайды: қоршаған әлемге қатысты қысым әлсірейді, өмір тактісі ұзарады. Өсімдікке тек «қашан?» және «неге?» деген сұрақтар ғана белгілі. Топырақ астынан енді ғана шығып келе жатқан өскін, толысып келе жатқан бүршік, гүлденудің, нұрланудың, өсіп шығудың қаулаған қуаты — бұның барлығы тағдырды орындау ниеті және әрине «қашан?» деген құштарлық сұрақ. «Қайда?» деген сұрақтың өсімдік тіршілігі үшін ешқандай мағынасы жоқ. Бұл күн сайын дамып келе жатқан адам әлеміне қатысты қойылады. Не тіршілік тынысы барлық ұрпақтарда сабақтасын сақталады. Сергектік әрбір микрокосм үшін қайтадан басталады: ұрықтану мен туудың арасындағы айырмашылық осы. Бірі — оның ұзақтығы, екіншісі — оның басталуы. Және сондықтан өсімдік ұрықтанады, бірақ тумайды. Міне, осы жерде дегенмен ешқандай да даму, ешқандай да бірінші күн оған түйсіну әлемін ашпайды.

Читайте также:  ТІЛ ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Оставить комментарий