Загрузка…

ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ИРАН ПРОБЛЕМАСЫ

Бүгін Иран – батыс не шығыс елдерінің ықпалынан тыс, еш елге экономикалық не саяси жағынан тәуелсіз, шиіттік ислам мемлекеті ғана емес, Иран – Батыс елдерінің қорқынышы мен қызығушылығын тудырып отырған, әлем назарындағы, БҰҰ ҚК жариялаған санкцияларға төтеп беріп, өзінің позициясында нық тұрған ел. Ал осы мемлекеттің ядролық қаруға иелік етуіне не себепті «алтылық» елдері (БҰҰ 5 тұрақты мүшесі мен Германия) қарсы? АҚШ, Ұлыбритания, Франция, тіпті Израиль иелік ететін ядролық қаруға Иранның да иелік етуіне не тосқауыл? Иранның Халықаралық Атомдық энергия агенттігінің (МАГАТЭ) Ядролық қаруды таратпау туралы Келісіміне қол қойғанын біле тұра, ядролық қаруды бейбіт мақсаттағы электр энергиясының негізгі көзі мен медициналық салада қолдану саясатын анықтау мақсатын көздеп отырғанына батыс әлемі неге наразы. Расында, Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық қаруы қай елдердің мүддесіне сай келмеді, Иранның ядролық бағдарламасы қауіпті ме әлде Иран Ислам Республикасының ядролық қаруға иелік етуі атам заманнан бергі аймақтағы қарсыласы Израильге тиімсіз бе? Осы және басқа да сұрақтарға жауап беру өте маңызды. Ең алдымен шиеленістің басы неден басталды, соны қарастырайық. 1967жылы Мұхаммед Реза Пехлевидің бастамасымен жасалынған ядролық бағдарламаға Германия мен Францияның өзі қолдау көрсеткен. 1979 жылғы ислам революциясына дейін түрлі батыстық елдер мен АҚШ көмегі арқылы жетілдірілген ядролық бағдарлама шах режимі құлаған соң, жаңа үкіметтен қолдау таппады. Алайда Иранның ядролық бағдарламасы жылдар бойы ақырындап көлге тамған тамшы секілді баяу үрдіспен дамыды. 1998 жылы Бушер АЭС соғылуы Израиль үкіметін алаңдатып, әлемдік БАҚ арқылы Иран ядролық қару жасау үстінде деген қауесет таралды. 2003 жылы АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш Иранды террористерге қолдау көрсетуші әрі ядролық қаруға ие болғысы келетін «зұлымдық белдеуі» деп айыптады. 2004 жылы жазда МАГАТЭ сарапшылары Лавизан-Шиян аймағын зерттеуге мүмкіндік алды, зертеуден соң, Иранда ешқандай уран қорын байыту не ядролық қаруды жоспарлау жұмыстарының жүргізілмегендігін дәлелдеді. Осыдан кейін мәселе шешімін табар еді, егер Вашингтон ғарыштан түсірілген Лавизан суреттерінде ядролық қару жарылыстары бар деген мәлімдеме жасамағанда. 2004 жылы қыркүйекте АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания елдері МАГАТЭ атынан Ираннан ядролық бағдарламасының жоспарларын жариялауды талап еткен резолюцияға Ираннан өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін, халықаралық ұйымдар мен әлем елдері Иранның ішкі істеріне араласуы Халықаралық Құқық заңдарына қарсы келеді деген жауап алды. Шиеленістің шарықтау шегі МАГАТЭ-нің Иран проблемасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына беруінен басталды. Қазіргі таңда, Иранның ядролық қаруға иелік етуіне кедергі келтіретін БҰҰ ҚК-нің 4 резолюциясы бекітіліп, экономикалық санкциялар 165 елде тұрақсыздық орнатты. Енді наразылыққа булыққан ирандықтар тоқтауыне бағытын өзгертуі екіталай. МАГАТЭ-нің Иранда ядролық қарудың жоқтығы туралы 28 репортажына құлақ асып жатқан ешқандай ел жоқ. Тіпті ядролық қаруды жасау бағдарламасына рабхардың қолы әлі күнге дейін қойылмағандығын ескерсек, экономикалық санкциялар кесірі Иран халқынан басқа ешкімге де зардабын тигізіп жатқан жоқ. Экономикалық санкцияларға қоса, әскери іс-әрекеттер жүргізгісі келіп отырған АҚШ позициясы орынды ма? Әлде АҚШ үкіметі жақын әріптесі Еврей мемлекетінің мүддесіне сәйкес осы позицияны ұстанып отыр ма? «Араб көктемінің» мүмкін нәтижелері Иранның аймақтағыықпалының күшеюіне, антиизраильдік елдің сионистер режимін жоюына алып келуі мүмкін. Оны тіпті Махмуд Ахмадинежадтың сөздері де дәлелдейді: «Араб революцияларының толқыны сионистік режимнің өмір сүруіне ешқандай мүмкіндік қалдырмады»[1]. Бұл сөздерге жауап ретінде Израиль республикасының премьер-министрі Б. Нетаньяху әлемдік қауымдастықтардың Иранға қатысты Ливиядағыдай қатал шараларды қолдануы керектігін айтты. Алайда көптеген сарапшылардың пайымдауынша, ирандық режим ядролық қаруға ие болған соң, Израильге ядролық соққы жасамайды, себебі ол аймаққа, оның ішінде Иранның өзіне де қауіпті, сондықтан ирандық режим аймақтағы және әлемдегі жеке позицияларының күшеюіне ғана мүдделі. Израиль сарапшыларының айтуынша, Иранның ядролық обьектілерін жою үшін соққы Израильге Иранның жауап беруімен не Израильді тіпті жойып жіберуімен қауіпті. Иранның ядролық қаруы туралы нақты деректердің жоқтығы (нақты саны мен әсер ету деңгейі) Израильді тығырыққа тірейді. Алайда сақтықта қорлық жоқ дегенді негізге алған Израиль үкіметі 2003 жылы маусымда құны 319 млн долларды құраған АҚШ-тық 5000 басқарылатын бомбаларды сатып алған [2]. Бұл жағдайда, Иранда әскери әрекеттер жүргізу мен Иран тарапынан туатын қауіпке төтеп беру үшін Израильге батыстық одақтастарының қолдауы қажет. Батыс көшбасшыларының Нетаньяхудың қатаң сыртқы саясатын қабылдамауы: не АҚШ-қа, тіпті Еуропаға Таяу Шығыстағы кең ауқымды шиеленістің қажеті жоқ. Жалпы Израиль позициясы анық емес. Израиль басшыларының мәселені шешудегі ойлары әр түрлі. 2011 жылғы Израильдің Қорғаныс министрі Э. Барактың мәліметінше, Иранға ядролық қаруды жетілдіру мен жасап шығару үшін әлі уақыт керек, сондықтан Иранды шабуылдау туралы шешім әлі қабылданбады. Ал Израиль премьер-министрі Б.Нетаньяхудың ойынша, Иранды неғұрлым тезірек тоқтатқан жөн. Себебі, израильдік мамандардың жорамалдауынша, мұнай эмбаргосы мен елдің банк жүйесіндегі санкцияларға қарамастан, Иран бір жылдың көлемінде ядролық қаруға қол жеткізеді. 2012 жылдың 25 қаңтарында Кнессетте айтқан сөзінде, Б. Нетаньяху Израиль соқтығып отырған проблемаларды атады. Еуропалық Одақтың ирандық мұнай импортына эмбарго туралы шешімінің маңызын мойындай келе, Нетаньяху өзге санкциялардың қолдан келетін, мүмкін барлық амалды орындағанда ғана нәтижелі болатынын да қосты [3]. «Мүмкіндік бар» қозғалысының авторы, мәртебелі маман, барлау бөлімінің бұрынғы жетекшісі Моссад Маир Даган және оның жақтастары Иранға шабуылдың тіпті гипотикалық мүмкіндігіне қарсы пікірде. Алайда, Батыстық сарапшылардың ойынша, Израильдің басқару элитасы Иранға шабуылдың зардаптарын түсіне отырып жай ғана қорқыныш тудыру үшін шабуыл туралы сөз қозғаған [4]. Таяу Шығыста төрт анағұрлым белсенді көшбасшы ел бар: Израиль, Түркия, Иран, Сауд Арабиясы. Оның ішінде біреуі ғана мұсылман елі емес. Иран, Сауд Арабиясы мен Түркияның аймақта әріптестері бар екенін ескерсек, Израильге мұндай мүмкіндік берілмеген. Бұл тұрғыда, еврей мемлекеті – аймақтық изолят. Әріптестері жоқ әрі болуы әзірше мүмкін емес. Яғни, бұл Израиль мемлекетінің қауіпсіздікке қол жеткізудің екі факторын анықтайды: — Ядролық қаруға иелік ету мен қорғаныс күшінің беріктігі — Сыртқы алып әріптесі АҚШ-қа сүйенуі 166 Иранның кез келген қондырғысының Халықаралық атомдық энергиясы агенттігінің есебінде тұрғандығын, ирандықтардың негізгі лозунгы: «бейбіт мақсаттағы атомдық қару – барлығына, ал ядролық қару – ешкімге» екендігін ескерсек, бейбіт әлемді қалыптастыру үшін Ұлыбритания, АҚШ, Франциядағы ядролық арсенал жойылуы тиіс [5]. Халықаралық құқық заңдары бойынша барлық елдердің тең екендігін, суверенді ел өзінің сыртқы және ішкі саясатын еркін жүргізуіне құқылы екендігін ескерсек [7], Батыс елдері өздері жасаған халықаралық құқық заңдарын бұзуда. Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер осыған дейін нәтижесіз болды, дипломатиялық жолмен шешуге келісімін берген Батыс елдері 2012 жылдың екінші жартысынан кейін ғана осындай тоқтамға келді. 2012 жылы келіссөздердің 3 раунды өтті. Стамбулда (14 сәуірде), Бағдадта (23-24 мамырда), Мәскеуде (18-19 маусымда)). Бұл кездесулердің барлығы да нақты бір жетістікке қол жеткізбеді. 2013 жылдың алғашқы кездесуі 26-27 ақпанда Алматыда өтті. Халықаралық қауымдастықтың мәлімдеуінше, аталған кездесуде Иранға жаңа ұсыныстар жасалынды. ЕуроОдақ дипломатиясының басшысы Кэтрин Эштонның сөзіне сенсек, «алтылық» тарапынан Иранға қайта қаралған ұсыныстар жасалынды. Алайда Иран өкілдері ешқандай да өзгеріс енгізілмеген деген шешім айтты. АҚШ тарапы Иранның ядролық бағдарламаны баяулатуына санкцияларды жеңілдету шараларын ұсынды. Иран үкіметі өз кезегінде, тек Ядролық қаруды таратпау туралы Келісім міндеттерінен шықпаған жағдайда ғана орындайтынын айтты [7]. Дегенмен де, Иран мен «алтылық» келіссөздерге дайын екендігін айтып, жаңа Стамбулдағы сарапшылар деңгейіндегі кездесу (17-18 наурыз) мен Алматыда өтетін жоғарғы деңгейдегі делегаттар кездесуіне (5-6 сәуір) уағдаласты. 17 наурызда жабық түрде өткен сарапшылар кездесуінің бірінші күніне түсінік берген ирандық ФАРС агенттігіне жүгінсек, «алтылық» Иранның ядролық бағдарламасына байланысты позицияларын өзгерткенімен, «мұның өзі жеткілікті деңгейде емес». ИИР СІМ пресс-хатшысы Рамин Мехманпараст келіссөздер «Иранның атомды бейбіт мақсатта қолдану құқығын мойындау мен өзге жақтарды уайымнан арылту, сеніміне ие болу» бағытында жүру керектігін айтып, келіссөздердің соңғы Астанадағы раунды «позитивті қадам екенін, осы алған беттен таймау керектігін» қосты [8]. 2013 жылғы 24 ақпанда Иран үкіметі елдің солтүстік және оңтүстігінде жаңа уран кендерінің табылғанын, 16 атомдық электростанциялар тұрғызу жоспарда екендігін мәлімдеді. Иран үкіметі: «Жаңа кен орындарының табылғанына байланысты, уран қоры 1527-ден 4400 тоннаға өсті. Бұл елдің ядролық энергетиканы дамыту мүмкіндігіне айтарлықтай үлесін тигізеді». Нақты уран кен орындары аталмады. Иран 16 АЭС Парсы шығанағы, Оман теңізі, Хузестан провинциясы мен елдің солтүстік-батысында соғылатынын айтты. Тіпті АЭС соғылатын жерлер таңдалып қойылғанын да қосты [9]. Жоғарыда жазғандарымды қорытындылай келе айтатыным, Иран қазір дипломатиялық келіссөздерге дайын, алайда атомдық қарудан және уранды барлаудан бас тартуға келісе қоймайды. Ол қадамға бару үшін Иран энергетикалық, экономикалық, ресуртық қолдауға ие болуы керек. Ешбір ел мұндай жағдайды жасай алмайтындықтан, әрі өзі жалғыз экономикалық не саяси тәуелділіксіз өскен бөлтірік өзгелердің айтқанына не айдауына көне де қоймайды. Ал Израиль (Иран да) ядролық соққының екінші ұшының өз басына тиетінін біле тұра мұндай қадамға бармасы анық. Бұл шиеленісті толықтай шешу мүмкін емес. Себебі әр ұлттың не әр дін ұстанушыларының өзінің нақты көзқарасы мен ұстанымы бар. Жан жақты саралай келе, айтайын дегенім, Иранға ядролық қаруды бейбіт мақсатта қолдануға рұқсат берілуі керек, сонда ғана оның ядролық бағдарламасының жоспарымен ақпараттанып, түп мақсатын, расында бейбіт мақсатта ма әлде террористерге әскери қолдау көрсету мақсатында ма екенін анықтаймыз. Ал анық- қанығына көз жеткізбей тұрып мәселені шешу не елді қудалау саясаты дұрыс емес. Алайда Иранның ядролық бағдарламасын ақырын бақылап отырған өзге араб елдері ядролық бағдарламасын жасамақшы болса, МАГАТЭ-ден өзге бейтарап тәуелсіз ұйым құрып, соның бақылауына ядролық бағдарламалардың жүзеге асуын беруге болады. 167 Себебі бүгінде МАГАТЭ көбіне АҚШ-тың мүдделерінде жұмыс атқаратын ұйым болып барады. Келешекке болжамдар жасай кетсем, Иран не болса да Израильге қарсы ядролық қару қолданбайды. Бірақ, батыс елдері Иранға ядролық бағдарламаға рұқсат бермесе, Иранның агрессиялық саясатының құрбаны болуы әбден мүмкін. Иранға бейбіт мақсатта қолдану саясатын дәлелдеуіне мүмкіндік беру керек. Жаппай санкциялар салу, елді шарасыздан ядролық қаруды әскери мақсатта қолдануына итермелеуі мүмкін. МАГАТЭ, БҰҰ ҚК, т.б. Иранның ядролық бағдарламасының қаншалықты деңгейде дамығаны не қаншалықты күшті екендігі белгісіз болғандықтан, ауыз күймей тұрып, үрлеп ішу керек немесе байыппен ақыл таразысына салу керек екені белгілі.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar