ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН САЯСАТТАҒЫ ҚЫТАЙ ПОЗИЦИЯСЫ

Жаңа аяқталған 18-ші Жалпықытайлық съезд кезекті ретте әлем назарын Қытайдың өзіндік ерекше даму жолына және мемлекет жеткен экономикалық нәтижелеріне аудартты. Соңғы 10 жылда әлем ҚХР планетаның екінші экономикасына қарқынды түрде айналуының және елдің кең көлемдегі экономикалық қалпына келуіне жетудегі жігерінің куәгері болды. Батыс БАҚ Қытайды көбіне әлемдік экономиканың «двигателімен» теңейді. «Қытай экономикалық ғажайыбының» себептері — өте арзан оның үстіне еңбеққор, мамандандырылған, ойлап тапқыш жұмыс күші, шетелден келетін мол инвестициямен қамтамасыз етуші биліктің ақылды экономикалық стратегиясы, ішкі тұрақтылық және т.б. факторлар. Қытайдың бейбіт ортаны қамтамасыз етуге мақсатталған сыртқы саясаттың бағыты да соңғы рөл ойнамайды [1, 9-б]. 220 Қытай қазіргі таңда әлемдік экономиканың индустриалды көшбасшысы және ең ірі сауда экспортеры. 2012 ж қорытындылары бойынша Қытай ЖІӨ алдыңғы жылға қарағанда 7,8% -ға өсіп, 51,93 трлн юаньды (8,28 трлн долл.) құрады. 2012 жылдың IV кварталы бойынша қытайлық экономиканың өсімі 7,9% құрады. 2012 жылы III кварталда ЖІӨ өсімі 7,4% , ал II кварталда — 7,6%, және I кварталда — 8,1%-ды құрады [2]. Бұл Қытай экономикасының даму қарқынының тұрақтылығын байқатады. 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында Қытайдың сыртқы саудасы 2,842 триллион долларды құрап, 2011 жылғы қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 6,2%- ға ұлғайды. Қытай экспорты 7,4%-ға, -1 триллион 495,39 миллиард долларға , импорт 4,8%-1 триллион 347,08 миллиард долларға өсті [3]. Экспорт пен импортты талдасақ жағымды сальдоны көреміз. Қытай экономикасы жыл сайын «аралдық мемлекет» моделіне жақындап келе жатыр, яғни шикізаттың шеттен келуіне тәуелділік жағдайындағы шаруашылық жүйесінің моделі. Мұндай модельдің мысалы ретінде Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдерді алуға болады. Әрине, қазіргі кезде ҚХР-дың шикізат жеткізіліміне тәуелділігі Жапония мемлекетіндегідей емес. Қытайда өзінің біршама ресурстары бар. Бірақ жыл сайын ҚХР-ң шикізатқа деген мұқтаждығы өсіп жатыр. Мәселен, бір кездері Қытай энергетикалық ресурстармен өзін ғана емес, кейбір көрші мемлекеттерді де қамтамасыз етті. Ал 1993 жылдан бастап, өндірістің және сыртқы сауда әрекетінің жаңартылуынан бастап, энергетикалық ресурстарды тасымалдаушы елдер қатарынан мұнай импортерлер тобына кірді. 2003 жылдан бастап Қытай бұл топта АҚШ-тан кейін екінші орында тұр [4]. Оның үстіне, ірі экспорттық нарықтар (АҚШ, ЕО) өздерін нашар сезінуде және Қытай бұл мемлекеттер жағынан өзінің өнімдеріне деген сұраныстың ұлғаюын күтпеген дұрыс екенін толық түсінеді. Қытайға жаңа нарықтарды игеруге тура келеді. Сондықтан, ҚХР жаңа төрағасы өзінің бірінші шетел сапарын Вашингтонға немесе Брюссельге емес, Москваға жасағалы жатқаны, кездейсоқ емес. Артынша, Африкаға сапармен бармақшы. Сыртқы Істер Министрі Ян Цзечи пресс-конференция кезінде хабарлауы бойынша, ҚХР- дың іргелес мемлекеттермен тауар айналымы көлемі $1,2 трлн жеткен, бұл көрсеткіш Еуроодақпен және АҚШ-пен жасалған сауда айналымын қосып алған сомадан артық. Африкаға келетін болсақ, Қытай аталған континенттің экономикасына салған тікелей инвестиция көлемі бойынша бірінші орынға шықты [2]. Бұрын батыстық экономистер Қытайдың мемлекеттік кәсіпорындарының нәтижелілігінің төменділігін және олардың арасында бәсекелестік жоқтығын көп айтатын. Өткен жүзжылдықтың 90-шы жылдары Қытайдың 500 ірі мемлекеттік компанияларынан келетін пайда бір американдық GM корпорациясының көрсеткішінен төмен болған. Бірақ, онжылдықтағы даму арқасында ҚХР-ң 42 орталық кәсіпорыны 2012 ж жарияланған әлемнің 500 дамыған компанияларының тізіміне кірді. 2002 жылдан 2011 жылға дейін Қытайдың орталық кәсіпорындардың активтері 7 трлн. 130 млрд. юаньнан 28 трлн юаньға дейін , операциялық пайда 3 трлн. 360 млрд. юаньнан 20 трлн. 200 млрд. юаньға дейін өсті. Өткен кезеңдерде Қытайдың қаржы саласы батыс экономистері жағынан сынға тап болды, тіптен шетел БАҚ ―техникалық банкроттық‖ туралы сендірді, ҚХР финанстық индустриясы — ―баяу әсер ететін үлкен бомба‖ деп жариялады. Бірақ, Батыстың «Леман Бразерс» (Lehman Brothers), коммерциялық банк «Голдман Сакс» (Goldman Sachs) қаржылық дағдарыс себебінен банкротқа ұшырағанда, ал қытай банктері керісінше, бұл соққыға шыдады. 2008 жылы Қытай индустрияның жалпы пайдасы, пайданың өсімі және капитал инвестициясының тиімділігі сияқты көрсеткіштерден әлем бойынша бірінші орын алды. Қазіргі уақытта Қытайдың Сауда-өндірістік, Ауылшаруашылық, Құрылыс банктері және Қытай Банкі әлемнің 10 ірі банкінің тізіміне кіреді [1]. ҚХР инновациялық түрдегі елдердің қатарына енді. Елде толығымен индустрализация жүзеге асырылған, информатизацияның деңгейі өсіп келе жатыр, 221 урбанизацияның сапасы жақсарып жатыр, ауылшаруашылығы саласын модернизациялауда және социализмнің жаңа құрылыстарын салуда да көптеген нәтижелерге жетті. Үйлестірілген аймақтық дамудың механизмі құрылып, сыртқы ашықтығының деңгейі біртіндеп өсіп келе жатыр, елдің халықаралық бәсекелестік қабілеті де ұлғаюда. Миллиондаған жұмыс орнын жасаған және қытайлықтардың әл-ауқатының жоспарлы жоғарлауын қамтамасыз еткен экстенсивті экономикалық өсудің қарқынды моделі таусылуға жақын. Егер ҚХР экономикалық өсуі 10%-дан асса, қазіргі кезде партия және үкімет бұл көрсеткішті 7-8% деңгейінде ұстап тұруды мақсат етеді. Есесіне, қытай экономикасы технологиялық серпіліс жасап жатыр және көп жағдайларда өзінің қалыптасқан ішкі нарығына сүйене алады [2]. «Тяньаньмэнь жарақаты», АҚШ-ның әлемде және Азия-Тынық мұхит аймағында (АТР) доминанттық ролі және көрші мемлекеттердің Қытайға сақтықпен қарауы қытай басшылығын сыртқы саясаттағы бағытын қайта қараудың қажеттілігіне итермеледі. Жаңа доктрина үш міндетті шешуге бағытталды. 1. Өз шекарасы төңірегінде «бейбіт көршілік белдеуін» құру мен Оңтүстік шығыс Азия мемлекеттермен қарым қатынасты қалыпты жағдайға келтіру; 2.Ұлы державаларға қатысты көп векторлы жұмсақ саясат жүргізу; 3. Жаһандық және аймақтық көпсалалы ұйымдар шеңберінде белсенді іс әрекет жүргізу; ҚХР-ның сыртқы саясаттағы доктриналарының жаңартылуы 1999-2007 жылы жүрді. Пекинның халықаралық бағыты «мемлекетті, халықаралық қатынаста жүріп жатқан үдерістерге жай ғана көңіл бөліп отыратын емес, халықаралық жүйені қалыптастыруға қатысатын ұлы держава статусын алуды жүзеге асыратын» амалдар жүйесінен құралды. Бұған дейін Қытайдың саясаты «қорғаныстық» болса, енді назарын көбіне дипломатиялық шабуылға аударды. Қазіргі таңда ҚХР басымдылықтарына келесі міндеттер жатқызылады, екіжақты серіктестік жүйені орнатуын тек Азиаттық-Тынықмұхиттық аймақта және Орталық Азия аймағында шектелмей, әлемнің алыс қашықтықтағы елдерімен де (Африка, Латын Америкасы) дамыту, сонымен қоса Қытай рөлін көпжақты дипломатияда жоғарылату (БҰҰ, АТЭС, АСЕАН, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы кеңістігінде). ҚХР-ның сыртқы саясатының ресми құжаттары ҚХР дамуы халықаралық қоғамның дамуымен ілесіп жүреді деп қарастырады. Қытайдың сыртқы және ішкі жағдайлардағы аспектілерінің өзара тәуелділігін мойындауы ресми деңгейде бірнеше рет дәлелденді. «Қытай болашағы және тағдыры халықаралық қоғаммен тығыз байланысты. Қытай қалған әлемнен оқшауланып дами алмайды, ал әлем Қытайсыз тұрақтылыққа жетпейді және Қытайсыз дами алмайды » [5]. 1997-1998 жылдары Қытайдың әлемдік қаржылық нарықтағы алыпсатарлыққа қатысуының төмен болуы оған Оңтүстік Шығыс Азия қаржысының дағдарысына қарсы тұруға көмек жасаса, бірақ тура осы фактор Қытайға әлемдік экономиканы реттеудегі толық қатысушы болуға бөгет болды [4]. Пекин өз ықпалын әлемдік аренада күшейтпекші. Ян Цзедин мәлімдеуі бойынша, Қытай ―халықаралық жүйенің дамуын әділетті және рационалды болуын қамтамасыз ету мақсатында ‖ ғаламдық саясатқа белсенді қатысады. Бұл мәлімдемесін біз қалай түсінуіміз қажет? Біріншіден, әлемдік байлықты дамушы елдердің пайдасына қарай қайта бөліске салу (оларды толық бақылауда ұстау). Екіншіден, ғаламдық қаржы жүйесінің дағдарысқа ұшырағыштығын азайтатындай және доллардың бөлінбейтін үстемдігінен құтылатындай етіп реформалау. Пекин бұл мәселедегі сындарлы жоспарында юаньды интернационалдандыру жолына кірісті. Қазірдің өзінде, юань азиаттық және африкалық әріптестерімен екіжақты сауда және валюта-қаржы төлемдерінде белсенді қолданылуда [6]. 222 Қытайдың әлемдік қаржылық үдерістерге деген әсері күшті болуы үшін келесі мәселелерді шешуі тиіс: негізгі ғаламдық қаржылық институттардағы өзінің қатысуын кеңейту; БРИК және «20 Қаржы Министрі жәнe Орталық Банк Басшысы Тобы,» кеңістігінде негізгі қаржылық шешімдерді қабылдауда өзінің рөлін жаңарту, ұлттық валютаны басқа елдермен екі жақты есептесуде қолдануға көшу. Осы мәселелерді шешу үшін Қытай сыртқы саясаттың жаңа құралын-қаржылық дипломатияны қолдануды бастады. Бұл 2009 жылдың сәуір айында Лондонда өткен «20 Қаржы Министрі жәнe Орталық Банк Басшысы Тобы» саммитінде ерекше көрініс тапты. Қытай өкілдері өзінің сөз сөйлеу барысында Халықаралық Валюта Фонды және Дүниежүзілік Банк шешімдерін қабылдауда, әсіресе халықаралық қаржылық көмекті бөлу мәселелерінде дамушы елдердің құқықтарын кеңейту қажеттігін атап өтті [7, С. 236-287]. Үшіншіден, Қытай ақыр соңында АҚШ-ты жалғыз әлемдік жандарм рөлінен арылту үшін өзінің саяси және әскери беделін өсіріп жатыр. Тек ресми мәліметтер бойынша, ҚХР ұлттық қорғанысына деген шығындары осы жылы 10,7%-ға өсіп, $115 млрд құрайды, аталған көрсеткішпен Қытай ұлттық қорғанысқа арналған шығындар бойынша дүниежүзі елдері арасында екінші орын (1 орын АҚШ-$630 миллиард) алады. Қытайдың қарулы күштерінің сапалы дамуы (авианосец, ұшқышсыз ұшақ және барлық ракеталық қару-жарақтарының спекторын қосқанда) оны шынайы түрде ұлыдержаваның рөліне келетін үміткер ретінде қарастыруға жағдай туғызады. Жақында ҚХР өзінің алғашқы авианосец «Ляонинді» құрастыруды аяқтады. Қытайлық мемлекеттік кемежасау корпорациясының басшысы Ху Вэньмин : ―мемлекеттің жетіспеушілігін толтыру мақсатында және авианосцеларымызды өз бетінше құрастыруымыз үшін, өзіміздің құрастыру жобаларымызды, қарушығару және жабдықтандыру бойынша өндірістік күшімізді дамытуымыз қажет‖ деп жария етті [4]. ҚХР-дың сыртқы саясатына әсерін тигізген дағдарыстың маңызды салдарының бірі-дамыған елдердің шетел нарықтарындағы экономикалық белсенділігінің уақытша төмендеуі еді. Бұл фактор Пекинге өзінің «цзоу чуцюй» стратегиясын-қытай өнеркәсібінің сыртқы нарыққа шығуы және шетел активтерін иеленуге қолайлы жағдай жасады. ҚХР үш ірі мұнай монополиясы- «Petrochina», «Sinopec» және CNOOC 2009ж бірінші жартысында шетелмен жалпы соммасы 12 млрд. долл.тең келісімдерге отырды. 2009 ж маусымда «Petrochina» Батыс Африка және Таяу Шығыстағы мұнай өнеркәсіптерін иеленген канадалық «Addax» компаниясын сатып алды. Осы мәліметтер арқылы Пекиннің экономикалық тәбеті едәуір өскенін көреміз. Қытай үкіметі энергетика-ресурстық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп жатыр. Бұл түсінікті жайт: Қытайдың сыртқы минералдық ресурстарға, бірінші кезекте, энергетикалық ресурстарға тәуелділігі өте жоғары болып табылады. Қазіргі кезде Қытайдың мұнай импорты күніне 4,4 млн. барель (шамамен 587 мың тонна). Қытайлық срапшылардың берген бағасы бойынша, Қытайдың мұнай импорты 2020 жылы жылына 270 млн. тонннадан 430 млн тоннаға дейін жетеді. Түрлі ресурс көздеріне деген мұқтаждық себебінен, Қытай өзінің назарын Африка, Таяу Шығыс, Латын Американың ресурстарға бай мемлекеттеріне аударып отыр. 2007- 2010 жылдар аралығында қытай басшылары Африканың барлығы дерлік мемлекеттеріне сапармен барып келді және өз елінде де көптеген африкалық мемлекеттердің басшыларын қабылдады. Бұл қарым қатынас Қытайдың стратегиялық мүддесімен және отын- энергетикалық көзіне деген сұранысының жыл сайын өсе түсуімен тығыз байланысты болып отыр. ҚХР-ң ортаазиялық және каспийлік «энергетикалық бассейндерге» тартылысы айқын жағдай. Аталған дүние бөлігінен келетін тасымалдар, тұрақсыз Парсы шығанағы аймағына деген тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді және құбыр бойынша тасымалдау, теңіз бойынша тасымалдағаннан гөрі әлдеғұрлым жеңіл және қауіпсіз. Сондықтан да болар, Қытай орталық Азия мемлекетеріне және каспий аймағына қатысты белсенді экономикалық саясат жүргізуде. 223 Ал, Таяу Шығыстағы көмірсутек жеткізілімдері Малакк бұғазы арқылы жүргізіледі және бұғаз қауіпсіздігі АҚШ теңіз-әскерінің күштерімен қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайды Қытай әскери-стратегиялық мәселе ретінде қарамастырғанымен, бұл аймақтан бас тарта алмайды. Дағдарыс жағдайында Қытай көмірсутек сұранымының жалғыз драйверіне айналып, мұнай-газ нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды үлесін қосты. ҚХР жағынан мұнайды сатып алу туралы мәліметтер тек бағаға емес, сонымен қоса әлемнің энергетикалық нарығының болашақ құрлымына алмастырушы мен энергияны үнемдеуде қарқынды ізденуге себепші болып, көп әсер етеді [8]. Қытай саяси үрдісінің ерекшелігі- кенет қадамдардан принципті түрде бас тартуы. ҚХР сыртқы саясаты назар аудартпайтын күйде сақталып, белсенділігі артуда. ҚХР жаһандық істерге қатысудың кеңейтілу бағытын ұстанады. Сыртқы саясат қызығушылықтарының кең көлемдегі спектрын иелене отырып, бірақ шектелген ресурстармен мемлекет өз күшін әлемдік саясаттың тек басым бағыттарына жұмсайды.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar